Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Пакистан экономикасына жалпы сипаттама беріңіз



 

Пәкістан, Пәкістан Ислам Республикасы — Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Жер аумағы — 803,9 мың км². Халқы 141,6 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары пенджабтықтар, пуштундар, синдхилер, белуджилер. Ресми тілі — урду тілі. Мемлекеттік діні — ислам (сүнниттер). Астанасы — Исламабад қаласы Әкімш. жағынан 4 провинцияға бөлінеді Ақша өлшемі — пәкістан рупиі. Пәкістан— аграрлы ел. Ауыл шаруашылығының негізгі дақылдары — мақта, күріш, астық, қант құрағы, жеміс-жидек. Табиғи жағдайы жылына 2 — 3 рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Тоқыма және тамақ жеңіл өнеркәсібі дамыған. Бұған қоса металлургия, газ, мұнай өңдеу, цемент шығару өндірістері жақсы жолға қойылған. Экспортқа мақта-мата, жіп, күріш, былғары, балық, кілем шығарып, сырттан бидай және машина, құрал жабдықтар, тұтыну тауарларын алады. Негізгі сыртқы сауда серіктестері:АҚШ, Жапония, Германия. 1992 жылы ақпаннан Қазақстан мен Пәкістан мемлекеттері арасында дипломатикалық қатынас орнаған. Алматыда Пәкістан елшілігі, Исламабадта Қазақстан елшілігі ашылды. 1995 жылы Б.Бхутто, 1996 жылы С.Ф. Легари Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтты. Сан ғасырлық тарихын бастан кешірген Пәкістан мемлекетінің қазіргі таңдағы жағдайы аталмыш жұмыстың бөліктерінде сараланып айтылды. Негізінен, өзінің даму жолында талай қиындықтарды бастан кешірген ел, бүгінде өткен қалыпты даму жолына түсіп келеді. Пәкістанның қазіргі кездегі дамуын орта деңгейде деп айтуға болады. Елдің қарқынды дамуына кедергі болып отырған – әлі күнге дейін толығымен шешіле алмай жатқан халықаралық саяси мәселелер. Кашмир мәселесі әлі күнге Үндістанмен екі ортаға от салып келеді. Негізінен ислам мемлекеті болғандықтан Пәкістанда дін қағидаларын қатаң сақтауы да жергілікті басқа дін өкілдерінің қақтығысын тудыруда.
Мемлекеттің қарыштап дамуына үлкен жағдайлары бар. Экономикасының басым салалары: газ. су, көмір, мұнай. Әлемдегі мақта, күріш экспортерлер көшбасшыларының бірі. Одан басқа арзан жұмысшы күші, өткізу нарығының болуы экономикаға әсерін тигізбей қоймады. Елдің табиғи-экономикалық әлеуеті зор. Көптеген пайдалы қазбалардың кендері әлі күнге дейін толығымен ашылмаған.
Болашағынан зор үміт күттіретін зор әлеуеттік жағдайы мемлекеттің дамуына күш беріп келед



 

Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің дамуы мен әлемдік экономикаға тигізетін әсерлеріне өз бағалауыңызды беріңіз

Әлемдік қауымдастық бүгінде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерін бейнелі түрде «Азия жолбарыстары» деп атайды. Өйткені,соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында да жолбарыстың әрекеті мен секірісі секілді. Оның үстіне олар осынау керемет өсу көрсеткіштерімен «дамудың кілті батыста – Еуропада» деген түсінікті теріске шығарып, әлемді мойындатты. Жалпы елдерді бұлай бейнелеу дәстүрде бар нәрсе. Мысал үшін Ирландия елін «кельт жолбарысы», сол секілді Латвия, Литва және Эстонияны «балтық жолбарыстары» деседі. Айтылып, мойындалып жүргеніндей «азия жолбарыстарының» алғашқы толқынына: Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань жатады. Бұлар тарихи өлшеммен алып қарғанда өте аз мерзім ішінде артта қалған мешеу елден осы заманғы озық техника мен технологияны, тіпті электрониканы жетік меңгерген алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекеттерге айналды.
Мәселен, Оңтүстік Корея Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың қолдап-қуаттауымен Солтүстік Кореядан бөлінген, елуінші жылдардардың орта тұсында берекесі кетіп, ішер ас, киер киімнің өзін әзер тауып отырған кедей мемлекет болатын. Дүние жүзілік банктің есебі бойынша сол тұстағы елдің ЖІӨ–нің жан басына шаққандағы мөлшері 100 доллардың шамасында ғана болған көрінеді. Ал, 1994 жылдан бастап (арада 40 жылдай өткен соң!) Оңтүстік Корея Республикасы жоғары қарқынмен дамыған бай мемлекеттердің қатарына еніп, ЖІӨ-нің әр адамға шаққандағы шамасы 38,5 мың долларды құрады, яғни Швейцария мен Финляндияның деңгейіне жетті.
Бүгінде Оңтүстік Корея ЖІӨ деңгейі (710 млрд.$) бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құрады. Экономикалық дамудың бірден-бір көзі оған нәр беретін электр энергиясында дейтін болсақ, мұнда жалпы қуаты 17,7 гигаваттық 20 АЭС (Атом электр станциялары) жұмыс істейді.Ел территориясында су ресурстарының да мол көзі мен мүмкіндігі болғанына қарамастан ол аз пайдаланылады.
Әйтсе де Оңтүстік Корея машина жасау, оның ішінде автокөліктер шығару өндірісі жақсы жолға қойылған, жетекші елдер қатарына жатады. Мұнда жылына 2,5 млн-нан астам автокөлік жасап шығарылады. Басқаларды айтпағанда, біздің Қазақстанда да Оңтүстік Кореяның «Даewoo», «Hyndai» фирмалары шығарған жеңіл автокөліктер мен басқа да техникалардың кеңінен тұтынылып, пайдаланылатыны да осының бірден бір дәлелі. Олар шығарған техникалардың бағасы салыстырмалы түрде арзандау болғандықтан үлкен сұранысқа ие болып отырады. Бұл бір жағынан тұтыну рыногында олардың маркетинг қызметінің жақсы жұмыс істейтіндігінің белгісі болса керек.Осы сияқты Корея кеме жасау ісінен де Жапониядан қалыспайды.
Сингапур да 90-шы жылдардың орта тұсында Оңтүстік Шығыс Азиядағы өндірісі жедел қарқынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бүгінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвесторлар саналады. Сингапур мұнай өңдеу жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылымның жетістігі табысты қолданылады. Сондықтан да Сингапур компьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екінші орында. Жыл сайын Сингапурға 5 млн. турист келіп қайтады. Олар Сингапурды «сүйкімді Азия» немесе «экватордағы Еуропа» деп атайды.
Англияның бұрыңғы премьер-министрі, «темірдей тарамыс ханым» атанған, әйгілі саясаткер Маргарет Тэтчердің: «Бір кезде Сингапур бізден үйреніп еді, біз енді Сингапурдан үйренетін болдық» деп мойындауы біршама ойды аңғартқандай. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қарай Сингапурдан компьютер мен басқа да электроникалық тауарлар тасымалдайтын «Алси» компаниясы жемісті жұмыс істеп келеді.
Гонконг (Сянган) бірнеше аралдардан тұратын, ұзақ уақыт Англияның отары болып келген, тек 1997 жылдан ресми түрде ҚытайХалық Республикасының құрамына енген кең автономиялық құқықтағы бар арнайы әкімшілік аудан.Аспан асты елінің басқа аудандарынан басты айырмашылығы таза капиталистік даму жолындағы аумақ. Әрі ЖІӨ мөлшері жөнінен Қытайдың ең бай ауданы саналады, оның жан басына шаққандағы көрсеткіші (38 мың доллардан астам) және тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі, халықтың әл-ауқаты деңгейі бойынша батыстың Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия секілді дамыған елдерін, тіпті Жапонияны да басып озды. Елдің экономикасы еркін нарықтық қатынасқа негізделген, салық мөлшері төмен, мемлекет экономикаға араласпайды. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жер де аз, табиғи ресурстарға аса бай емес. Сондықтан да азық-түлік пен шикізаттың көп бөлігі, тіпті ауызсуға дейін шеттен тасымалданады.ЖІӨ 90 пайызы қызмет көрсету салаларының үлесіне тиеді.



Демек, бұл елдердің «азия жолбарыстары» атанып, экономикалық дамуда алдыңғы шепке шыққаны талассыз шындық.Ендеше, олар мұндай жетістік пен табысқа қалай қол жеткізді? Бүгінде өзімшіл батыстың қызғанышын тудырып, экономиканы зерттеуші сарапшыларының басын қатырып отырған басты сұрақ осы! Өйткені, кәзіргідей өркениет заманында даму мен өркендеудің бірден бір қозғаушы күші бәсекелестік болып отырғаны даусыз.

 

 


 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!