Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Берудің талшықтық - оптикалық жүйелері



ГТС-ке арналған ВОСП аппаратурасы. Металл кабельдер бойынша жұмыс істейтін СП сияқты талшықтық-оптикалық беру жүйелері де қалалық ішкізоналық және магистральдық жүйелер болып бөлінеді. Қалалық оптикалық кабельдер бойынша жұмыс істейтін беру жүйелеріне "Соната-2", ИКМ-120-4/5 және "Сопка-Г" (ИКМ-480-5) жатады. Олардың техникалық деректері 1.2-таблицада келтірілген.

ВОСП "Соната-2" құрамына мыналар кіреді. ИКМ-30 немесе ИКМ-30-4 құрамында болатын аналогтық - цифрлық қайта өзгерту жабдығы; ИКМ-120 құрамында болатын екінші реттік уақыттық топ құру жабдықтарының комплексі (КВВГ); Соңғы (КОЛСТ-2) және аралық (КОЛСТ-П-2) желілік жарық өткізу тракт жабдықтарының үлдіріктік (стоек) компекттері; желілік оптикалық кабельдердің станциялық оптикалық кабель; жарық өткізгіш қосқыш шнурлар (ШСС).

 

1.2-таблица

Параметр Талшықтық оптикалық СП үшін параметр мағынасы
"Соната-2" ИКМ-120-4/5 ИКМ-480-5 "Сопка Г"
ТҮ стандарттық каналдар саны. Беру жылдамдығы М бит-сағ. Желілік код 8,5 СМJ 8,5 МСМJ 34,4 MCMJ
Қателік коэффициенті (бір регенераторға) Сәуле қабылдағыш типі Оптикалық талшық типі Толқын ұзындығы, мкм Сәуле шыару көзінің типі Энергетикалық потенциал (дБ) Оптикалық талшықтың өшуі дБм/км Регенерация максимальдық ұзындығы, км 10-9 ЛФД МОВ 0,85 ЛД   10-9 ЛФД МОВ 0,85; 1,3 ЛД; СИД 50; 34 37;24 3,0 0,7   12;8 26;13 10-9 ЛФД МОВ, ООВ 1,3 ЛД 0,7   35; 32

 

СОЛСТ үлдірігі (1.30-сурет) екінші реттік топ құру және желілік жарық өткізгіш тракт аппаратуралары арасында сигналды өзгертуге, кабель желісі участкасындағы өшудің орнын толықтыруға үлдіріктік бақылауды, алыстан бақылауды және қызмет бабы байланысын ұйымдастыруға арналған. Соңғы (СОЛТ-О) және аралық (СОЛТ-П) үлдіріктері желілік жарық трактары жабдықтарының (КОЛСТ-О және КОЛСТ-П) функциональдық аяқталған түйіндері (кссет) түрінде жасалады.



 

 

Соңғы станция 1 Аралық станция Соңғы станция 2

1 1 1 1

                       
           


304 4 4 30

               
       

 


tуч tр

 

ШСС

 

1.29-сурет. ВОСП "Соната-2" құрылым схемасы.

 

Әрбір кассета мынадай блоктардан тұрады: ПК-кодтарды өзгерткіш, НДВ-3 желілік кодтарын СМJ кодтарына одан кері өзгертіш функциясын атқарады; РЛ - желілік регенератор, CMJ кодында берілетін оптикалық сигналдарды қабылдау және электрлік сигналдарды регенерациялау қызметін атқарады; КТ-трактты бақылау блогы, CMJ кодында тракт бойынша берілетін сигналдағы қателікті бақылау, қызмет бабы сигналын тауып, бөліп шығару оны 64 к бит/с жылдамдықтағы сигналға қайта өзгерту және қызмет көрсету жүйесіне (КТ-2 блогына) беру, сонымен қатар КТ-2 блогынан қабылданған ақпарат негізінде қызмет көрсетудің екінші реттік сигнал құру (бұл сигнал РЛ-дің беру бөлігінің басымшылық кірісіне беріледі) қызметін атқаратын; КК-кассетаны бақылау блогы, кассета жабдықтарының жағдайы туралы ақпараттарды бірінші реттік жинау, оларды қызмет көрсету жабдығының кассетасына (КООС) беру, үлдіріктік жабдықтары бақылаудың төменгі жүйесін өзін-өзі тексеру мақсатымен оператор командасы бойынша бақылау сөзін беруді қамтамасыз етеді; СН-1-кернеу тұрақтандырғышы (стабилизатор), 5 және 12 вольттық екі қоректендіру кернеуін қамтамасыз етеді; ВУ-кіріс құрылғысы, істен шыққан СН-1 блогын анықтау және ол туралы сигнал беруді, сондай-ақ 60 В кернеуді фильтрациялау қызметін атқарады.



 
 


ПК КОЛСТ

НДВ-3   СМІ
  ПОМ
РЛ Станциялық ОК

От СВВГ

 

Линиялық

СМІ   НВД-3
  ПрОМ
ОК -қа

К СВВГ

                       
   
   
 
 
   
   
       
 
 

 


 
 
СН-1

 

 


КООС

 
 

 


1.30-сурет. СОЛСТ құрылым схемасы.

Ақпараттық кіріс сигналы ВВГ аппаратурасынан НДВ-3 кодымен ПК блогына келіп түседі. Мұнда желілік сигналының коды НДВ-3-тен СМУ-ге өзгереді. Одан әрі сигнал СМJ кодымен РЛ блогына беріледі, оптикалық импультердің электрлік тізбектілігі шығыстық оптикалық қосқыш арқылы оптикалық кабельге беріледі.

Қабылданатын оптикалық импульстер тізбектігі оптикалық қабылдау қосқышы арқылы қарқындық фотодиодқа тап болады, оптикалық импультер электрлік импульстер тізбектілігіне өзгертіледі, олар күшейтіліп, коррекцияланып және регенерацияланып ПК блогына беріледі. Желілік сигнал СМJ кодынан НДВ-3 кодына қайта өзгертілгеннен кейін ақпараттық сигнал екінші реттік уақыттық топтар құру үлдірігіне (СВВГ) беріледі. Қабылданып регенерацияланған сигнал СМJ кодымен КТ блогына да беріледі. Онда қателік коэффиценті анықталады және күтіп қадағалау жүйесінің (СО) кешенді сигналын табу мақсатымен талдау жасалады. Ондай сигнал табылған жағдайда ол бөлініп алынады, 64 кбит-с жылдамдықтағы сигналға қайта өзгертіледі және КООС-қа (КТ-2 блогына ) беріледі. Сонымен қатар КТ блогы автоматтық бақылау жүйесін автоматты түрде қосатын сигнал жасап шығарады.

Соңғы немесе аралық аппаратураларының бірі немесе жарық өткізгіш желілік тракт аппаратураларында ақаулық орын алған жағдайда КОЛСТ-0-ға жанасатын сараман (ақаулық жоқ) участкада бақылау жүйесінің және қызмет бабы байланысының тракты автоматты түрде ұйымдастырылады.

Рл, ПК, СН-1 блоктарының жұмыс істеу қабылеттілігі туралы сигналдар КК болгына келіп түседі одан сұраныс бойынша тиісті КООС-қа беріледі.

КОЛСТ-П кассетасының құрамына мыналар кіреді: РЛ-желілік регенератор; КТ-трактты бақылау блогы; КК-кассетаныбақылау блогы; СН-1кернеуді тұрақтандырғыш; ВУ - кіріс құрылғысы.

Соңғы және аралық үлдіріктерін күтіп қадағалау жабдықтарының кассетасы (КООС) -бақыланатын төртке дейінгі КОЛСТ-тың жағдайын бақылауды, бақыланатын жабдықтардың жағдайы туралы деректер негізінде және қабылданған алыстан бақылау ақпараттары негізінде алыстан бақылаудың бірінші реттік сигналын жасауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар "авария" сигналы пайда болғанда, автоматты түрде немесе СО ақпараты қабылданғанда мәжбүрлі (принудительно) түрде желілік жарық тракты бойынша алыстан бақылауды және қызмет бабы байланысын қамтамасыз етеді. Кассеталар тағы да алыстан бақылау ТК және қызмет бабы байланысы сигналдарын (СС) синхронды түрде біріктіру арқылы берілетін СО бірінші реттік сигналын жасайды және одан ТК, СС сигналдарын ажыратады, қабылданған ТК ақпаратына талдау жасауды, авариялық пункттердің, тракттардың номерлерін және авария түрін анықтауды қамтамасыз етеді.

"Соната-2" аппаратураларының оптикалық желілік тракттарын күтіп қадағалау жүйесі былайша жұмыс істейді. Түгелдей толықтырылған СО үлдірігі әрқайсысында 10-ға дейін бақыланатын пункттері бар 8-ге дейінгі тракттарды бақылауды қаматамасыз етеді.

СО (күтіп қадағалау) жүйесі құрамына өзара байланысқан, бірлесіп әрекет ететін бірнеше төменгі жүйелер кіреді. Олар: КС -үлдірік жабдықтар бақылауы; ОС- жалпы үлдіріктік сигнал беру жүйесі; СС-қызмет бабы байланысы.

Үлдіріктік жабдықтар бақылауының төменгі жүйесі (подсистема) үлдірік толық жабдықталған жағдайда кассеталарды бақылау блоктарынан (бақыланатын КОЛСТ санына байланысты бір ден сегізге дейін) және екі КС блогынан тұрады.

КК блоктары КОЛСТ - О (П)-ға, ал КС блоктары КООС-О (П)-ға орналасады. Олар екі төрт разрядтық деректер беру сигналдарымен (желілік сигнал берудің екі бағытының жабдықтарының жұмысы туралы) алмасады және өзара басқару, қосыла әрекет ету шиналарымен байланысқан.

КК блоктары әрбір блокқа орнатылған бақыланатын құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін білдіретін датчиктерден (ДС) ақпараттардың бірінші реттік жинастырылуын жүзеге асырады. Бақыланатын құрылғы мүлтіксіз жұмыс істеп тұрған жағдайда датчиктер өз шығыстарында логикалық "нолдер", ақаулықтар бар жағдайда логикалық "бірлер" жасап шығарады.

Ақаулық сигналдары ДС-тен КК блоктарына келіп түседі. Онда олар басымдылықтары бойынша өңделеді және төрт разрядтық сөз түрінде КС блогынан келетін сұраныс бойынша деректер шинына беріледі. КС блогынан келетін сигналдар басымдылықтары бойынша өңделеді дегеніміз - мысалы ток көзі жоғалған жағдайда тек осы ақаулық туралы сигнал индикаторға беріледі де, оған байланысты болатын басқа сигналдар индикаторға берілмейді.

Қателік коэффициентінің датчигі конструктивтік тұрғыдан КТ блогына орналасқан және ол бірудің бір бағытындағы желілік сигналға талдау жасауды жүзеге асырады.

Жалпы үлдіріктік сигнал берудің төменгі жүйесі ОС блогынан және үлдіріктік авариялық сигнал табылысынан тұрады. ОС блошы жалпы үлдіріктік, қатарлық және станциялық сигнал беру жүйесінің сигал жасап шығарады. Блок кірісіне мынадай сигналдар беріледі: "Авария-1"; КТ-3 блогынан "Авария-2", КООС-та +5 В жоғалғандығы туралы сигналдар; СС блогынан қызмет бабы байланысы бойынша шақыру сигналы. ОС блогы авариялық сигнал қызмет бабы байланысы, қоңырау қосылғандықтары туралы сигналдар жасап шығарады.

Желілік оптикалық (световодных) тракттар жабдықтарының төменгі бақылау жүйесіне КТ-1, КИ-2, КТ-3, КТ және РЛ блоктары кіреді.

КТ-1 блогы КС блогымен өзара әрекет етеді (ОЗУ-ға шығу арқылы). КС блогынан алынған ақпараттар негізінде КТ-1 тізбектілік екілік кодпен алыстан бақылау сигналын жасайды. КТ-1 блогының жұмыс режимі мыналарды қамтамасыз етеді: ТК сигналы келіп түспеген бағыттарға өз бетімен ТК топтарын циклдық түрде беруді; көрші станциялардан қабылданған ақпараттарға қосымша өзінде жасалған ТК сигналын беруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар КТ-1 блогы КТ-3 блктарының жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін сигналдар жасап шығарады.

КТ-2 болгы КООС жұмысына және КТ блогына қажетті барлық тактылық импультер жасап шығарады. КТ блогынан қайсыбір трактта ТК режимінің қосылғандығы туралы ақпарат қабылдайды, КТ-1 блогына ТК сигналын жасап шығару туралы және КТ блогына тиісті трактта ТК-ны қосу туралы командалар береді. Сонымен қатар КТ-2: КТ блогынан кешенді бірінші реттік СО сигналын қабылдауды және одан ТК және СС сигналдарын ажыратып шығаруды; КТ-1 және ДК блоктарынан ТК және СС ақпараттарын қабылдауды; оларды СО бірінші реттік кешендік сигналымен араластыруды, араласқан сигналды 8,448 Мбит/с жылдамдықтағы екінші реттік СО сгналын құру үшін КТ блогына беруді қамтамасыз етеді.

КТ-3 блогы тек соңғы сигналдардағы КООС құрамына кіреді. Ол желілік тракттың жағдайы туралы ТК ақпаратын қабылдауды, ЗУ -да ақпарат жазуды, аварияға ұшыраған тракттың, пункттің номерлерін және ақаулық түрін индикаторда көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қызмет бабы байланысы төменгі жүйесі соңғы станциялардағы қызметкерлерді өзара (жұмыс істейтін оптикалық желілік тракттарда) ВВГ жабдықтарында қызмет бабы каналын пайдалану арқылы, соңғы және аралық станцияларды ГТС желісі арқылы байланыстырады.

КООС құрамына СС (қызмет бабы байланысы) блогы кіреді. Ол СС-1 және СС-2 сияқты екі режимде жұмыс істейді. Бірінші режимде СС ұйымдастыру үшін ГТС -те болатын бос металл сым арқылы жүзеге асырылады. Бұл режимде "Линия" блоктарының шығысы арнайы бөлінген парға тұрақты түрде қосылатын болады. СС-2 режимі байланысты үзу арқылы желілік оптикалық желі бойынша сөйлесу ұйымдастырады.

Қызмет бабы байланысының (СС) аналогтық сигналы "делета-кодек" (ДК) блогы арқылы цифрлық сигналға өзгертіледі, сосын бақылау сигналымен бірге қызмет көрсету сигналдары кешенінің құрамына желілік тракт бойынша беріледі.

Конструкциясы және құрамы тұрғысынан СОЛСТ-О және СОЛСТ-П бірдей. Үлдірік қаңқасы желілік оптикалық тракттың соңғы жабдықтарының 8 кассетасы және үлдірікке қызмет көрсету жабдықтарының 2 кассетасын орналастыруға арналған.

Станциялық және желілік оптикалық кабельдердің түйісуі арнайы түйістіру құрылғысы ( УССЛК) арқылы орындалады. Ол құрылғы өлшемдері 650х194х16 мм плата түрінде болып, қорап ішіне орналасады және оған сыйымдылығы 4 бір оптикалық желілік кабельді немесе 8 оптикалық талшықты және 4 екі талшықтық станциялық кабельді енгізу қарастырылған. Желілік және станциялық кабельдердің талшықтарын ұзарту пісіріп жалғастыру әдісімен орныдалады.

Желілік кабель ретінде ОК-50-2-5-8 және ОК-50-2-5-4 кабельдері пайдаланылады. Олар ГТС телефон канализациясы арқылы тартыла алады.

ИКМ-120-4/5 екінші реттік цифрлық беру жүйесінің аппаратурасы - төртінші ұрпаққа, ал оптикалық желілік тракт блоктары - бесінші ұрпаққа жатады. Аппаратура ГТС-тің түіндераралық және станциялараралық байланыстарын ұйымдастыруға арналған. Сонымен қатар барлық типтегі АТС-тер арасындағы АТС-тер мен барлық типтегі АМТС-тер арасындағы қосу желілерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

Соңғы станция 1 Аралық станция Соңғы станция 2

1 1 1

                                       
 
 
     
 
   
             
               
 
 

 


4

                                           
   
 
     
 
               

 


tуч tр

УСО-01

       
 
УСО-01
 
УСО-01


 

1.31-сурет. ИКМ-120-4/5 беру жүйесі пайдаланылған байланысты ұйымдастырудың құрылым схемасы.

 

Соңғы станцияның ИКМ120-4/5 жабдығының құрамына мыналар кіреді (1.31-сурет): оптикалық желілік енгізу және станциялық ОК-ға өтуді қамтамасыз ететін оптикалық жабдығы (ОСП); желілік тракт жабдығы (ОЛТ). Ол оптикалық желілік сигналдың қабылдануын, оның электрлік сигналға өзгертілуін, коррекциялануын және желілік оптикалық сигналға қайта өзгертілуін қамтамасыз етеді. Екі желілік оптикалық (жарық өткізгіштік) тарктты ұйымдастыру үшін екі КЛТ-2С жиындығымен бір ОЛТ-24 блогы пайдаланылады.

ИКМ-120-4/5 жүйесі үшін төрт типтегі КЛТ-2С жинағы жобаланып жасалған. Олардың параметрлері 1.3 таблицада келтірілген.

 

1.3-таблица

КЛТ-2С типі Толқын ұзындығы, мкм Энергетикалық потенциал дБ Сәуле шығару көзінің типі
КТЛ-24 КТЛ-25 КТЛ-26 КТЛ-27 1,3 0,85 1,3 0,85 ЛД ЛД ЛД ЛД

 

Екінші реттік топтар құру жабдықтары (ОВГ-21) 2,048 мбит/с төрт цифрлық ағынын беру жағында 8,448 мбит/с жылдамдықтағы бір топтық ағынға біріктіреді және қабылдау жағында бұларға кері процестеді жүзеге асырады; аналогтық - цифрлық жабдық (АЦО-11) ТҮ каналдарын 2,048 Мбит/с цифрлық ағынға өзгертеді; АТС, АМТС станцияаралық желілерін үйлестіруші жабдық (ОСА) ИКМ жабдықтарын барлық типтегі АТС жабдықтарымен үйлестіруді қамтамасыз етеді. ИКМ тракты электрондық АТС-ке қосылған жағдайда ОВГ-21 блогынан 2,048 мбит/с жылдамдықтағы цифрлық ағындар тікелей енгізіледі. Мұндай жағдайда ОСА-13 және АЦО-11 блоктары орнатылмайды.

ИКМ-120-4/5 жүйесінің құрамына ТК және СС жабдықтары кіреді. Олар ЦСО және ТСО блоктары түрінде жасалған. ИКМ-120-4/5 жүйсіндегі ТК бақылаушы және аралық режимдердің бірінде жұмыс істейді. Соған сәйкес ТК жүйесіне алыстан бақылау бойынша бастысы болатын - бақылаушы станция (ТТ); алыстан бақылау бойынша соңғысы болатын - бақыланатын станция (ОТ); аралық бақылаушы станция (ПТ); алыстан бақылау қашықтығын арттыру үшін алыстан бақылау тізбегін алыстан қоректендіруді ретрансляциялау қолданылатын арлық бақыланатын станция кіреді.

ИКМ-120-4/5 аппаратурасының блоктары біртектендірілген өлшемдері 2600х600х225 м және 2150х600х225 м қаңқаларға орналастырылады.

"Сопка-Г" (ИКМ-480-5) беру жүйесі жабдығының құрамына (1.32-сурет) ОЛТ-01 желілік тракт жабдығы кіреді. Мұның құрамына екі желілік тракт жинағы КЛТ-31 (КЛТ-32) орнатылуы мүмкін. Бұлар арқылы соңғы станцияда ИКМ-480-5 үшін үшін реттік ЦСП екі желілік оптикалық тракт ұйымдастырылады. Сонымен қатар блок электрмен қоректендіруді ұйымдастыру үшін және авариялық ақпараттар сигналын УСО-01 блогына беру үшін пайдаланылады.

 

Соңғы станция 1 Аралық станция Соңғы станция 2

 
 

 
 

                               
       
         
 
 
     
       
 

 


               
   
     
       
 
 

 


tуч tуч

           
   
   
ТСО-02
 


 

 

1.32-сурет. "СОПКА-1" (ИКМ-480-5) ВОСП құрылым схемасы

 

Аппаратура үшін екі типтегі КЛТ жасалынған. Олар 1,3 мкм толқын ұзындығында жұмыс істейді де, бір-бірінен лазерлік сәуле шығарушы диодтарының жұмыс режимдері тұрғысынан ғана өзгеше болады (бірмодельдық немесе көпмодельдық). КТЛ-да цифрлық сигнал НДВ-3 станциялық кодтан 1В2В (МСМJ) желілік кодқа өзгертіледі, сосын беру трактының шығысында оптикалық сигналға, соңғы жабдықтардың және РП-ның қабылдау трактысының кірісінде қайтадан электрлік сигналға өзгертіледі.

ОСП блогы желілік оптикалық кабельден станциялық кабельге өту үшін қызмет етеді. Бір 16 талшықтық екі 8 талшықтық немесе төрт 4 талшықтық желілік оптикалық кабельді және 16 бір талшықтық станциялық оптикалық кабельді және өзара қосу қарастырылған. Көп модалдық оптикалық кабель пайдаланғанда қосылыстар разъемдік болуы мүмкін, бірақ қосымша өшу 6 дБ-ге жететін болады. Сонымен қатар пісіріп жалғастыру да қолданылады. Бірмодальдық желілік және станциялық оптикалық кабельдер пайдаланылғанда тек пісіріп қосу әдістері қолданылады.

ИКМ-480-5, ИКМ-120-4/5, ИКМ-30-4 жабдықтарында сигнал беру және күтіп қадағалау жүйесі бір текке келтірілген. Жүйенің негізгі блогы УСО-01 болады. Оған дәлдігі платаға дейін көрсетілетін ақаулықтар тұралы ақпараттар келіп түседі. Жүйеде УСО-01 мен басқа блоктар арасында ақпараттар алмасуды ұйымдастыру пайдаланылған. Бір УСО-01 блогына кез келген типтегі 99-ға дейінгі блоктарды қосу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар УСО-01 басқа қатардағы блоктармен резервтене алады. Блоктардың авариялық жағдайы УСО-01-дің алдыңғы бетіндегі жарық диодтарының жануы арқылы хабарланады.

Алыстан бақылау (ТК) жүйесі аралық және соңғы станциялардың жұмысшы блоктарының авариялық жағдайларын алыстан анықтауды жүзеге асырады. Ақпараттық сигналмен бірге қызмет бабы сигналын оптикалық кабельдің жұмысшы парымен беру жылдамдығы - 64 кбит/с. Пайдалану мақсатына қарай станциялар бас (бақылаушы), бақыланатын соңғы және аралық стациялар болып бөлінеді. ТК ұйымдастыру үшін бас станцияға ТСО-01 болгы орнатылады (1.31-сурет). Ол УЦСО-01 блогымен бірлесіп бақыланатын станцияға сұраныс сигналын беруді, авариялық сигналды қабылдауды және оларды УСО-01 болгындағы көзге көрсету құрылғысына (таблоға) беруді қамтамасыз етеді. ТСО-01 блогының құрамындағы бес платалар жинағы болады. Олардың әрқайсысы өз каналдары бойынша 64 кбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Олардың көмегімен ТСО-01 болгы бес бағытта ұйымдастырылады. Бесеудің әрбір бағытында қатар орналасқан бірнеше станциялар бірдей тізбектеле бағытталады. Ол станциялардағы бақыланатын болктардың жалпы саны оннан аспайды.

       
   


8,448 Мбит/с 34,368 Мбит/с 34,368 Мбит/с 8,448 Мбит/с

 


КОЛТ-О
КОЛТ-О
41,1

Мбит/с 20…25 км

                               
   
     
             
 
           
 
 
 
 

 

 


СОЛТ-О 200 км СОЛТ-О

               
   
     
 
   
 

 

 


СТМСС 600 км СТМСС

Соңғы пункт 2,048 Мбит/с 2,048 Мбит/с Соңғы пункт

(беру) (қабылдау)

       
   


1.33-сурет. "Сопка-2" және "Сопка-3" жабдықтарының құрылым схемасы.

Бақыланатын (соңғы және аралық) станцияларда ТСО-02 болгы бақыланатын станциялар блоктарының жағдайлары сұраныс командасын жасап шығарады авариялық ақпараттарды жинау және оларды ТК каналы бойынша ақпараттық сигалмен бірге беру жүзеге асырылады. Бір ТСО-02 блогвы үш ТК бағытына қызмет көрсете алады. Ол үшін оның құрамында үш платалар жинағы болады. Платалардың әрқайсынсында бақыланатын бағыттағы 64 кбит/с каналдарымен түйісетін орын бар. ТК каналының орнына цифрлық СС каналын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!