Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз



Солтүстік Шығыс Азия- Азия тынық мұхитының субаймағы болып табылады.Солтүстік Шығыс Азия аймағына Солт Шығыс жағындағы ҚХР,Аомынь,Сянган,Корея , Монголия Ресейдің қиыр шығысы Жапония кіреді. Монғолиядан басқа Солт Шығыс елдерге кіретін мемлекеттер территориалды жағынан да,тікелей немесе жанама болса да Тынық мұхитының аква-ториясында бірігеді. Ал Ресейден басқа елдердің діни нәсілі ұқсас келеді және аймақтың барлық елдеріне Екінщі Дүниежүзілік соғыстың салдарынан Корей түбегінің бөлінуі, және КСРО әсер етті. Территориалды жағына көз жүгіртсек соның ішінде Қытай ен үлкен аумақты алып жатыр. Ал ең кіші аймақ – Аомынь,бар жоғы 16 шаршы км. Аомыньда негізі қытайлар өмір сүреді. Бірақ мемлекеттік тіл-португал. Экономикасын негізінен- тоқыма өндірісі алып жатыр. Солтүстік Шығыс Азия елдрерінің экономикасы тез қарқынмен дамуда.Оған Жапония мен Қытайды алуға болады.Себебі экономикасы дамыған 10 елдің қатарында Жапония мен Қытай кіреді. Кең таралған дін-буддизм. Бірақ Монғолияда – шаманизм болса,Жапонияның жартысы-синтоизм дінін ұстанады. Территориясы 10,5 млн шаршы км. Аймақтың халқы дүние жүзінде 20% алып жатыр. Солтүстік-Шығыс Азияны ерекше субаймақ деп атауға болады,ол тек құрамына ең ірі әскери державалардың кіруіне ғана байланысты емес, сондай-ақ болашақтағы аймақтық интеграцияның шарттары тұрғысынан алып қарағанда да Азияның басқа субаймақтарынан ерекшеленеді.

Солтүстік-Шығыс Азиядағы қарым-қатынасты тереңдету мен болашақта интеграцияны жүзеге асыру үшін аймақта саяси тұрақтылықты орнату қажет. Қазіргі кезде «суық соғыс» кезіндегі сияқты американ-кеңес қарсылығы болмаса да, одан кейінгі период жаңа Америка мен Қытай арасындағы жағдайдың шиеленісуімен сипатталады. Солтүстік-Шығыс Азияда әлі де дүниежүзілік соғыс пен «суық соғыстың» қалдықтары сақталған: Корей түбегінің бөлінуі, Тайвань мәселесі, жапон-ресей территориялық келіспеушіліктері.



Солтүстік-Шығыс Азия субаймағы геосаяси тұрғыдан алып қарағанда АТА-дағы тұрақтылық үшін ең маңызды болып табылады. Экономикалық жағынан АТА-дағы ең дамыған ел – Жапония. Болашақтағы аймақтағы мүмкін маңызды мәселелердің бірі болып, Жапонияның Азияда басымдылық көсетуі болады деген болжаулар да айтылады, әсіресе Американың Солтүстік-Шығыс Азиядан әскери және саяси жағынан кету туралы шешім қабылдаған жағдайда. Қалған үшеуі ядролық қаруы бар әскери державалар.

 

10. Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз Оңтүстік-шығыс А́зия — Қытай, Үндістан және Австралияның орталарында орналасқан континеналды аралдар тобы. Үндіқытай түбегі де

кіреді. Континенталды бөлігінде Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Тайланд, аралды бөлігінде— Бруней, Шығыс Тимор, Индонезия, Сингапур, Филиппиндер.Малай түбегінде Малайзия орын тепкен. Вьетнам, Камбоджа және Лаос елдерін Үндіқытай мемлекеттері деп те атайды, жалпылау атауы Нусантара. Аталған елдер Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясын құрайды (АСЕАН). Бұл аймақтың шекарасы Солтүстіктен Оңтүстікке 3,2мың км, ал Батыстан Шығысқа 5,6мың км жерді құрап жатыр.Мұнда жүздеген ұлттар түрі өмір сүріп және де әртүрлі дінді ұстанып, әртүрлі тілде сөйлеп келе жатыр. Олар бүкіл дүние жұзіндегі адамдар санының 8 %-ын құрайды. Бұл аймақтағы мемлекеттер өздерінің келіссөздерін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер ассоциациясы ( АСЕАН) арқылы жасайды. Оңтүстік –Шығыс Азия елінің территориясында 599 млн адам мекен етеді, бірақ соңғы көрсеткіштер бойынша, адам саны қарқынды түрде азаюда, дегенмен де абсолюттік көрсеткіші әлі сақталуда. Адамдардың басым көпшілігі Ява аралында орналасқан.



Оңтүстік - Шығыс Азия арқылы дүниежүзілік маңызы бар қалайы мен вольфрам белдеуі өтеді. Сондай - ақ аймақ қойнауынан мыс, мырыш, күміс, алтын, темір, мұнай мен табиғи газдың мол қоры табылған.

Мұнда – мұсылмандар, буддалықтар, протестанттар мен католиктер бар. Мұсылмандар мен буддалықтар басым. Мьянма, Таиланд, Лаос сияқты мемлекеттер будда дінін ұстанса, Индонезия, Малайзия, Бруней сынды елдер ислам дінін ұстанады.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін «бірлесіп істеуге неғұрлым икемді» деп сипаттауға болады. Ең негізгі бөгет аймақтағы саяси және әскери қайшылықтар болып табылады.

Бұл аймақ дүниенің қуатты және ірі өркениетті екі елі—Үндістанмен Қытайдың аралығында орналасқан. Олармен көршілес орналасуы аймаққа буддизм, конфуцийлік және даосизмнің енуіне жағдай тудырады. Индонезия саны жағынан ислам дінін ұстайтын ең ірі мемлекет саналады (исламға сенушілік білдіретіндер саны жағынан). Субаймақта орналасқан дамушы елдер өздерінің экономикалық-географиялық жағдайларын тиімді пайдаланады. Әсіресе жаңа индустриялы елдер бұл жағдайды өздеріне қолайлы санауда. Оңтүстік Шығыс Азиянын дамушы елдерінде халықтың өмір сүру деңгейі ең төмен (Мьянма) және ең жоғары (Сингапур) деңгейде өзгеруде.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!