Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 1 часть



Автор Атауы Баспа саны
Мананов Б.Б., Модақұлова Ғ.М. Халықаралық экономикалық статистика: Оқу құралы. Алматы : Экономика , 2004
Мананов Б.Б., Модақұлова Ғ.М. Халықаралық статистика: Оқу құралы. Алматы : Экономика , 2004
Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин Экономика. Әлемдік классика. 10 томдық.6 Том: Неолиберализм және әлеуметтік-рыноктық экономика. . Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин Алматы : Таймас , 2005
Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин Экономика. Әлемдік классика. 10 томдық.9 Том: Мемлекеттік сектор, халықаралық бәсеке және менеджмент теориясы. . Жетекшісі М.Б. Кенжеғозин Алматы : Таймас , 2006

 

5. ДӘРІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Тақырып 1.Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.

Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:

1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;

2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;

3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;

4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;

5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;

6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.



Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.

Халықаралық экономика (international economics) — тауарлармен халықаралық алмасу, өндіріс факторлары қозғалысы және халықаралық экономикалық саясатты қаржыландыру және қалыптастыру облысындағы әртүрлі мемлекеттік тиістіліктегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтің, нарықтық экономика теориясының бөлігі.

1.2 Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы. Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономика да осы қағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі – мемлекет болып табылады.

Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, Халықаралық экономика мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. «Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік анықтамада» «Халықаралық экономика халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» - деп жазылған. Ал басқа басылымда «Халықаралық экономика (дүниежүзілік шаруашылықбайланыстары) - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі» - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді. Бірақ та терминологиялық айырмашылықтар бірден көзге түседі: «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Дүниежүзілік шаруашлылық байланыстары», «Бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар» және тағы басқаларының да мәні бір – ХЭ – болуы, ұлттық мемлекеттердің болуымен тікелей байланысты.



Оған көңіл бөліп отырған себебіміз, пайдаланылатын көптеген әдебиеттерде «бүкіл әлемдік қатынастар» термині көп кездеседі. Оның пайда болуының себебі - әлем ондаған жылдар бойы әуелі кеңес, одан кейін социалистік ғылыми әдебиеттерде дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің екі системасы ретінде қарастырылып келді. Бұл системаларда қарама-қарсы экономикалық қатынастар жүйесі әрекет еткенімен, олардың арасындағы қатынастар жүргізіліп отырды. Сондықтан алғашқыларын соңғыларын айыру үшін «социализмнің немесе каптализмнің халықаралық экономикалық қатынастары» терминінің орнына «бүкіл әлемдік қатынастар» термині пайда болды.

Халықаралық экономика мазмұны ешқандай қиыншылықтар туғызбаса да, осы қатынастар теориясы күрделі мәселе болып табылады. Болып жатқан ағымды жағдайлардың теориялық көрінісінберу оңай емес. Бірақ мұнда әлемдегі экономикалық мектептердің бағыттары тарихи, сонымен қатар логикалық жағынан алғанда әр алуан болуына байланысты қосымша қиындықтар туып отыр.

«ХЭ теориясы жалпы саяси экономия теориясы негізінде пайда болып дамыды да, соңғысының шеңберінде арнайы ғылыми іздену саласын құрды. ХЭ арнайы теориясының зерттеу пәні жалпы саяси экономия теориясының пәнімен бірдей» - деп жазылған отандық алғашқы оқулықтардың бірінде. «Халықаралық экономика теориясының зерттеу пәні саяси экономия теориясының пәнімен бірдей: ол адамдар арасында өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылықтың, сонымен бірге халықаралық қатынастардың ерекшелігі – таптар арасындағы қарым-қатынас мемлекет шекарасы арқылы іске асырылып, халықаралық экономикалық қатынастар түрінде көрінуі» - дейді басқа бір белгілі басылымда.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым жасауға болады. Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктердің зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономия теориясы шеңберінде дамыды.

Бұл өзгешеліктерді талдауды мақсат етпегендіктен, біз бұл жұмыста экономикалық жүйе деп адамдардың материалдық және рухани ресурстарды пайдаланып, тауарлар мен қызмет көрсетулерді белгілі бір ұйымық құрылымдарда өндіру арқылы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-әрекетін түсінеміз. Әрине бұл жүйе өте күрделі екені түсінікті. Өйткені оның құрамында ресурстық, теъникалық, технологиялық, ұйымдық, құқықтық және тағы басқадай компоненттері болып, олар әрқайсысы өз кезегінде жеке ғылым немесе экономикалық ғылымның жеке тармағы бола алады. Сондықтан біз әлемдік экономика дегеніміз де, оны ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйедеп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы, пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар.Осының бәрі де ХЭ түсінік аппаратында өз көрінісін табады.

Халықаралық экономиканың шартты құрылымын келесі түрде көрсетуге болады.

· Негізгі түсініктер және қағидалар;

· Мемлекеттердің экономикалық саясаты;

· Халықаралық қатынастардың нақты формалары

· Халықаралық реттеу және бақылау.

Функционалды халықаралық экономика халықаралық микроэкономикаға және халықаралық макроэкономикаға бөлінеді.

Халықаралық микроэкономика (international microeconomics) — нақты тауарлардың және олардың өндіріс факторларының елдер арасындағы қозғалысының заңдылықтарынжәне де олардың нарықтық сипаттамаларын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.

Халықаралық макроэкономика (international macroeconomics) — ашық ұлттық экономикалародың және әлемдік шаруашылықтың қаржылық нарықтарды глобализациялау жағдайында қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.

Халықаралық экономика құрылымы 1 суретте көрсетілген.

 

Халықаралық экономика құрылымы

 

Халықаралық реттеу және бақылау Экономикалық Қаржылық  
Халықаралық ұйымдар  
Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары Тауарлармен Қызметтермен Капитал Жұмыс күші Технология Валютамен Құнды қағаздармен Дериваттар-мен Несиелермен Есеп айырысу
Халықаралық сауда Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы Валюталық және банктік реттеу
Мемлекет-тік реттеу Сыртқы сауданы реттеу Өндіріс факторларының қозғалысын реттеу Валюталық және банктік реттеу
Микроэкономикалық саясат Макроэкономикалық саясат
Негізгі түсініктер Әлем шаруашылығы  
      Әлемдік нарық    
      Халықаралық еңбек бөлінісі      
                                     

 

1.3 Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тауарларға деген жалпыланған әлемдік бағаға тәуелді ұлттық және халықаралық масштабта барлық тауарлардың жиынтық өндірісінің көлемдерін сипаттайтын, абстракты шамалар ретінде кең қолданылады.

Жиынтық сұраныс (aggregate de­mand, AD) —елдің нақты сатып алушылық қабілетінің көрсеткіші. Жиынтық сұраныс ел ішінен және сырттан қойылуы мүмкін: ел ішінде – тұтынушылар және жергілікті инвесторлар жағынан, ал сырттан – шетелдіктер жағынан.

Жиынтық ұсыныс (aggre­gate supply, AS) — өндірушілер бағаның қолда бар деңгейі кезінде нарыққа ұсына алатын тауарлар көлемі. Жиынтық ұсыныс сондайақ ел ішінен және сырттан қамтамасыз етілуі мүмкін.

Графикалық түрде ол жеке тауарға деген жиынтық сұраныс пен ұсынысқа ұқсас. Халықаралық экономикада жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың объектісі тауар болып табылады. Тауарлар сатылатын және сатылмайтын болады. Сатылатын тауарлар (tradable go­ods) — әртүрлі елдер арасында қозғалысқа түсе алатын тауарлар. Стылмайтын тауарлар (nontradab-le goods) — өндірілетін елде ғана тұтынылатын тауарлар, бірақ басқа елдерге сатылмайды.

1.4 Халықаралық сауда. Әлем нарығы (world market) — халықаралық еңбек бөлінісіне және өндірістің басқада факторларына негізделген, елдер арасындағы тұрақты тауарлы-ақша қатынастарының сферасы.

Әлемдік нарық келесі негізгі белгілермен сипатталады:

Ол өз өнімін өткізу мақсатында ұлттық шектен шыққан, тауарлы өндіріс категориясы;

Ол сыртқы және ішкі сұраныс және ұсыныс әсеріндегі тауарлардың мемлекет аралық қозғалысында көрініс табады.

Ол өндіріс факторларын пайдалануды оптимизациялайды.

әлемдік нарықта айырбас фазасында тұрған тауарлар жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың орташаланған параметрлерін көрсете отырып, ақпараттық функцияны атқарады. Осы арқылы әр бір қатысушы өзінің өндірісінің шамасын бағалайды.

Халықаралық сауда - қалыптасқан мемлекеттік ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айырбасы. Қазіргі кезде халықаралық саудаға тауарлар айырбасымен қатар: ғылыми-техникалық ой-пікір жетістіктерінің лицензияларымен және ноу-хаумен халықаралық сауда жасау нысанындағы халықаралық айырбас, күрделі құрылыс объектілерімен, индирингілік және сабағаттық қызметтермен сауда жасау, халықаралық лизинг, т.б. кіреді. Халықаралық сауда тауарлардың екі ағымынан тұрады – экспорт және импорт.

 

Тақырып 2. Халықаралық сауданың классикалық теориялары

 

Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантелизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантелизм ХV ғасыр соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантелистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүрді деп есептелген.

Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тиым салынады.

Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шетел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртықы рыноктарда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.

Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып, еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.

Меркантелистер пікірі бойынша байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбәр ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрады: өндірістік сектор, ауылшаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудаген экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылады.

Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағаланғандықтан, сыртқы сауда меркантилистер мектебінің ойыншағ, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін мынадай шаралар жүргізу керек:

- оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;

- сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;

- шикізаттың шығарылуына тиым салу немесе оны шектеу және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелуіне рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру;

- отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тиым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға тиым салу арқылы метрополияға шикізат жеткізушілеріне айналдыру.

Меркантелистер халыаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.

Меркателистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы иөлем балансына сипаттама берді. Меркантелистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар дбайлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртық саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.

Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана емес, сатып алуда тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауғы тырысты. Әдебиетте оның тәсілі абсолютті артықшылықтар (absolute advantage) принципі деп аталды. А.Смит тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.

А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет:

шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.

шарт. Бұл елдерде тек тауар өндіріледі

шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.

шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді).

шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.

шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.

шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем тиімділігі).

шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.

шарт. Екі елмен екі салада жетілген бәсеке орын алады.

 

Кесте 1.

Абсолютті артықшылықтар моделін қарастырайық

  Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тарар Т 6 сағат 4 сағат

 

1 кестеде нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі S тауар бірлігін шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А еліне қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін, және А елінің S тауарын шығаруда абсолютті артықшыллықа ие болады. Егерде А елі Т тауарының өндірісін қысқартып, S тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі керісінше S тауар өндірісін қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықаралық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі негізінде сауда орнын алады. (кесте 1)

Кесте 2

  Мемлекет А Мемлекет В Бүкіл әлем
Тауар S +2 дана -1 дана +1 дана
Тауар Т -1 дана +3 дана +2 дана

 

Бұл жағдайда егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған 6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының 2 данасын шығаруға пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3 қосымша данасын шығаруға болады.

Жалпы алғанда қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S тауарының әлемдік өндірісі бір данаға, ал Т тауарының өндірісі екі данаға ұлғаяды.

XVIII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып, А.Смиттің осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды Англияда емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит табиғи артықшылықтарымен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.

Кесте 3

  Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тауар Т 6 сағат 4 сағат

 

А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған жағдайды қарастырмайды (таб 2.3). Оны өзінің «Саяси экономия бастамасы мен салық салу» (1819) еңбегінде Давид Рекардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.

Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparafive advantage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар) бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары кесте 4 келтіріпген.

Кесте 4

  Англия Португалия
п/мата 100 жұмыскер/жыл 90 жұмыскер/жыл
п шарап 120 жұмыскер/жыл жұмыскер/жыл

Кесте 4 таблицасынан көріп отырғанымыздай, Англиядан (п) матаның белгілі мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (т) Португалдық шараптың бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімідерді өндіруге 90 және 80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау тиімді. Д.Рикардоның пікірінше Ю.О ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!