Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғаты



Халықаралық ұйымның табиғатының негізінде – мүше-мемлекеттердің ортақ мақсаттары мен мүдделерінің болуы жатыр.

Халықаралық ұйымды құруда мемлекеттердің егеменді теңдігі қағидасы жетекші болып табылады және мына белгілермен анықталады: халықаралық ұйымның келісімшарттық негізі; мүшелілік еріктілігі; ұйым шешімі негізінен ұсынушы сипатта болады; мемлекет аралық сипатта болуы; ұйым ішінде және одан тыс мемлекеттердің егемендігін және тең құқылылығын сақтау; халықаралық ұйымның құқықтық табиғаты үшін маңызды болып табылады: оның мақсаты, қағидалары, құзырлылығы, құрылымы, келісімді келісімшарттық неізі болады.

Қазіргі уақытта «мемлекеттер халықаралық ұйымдарды құра отырып, оларға нақты құқықтар мен әрекет қабілеттіліктерді береді» деген жағдай әрекет етеді: құқықтар мен міндеттерге ие болу; халықаралық құқықтың нормаларын құруға және қолдануға қатысу; халықаралық – құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету. Осындай мақұлдау нәтижесінде халықаралық құқықтың жаңа субъектісін туындатады және осылармен бірге халықаралық ынтымақтастық сферасында құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушылық функцияларды жүзеге асырады.

Халықаралық ұйымдарға құқықтар мен міндеттер беру дегеніміз олар халықаралық құқықтың негізгі субъектілері – мемлекеттерге теңестіріледі дегенді білдірмейді. Олардың құқық субъектілігінің көлемі өте аз және мақсаты функционалды сипатта болады.



Өз функцияларын атқару үшін халықаралық ұйымдарға қажетті заңды құралдар, амал-тәсілдер болуы қажет. БҰҰ Жарғысының 104б. осы мақсатта былай қарастырылған: «БҰҰ өзінің әр мүшесінің территориясында өз функцияларын атқару үшін және мақсатына жету үшін қажет болатындай құқық субъектілікті пайдаланады». Дәл осыған ұқсас жағдайлар көптеген құрылтай құжаттарда да жазылған.

Халықаралық ұйымның келісімшарттық құқық субъектілігі болады, яғни өз құзырлығы шегінде әртүрлі келісімдер жасасуға құқылы.

Мемлекеттер мен халықаралық ұйым арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясының 6 бабында былай деп белгіленген: халықаралық ұйым келісмарт жасасуға құқық субъектілігі осы ұйымдардың ережелерімен реттеледі». Осы Конвенцияның 2б. 1 тармағы «ұйымдардың ережесі», атап айтқанда, олардың құрылтай құжаттары, соларға сәйкес қабылданған шешімдері мен резолюциялары, сонымен қатар ұйымдардың практикасынан қалыптасқан тәжірибесін білдіреді.

Халықаралық ұйымның дипломатиялық байланыстарға қатысуға қабілеттілігі болады. Оларда мемлекеттердің өкілдіктері аккредиттеледі, олардың өздерінің мемлекеттерде өкілдіктері болады (мысалы, БҰҰ ақпараттық орталықтары) және өзара айырбас жүргізеді.



Халықаралық ұйым мен олардың лауазымды тұлғалары артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады (1946ж. БҰҰ артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенция, 1947ж. БҰҰ арнайы мекемелерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенция; 1980ж. нақты ынтымақтастық облыстарында әрекет етуші мемлекет аралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі, артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенция және т.б.).

Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде халықаралық ұйым құқық бұзғаны үшін және өз қызметімен зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылады және жауапкершілік туралы талаптармен қатысуы мүмкін.


Халықаралық қатынастарда ислам факторы. Мұсылман мемлекеттерінің тобы және ОИК әлемдегі орны. ОИК және Қазақстан. Қазақстанның ОИК кіру туралы ұсыныстары

Исламдық фактор –ең алдымен, ол-1,3 млрд мусулманды біріктіретін ислам әлемі. Ислам дінін ұстаныушылар 40 тан астам мемлекетте орналасқан. Бірқатар елде олар маңызды және әсері зор азшылық болып табылады. Әлемдік саясаттығы исламдық фактор-ол әлемдік жүйенің исламдық полюсін қалыптастыру үрдісі.

Исламның ізбасарлары алып державалар мен халықаралық монополиялар қожалық ететін жаһандану әлемінде, дербес болып, тең жағдайда халықаралық қатынастарға қатысуға болмайтындығын бұрын түсінген. Сондықтан арабтар сонау 40 жылдары интеграциялық үрдістердің ұйымдық және құқықтық базасын құрған. Ең белгілі субаймақтық интеграциялық бірлестіктер қатарына Персид шығанағының араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі(ССАГНЗ), құрамына, Сауд Арабиясы, Кувейт, Бірлескен Араб Эмираттары, Бахрейн, Катар және Оман. Сонымен қатар 1983жылы Египет, Иордания, Ирак және Йемен Араб Республикасымен құрылған Араб ынтымақтастық кеңесі (САС).

70жж соңы мен 80жж басында әлем исламдық фактордың күшейіюне тап болды. Исламдық бум мусулмандық елдерде исламның саясаттануына және саясаттың исламизациялануына әкелді.

Басты себептердің бірі- ислам дін ретінде дәстүрлі түрде мусулмандардың өмірнің барлық аспектілері мен қызметін толық реттеуге ұмтылады. Ислам, жай түсініктегі дін емес. Ислам отбасылық, жеке бастық, күнделікті, мемлекеттік, идеологиялық, саяси және заңдық көзқарастар жиынтығы.

Қазіргі кезде болып жатқан исламның саясаттануы үрдісі, дәстүрлі, діни құндылықтардан бас тарту арқылы емес, оларға белсенді апелляциялану арқылы өтіп жатыр. Сәйкесінше, тарихи қалыптасып кеткен заңдылықтар мен байланыстар, яғни ислам мен саясаттың, ислам мен құқықтың, әлеуметтік пен рухани көзқарастар, ислам және мусулмандарың бүкіл өмір сүру дәстүрінің бөлінбестігі.

Ислам Конференциясы Ұйымы құрылған­нан бері өзінің қатарын үнемі арттырумен қатар, қызмет ауқымын кеңейтіп келеді. Ал­ғашқы жылдары ИКҰ-ға 25 мемлекет мүше болса, бүгінде Ұйым Азия, Еуропа, Африка және Оңтүстік Америка құрлықтарындағы 57 мемлекетті біріктіріп отыр. Сонымен қа­тар, ИКҰ-ның жиындарына бес мемлекет жә­не бес халықаралық ұйым байқаушы ретінде қатысады. Оның үстіне Ислам Кон­фе­рен­циясы Ұйымы әлемде БҰҰ-дан кейінгі екінші ірі халықаралық саяси ұйым болып та­былады. Қазіргі кезде жер шарындағы тұр­ғындардың төрттен бірі мұсылман. Мұ­сыл­ман елдеріндегі тұрғындардың жалпы саны 1,532 миллиард адамды құрайды екен. Бұл – жер шарындағы тұрғындардың 22,9 пайызы. Ал Қазақстан адам саны жағынан ИКҰ-ға қатысушы елдер арасында – 23, әлем елдері арасында 62-ші орында тұр.

Қазақстан Республикасы Ислам Конфе­рен­циясы Ұйымына 1995 жылдың жел­тоқ­са­нын­да Конкариде (Гвинея) өткен Ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы істер минис­тр­ле­рі­нің конферен­ция­сында толық құқықты мү­ше ретінде қабылданған еді. Мүше болып қа­был­данған кезден бастап еліміз Ұйымның көп­тарапты қызметіне белсене қатыса оты­рып, ИКҰ-ның рөлін арттыруға және оның өр­кениетті әлемдегі ерекшеліктерін нығай­ту­ға өзінің үлесін қосып келеді. Бүгінде Қазақ­стан, сондай-ақ Ұйым аясында әлеуметтік-эко­номикалық саясатты жүзеге асыру жолы­мен кедейшілікті азайту, білім сапасы дең­ге­йін арттыру, Ұйымға қатысушы елдерде де­мо­кратияны, адам құ­қығы мен азаматтық қо­ғам­ды дамыту мәселелеріне қолдау көрсетіп жүр.

Қазақстан 2011 жылдың екінші жар­­тысынан бастап Ислам Кон­фе­рен­ция­сы Ұйы­­­мына төрағалық ету жауапты жұ­мы­сына кірісті. Еліміздің осындай аса ірі ха­лықаралық ұйым төрағалығына сай­лануы Ұйымға қатысушы мемлекеттердің елі­мізге көрсетілген жоғары сенімі бо­лып та­бы­ла­ды.

Каспий теңізінің құқықтық статусы - аумақтық және халықаралық мәселе. Каспий теңізінің коммуникциялық ролі. Каспий маңындағы мемлекеттердің экономикалық және саяси мүдделері.

Каспий теңізінің заңдық статусы туралы мәселе 1991 жылы Совет Одағы құлап, теңіздің жағалауында бұрынғыдай екі ел ғана емес, бес ел пайда болған соң, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан елдері арасындағы байланыстарды ушықтырып келеді. Қандайда бір жаңа келісім болмағандықтан, барлық байланыс-ынтымақтастық жағдайлары 1921 және 1940 жылдары қол қойылған келісім негізінде жүріп келеді.

КСРО ыдыраған соң (1991), Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізі мәртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай, 2002 жылы 23 – 24 сәуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қалай да шешудің қажеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды. Қазақстан ұстанған бағытты Ресей де, Әзербайжан да қолдады.

Қандайда бір жаңа келісім болмағандықтан, барлық байланыс-ынтымақтастық жағдайлары 1921 және 1940 жылдары қол қойылған келісім негізінде жүріп келеді.

Каспий тематикасына қатысты салалық халықаралық шарттардың жобалардың келісуі үшін Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының кездесулері өткізіліп тұрады.

1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 мамырында оған Хаттама жасалды.

2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.

2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды. Ол 2007 жылғы 12 тамызда күшіне енген. Онда теңіз ортасына антропогендік әсер етуді реттеу, биологиялық қорларды қорғау сұрақтары мен тараптардың Каспийдің экожүйесін қорғау жөніндегі іс-шаралар саласындағы ортақ өзара әрекеттестігінің негізі ережелері қаланған.

Қазіргі уақытта аталған Негіздемелік конвенцияға төрт қосымша хаттамалар Тараптардың келісуінде.

Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының үш Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде, 2007 жылғы 16 қазанда және 2010 жылғы 18 қарашада) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда) болып өтті.

Тегеран қаласында Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері (БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау) жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп берді.

Баку қаласында Үшінші каспий саммитінің шеңберінде Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан Президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне және Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымактастық туралы келісімге кол қойылды.

Бірлескен мәлімдемеде «Каспий бестігінің» басшылары Екінші саммиттің Декларациясында баяндалған ұстанымдарды қолдайтындықтарын тағы да растап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция бойынша жұмысты тездетіп аяқтаудың қажеттігін атап өтті.

Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негіздік құжат бола тұрып, Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқыққа қарсы қызметпен күрестегі жағалау мемлекеттерінің өзара әрекеттестігінің құқықтық негізін қалап, ынтымақтастықтың басты салалары мен нысандарын бекітті.

Иран мен Түркменстанның позициялары ұқсас. Екі мемлекетте Каспий байлығын тең пайдаланған дұрыс деген пікірді ұстанып отыр. Түркменстан теңіз табанын 20 пайыздан теңдей бөлісіп алуды ұсынған болатын. Ресей мен Қазақстан Каспий табанын орта сызық бойынша бөлуге келісіп отыр. Соңғы уақытта бұған Әзірбайжан да келісім берген. Әзірбайжан республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов бұған дейін Каспий ресурстарын бөлісу туралы сөз қозғалмайтын, қазір теңіз табанын бөлу туралы келіссөздер өткізуге болады деп мәлімдеді.

40 БҰҰ Бас Ассамлеясының 47 сессиясы. Қазақстанның БҰҰ кіруі.

1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 20 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бутрос-Галиге арналған хатында Сыртқы Істер министрі Ақмарал Арыстанбекованы осы ұйыммен байланыстар мен ынтымақтастық орнатуға жіберіп отырғанын жазды. Сол жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы туралы Елбасымыз қол қойған өтініш Бас хатшыға табыс етілді. 1992 жылдың 23 қаңтарында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде Бас Ассамблеяға Қазақстанды бейбітшіл мемлекет ретінде БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды ұсынды.
1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше етіп қабылдады. сөйтіп, біздің еліміздің тәуелсіздігі халықаралық тұрғыдан танылды. Сол жылғы 15 сәуірде Президент Назарбаев өз Жарлығымен А.Арыстанбекованы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның жанындағы Тұрақты өкілі етіп тағайындады, өкілеттік кұрамы 6 адамнан тұратын еді.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргеннен соң басты екі мәселе көтерілді. Біріншіден, біздің еліміздің, ең алдымен, Арал мен Семейдің әлеуметтік экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге қолдау жасау мақсатымен БҰҰ-ның әртүрлі қорлары мен бағдарламаларымен ынтымақтастықты жөнге қою. Екіншіден, Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі органдарының, ең алдымен, Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу арқылы саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.
1992 жылы өткен БҰҰ-ның 46-47 сессияларында Қазақстан Президентінің сыртқы саяси бағдары жарияланды, олардың ішінде қарусыздану, саяси проблемалар, Таяу Шығыстағы жағдай, БҰҰ-ның бейбітшіл қызметі, халықаралық Экономикалық ынтымақтастық есірткі бизнесі және терроризммен күрес, адам құқығы мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бар.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін мойындайтынын, оның халықаралықаралық кұкыктық нормаларын қатаң сақтайтынын мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, әсірссе, Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүние жүзіндегі бірінші мемлекетке айналғанын және біздін еліміз-дің әлемде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі шешімін жоғары бағалады. 1994 жыддан бастап Бас Ассамблеяның қатарынан үш сессиясы ядролық қарусыздану жөніндегі барлық қарарларында Қазақстанның қосқан үлесін ерекше атап көрсетті. 1996 жылғы қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ның ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі келісіміне қол қойды.
Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі жұмысының ең манызды бағыты Қазақстан аумағындағы экологиялық апаттарға байланысты проблемалардың шешілуіне дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан көмек алдыру соның ішінде, ен алдымен, бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою болып табылады.

 

 


Азақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастық. Екі елдің қарым-қатыынастарының принциптері. Қатынастардың даму кезеңдері, негізгі сипаты, белгілері.

Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.
Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне – стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.
Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді:
1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз – 1992 ж. мамыр);
2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр – 1994 ж. соңы);
3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін).
Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды.

1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі роль ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.

 


42 Каспий теңіз аумағындағы жаңа геосаяси жағдай.Әлемнің геоэкономикалық, экологиялық және биошаруашылық мүдделерін тоғыстырып отырған Каспий өз алдына әлдебір қауымдастық түзілдіру мүмкіндігі бар дара сипатты геосаяси аймақ ретінде бой көрсете бастады. Бұған оны жағалай орналасқан шектес елдердің теңіз су алабын бірлесіп пайдалану жөніндегі көзқарастары да ықпал-әсерін тигізе бастағандай. Осының өзінен- ақ Каспий аймағы Орталық Еуразиядағы геосаяси жағдайдың маңызды буыны ретінде стратегиялық берік қимылға айналып отыр.

Каспий аймағы қазіргі кезде тұрақсыздыққа шырпы тастауға дайын тұрған алапқа айналғандықтан, кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, Каспий жағалауы – бұл нағыз Таяу Шығыстық геосаясаттың «қара үңгірінің» нақ өзі.

Бірқатар факторлар арқылы дәйектелген көмірсутекте шикізат қорының орасан молдығымен байланысты бұл тұжырым көптеген ұлы және аймақтық державалардың мүдделерінің қақтығысуына әкеп соғатын себептердің бірі болады деп есептейді.

Бұған қазіргі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің шешілмей тұрғандығы, шельфтегі кейбір кен орындарының Каспий жағалауындағы жекелеген мемлкеттердің қайсысына тиесілі екендігіне байланысты қайшылықтар, Каспий мұнайын қалай тасымалдауға қатысты басым бағыттар жөніндегі дау-дамайлар және басқа себептер қосылады.

Анығы: Каспийдің ұшан-теңіз байлығын оның төңірегіндегі елдер бір-бірінің мүддесін ескеріп сыйлайтын болса ғана ұқыпты пайдалануға болады.

Өкінішке орай, бұл үлкен аймақта қазіргі қалыптасып отырған жағдай мүлдем қауіпсіз деп айту мүмкін болмай отыр. Жағдайды оңға қарай бастыру үшін бірлескен шешімдер әзірлеп, әлі де көп-көп күш-жігер жұмсауға тура келеді.

Саяси-географиялық аймақтандыру өз кезегінде таяудағы тарихта орын алған аса маңызды тарихи оқиғалармен ұштасқан аймақтық геосаяси парадигмасымен тікелей байланысты.

Бұдан КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Каспийдің геосаяси маңызы артқан үстіне артып келе жатқанын байқау қиын емес.

2001 жылы 11 қыркүйектен кейін халықаралық антитеррористік науқан басталысымен Каспийдің маңызы батыс елдері үшін күрт арта түсті.

Соңғы кезде бұл өте анық, байқалады.

Бiрiншiден, АҚШ-тағы лаңкecтіккe байланысты әлемдегi жалпы геосая­си жағдай өзгердi, мұның өзi Батыста олар­дың Таяу Шығыс аймағындағы энергетикалық тәуелдiлiктi азайту тенденциясын күшейте түсті.

Екiншiден, тұтастай алғанда дуниежүзiлiк энергетика нарығындағы жағдай орнықты болмай отыр. Әлемдiк нарыққа мұнай шыға­ратын негiзгi өндiрушiлер арасындағы басеке ширығып барады.

Үшiншiден, Каспийдiң негiзгi энергетика­лық қорын пайдалану кезеңi жақындап келедi. Каспий шельфiн барлау жұмыстары соңғы кезеңiне аяқ басты. Мұндағы ресурстар кар­тасы неғұрлым айқындалып келедi, ынта туғызып отырған мұнайлы аудандардың қарасы анықталып та қалды.

Осыдан келiп, мұның бәpi Каспий аймағы төңiрегiндегi геосаяси күpecтi күшейтiп отыр.

Атап өту керек, бұл үрдіске объективтi қалыптасқан жағдайлардың салдарынан көптеген мемлкеттер өзінен-өзі қатысуға мәжбүр болады екен. Каспий төңірегінде бірнеше «күштің орталықтары» - АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ, Түркия, Иран, Парсы шығанағы елдерінің аса маңызды өмірлік мүдделері айрықша өткір қақтығысқа түскен.

Күмән жоқ, мұның дәлелiне - батыс дип­ломатиясының Закавказье аймағында белсендiлiк танытуы, антилаңкестік күрес­те күш бiрiктiрудi кеңейтуi, Каспийде 2002 жылдың тамыз айында соңғы он жылдағы ең ipi Ресей-Қазақстан әскери-теңiз жаттығула­рының өтyi, АҚШ-тың Каспий бойындағы ipi мемлекет - Иранды "зұлымдық белдеуi" деп аталатын шеңберге енгiзуi жатады.

Азұлтшылдардың құқықтары. БҰҰ қаржылау мәселесі. АӨCШК шақыру туралы Қазақстанның инициативасы.

Азұлтшылдар – қандай болса да мемлекет территориясында өмір сүретін, оның азаматы болып есептелетін, алайда тұрғылықты ұлтына жатпайтын этникалық топтың өкілдері. 1995 ж ақпанда Еуропа Кеңесі азұлтшылдарды қорғау туралы Шеңберлі конвенцияны; 1994 ж ТМД елдері азұлтшылдарға жататын тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы Конвенцияны қабылдады. ЕК Шеңберлі конвенцияға сәйкес азұлт-дың құқық-ы: азұлт-р заң алдында тең; қандай да кемсітушілікке жол бермеу; азұлт-рдың эконом, саяси, мәдени ж-е әлеу-к сала-да қолдау көрсету; бейбіт жиналыстар өткізу, өз пікірін білдіру ж-е ой, дін ж-е ар-ождан еркіндігі құқығы; әр елдің өздерінің құқықтары бар, оларды мойындау ж-е сыйлау; тұратын мемлекет-ң дамуына кедергі келтірмеу ж-е т.б. Қазақ-да Халық Ассамблеясы құрылды, адам құқықтары жөнінде х/а бюроның бөлімшесі ашылды. Әр елде жағдай әр түрлі, м-ы Қытайда қазақ мектептері жабылды; АҚШта индейлердің қудаланды. БҰҰ қызметі осы салада қызметі белсенді. БҰҰ азұлт-ға жататын тұлғалардың құқық-ы туралы Декларацияны қабылдады. Ұйымның қаржы шығындарын көтеру үшін, мемлекеттер ЖІӨ, тұрмысына, сауда табысына қарап қаражат бөліп отырды. Қазақстан 1992 ж БҰҰға кіріп, ЖІӨ 1% төлеп отыруға келісімін берді, алайда кейінгі жылдары көтере алмай, қазіргі кезде шамамен 0,7 % құрайды. Қаржыны ең көп құятын – АҚШ, кейін Жапония, Герм-я, Фр-я, Қытай, Ресей, ең төменгі – Үндістан, Индонезия, Бразилия, және қаржыны төлеп отырмайтындар бар, м-ы, Африка мемлекеттері. Қаржы, 1) БҰҰ қызметкер-нің еңбекақысына, 2) бейбіттесу мәселелеріне, 3) ЮНЕСКО, 4) төтенше жағдайларға, 5) аштық сияқты мәселелерді реттеуге жұмсалады. БҰҰ мен Қазақстан арасында қарым-қатынас орнағаннан бастап жақсы дамып келе жатыр, сондықтан да, БҰҰ Қазаұстанның АӨСШК құру инициативасын қолдаған болатын. АӨСШК 1992 жылы қазанда Қазақстанның инициативасымен құрылған болатын. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында сөз сөйлеген кезде, Н.Ә.Назарбаев әлемдік қауымдастыққа тұрақсыз және тыныш емес азия контиенентінде қауіпсіздік идеяларын қамтамасыз ететін арнайы бір құрылымды құруды ұсынған болатын. Шын мәнісінде ол, құрлықтық коллективті қауіпсіздік механизмін құруды ұсынған. АӨСШК құру идеясын азиаттық құрлықтың негізгі мемлекеттері, авторитетті халықаралық құрылымдар, БҰҰ, Араб елдерінің Лигасы, ЕҚЫҰ сияқты ұйымдар қолдаған болатын. АӨСШК форум негізінде жұмыс істеп, азиаттық қауіпсіздік мәселелеріндегі консенсус арқылы шешімге келетін мемлекет басшыларының диалогы рөлін атқаруы тиіс болатын. АӨСШК құру туралы ұсынысын Азияда сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде атап айтуға болды. АӨСШК қазіргі кезеңге дейін өзінің негізгі мақсатын, және болашақта қай бағытта дамитынын таба алмай жүр. Яғни, Кеңестің құрылымдық әлсіздіге АӨСШК негізгі мақсаты экономикаға немесе қауіпсіздікке байланысын әлі шешкен жоқ. Кеңестің негізгі қозғаушы күші Қазақстан Республикасының 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-да, 2011 жылы ИҰК-да төраға болуы, АӨСШК жұмысының белсенділігінің жоғалуына алып келуі мүмкін деген пікір бар. Сонымен қатар, аймақтағы Қазақстанның рөлі де көп талқылануда. Себебі, Қазақстанның осы ұйымдар арқылы қауіпсіздік саласында толығымен жағдайды оң жаққа өзгертуге мүмкіндік туып отырҚазақстанның сыртқы саясаты саласындағы көп жылғы жанқиярлық еңбек өз жемісін берді. Бірнеше жылдың ішінде Қазақстан АӨСШК-ның басты мақсаттарының бірі - пікір алшақтығын барынша азайта отырып, ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашатын ортақ әрі әділ шешімдерге келу екенін дәлелдеуге қол жеткізді. Салыстырмалы түрде алғанда қысқа мерзім ішінде Азия мемлекеттері АӨСШК шеңберінде құрлықтағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік тетіктерін жасауға байланысты өз ұстанымдарын келісуде бір табан алға жылжыды.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!