Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Каспий жанындағы мемлекеттердің екіжақты және көпжақты кездесулері



Каспий теңізінің мұнай мен газға бай болуы геосаясатта да, әлемдік энергетикада да бұл өңірдің маңыздылығын анықтады. Мұнай құбырларының желілері өршіп бара жатқан геосаяси шайқастың басты нысанасының бірі. АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай мен ЕуроОдақ сияқты жаһани және аймақтық күштер өңірдегі текетіресті жалғастырып жатыр.

Каспий өңірінің геосаяси және экономикалық өміріндегі басты уақиғалар 2005 жылы көлемді әрі үлкен мақсаттар қоятын Баку-Тбилиси-Жейхан жобасының іске қосылуы және «Батыс Қазақстан-Қытай» бағытына негізгі болатын «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырының іс жүзінде асуы. Аталмыш екі уақиға Каспий өңірінде қалыптасқан күштер арасалмағын АҚШ мпен Қытай пайдасына өзгертіп, сол арқылы Ресейдің мәртебесін әлсіретеді.

Қазақстан БҰҰ-ның көрсетілген Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынады. Бұл аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша кепілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы мәселелер бойынша келіссөздер Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында өткізілуде. 2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды. 1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 мамырында оған Хаттама жасалды. 2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды. Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екі Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде және 2007 жылғы 16 қазанда) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда) болып өтті. Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері (БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау) жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп берді.





Каспий маңы мемлекеттерінің мұнай тасымалдау мәселесінде қазіргі таңда Ресей позициясы салыстырмалы түрде мықты. БТЖ құбыры іске қосылғанға кейін Ресей, БТЖ жүзеге асса шамамен 5 млрд. доллар (ресейдің есебі бойынша) шығын келеді және де әлем нарығына каспий энергоресурс тасымалдау монополиясынан айырылып, бұрыңғыдай каспий маңындағы мемлекеттерге ықпал жасау механизмін қолдана алмайды. Мүмкін Ресейдің транзиттік мемлекет маңыздылығы әлсірейді, бірақ ол қазақстанның мұнайын тасымалдау мәселесінде көптеген артықшылықтар сақтап отыр.

Каспий мәселесі қазіргі уақытқа дейін реттелмеген мәселелердің бірі болып қала беруде.

46) БҰҰ СВМДА туралы меморандумы. Мақсаты, принциптері, мазмұны және кезеңдері.

Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Мүше мемлекеттер: Афганистан, Азербайджан, Китай, Монголия, Египет, Индия, Иран, Израиль, Казахстан, Кыргызстан, Пакистан, Палестина, Республика Корея, Россия, Таджикистан, Таиланд, Турция, Узбекистан, Объединенные Арабские Эмираты и Иордания.

Бақылаушы мемлекетер: Въетнам, Индонезия, Малайзия, АҚШ, Қатар, Украина, Жапония

Халықаралық ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттерінің Лигасы


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!