Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Положительные и отрицательные формы глаголов) 9 часть



 

142-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді пайдаланып, адамның мінез-құлқын, бейнесін сипаттай отырып, сапалық сын есімдерге негізделген әңгіме құрастырыңыздар.

Адал, ақылды, ашық, әдепті, батыл, әңгімешіл, жалқау, жігерлі, жомарт, кең пейілді, кішіпейіл, қабілетті, қайратты, қарапайым, қатал, қонақжай, қырағы, мейірімді, момын, өжет, сараң, өткір, өнегелі, парасатты, сезімтал, ұстамды, шешен, ширақ, шыдамды, шыншыл, сұлу, аласа, сұңғақ, тіп-тік, йықты, сақалды, толық, өзімшіл.

 

143-тапсырма. Сөйлемдердегі сын есімдердің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай бөліну түрлерін (сапалық, қатыстық) ажыратыңыздар.

Ауа әрі жұмсақ, әрі тәтті, көкірегіңді керіп, ішкі сарайыңды толтыра береді. Қызыл тал мен ақ қайыңның қырау басқан ұзын бұтақтары жылтырап, күнмен шағылысады. Таза ауа салқын Алатаудың қойнауынан, биік басынан ақырын есіп, баяу шалқиды. Қалың орман, сазды батпақтарды күртік қар басқан. Бұл кезде Абайдың денесі іріленген, жауырынды, сүйекті болып қалған екен. (М.Әуезов).

Қалың ағаш арасында әсем үйлер сығалап тұрған тәрізді. Ағашты көшеде жапырақты бұталар арасынан электр шамдары жарқырайды. Бір шетте кішкене ұста дүкенінің, бір шетте мал қораларының ішкі бейнесі көрінеді.

4-апта. 12-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Үндестік заңы. Ілгерінді, кейінді ықпалдар.

144-тапсырма. Мәтінмен танысып, Кеңес Одағының батыры – Бауыржан Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігін өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы –

Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Бауыржан Момышұлы қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.



Жеті жылдық мектепті бітірген соң, біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Ауылға оралған соң, біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, ол даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарады.

Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Б.Момышұлының әскери өмірбаянында Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады, сол шайқастағы ерлігі Одақ көлеміне аңыз болып тарайды. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» («Волоколам тас жолы») повесін жазады. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Бауыржанның басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-шы гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюкова қонысы үшін шайқаста 19 полкті басқарады.

Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді (1950), сонда әскери-педагогикалық қызметпен айналысады, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 ж. Гвардия полковнигі – Б.Момышұлы отставкаға жіберіледі. Бұдан кейін ол біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы – жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отанды қорғауға дайын тұру рухында тәрбиелеу болып табылады. Бауыржан қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген-білгендерін шығармаларында арқау етеді.



Б.Момышұлының басты шығармалары: «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы» (1956), «Москва үшін шайқас» (1958), «Майдандағы кездесулер» (1962) және т.б.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен марапатталады. Кеңес Одағының Батыры атағы Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткен соң, ол дүние салғаннан кейін 1990 ж. берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Оның есімі мектеп, көше, елді мекендерге берілді.

Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді, фашистермен 207 рет қанды шайқасқа кіріп, 5 рет өлім құрсауында қалды, 2 рет жараланды.

Б.Момышұлының қаһармандық даңқы күллі әлемге жетті. Азия, Африка, Латын Америкасы құрлықтарында 50-ші жылдары «Волоколам тас жолын» әркім өз тіліне аударып, қолдан-қолға таратып әкетті.

В.Швацковтың қойған «Волоколам тас жолы» пьесасы Б.Момышұлының әскери өмірбаянын суреттейді.

 

Сөздік:

жасақтау основать; организовать дружину; переформировать дивизию

қаһармандық – героизм; героический; подвиг; отвага

атқыштар дивизиясы – стрелковая дивизия

шығармашылық – творчество

дәріптеу – возвеличить; воспеть; популяризация; превозносить; хвалить; восхвалять

елдік – миролюбие; мирное взаимоотношение

ерлік – героизм; доблесть; мужество; храбрость

 

145-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі, полковник

И.И.Серебряков өзінің Үндеу хатында не туралы жазды?

– 1944 жылы 8-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі,

полковник И.И. Серебряков КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумына

жазған Үндеу хатында: «Жолдас Б. Момышұлына құрмет көрсетуді.....

өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін....... әділдік

менен осыны талап етеді», - деп жазады. Бірақ бұл аяқсыз қалады. .......

одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады.

– Б.Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді?

– 1942 ж. Б.Момышұлын Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады.

Бірақ бұл марапатталу қағазы жоғалып кетеді. Б.Момышұлына Кеңес

Одағының Батыры атағы Отан соғысы біткеннен кейін 1990 жылы берілді.

 

146-тапсырма. Үндестік заңын оқып, қайталап, ілгерінді, кейінді

ықпалдарды мысалдармен түсіндіріңіздер.

Үндестік заңы (Сингармонизм)

Сингармонизм– гректін Syn – «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.

Басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстары да сөз ішінде, сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үндесіп, біріне-бірі жасалуы, айтылуы жағынан үйлесіп отырады. Мысалы: бала-лар, мектеп-те, қала-ға т.б.

Сөз ішіндегі сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-бірі ұқсауын үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі болады: а) буын үндестігі; б) дыбыс үндестігі.

Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі

(Ассимиляция)

В казахском языке существует фонетическое явление – ассимиляция.

Если сингармонизм считается гармонией гласных, то ассимиляция является созвучием согласных.

Различаются два вида ассимиляции:

Ілгерінді ықпал (прогрессивная ассимиляция).

Кейінді ықпал (регрессивная ассимиляция).

Ілгерінді ықпал

Наиболее распространенные виды прогрессивной ассимиляции:

1. Если корень оканчивается на звонкий согласный (суффиксы или окончания), следующие за корнем аффиксы начинаются со звонкого согласного: сөз-дік, қыз-дар.

2. Если корень слова оканчивается на глухой согласный или на звонкие согласные, следующие за корнем аффиксы тоже начинаются с глухого согласного: орындық-тар, кітап-тар, завод-тар, штаб-тар.

3. Если корень слова оканчивается на гласный или сонорный, то присоединяемые к нему окончания начинаются со звонкого или сонорного согласного: бала-лар, кім-дер, терезе-лер, қалам-дар, еден-дер.

Такое влияние последующего согласного предыдущему звуку на слоговой границе называется прогрессивной ассимиляцией.

4. Если корень слова оканчивается на ш, а присоединяемый к нему аффикс начинается со звука с, то последний под влиянием первого в произношении переходит на ш, но пишут согласно орфографическим нормам. Жазылуы (на письме): шаш+са, аш+са, іш+сін, ұш+сын; айтылуы (в произношении): шаш+ша, аш+ша, іш+шін, ұш+шын.

5. Если корень оканчивается на гласный, звонкий или сонорный, а присоединяемый к нему аффикс начинается с глухого к, қ, то они произносятся как звонкие г, ғ.

Бота+көз = Бота+гөз жаз келді = жаз гелді

Меңді+құл = Меңді+ғұл қара қой = қара ғой

Талды+қорған = Талды+ғорған ала кел = ала гел

Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуын ілгерінді ықпал дейміз.

Воздействие предшествующего звука на последующий, которое имеет место как в пределах одного слова, так и между отдельными, соседними друг с другом словами, называется прогрессивной ассимиляцией.

Кейінді ықпал

А в регрессивной ассимиляции звук влияет на предыдущий звук, в таких случаях:

1. Конечные глухие согласные корня (к, қ, п) переходят в звонкие (г, ғ, б), если присоединяемый к ним аффикс начинается с гласного: кітап – кітабы, орындық – орындығы, күнделік – күнделігі

2. Конечный (н) корня в положении (б, п) произносится как (м): дүйсенбі (дүйсембі), сейсенбі (сейсембі), сәрсенбі (сәрсембі), бейсенбі (бейсембі), сенбі (сембі), жексенбі (жексембі).

 

147-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерінен ілгерінді ықпал жасап тұрған сөздерді тауып, емлесін түсіндіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Әскер қатарына, қаһармандық, шақырылып, И.В. Панфиловтың басқаруымен, жаңадан жасақталған, дивизиясының құрамында, әскери шеберлігімен, түбіндегі шайқас, батальон командирі, Одақ көлеміне, аударылады, шығармашылық, жауынгерлік.

 

148-тапсырма. Мәтіннен алынған сөйлемдерден кейінді ықпалды (регрессивная ассимиляция) табыңыздар. Түбір мен қосымшаның аралығындағы көршілес дыбыстардың соңғысының алдыңғы дыбысқа әсерін түсіндіріңіздер.

Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Гвардия полковнигі – Б.Момышұлы отставкаға жіберіледі. Дүние салғаннан кейін оған 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Б. Момышұлының басты шығармаларының бірі – «Офицер күнделігі». Ел тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-ның тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ беріледі. Оның шығармашылығы оқушы қауымға мәлім, ондағы негізгі тақырыбы – жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы және т.б. И.В. Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан ұйымдастырылған жасағы – 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады.

 

149-тапсырма. Сөздерге тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауын қосып жазып, олардың өзінен бұрынғы дыбысқа әсерін түсіндіріңіздер.

Жүрек, орындық, ерлік, қасық, доп, шөп, жидек, күнделік, күрек, тазалық, сабақ, жіп, білек, бастық, оқулық, жинақ, қазақ, сөздік, көзілдірік, есеп, қап, кітап, себеп, академик.

 

150-тапсырма. Көп нүктенің орнына септік, көптік жалғауларын қосып жазып, буын үндестігін түсіндіріңіздер.

Бауыржан... әдебиет майданында әскери ерлік...інен еш кем емес қаһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Ұзақ жыл...дан соң, соғыс және еңбек ардагер...і, ғылым мен мәдениет қайраткер...і, қалың жұртшылық талабымен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолдауы арқасы... халқымыз... ардақты ұлы – көзі тірісінде-ақ аты аңыз... айналып кеткен осынау даңқты жауынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпы... келтіріліп еді. Фидел Кастро Б.Момышұлы туралы кітап... басына жастанып оқыды. Оның көзі тірісінде қалың қазақ жұртының тарихында Қарақыпшақ Қобыланды сынды болған адам екендігін дәлелдеуге тарих енді ғана көшті... .

 

151-тапсырма. Сөйлемдерден буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшалары бар сөздердің астын сызып, олардың ережелерін түсіндіріңіздер.

Қара жорға Қасқырбайдікі (Ә.Сәрсенбаев). Бүгін Ақшоқыға өздерінің өнерлері мен табыстарын асыға әкелген өнерпаздар да аз емес. Ол жаңағыдай жайларда өте намыскер, басынан сөз асыра алмайды (М.Әуезов). Ел де, жер де халықтікі. Әбілқайырдың бір байқағаны – Жәнібектің қол астындағы ел шетінен сөзуар.

 

152-тапсырма. Сөйлемдердегі буын үндестігін бір бағанаға, дыбыс үндестігін екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.

Корпуста тәрбиешілердің және оны биыл бірінші бітірушілердің атынан Шоқанның сөйлеуі ұйғарылған. Оның шешен, жас екенін Омбының қоғамы байқап та үлгерген. Солардың үйлерінде өткізілетін кештерде Шоқанның қатыспайтыны сирек болатын. Сонда жұртты қызықтыратыны: білімнің көптігі, тарихты, әдебиетті, көркем өнерді жақсы көретіндігі, әзіл-оспаққа жүйріктігі, сөзге алғырлығы, әжуа-қалжыңға ұсталығы, әйелдердің тілін таба білуі, әңгімелердің қызықтығы, тағы тағылар (С.Мұқанов).

 

153-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінен дыбыс үндестігін табыңыздар.

Бұрынғы. Аймангүл. Он бес. Орманбай. Тұзсыз. Көре алмадым. Көз сала жүр. Есенгелді. Амангелді. Досжан. Тас жол. Бос жүрмен.

154-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, оларға көптік жалғауларын жалғап, ілгерінді, кейінді ықпалдарды көрсетіңіздер.

Учебник, тарелка, книга, тетрадь, ручка, молоток, напильник, посуда, одежда, обувь, пожилой человек, первая парта, человек, уенные вещи, государство.

 

155-тапсырма. Жыр жаттайық! Өлеңді мәнерлеп оқып, дыбыстардың сауатты оқылуына назар аударыңыздар. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Аспанындай кей сәтте күрсінемін,

Алынбаған ақым бар сенде менің. Жас талындай жауқазын бүршік едім.

Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім, Кең дүние, керемет қалпыңменен

Бура бұлттар – бусанып терлегенім. Жүрек болып кеудеме кірші менің.

Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,

Секілді бәрі менен көз алмаған.

Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,

Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

(М.Мақатаев)

 

156-тапсырма. Оқу-білім туралы макал-мәтелдердің мағынасын түсініп, есте сактаңыздар. Білімдеріңізді тереңдетіңіздер.

*Терлемеген – терең білмес. *Білімдіні, бала болса да аға деп біл.

*Мен білмеймін деме, үйренемін де. *Окыған – опық жемейді.

*Оқыған ұл – атасынан да үлкен. *Білім – ағашы, еңбек алмасы.

*Пірің көп болғанша, білімің көп болсын. *Білім – елге, су – жерге.

*Күш – білімде, білім – кітапта. *Ақылдының қазынасы – білімі.

*Білімі жоқтың, таңы да тас қараңғы түндей.

*Қазынаны тереңнен табарсың, білімді кітаптан табарсың.

 

157-тапсырма. Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылуындағы ерекшеліктеріне назар аударыңыздар.

Торы ала ат. Жаңа ауыл. Қара күрең. Көк ала. Үлкен ғалым. Жүз жылқы. Бас штаб. Сенбі. Жексенбі. Сәрсенкүл. Қазанқап. Ала кет.

158-тапсырма. Сөздерге -ы, -і жалғауларын жалғап, кейінді ықпалды сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Еңбек, жақ, бармақ, бауырсақ, кек, оймақ, қуыршақ, қасық, бақ, бесік, жидек, көп, білезік, тарақ, мектеп.

5-апта. 13-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

159-тапсырма. Дүниежүзіне әйгілі ұлы ғалым, энциклопедияшы әл-Фарабидің өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді меңгеріп, мазмұндаңыздар.

 

Ұ л ы т ұ л ғ а л а р

* * * * *

Ұлы ғалым, ойшыл – Әбу Насыр әл-Фараби

(870-950)

Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) қаласы. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткен. Отырар – бір жағынан көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағынан – отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстыратын қала болған. Бұл шаһарды арабтар «Фараб» деп атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Отырар қаласын қыпшақтар «Қарашоқы» деп атаған.

Ежелден Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енгені көне тарихтан белгілі. Әл-Фараби сол қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан шыққан және ол советтік шығыс халықтарының мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер деуге болады.

Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе ғылым мен мәдениет орталықтары – Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир т.б. шаһарларда болады.

Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген.

Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми еңбектер жазды. Кейбір еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Софистика», «Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемлдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге дейін мәнін жоймаған. Музыка зерттеу саласында «Музыка туралы үлкен кітап» атты кесек еңбегін қалдырды.

Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым, оның «Өлең және ұйқас туралы сөз» деген шығармасы болған. Сонымен қатар, «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз» және «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері оның еңбектерінің тізімінде көрсетіледі.

Фараби заманында жаратылыстану ғылымдарының ішінде медицина ғылымы жақсы дамыды. Бұл салада да оның еңбектері бар.

Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзінің ғылыми еңбектерінде адамның ақыл-ойының дүние танудағы құдіреттілігін дәріптеді. Ол тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп тұжырымдады.

Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» болған әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.

Өмірінің соңына әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шаһарына келіп тұрақтайды, сонда қайтыс болады. Оның денесі Шам шаһарының Кіші қақпа (Бас ас-Сағир) жанындағы зиратқа қойылады.

Әл-Фарабидің ісін жалғастыратын, ғылымға берілген шәкірттері де көп болды. Олардың ішінде Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейнгі кезде шығыс ғалымдары оларды «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай-ақ ұлы ғалымдар – Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін әл-Фарабидің шәкірттері деп есептейді.

Сөздік:

данышпан – гений; великий; премудрый; мудрый; гениальный

отырықшы – оседлый

тайпа – племя; племена; род

дәріптеу – возвеличить; воспеть; превозносить; хвалить; восхвалять

шаһар – город

 

160-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Әл-Фарабидің шығармаларының саны белгілі ме?

– Оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте

бірте жоғалып кеткен, тек қана кейбір еңбектерінің ғана тізімі сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 десе, түрік ғалымы А.Атеш 160, ал совет ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.

 

161-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып, олардың астын сызыңыздар.

Ү л г і:

Фараби (кім?) шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор рөл атқарды (не істеді?). Әл-Фараби (кім?) оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды(не істейді?).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!