Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Положительные и отрицательные формы глаголов) 4 часть



Абылай жоңғарлардың иелігіне өтіп кеткен көп жерлерді табанды жорықтар жасап, қайтарып алды. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларымен де күрес жүргізгендігі туралы деректер сақталған. Абылайдың дипломатиялық әрекеттері, оны өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтерді.

Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, оны әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1766-1768 жылдары Абылай Қоқан хандығына соғыс ашып, Ташкентті бағындырған. Кейіннен мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауғанстан шахымен келіссөз жүргізеді, Түркиямен байланыс жасайды.

XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды, үлкен еңбек сіңірді.

Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шынды жорық», «Жетім торы», «Бұлан жігіт» және тағы басқа күйлері бар.

Ол Түркістанда тұрып, 1781 жылы дүние салды. Оның сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Абылай ханға елімізде ескерткіштер орнатылып, үлкен қалалардағы даңғылдарға, университеттерге оның есімі берілген.

 

Сөздік:

талан-тараж – грабеж; погром; расхищение; растранжирить

күйреу – крах: разрушаться; крушение; разорение; разгром

алғыр – хваткий; смелый; способный; предприимчивый; восприимчивый

алпауыт – богач; магнат; мощь; помещик; уничтажающая сила

басқыншы – грабитель; захватчик; оккупант

Етістік (Глагол)

Заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.

Етістік – знаменательная часть речи, которая обозначает действие, состояние лица или предмета.

Етістік (глагол)– это часть речи, которая грамматически выражает значение действия в формах лица (жазамын - я буду писать, жазасың - ты будешь писать), времени (бардым - я ходил, барамын - я пойду) и отвечает на вопросы не істеді? (что сделал?), не істемек? (что будеть делать?), не қылды? (что сделал?).



Тұлғасына қарай (по способу образования) етістіктер: 1) негізгі (непроизводные): оқы (читай), ал (бери), жаз (пиши), жүр (пошли); 2) туынды (производные); ой+на (играй), ой+ла (думай), тұз+да (соли), гүл+де (цвети) болып екіге бөлінеді.

Негізгі етістіктер деп әрі қарай бөлшектеуге келмейтін бір морфемадан тұрып, қимыл мағынасын білдіретін етістіктер аталады. М.: кел, кет, айт, бөл, же, өт, жүр, күл, бар, т.б.

Туынды етістіктер деп түбір етістіктен және басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған, ең кемі екі морфемадан тұратын етістіктер аталады. М.: ой-на, қол-да, жыр-ла, батыл-дық, хат-шы, тарих-шы,т.б.

Етістік тудыратын жұрнақтар

(Словообразующие суффиксы глаголов)

Жұрнақтар (суффиксы) Мысалдар (примеры)
Түбір сөздер Туынды сөздер
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те     бас – голова ой – мысль тұз – соль шеге – гвоздь ем – лечение есеп – задача іс – дело бас-та – начинай ой-ла – думай тұз-да – посоли шеге-ле – забей гвоздь ем-де – лечи есеп-те – реши іс-те – делай
-лас, -лес -дас, -дес -тас, -тес   серт – условие ақыл – ум дос – друг көмек – помощь бір – один қош – прощание серт-тес – условься, договорись ақыл-дас – советуйся дос-тас – подружись көмек-тес – помоги бір-лес – объединяйся қош-тас – прощайся
-қар, -кер, -ғар, -гер     бас – голова ес – память су – вода тең – равное; тюк бас-қар – возглавь ес-кер – запомни су-ғар – поливай тең-гер – приравняй
-лан, -лен пайда – польза ашу – злоба үй – дом пайда-лан – пользуйся ашу-лан – возмущайся үй-лен – женись
-а, -е түн – ночь сан – число түн-е – ночуй сан-а – считай

 



50-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

 

Сұрақ-жауап

– Абылай кім?

– Абылай – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы, аса көрнекті

мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, үш жүздің басын біріктіруші.

– Абылай қай жүздің ханы?

– Абылай – Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

– Ол қанша жасында ерлік көрсетті?

– Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезде

қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.

– Қай кезеңде қазақ хандығы ауыртпашылықты басынан кешірді?

– XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен

ауыртпашылықты басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал

башқұрттары жан-жақтан қазақ ауылдарын шауып, талан-таражға салды.

– Қай уақытта жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес күшейе түсті?

– Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына қарсы

белсенді күрес барған сайын күшейе түсті.

– Әскердің қолбасшысы болып кім сайланды?

– Әбілқайыр хан әскердің бас қолбасшысы болып сайланды.

51-тапсырма. Берілген етістіктерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдердегі негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктерге назар аударыңыздар.

баста ойлан пікірлес көмектес беттес   жоғарыла аялда талаптан басқар есептес барма сөйлеспе айтпа кетпе тастама жаз түс бол қос кел

Болымды және болымсыз етістіктер

Положительные и отрицательные формы глаголов)

Қазақ тілінде етістіктер болымды және болымсыз болып бір-біріне қарама-қарсы екі топқа бөлінеді.

Болымды етістік. Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. М.: қайтамын, жүземін, айтқанмын т.б.

Болымсыз етістік. Болымсыз етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіреді. Болымсыз етістік негізгі, я туынды түбір етістіктерге; 1. -ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы; 2. белгілі шақ тұрғысындағы етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: оқы-оқыма, бар-барма, түс-түспе, биле-билеме, келген жоқ, берген жоқ, кешіккен емес, тазалаған емес, тойлаған жоқ, т.б.

52-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен болымды етістіктерді теріп жазып, олардан болымсыз етістік жасап, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Айт – айтпа, қоныстан – қоныстанба, ал – алма, келтір – келтірме, қалыптас – қалыптаспа, шық – шықпа, қолда – қолдама, аш – ашпа, жүр – жүрме, кет – кетпе, жүргіз – жүргізбе.

Берберген жоқ; біл – білген жоқ; айт – айтқан емес; қинал – қиналған жоқ; түсін – түсінген жоқ; кел – келген емес; бар – барған емес.

Мысалы: Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.

 

53-тапсырма. Мәтіннен туынды етістіктерді теріп жазып, оларды талдаңыздар.

Ү л г і: 1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланғанАбылай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізді.

«Сай» (овраг; ущелье;) – сөздің түбірі, зат есім; «ла» – зат есімнен етістік жасап тұрған жұрнақ; «н» – өздік етіс жұрнағы; «ған» – бұрынғы өткен шақтың жұрнағы.

 

Тапсырма. Сөйлемдердегі туынды етістік жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Жастайынан жетім қалған Абылай Төле бидің, Әбілмәмбет сияқты ханның, Бөгенбай батырдың тәрбиесін көріп өсті. Абылай хан бүкіл өмірін бір мақсатқа ғана бағыттады. Ол ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр-қайратын сарқа жұмсады. Ол шын мәнінде исі қазақтың біртуар көсемі бола білді. Абылай он бес жасынан бастап қан майданды көзімен көріп, қырғын шайқастарда жеке басының ерлік-тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті.

 

Көмекші есімдер

(Служебные имена)

Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысып, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын көрсетеді. Олар:үсті, асты, алды, арты, жаны, қасы, сырты, іші, арасы, ортасы, т.б. Негізгі есімдер ілік септігінде, көмекші есімдер тәуелдік жалғауында келеді.

Служебные имена, сочетаясь с именем существительным в родительном падеже (ілік септік), образуют словосочетания, которые показывают пространственные отношения предметов. При этом служебные имена употребляются только в притяжательной форме (тәуелдік жалғау) третьего лица и принимают падежные окончания. Например:

Арасы между; промежуток. Үйдің арасы (между домами).

Асты под; низ. Үстелдің асты (под столом).

Үсті над; верх. Жәшіктің үсті (над ящиком).

Алдыперед; передняя часть. Үйдің алды (перед домом).

Артыза; задняя часть. Үйдің арты (за домом).

Жанырядом; возле. Үйдің жаны (рядом с домом).

Қасывозле; около. Үйдің қасы (возле дома).

Іші в; внутри. Үйдің іші (внутри дома).

Сыртывне; за; снаружи; наружная часть. Үйдің сырты (вне дома).

Басыверх. Ағаштың басы (верх дерева).

Түбіу; низ. Ағаштың түбі (низ дерева).

Ортасыцентр; посередине. Көшенің ортасы (посередине улицы).

Қарама-қарсынапротив. Үйге қарама-қарсы (напротив дома).

Мысалдар: Үйдің іші таза (внутри комнаты (в комнате) чисто. Үйдің жанында жеңіл машина тұр (около дома стоит легковая машина). Үстелдің үстінде қалам, журнал жатыр (на столе лежат ручка и журнал). Терезенің алдында үстел тұр (перед окном стоит стол).

Тапсырма. Көп нүктенің орнына етістіктің сөз тудырушы жұрнақтарын қойып, туынды етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жастарды балалықты тас...п, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, - деп сендіреді. Абай. Пайдалы қазбаларды із....у, бар...у, суретке түсіру т.б. салалардағы инженер-геологтар. Кен қоры мен сапасы анық...лады. Оларды ашып, халық игілігіне жұм...у, негзігі міндеттердің бірі. Бұлар белгі..ген соң ғана арнайы тәсілмен кен қазыла бас...йды.

Керекті жұрнақтар: -та, -ла, -де, -та, -са, -ле.

54-тапсырма. Кестеде көрсетілген Абылай ханның өмірінің барлық сәттерінде үлгі-өнеге бола білген көсемдердің есімдерін есте сақтаңыздар.

55-тапсырма. Төмендегі көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Сырты (вне, снаружи), қасы (возле, около), үсті (над), қарама-қарсы (напротив), жаны (рядом, возле)

56-тапсырма. Көмекші есімдерге берілген сөз және сөз тіркестерін тәуелдік формада септеңіздер.

Ү л г і : Арасы, арасының, арасына, арасын, арасында, арасынан, арасымен. Үйімнің сырты, үйімнің сыртының, үйімнің сыртына, үйімнің сыртын, үйімнің сыртында, үйімнің сыртынан, үйімнің сыртымен.

Іші, түбі, ортасы, алды, университеттің маңайы, көшенің бойы, судың жағасы, ескерткіштің тұсы, аялдаманың алды, халықтың ортасы.

 

57-тапсырма. Сөздердің екінші дұрыс сыңарларын тауып, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1. қаланың 2. зиялы 3. көлдің 4. көшенің 5. шеткі 6. үйдің 7. терезенің 8. үлкен 9. құдықтың 10. ауылдың 11. үстелдің а) тұсы ә) іші б) алды в) дәрісхана г) басы ғ) сырты д) қауым е) үсті ж) ортасы з) маңы й) жағасы Ү л г і : Қаланың маңы. 1................................................ 2................................................ 3................................................ 4................................................ 5................................................ 6................................................ 7................................................ 8................................................ 9................................................ 10................................................

58-тапсырма. Көп нүктенің орнына көмекші есімдерді қосып жазыңыздар.

Ұзақ жолаушылап, қырғыз ............ таяу бір асудан асқан ол орманға еніп кетті. ............. қалпақ, ................ қой жүнді шекпен, аяғында саптама етік. Бір мезгілде тап ............., шоқ ағаштың .............. қатты айғай естілді. Ағаш ............. бір жігіт шыға келді. .............. қазақтар, қырғыздар көп. Иса қалың халықтың .............., күрестің бел ............. жүрген.

* * * * *

Жау ............ жұдырық,

Жарақтыға жау жолықпас (мақал).

Сөйлемдерді толықтыруға керекті көмекші есімдер: сыртына, басында, жанында, ішінде, арасынан, ішінде, ішінде, ортасында, артынан.

59-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударып, көмекші есімдерді табыңыздар.

Ораз Жандосов үлкен төбенің үстіне шықты. Ол аттан түсті. Төбенің үсті теп-тегіс, шөбі қалың. Неше түрлі гүлдер жайнап тұр. Аспанда торғайлар ұшып жүр. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Ораз бала кезінде осы төбенің үстінде талай рет ойнаған. Туған жерім қандай әдемі! Ораз Жандосов – большевик, революционер.

* * * * *

Қазақ тілі кабинеті үлкен, жарық. Кабинеттің ортасында ұзын үстел тұр. Үстелдің үстінде кітаптар, газет-журналдар жатыр. Кабинеттің ішінде, оң жақта үш шкаф тұр. Онда қазақ тіл, шет тілдері оқулықтары бар. Екі терезенің арасында кішкене үстел тұр.

 

60-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.

Алғашқы жүрісінен айырылған қос жирен қайта қарқынға мініп, менің қасыма да жетіп қалды. Мен де қарсы алдынан қолымды бұлғап, жол үстіне атып шықтым. Екпіндей жеткен қос ат ішін тартып, осқырынып тұра қалды. Еті қызған аттар жол бойымен тоқтамай, желіп келеді. Ішіне құм толтырылған жастықшаны алып тастады (С. Жүнісов). От жағылмаған бөлменің іші салқын екен. Алаша үстінде ойнап отырған Болаттың нәзік саусақтары қызарып кетіпті.

* * * * *

Жергілікті адамдар бұл төңіректің маңында сол жылдары Исадан басқа атағы жайылған Байзақовты естіген емеспіз деседі. Иса – қайраткер, қашан да қалың халықтың ішінде, күрестің бел ортасында жүрген. Жиырмасыншы жылдардың ішінде телеграммаға қол қоюшылардың ішінде Байзақов деген фамилия да кездеседі. Алғаш оның басына келгені – «Аңшы ма немесе тыңшы ма?» деген үрейлі күдік. Ақбөпеш-ау, үйдің іші азынап кетіпті ғой! Ақбөпеш оны жер үйдегі пештің үстіне қойды.

 

61-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, негізгі және туынды етістіктерге негізделген сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Абылай өз жанынан тамаша күйлер шығарып, Шоқан айтқандай, сол заманның эпикалық қарымдағы ерлік істерін күй тілінде бейне+ле+ді (бейнелей білді).

Билігін жүргізді, көсемі бола білді, қажет екенін терең түсінді, мүддеге бағындыра білді, таң қалдырып, мәдениетіне жүйрік болды, күлер шығарып, жеңіс туын желбіретуі, сақталып отыру, қорғаушы, бағалайды, алып шығады, сынынан өтуі, Абылайды іздеп барады.

 

62-тапсырма. Әр бағанадағы сөздерді орын тәртібі бойынша тиісті орындарына қойып, сөйлемдердің мағынасының дұрыс сақталуына назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

шықты арасынан батырлар нағыз халық
ретінде белгілі тарихта ол дарынды күйші
қосып біріктірді күшін үш жүздің басын
алды Абылай жоңғарлардан қайтарып жерлерді
білді ұлттық қазақтар тәуелсіздігін сақтай

63-тапсырма. Болымды етістіктерден болымсыз, туынды етістіктер жасаңыздар.

Ү л г і : Жоғары: жоғары+ла (үстеуден етістік жасалып тұр); жоғарыла+ма (болымсыз етістік). Жаға: жаға+ла (зат есімнен етістік жасалып түр); жағала+ма (болымсыз тү). Тіл: тіл+ші; бас; бас+тық (зат есімнен зат есім жасалынып тұр); тілші емес, бастық емес (болымсыз түрі). Жаңа: жаңа+лық (сын есімнен зат есім жасалынып тұр); жаңалық жоқ (болымсыз түр).

Болымды етістіктер Туынды етістіктер Болымсыз етістіктер Жалғанатын жұрнақтар
1. заман 2. әдебиет 3. екі 4. көп 5. сурет 6. қорытынды 7. қыс 8. түн 9. жеңіл 10. төмен .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... - е - ла - те - дас - ші - де - та - лік - шілік

64-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.

Жақсы ән, жарқын сөз, көңілді күлкі түннің жарым ортасы ауғанша толастамай, қалықтады да тұрды. Бір мезгілде қасына Абай келді. Маңайында жауын алдындағы майда қоңыр жел баяу соғып тұрды. Жастар тобы оны алты қырдың астына дейін шығарып салды. Сыртын көріп ішінен түңілме. Ол қанша артта қалса да, ойы, пікірі алда. Сырттан аяз, іштен жылан шарпиды. Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде. Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес. Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында Абай сөздерін бұларға оқытып отыратын Дәркенбай және көптеген кәрі-жас бар.

 

 

2-апта. 5-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Жіктік, септік жалғаулары.

65-тапсырма. Тарихтағы ірі тұлға, қолбасшыӘбілқайыр хан туралы мәліметтерді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Кіші жүз әскерінің

қолбасшысыӘбілқайыр хан (1693-1748)

Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды.

XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болған шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста ерекшелік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, екі жағы тең емес шайқаста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аягөзде Әбілқайыр мен Қайып ханның 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

Әбілқайыр өзінің күші, айласы, ақылдылығы, бірбеткейлігі, батырлығы, шабуылды ұйымдастыра білгендігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізді. Ол жас кезінен батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.

1726 жылы қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі күшейген кезде, үш жүздің қазақтары бас қосқан Ордабасында болған құрылтайда, билер мен батырлар бірауыздан оны қазақ жастарының, қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ол сол жолы Аңырқай шайқасында үлкен жеңіске жетті.

Әскербасы Әбілқайыр халық жастары үшін қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді.

Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда олар экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!