Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Пайдалылық. Шектік пайдалылық. Тұтынушы қалаулары және талғамсыздық қисықтары



Игіліктің пайдалылығы(utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалықнемесе экономикалық емесболса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктергебелгіленген тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды болып саналады. Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа бөлінді – кардинализмжәнеординализм.Тарихи бірінші мектеп – кардинализмнің оқуы бойынша – пайдалылықты кез-келген экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды түрде өлшеуге болады, ол үшін оның ғылыми болжамды өлшеу бірліктері (ютильдер) енгізілді. Қазіргі заманға сай келетін бағыттың (ординализмнің) өкілдері пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеу мәселесінен салыстырмалы ұнатуларды табу мәселесіне көшті, яғни «адам ойында тауарлар ең керекті, қажеттілерден ең аз тартымды, қажеттілігі аздау тауарларға дейін қойылған тәртіп, сан». Тұтынудың ординалистік теория мектебі тұтыну қасиеттері бойынша балама тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты тұтыну мінез-құлық қағидаларын, ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп, қисынын келтірген. Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және т.б.) сатып алған нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп көбейте бере, тұтынушы жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Пайдалылық функциясы –игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары. Баға – пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді. Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.



 

 

 


Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері

Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы(Дж.Хикс, В.Парето, Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген:



1. «Толық тәртіпке келтіру» аксиомасы. Оның мәні: тұтынушы игіліктердің барлық жиынтықтарын реттеп, таңдап, салыстырады (А жиынтығы, В немесе С жиынтығы), осындай салыстырудың нәтижесінде біреуін не бірнешеуін таңдайды, тіпті ешқайсысын да алмауы мүмкін.

2. «Транзитивтік» аксиомасы– егер А жиынтығы В жиынтығынан ұнатымдылау, ал В жиынтығы С жиынтығынан ұнатымдылау болса, А жиынтығы С-дан ұнатымды; егер А және В бірдей, тең болса (парықсыздық тудырса), В жиынтығы С тең, ал А = С, егер А ұнатымды болса, В = C, онда А жиынтығы С ұнатымдылау.

3. «Қанықпау» аксиомасы– игіліктердің сапасы олардың жиынтығын (себетін) салыстарғанда тапсырылған шама болғандықтан, сандық белгісіне бағытталып (бағдарланып), тұтынушы біреуін таңдап алады, егер А жиынтығы В жиынтығынан 1 тауар позициясы (орны) бойынша сан жағынан артықшылығы (басымдығы) болса, он ұнатымдылау болып келеді.

4. «Рефлексивтік»(сыртқы әсер арқылы пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің 2 жиынтығы бірдей болса, олардың пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы олардың әр қайсысы басқасынан кем еместігін табады.

Талғаусыздық қисық сызықтары– қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын таңдаса да бәрібір. Төиендегі суретте X және Y тауарлардың талғаусыздық қисық сызығы көрсетілген. Әр нүктесіндегі тауарлардың пайдалылығы бірдей, оған бәрібір, қай тауарды алса да: Х тауардың 1 немесе Y тауардың 3; Х тауардың 2 немесе Y тауардың 2; Х тауардың 3 немесе Y тауардың 1.

Y

A

 

2 субституция аймағы

 

1 B U

 

 

1 2 3 X

Талғаусыздықтың қисық сызығы

Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы – тұтынушы талғаусыздығы қисық сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді. Картада талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып, ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық қисық сызығының телімі (участок) ауысу аймағы (субституция) деп аталады. Бір игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының сондай телімі).

U2

Y

U1

 

U

 

 

 

X

Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы

 

Бір игіліктің екіншісімен ауысу шамасын анықтау үшін ауысудың шекті нормасы түсінігі пайдаланады – MRS (marginal rate of substitution).

Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.

MRSXY = - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.

Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.

Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:

1. Х және Y тауарлары – мүлде өзара ауыстырылатын: MRSXY = сonst, ал талғаусыздықтың қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (а суреті);

2. Х және Y тауарлары – бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (б суреті);

3. в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие болғысы келетін ахуал көрсетілген – талғаусыздықтың қисық сызығы координаталар­дың басында ойыс, батыңқы.

Y Y Y

 

X X X

U U U

 

а) б) в)

Талғаусыздық қисық сызықтарының түрлері

 


 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!