Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Патша үкіметінің 1867-68жж реформалар



Сот жүйесінде үлкен өзгерістер белгіленді. Ірі істердің бәрі әскери соттардың немесе шекаралық комиссияның қарауына көшті. Тек елеусіз қылмыстар ғана халықтық әдет-ғүрыптар бойынша талқылана алатын болды.

1867 – 1868 жылғы реформа бойынша қазақ даласында бес сатылы бақару жүйесі енгізілді. Олар:

· генерел- губернаторлық

· облыс

· уезд

· болыс

· ауыл

генерел- губернаторлықтарды облыстарға, облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға бөлді де, ел арасында съезд өткізіп, болыс, старшын сайлау дегенді енгізді. Үш генерал - губернаторлық: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Барлық азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға - Орал және Торғай; Батыс Сібірге -'Ақмола, Семей; Түркістанға - Жетісу орталығы Верный; Сырдария орталығы-Ташкент енді.

1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша әскери-сот комиссиялары мен үздік соттар қүрылды, олар жалпы империялщқ заңдар негізінде жұмыс істеді. Бүл «ережелер» екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша еигізілген болатын. Алайда, бүл «тәжірибе» жергілікті халыққа кері әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. 18S6 ж. 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1892 ж. 21 наурызда -Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай обыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте тусуге бағытталған еді

 

№48

Орал - Торғай облыстарындағы көтерілістер (1868-1869)

Негізгі себептері:

- реформа бойынша жер патша үкіметінің меншігі деп жарияланып, жердің территориялық негізде қолданылуы мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді қазақтарға ауыр тиді; салықтың көтерілуі әсіресе кедей қарапайым шаруаларға ауыр тиді; әкімшілік басқару жағы да шаруаларға ауыр тиді. Көтерілістің сипаты: отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық.



Қозғаушы күштері: қазақ шаруалары және артықшылығынан айырылған ру билеушілері.

Көтерілістің барысы: Орал, Торғай өңіріндегі қазақ шаруаларының азаттық күресі 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейін жалғасты. Қазақ шаруалары патша үкіметінің әскеріне қарсы ерлікпен аянбай күресті.

Патша үкіметі бұл көтерілістерді басу үшін Рукин, Комаровский басқарған жазалаушы отрядтарды жіберді. Бұл жазалаушы отрядтар қазақ ауылдарын аяусыз ойрандады. Азаттық көтеріліс аса қаталдықпен жазалаушы отрядтар күшімен басылды.

Көтерілістің жеңілу себептері:

- ақсүйектер мен феодалдар өз мүлделерін ойлап, опасыздық жасады;

- шаруалардың қару-жарағы нашар болды;

- көтерілісшілер арасында ауызбірлік болмады;

- көтерілісшілер өз мақсаттарын толық түсінбеді.

№ 49

Маңғыстаудағы шаруалар күресі (1870 жылы)

Көтерілістің себептері:

- патша үкіметінің жүргізген жер туралы саясаты; салық көлемінің шектен тыс ауыр болуы. Көтеріліске сылтау болған жағдай: патша үкіметінің жазалаушы отрядтарының қазақ ауылдарына жақын келуі.

Көтерілістің қозғаушы куштері: қарапайым қазақ шаруалары. Бұл көтеріліске, негізінен, адай руының халқы қатысты.



Көтерілістің барысы: 1870 жылы 16 наурызда патша үкіметі "Ережелеріне" қарсылық ретінде көшуге ыңғайланған адай руын қайтару мақсатында Рукин бастаған жазалау отрядтары аттанды. Бұл отрядттарды Бозащы түбегінде Иса Тіленбайұлы, Досан Тәжіұлы бастаған шаруалар талқандап, Рукиннің өзін өлтіреді.

Көтерілістің жеңілу себептері:

көтерілісшілердің қару-жарағы әлсіз болды; көтерілісшілер өзге аймақтардан алшақорналасты т.б.

Көтерілістің маңызы:

көтеріліс осы уақыттағы Ресей азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды; қазақ жалдамалы жұмысшылары көп қатысқан алғашқы көтеріліс болды; шаруалар жағдайы бұрынғыдан да қиындады.

Жылдардағы революция

Жалпы, Қазақстанда революциялық идеяларды тарату барысында жер аударылған азаттық қозғалыс өкілдері Е.П. Михаэлис, Богомолов, П. Румянцев, Кочеров т.б. көп үлес қосты. 1905 жылы Ресейдегі "Қанды жексенбі" әсерінен сол жылы ақпан айында Шалқарда, Түркістан мен Перовскіде жергілікті патша үкіметінің шенеуніктеріне қарсылық көрсетілді. 1905 жылы 6 желтоқсанда Өскемен жұмысшылар митингісі, 18 жел-тоқсандағы Павлодар жұмысшылар митингісі жұмысшылардың патша үкіметіне көрсеткен қарсылықтарының бір түрі болды. 1906 жылы 3 шілдедегі Семей жұмысшылар ереуіліне 500-ге жуық адам қатысты. Ереуілдің негізгі талаптары жұмыс уақытын азайту, ауырып жатқандарға отемақы телеу, жалақыны көбейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау т.б. болды. 1906 жылы жұмысшылар қозғалысы одан әрі өрістеді. Жұмысшылар ереуілі Жетісу, Орал, Сырдария облыстарын қамтыды. Жұмысшылар қозғалысын ұйымдастыру жолында Семейде Ә. Бөкейханов, Торғайда А. Байтұрсынов, Жетісуда М. Тынышбаев белсенді қызмет атқарды. Жұмысшылар күресіне қатысқан революционерлер ішінен Мемлекеттік Думаға сайланғандар да болды.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!