Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Салықты сатушылар мен сатып алушыларарасында бөлудегі икемділіктің рөлі



Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық.

S1

S

 

Е1

P1 T

PE Е

P2

D

 

Q1 QE

 

24 сурет.Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік

24 суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады.

Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.



Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.

 

 

 

 

13.Тұтынушының бюджеттік шектеуі. Бюджет сызығының өзгеруі. Тұтынушы тепе-теңдігінің шарттары.
Талғаусыздық қисық сызықтарының талдауы осы тұтынушыға ұнатымды игіліктер жиынтығын, осы игіліктердің өзара ауысу мүмкіндігін табуға жол береді (ашады), бірақ олар жиынтықтың қайсысы ең тиімді, оңтайлы екендігін көрсетпейді. Тұтынушы таңдауын ары қарай талдау үшін бюджеттік шектеу деген түсінікті енгізу қажет. Әр тұтынушы парықсыздық қисық сызықтары картасындағы координаттар басталуынан (басынан) ең алыс жатқан тауарлар жиынтығына ие болғысы келеді. Бірақ, оны кез келген тұтынушы істей алмайды, себебі қаражаттарда шектелген. Осы тұтынушының қолы жететін тауарлар жиынтығын көрсететін сызық бюджеттік сызық (бағалар сызығы) деп аталады.



Y

I/PY

 

I/PX X

Бюджеттік сызық

 

Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді. Бюджеттік сызықтың теңдеуін шығару үшін

I – X және Y тауарларын сатып алу үшін шығаратын тұтынушының табысы

PX және PY – X және Y тауарлардың бағасы дейік.

Бюджеттік шектеудің түрі:

I = PX X + PY Y – тұтынушының табысы Х және Y тауарларын сатып алуға кететін шығындар сомасына тең.

Математикалық өзгерулер (өңдеулер) арқылы бюджеттік сызықтың теңдеуін табамыз (аламыз):

Y = (I/PY) – (PX /PY ∙ X);

X = (I/PX) – (PY /PX) ∙ Y

Егер тұтынушының барлық табысы Х тауарға кетсе, ол тауарды I/PX көлемінде (саны) сатып алуға мүмкіндігі бар, осыған сәйкес, егер барлық табыс Y тауарға жұмсалса, ол I/PY тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік сызықтың енкіштік бұрышы Х тауар бірлігі бағасының Y тауар бірлігі бағасына деген қатынасымен анықталады.

Бюджеттік сызықтан жоғары және оңга қарай орналасқан тауарлар жиынтығына тұтынушының қолы жетпейді, өйткені олардың бағасы табысынан асып кетеді. Тұтынушы табысының өсуі графикте бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше, бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін (төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:

1. Бағалардың өзгермеу жағдайында нақтылы, негізгі табыстың өсуінен/төмендеуінен;

2. Табыстың өзгермеу жағдайында тауарлар бағаларының өсуі/төмендеуі;

3. Табыс пен бағалардың өзгерістері.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!