Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Соғыс жылдарындағы қазақ публицистері



Публицистика қай кезеңде де қоғамдық өмірде болған оқиғаларды шынайы көрсетуге бағытталды. Сөйтіп публицистика заманның түпнұсқа энциклопедиясына айналды. Әрбір кезеңдегі оқиғалар мен құбылыстар, қоғамдық маңызды мәселелерді көрсете отырып, пубблицист дәуірдің публицистикалық тарихын жасады.

Соғыс жылдарында қазақ баспасөзі де сол ортақ мақсатқа қызмет етті. 1941-1945 жылдар аралығында республикада жалпы саны 229 газет шығып тұрды. Оның төртеуі - республикалық (қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде), 28 облыстық, 197 қалалық және аудандық газеттер болды. Бұл мерзімде республикалық "Лениншіл жас", "Октябрь балалары" газеттері мен журналдар жабылып қалды, қазақ тілінде шығатын 13 облыстық газеттердің көлемі кішірейтілді. Оқу-ағарту саласындағы "Жаңа жазу" (қазіргі "Қазақстан мүғалімі") газеті шығып тұрды. Аудандық газеттер листок, бюллетень түрінде жарық көрді. Тағы бір айта кететін мәселе - облыстық, аудандық газеттер көбінесе орталық басылымдардан ресми материалдарды көшіріп басумен шектелді. Әдеби журнал да өз жұмысын тоқтатты. Тек 1944-1945 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағының органы ретінде үш айда бір шығатын "Майдан" альманахы жарық көрді.

Сұрапыл күндерде қазақ тілінде шығарылып тұрған майдандық газеттердің ролі орасан зор болды. Олардың беттерінде оперативті түрде жарияланған әрбір материал жауынгерлердің намыс-жігерін өршітіп, ортақ жауға оқ болып атылды. Соғыстың алғашқы жылында 10 майдандық, 10 дивизиялық газет шықты, олардың екеуі қазақ тілінде жарық көрген 8-ші гвардиялық дивизияның "Отан үшін" және 105-ші кавалериялық дивизияның



"Қызыл семсер" газеттері еді. Сонымен бірге қазақ тілінде "Үгітші блокноты" жэне ондаған майдандық листоктар шығарыла бастады. 1942 жылдың 12 қарашасында алты майдандық қазақ газеттерінің алғашқы нөмірлері шықты. Олар: Батыс майданының - "Қызыләскер ақиқаты", Брянск майданының - "Жауға қарсы аттан", Волков майданының - "Майдан ақиқаты", Бірінші Украина майданының "Отан намысы үшін", Ленинград майданының - "Отан күзетінде" газеттері болды. Бұдан басқа да соғыс жылдарында 1-ші Белорус майданының "Қызыл Армия", 2-ші Белорус - "Майдан ақиқаты", 1-ші Прибалтика - "Жауға қарсы аттан", 2-ші Прибалтика - "Суворовшы", "3-ші Украина - "Совет жауынгері", 4-ші Украина - "Сталин туы", Волков - "Отан үшін ұрысқа", Қиыр Шығыс - "Дабыл" майдандық газеттері жарық көрді [218, 167-169-66.]. Майдандық газеттердегі қазақ әскери публицистикасының тұтас мектебін қалыптастырған қаламгерлер қатарында: Ә.Сәрсенбаев, Ж.Жұмаханов, Д.Әбіл, С.Машақов, Х.Бекхожин, Қ.Сағындықов, С.Сейітов, Қ.Аманжолов М.Әлімбаев, Т.Ақшолақов, З.Тұрарбеков, Ғ.Әбішев, Ә.Нұршайықов, М.Дінішев, С.Омаров, Ж.Молдағалиев т.б. есімдерін ерекше атауға болады.

Майдандық газеттер авторларының ішінен Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мүқановтың, Ғабит Мүсіреповтің мақалаларын да кездестіреміз. Бұл көрнекті жазушылар жалынды публицистикамен оқ пең оттың арасындағы қазақ азаматтарына туған жердің ыстық сәлемін, туған елдің асқақ тілегін жеткізді. Сондай-ақ Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жүмалиев, Бейсенбай Кенжебаев, Халел Әділгереев тәрізді ғалымдардың әдеби-тарихи мақалалары, Жамбыл Жабаев, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Ғали Орманов, Жақан Сыздықовтың публицистикалық леппен жазылған өлеңдері де сол майдандық газеттердің бірінен-біріне көшіріліп басылды. Даңқты батырлар Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллиннің және жауынгер-публицист Баубек Бұлқышевтің очерктері, өлеңдері, афоризмдері де алғаш рет майдандық газеттерде басылды.



Осы уақытта республика баспасөзінің негізгі орталығы "Социалистік Қазақстан" газеті болды. Жалпы саяси орталық басылымдар "Правданың", "Известияның", "Комсомольская правданың" беттерінде жарық көрген материалдармен қатар, республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің бетінде де жауынгерлерді жігерлендіретін, тылдағыларға тың күш беретін қазақ қаламгерлерінің қуатты публицистикалық шығармалары көптеп жарияланды.

"Социалистік Қазақстан" газетіне М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Бұлқышев, Д.Әбілев, Қ.Шәріпов, тағы басқа майдандағы қазақ жауынгерлері рухқа толы хаттар жолдаса, Мүхтар Әуезов, Сәби Мүқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғали Орманов тағы басқа жазушылар тылдағы тіршілікті, өнеркәсіп орындарындағы еңбек ырғағын көрсететін, халықтың жігер шоғын үрлеп, намыс отын лаулататын публицистикалық мақалаларын жарыққа шығарды.

"Социалистік Қазақстан" газетінің 1941 жылғы 20 шілдедегі санында "Қазақ халқы Отанынан малын да, жанын да аямайды", атпен арнаулы үндеу, тілектерге бет арналды. Сондағы "Жеңеміз, жеңеміз" деп аталатын шағын памфлетке М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Орманов қол қойған.

"Соғыс кезінде көркем прозаның шағын жанрлары - публицистік очерк, әңгіме жанры көбірек дамыды. Халықты ерлікке үндейтін, майдан жауынгерлерінің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің еңбектерін ерекше қарқынмен суреттеуде бұл жанрлар поэзиямен бірге ұшкырлық көрсетті.

М Әуезовтің ("Ерлік - елдік сыны", "Асыл елдің алып ұлы", « Көркем әдебиеттегі отансүйгіштік"), Ғ.Мүсіреповтің ("Шегінбелік бір адым да!", "Барлық адам баласының атынан", "Горький айтқан жаңа адам") , Б.Бұлқышевтің ("Шығыс ұлына хат") т.б публицистік мақалалары, памфлеттер мен очерктері, өлеңдері өткірлігімен, рухтылығымен ерекшеленді. Отанды сүюді, елдік ерлік салтын, адамдарымыздың патриоттық істерін негізгі тақырып етіп алды", - деп көрсетілген «Қазақ совет әдебиетінде».

Дәріс №25-26

Тақырыбы: Халық шаруашылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз (1946-1960 жылдар)

Жоспары:


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!