Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ІІ сабақты ұйымдастырудың және құрылымына талдау



Сабақты өзіндік талдау схемасы

2013ж.

Пәні математика

Мұғалімі Авдрасол Бахытжан

Сабақтың тақырыбы : Квадрат теңдеу және оған келтірілетін теңдеу

 

Талдау элементтері Қорытынды
І Сабақтың мақсатын талдау
Сабақтың мақсатының дұрыс қойылуы Математика пәнінің әрбір сабағының білімділік,тәрбиелік,дамытушылық мақсаттары тақырыпқа байланысты дұрыс қойылады.
Бағдарлама талаптары Сабақ мақсаттары ҚР Мемлекет стандарт негіздегі типтік жұмыс бағдарламасы талабына сай келеді.
Материалдық мазмұны Оқытылатын материалдар мазмұны оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыттарына сай келеді.
Оқушылардың білімдері мен дағдыларының қажетті деңгейі Оқушылардың біліміне,дағдысына,ұғымына сәйкес математика пәнінің әрбір тақырыбы оқытылады.
Оқушылардың дайындық деңгейі Әр оқушының қабілеті ескеріледі.
Оқытудың соңғы нәтижесі Оқушылар дағдысын,шеберлігін қалыптастыру.
Оқушыларды мақсатқа жеткізудің әдістері мен формалары Оқушыларға жеткізудің формасы мен әдістері анық,қарапайым нақты ұйымдастырылады.
Қойылған мақсатқа жетудің сатылары Қойылған міндеттерді түгел орындау.

ІІ сабақты ұйымдастырудың және құрылымына талдау

Сабақтың құрылымы мен сәйкестігі Сабақ құрылымы сабақ типіне сәйкес келеді.
Сабақтың логикалық реттілігі мен этаптарынының байланысы Сабақтың бөлімдерінің өзара байланыстырып реттеу.
Сабақтың зтаптарына уақытты бөлудің мақсаттылығы Сабақтың бөлімдеріне уақытты дәл бөле отырып тиімді ұйымдастыру.
Математика кабинетіндегі құралдарды пайдаланудың тиімділігі Математика кабинетіндегі құралдар өтілетін тақырыптарға байланысты сабақ барысында қолданылады.
Оқушылар мен мұғалімнің еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруы Мұғалімнің ойластырумен,оқушылардың ойлау қабілеттері арқылы жүргізеді.
Сабақтың басы мен соңын ұйымдастыру Уақытымен және жоспар бойынша
Сабақ жүргізу ырғағының тиімділігі Қазақ тілінде түсінікті етіп жүргіземін.  
Сабақ жоспарының болуы және оның орындалу дәрежесі Сабақ жоспары әр сабақта ойластырып жасалады,пайдаланылады.
ІІІ Сабақ мазмұнын талдау
Сабақ мазмұнының стандарт талабына дәл келуі Сабақтың мазмұны ҚР Мемлекеттік стандарты негізіндегі типтік жұмыс бағдарламасына сәйкес келеді.
Баяндаудың ыңғайлығы Мұғалімнің материалды баяндау деңгейі оқушылардың түсінуіне игеруіне дәл келеді.
Баяндаудың ғылымилығы Мұғалімнің материалды баяндауы оқулық мазмұны негізінде оқушылардың білім деңгейіне сәйкес қосымша материалдар пайдаланады.
Сабақтың мазмұнының өмірмен байланыстылығы,кәсіптік бағдар беру Әрбір сабақтың өмірмен тығыз байланыс орнаған және әрбір оқушының келешек мамандығы ескеріледі.
Сабақ мазмұнының оқушылар қажеттілігі мен қызығушылығына байланыстылығы Әрбір сабақтың мазмұнына сәйкес оқушылар қажеттілігі,қызығушылығы ескеріліп өткізіледі.
Оқушылардың ізденушілігі өз бетімен ойлауы оқу әрекетінің бейімділігін қалыптастыру Оқушылардың өздігінен ойлауы,оқу әрекеті,белсенділігі әр сабақтың материалдарына байланысты жүзеге асыру мұғалімнің негізгі міндеті деп есептейді.  
ІҮ Сабақ өткізу әдістемесіне талдау
Оқытудың әдістерін,тәсілдерін дұрыс таңдауда мұғалім мыналарды ескереді Топпен жұмыс жасауын,әрбір оқушыға әдіс-тәсілдер тиімді болуды ескереді.
Сабақтың тақырыбы Типтік бағдарламаның негізінде мұғалімнің күнтізбелік жоспары бойынша жасайды.
Сабақтың мақсаты Өтілетін тақырып негізінде қойылады.
Оқушылар ұжымының мүмкіндіктері Мұғалімнің білімі шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастырылады.
Оқу-материалдық база Мектепте білім стандартына сай жабдықталған.
Сабақта қолданылатын әдістер мен тәсілдердің әр түрлілігі Сұрақ-жауап,әңгімелесу,талдау,қорытындылау,практикалық жұмыстар,пікір талас, шығармашылық жұмыстар.
Жаңа материалды сапалы игерту Жекелеме сұрақ,шығармашылық жұмыстар
Мұғалімнің сабақта оқыту құралдарын пайдалану Схемалар,компьютер,оқулықтар,флипчарттар т.б.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі Мұғалімнің сөйлеу мәнері бір қалыпты,дауыс ырғағы анық.
Ү.Сабақ үстіндегі оқушылар жұмысына талдау
Сабақтың әр бөліміндегі оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігі Оқушылардың сабақ барысында жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігін әр түрлі жұмыс формаларымен,мадақтауларымен,жауаптарын бағалаумен асырады.
Сабақ және тақырыпқа қызығушылық Сабаққа,тақырыпқа оқушылар қызығушылығын сабақтың әр түрлілігімен,әдістерімен мұғалім жүзеге асырады.
Сабақтағы еңбектің мәдениеттілігі.Оқушылардың жұмыс түрін ұйымдастыруы Оқушылдар сабақта уақытты тиімді пайдалануды,оқушыларережесін сақтауды,жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды мұғалім көмегімен қалыптастырады.
Оқушылардың бірдей талапты орындауы Математика жұмыс дәптерін жүргізу, бақылау жұмыс дәптерін талапқа сай ұстауы.  

 





Оқушылар білімі мен дағдыларының сапасы Оқушылар мұғалімнің бағалауына оң көзбен қарайды,өйткені олар жауаптарына өзіндік бақылау,өзіндік бағалау жайын біледі.
ҮІ Үй тапсырмасына талдау
Үй тапсырмасын тексерудің әдістері мен тәсілдері Жекелеме сұрау,жазбаша тапсырмаларды тексеру,тест,ауызша баяндау,пікірталас.
Үй тапсырмасының көлемі Үй тапсырмасының көлемі өтілген материалдың қиындығына байланысты беріледі.Оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне қарай.
Сабақ беру барысында оқушылардың үй тапсырмасын орындауға дайындау Үй тапсырмасын қалай орындау керектігі жөнінде оқушыларға түсінік жасалады.
ҮІІ Сабақтың шартына санитарлық-гигиеналық баға беру
Тақтаны пайдалану Математика кабинетінде қоңыр түсте,магнитті тақтамен жабдықталған.Оқушыға қолдануға қолайлы.
Бөлменің жарықталуы,тазалығы Математика кабинеті күндізгі жарық шамымен жарықталған,тазалық талапқа сай.
Көрнекілікті пайдалану,қолдану Таблица.суреттер стандартқа сай жасалған.электрондық оқулықтар арқылы сабақ өтеді.
Техника қауіпсіздігін сақтау. Мұғалім оқу жылы басында әр сыныптың оқушыларын техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып,арнаулы журналға қол қояды.
ҮІІІ Сабақтың психологиялық талдауы
Оқушылардың сабақ алдындағы психологиялық жағдайы   Мұғалім оқушыларды сабаққа психологиялық жағдайға дайындауға көңіл бөліп әр түрлі әдістеме қолданылады. Өтілетін тақырып туралы қызық фактілер арқылы оқушылар көңіл –күйін сабаққа дайындайды.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту Осы мақсатты мұғалім түрлі проблемалық жағдайлар туғыза отырып өтілетін материалдарға байланысты оқушылардың ойлау қабілетіне жағдай жасайды.
Оқушының жеке басын дамыту Оқушылардың жеке басын дамыту типті бағдарламада көрсетілген талаптарға сай өзін-өзі тану сабағын өткізуге байланысты

 

Орытынды

Математика пәнінің мұғалімі ҚР «Білім туралы» Заңын орындау мақсатында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін орындау жолында ізденіспен еңбек етеді. Яғни, әр оқушының тақырыптарды толыққанды меңгеруіне нақты көңіл бөлінеді. Математиканы оқытудың мақсаты - оқушыларды математикалық модель құруға, қойылған мәселенi шешу үшiн қажеттi алгоритмдi құруға немесе ыңғайлы математикалық әдiстердi таңдауға үйрету, өз бетiнше бiлiм алу қабiлеттерiн дамыту болып табылады.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!