Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ



Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық процестерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, құралдарын және процедураларын негізінен заңды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.

Құқықтық реттеудің объектілерін құрайтын мемлекеттік және қоғамдық өмірдің бірнеше аспектілерін атап өтуге болады:

1. мемлекет пен қоғам, азаматтар арасындағы қатынастар;

2. мемлекеттік органдар арасындағы билік бөлінісі және олардың

құқықтық мәртебесін анықтауға байланысты қалыптасатын қатынастар;

2.1.мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын,

рөлін, функциясын және мақсат-міндеттерін анықтау;

2.2.мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымын заңды түрде бекіту;

3.мемлекеттік-басқарушылық процеске қатысушы адамдар арасындағы

қатынастар, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты және өздерінің қандай да бір мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну барысында қалыптасатын қатынастар.

Жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік басқару басқарушылық қатынастарды орнатушылардың ерік қалауынан тәуелсіз болатын, міндеттілік сипаттағы құбылыс. Ондағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазым иелері белгілі бағытта, нақты қызмет түрін атқаруға міндетті, себебі оларға адамдардың тіршілік-әрекетінің мемлекеттік, қоғамдық және жеке мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан өкілеттіктер берілген. Мемлекеттік басқарудың мәні оның басқарушылық ықпалының басқарылатын объектілерде басқаруға қажеттілік туындаған жағдайда ғана қалыптасып, жүзеге асырылатындығында. Сондықтан мемлекеттік басқаруда тиісті органдардың қызмет ету аясы мен бағыты заңды түрде белгіленуі тиіс.



Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекеттік органның құқықтық мәртебесіне (статусына) басты мән беріледі. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі заңды мағынаға ие болатын үш элементтен тұрады. Оған біріншіден, мемлекет органдарының біртұтас жүйесіндегі жеке мемлекеттік органның алатын орнын және өзіндік мән-мағынасын, болмысын жатқызуға болады. Мемлекеттік органның қай билік түрін (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі) атқаратындығы, қай деңгейде (орталық, жергілікті) орналасатындығы және атқарушы биліктің мамандандырылған кіші жүйелерінің қайсысына жататындығы оның құқықтық мәртебесінің анықталуына негіз болады. Және аталмыш белгілер органдардың тік және көлденең өзара қарым-қатынас тәртібін, бағынушылық үлгісін айқындайды. Осыған байланысты мемлекеттік органның қарастырылып отырған құқықтық мәртебесінің осы элементі тиісті органның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын және мемлекеттік-құқықтық мән-мағынасын айқындауға және сипаттауға арналған. Мемлекеттік органның құзіреті, яғни жекелеген басқарылатын объектілерге қатысты атқаратын басқарушылық қызметтері мен өкілеттіктері жиынтығының заңды түрдегі көрінісі оның құқықтық мәртебесінің екінші элементін құрайды. Мұнда нақты мемлекеттік орган үшін басқарушылық қызметтердің жиынтығы, оның сәйкес өкілеттіктері, басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру нысандарын, әдістерін қамтитын өкілеттіктер құрамы, басқарылатын объектілер мен қаралатын мәселелердің тізімі болмаса олардың қызмет ету жағдайлары заңды түрде бекітіледі. Мемлекеттік органның құқықтық статусының үшінші элементіне оның ұйымдық құрылымының, қызмет ету нысандарының, әдістерінің және процедураларының заңды түрде бекітілуі жатады. Себебі, мемлекеттік органның өкілеттіктерін жүзеге асыру сол органның сәйкес ұйымдық құрылымын (штаттық кестесін), оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің құқықтық ұйымдастырылуын талап етеді. Әрбір мемлекеттік органның құзіреті бекітілген құқықтық нысандарда және процедураларда құқықтық әдістерді қолдану арқылы нәтижелі түрде тиісті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылуы қажет. Жалпы құқықтық реттеу объектісінің құрамдас бөліктеріне мемлекеттік басқарудың мақсаттары, функциялары, құрылымы, нысандары, әдістері, кезеңдері, процедуралары және қағидалары жатады.



Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде оның объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес тиісті әдістер қолданылады. Құқықтық реттеудің әдістері басқарушы жүйенің әлеуметтік-құқықтық салаға әсер етуінің заңды тәсілдері мен құралдарының жиынтығынан тұрады. Олар: 1) орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация әдісі), мұнда реттеу жоғарыдан төмен биліктік-императивтік негізде мемлекеттік билік органдары арқылы жүргізіледі; 2) орталықсыздандырылған, диспозитивті реттеу, мұнда құқықтық реттеу пікір алмасу, келісім жасау, бірлескен актілер қабылдау арқылы жүргізіледі.

Басқарушылық процестердегі (және қатынастардағы) іс-әрекетті анықтайтын құқықтық нормалардың мән-мағынасы басқарушылық қатынастарға қатысатын тұлғаларға құқықтық норманың ықпал етуінен тұратын құқықтық реттеу тәсілдеріне байланысты болып келеді. Құқықтық реттеу тәсілдері: позитивтік міндеттеу – тұлғаларға нақты оң іс-әрекеттер жасауды тікелей міндеттеу; тыйым салу – қандай да бір іс-әрекеттерді орындамауға міндеттеу; рұқсат ету – тұлғалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін атқаруына құқықтарын қамтамасыз ету. Аталмыш тәсілдердің барлығы да мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде қолданылады, бірақ олардың ішінде позитивтік міндеттеу тәсіліне негізгі басымдық беріледі. Себебі, мемлекеттік органға берілген құзіретке міндеттілік сипатқа тән және оның құзіретінде жазылғандардың барлығы да міндетті түрде атқарылуды қажет етеді. Мемлекеттік органдардың азаматтық құқық субъектілерінен айырмашылығы да осында, өйткені мемлекеттік басқару конституциялық және әкімшілік құқық нормаларымен реттеліп отырады.

Сонымен бірге құқықтық нормалардың мәніне сай құқықтық реттеу барысында қолданылатын заң нормалары ғылыми әдебиеттерде төмендегідей жіктеледі: адамдарға құқық беру және оларды міндеттеу арқылы тікелей қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, нұсқаулардан тұратын реттеуші нормалар; заң алдында жауапкершілік шараларын және санкцияны қолдану тәртібін белгілеуге бағытталған қорғаушы (сақтаушы) нормалар; реттеуші және қорғаушы нормаларды толықтыру қасиетіне ие болатын мамандандырылған нормалар, олар өз кезегінде мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нысандары мен анықтамалары келтірілетін анықтамалық-пайымдық, яғни дефинитивтік нормалар; қағидаттық (принципті білідіретін) нормалар; актілердің күшін білдіретін оперативтік (жеделдік) нормалар; нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін коллизиялық нормалар; нормалар (ережелер) мазмұны бойынша факультативтік, ұсыныстық, ситуациялық, баламалық болып бөлінеді.

Сонымен, мемлекеттік-басқарушылық ықпалдарды қалыптастыру және жүзеге асыруды қамтамасыз етумен байланысты болатын мемлекеттік-құқықтық институттар (элементтер), адамдардың сана-сезімі, тәртібі (мінез-құлқы) және қызметі мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің объектілерін құрайды. Осы объектілерге сай құқықтық реттеу әдістерінің ішінен мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін және олардың қызмет ету процестеріне нақтылық, мақсатты бағыттылық, бірізділік сипат беретін құралдар, тәсілдер, амалдар, нормалардың құрылымы қолданылады. Сондықтан көп жағдайлар осы құбылыстардың бәрі заңды түрде көрініс табатын және бекітілетін құқық нысандарына тәуелді.

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазымдардың құқықтық жағдайын айқындау мақсатында қолданылатын құқық нысандарының оларға қажетті құрылымдық ұйымшылдық, атқаратын қызметтеріне ұтымдылық, өзара іс-әрекеттеріне жүйелілік сипат беруде маңызы зор. Мемлекеттік басқару элементтеріне, басқарушылық процестердегі адамдардың жүріс-тұрыс ережелеріне (нормаларына) мәртебелік (статус) сипаттама беретін құқықтық нормалардың құқықтық күші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мемлекеттік басқарудың тұтастығын қамтамасыз етуге және оның ұйымдық құрылымының әр түрлі деңгейлері мен кіші жүйелерінің басқарушылық ықпалдарын үйлестіруге мүмкіндігі мол болады. Сонымен қатар құқықтық реттеу нысандары өздерінің сипаты, мазмұны жағынан үйлесімді болып, нәтижесінде мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу жүйесін құруы қажет. Сондықтан орындалуының нәтижесінде мемлекеттік-ұйымдастырушылық құбылыстар, процестер, қатынастар ретке келтірілетін құқықтық реттеу нысандарына бірқатар талаптар қойылады: а) құқық нормаларын дер кезінде қабылдау; б) құқықтық реттеу нысандары тұрақты болуытиіс; в) құқық нормаларының өзара байланыстылығы және кешенділігі.

Құқықтық реттеудің ең негізгі нысаны – мемлекеттің конституциясы және одан туындайтын әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, Президенттің шығаратын түрлі жарлықтары, өкімдері. Заң шеңберінде құқықтық нормативтік актілер жалпы мемлекеттік, ведомстволық, жергілікті, локальдық немес ішкі ұйымдық болып бөлінеді. Жалпы мемлекеттік нормативтік актілер жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарады. Оларды мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органдар бекітеді (президент, парламент, үкімет). Жекелеген ведомстволардың заң негізінде жасаған нормативтік актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді. Жергілікті нормативтік актілерді жергілікті жерлерде мемлекеттік биліктің аумақтық органдары мен басқармалары немесе өзін-өзі басқарудың жергілікті органдары шығарады. Олардың ықпалы мен әрекеті сол өлке, облыс, қала, аудан, кент, ауыл аумағында тұратын адамдарды түгел қамтиды. Локальдық немесе ішкі ұйымдық нормативтік актілерді жекелеген кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің ішкі істеріндегі мәселелерді шешу мақсатында шығарады. Бұл актілердің ықпалдары мен әсерлері тек осы ұжым мүшелері болып табылатын адамдарды ғана қамтиды.

Құқықтық реттеу нысандарына сәйкес құрылымы қалыптасады: 1.Конституция мен заң шығару негізінде бекітіліп, объективті түрде қалыптасқан;

2.Мемлекеттік басқару қатынастарының сипатына қарай:

2.1.заң шығару арқылы реттеу; 2.2.мемлекеттік басқарудың бірқатар элементтерін жергілікті басқару органдары арқылы нормативтік айқындау; 2.3. жалпы (орталық) атқарушы билік арқылы ішкі жүйелік нормативтік реттеу; 2.4. аумақтар шеңберіндегі халықтың еркін білідіретін өзін-өзі басқаруға негізделген реттеу; 2.5. құқықтық қорғау негізіндегі реттеу.

Қорыта айтқанда құқықтық реттеу процесі жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс, яғни құқықтық нормаларды қабылдау уақыты, мазмұны, заңдық күші және оларды жүзеге асыратын органдар арасында өзара тығыз байланыс болуы қажет.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!