Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дипломатиялық қызмет органдарының мақсаты. Дипломатиялық қызметінің негізі. Негізгі функциялары



Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi - Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Республиканың сыртқы саяси қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардағы азаматтардың кәсiби қызметi. Дипломатиялық қызмет жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заң және нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды. Дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерi, Дипломатиялық корпусқа Қызмет көрсету жөнiндегi департамент, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған бағынышты ұйымдар, Дипломатиялық академия және Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарамағындағы басқа да оқу орындары құрайды.

Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:

1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi ұсыныстар жасау;

2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы мен Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар әзiрлеу;



3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

4) дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының шетелдегi азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

6) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру;

7) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарында Қазақстан Республикасының бiрыңғай сыртқы саяси бағытын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында басқа орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;

8) дүние жүзiндегi саяси және экономикалық жағдайларды, шет

 

мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатын, халықаралық ұйымдардың

қызметiн зерттеу;

9) мемлекеттiк органдарды сыртқы және iшкi саясатты жүзеге



асыруға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;

10) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес

басқа да мiндеттердi жүзеге асыру.

 


Еуроазиялық Одақты құру туралы келісім. Негізгі тараулары. ЕАО құру принциптері және мезанизмдері. Оның қатысушылары. Бірігудің жолдары.

Еуроазиялық Одақ — ортақ саяси, экономикалы, әскери, кеден, гуманитарлық, мәдени кеңістігі бар конфедеративті одақ мемлекеттерінің Қазақстан, Ресей, Беларусияның жобасы. Еуроазиялық одақ Еуропалық Одақтың аналогы ретінде құрылады. Бұл Одақ өзін өзі қамтамасыз ете алтын нарық және Еуропа мен Азия Тынық Мұхит аймағын байланыстыратын замануи әлемнің геопоитикалық «полюстарының» бірі ретінде мықты ұлтасты бірлестік моделімен құрылады. ХХ ғ соңында КРСО құлағаннан кейін посткеңестік елдер жаңа интеграцияға мұқтаж болды. ХХІ ғ Еуразиялық идея өзекті бола түсті, оның жақтаушылары: ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев, Ресей пр министрі В.В. Путин, қырғыз жазушысы Ш. Айтматов және т.б. болды. АЛғаш рет ЕАО құру туралы XX ғ 20—30 жж жазылып жүрді.Олар КО/ын ЕАО айналдыруды дәріптеп жүрді. КСРО құлағаннан кейін конфедерациялық одақтың бір жобасы ТМД болды. 1994 ж Н.Н. Әбішовичтің жобасы бойынша ЕАО/қа КСРО бес мемлекетттері: Қазақстан, Ресей, Белорусия, Қырғызстан, Тәжікстан кіретін болды. Кейіннен одаққа: Армения, Узбекистан, Абхазия, ОҢТ Осетия, Приднестровье, Нагорно-Карабахская Республикасы кіре алатын болды. ТМД салалық интеграциялық құрылымдарын құру үрдісі жүріп жатты, ал ЕАО тек қағаз жүзінде қала берді, тек 2010 ж желтоқсанында ЕврАзЭС саммитінде ЕАО жобасына тағы бір мүмкіндік берді. 2010 ж Кедендік Одақ құрылғаннан кейін ЕврАзЭС саммитінде Бірегей Экономикалық Кеңістік негізінде Белорусия, Рсей, Қазақстан арасында ЕАО құру туралы келісімдер жасалды. 2011 ж 19 октябрьде ЕАО/ға Қырғызстанды кіргізу туралы шешім қабылдады. 2012 ж КО мемлекеттерінің территорясында БЭК ірекет ете бастады. 2011 ж 18 қарашада Мәскеуде Ресей, Қазақстан, Белорусия басшылары Еуроазиялық интеграция туралы декларацияға қол қойғаннан кейін одақтың 170 жуық қызметін бақылайтын Еуроазиялық экономикалық комиссия құрылды. Сонымен қатар, консультативті органдар мен шешімдер мен мониторингер жүргізетін департамент құру туралы келісті. Жоба бойынша бірнеше «ұлтасты органдар құрылатын болды»: ЕАО үгімет және мемлекет басшыларының кеңесі (жоғарғы орган), ЕАО парламеті(ЕАО жоғарғы консультативті кеңесші органы), СІМ кеңесі, мемлекетаралық атқарушы комитет, ақпараттық бюро, блім, мәдениет, ғылым мәселелері жөніндегі кеңесі. Қазіргі таңда ЕАО/ң ортақ валютасы анықталған жоқ. Алғаш рет 2004 ж Лукашенко Одақтас мемлекеттердің ортақ валютасын енгізуге ұсыныс жасады. Екінші рет бұндас ұсынысты Игорь Шувалов 2010 наурызда Кедендік одақ құрылтайшыларына Беларусь, Казахстан, Россияға ұсынды. Ортақ валюта ретінде «евраз», «евразийский рубль» ұсынылды. «Еуразды» Н. А. Назарбаев ұсынған болатын. Ортақ валюта 2022 ж енгізіледі деп болжамдалуда.

 

 


Сыртқы істер министрлігінің құрылуы, оның ролі. СІМ құрылымы. Дипломатиялық қызметінің кадрлері. Дипломатиялық қызметке тағайындау.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан республикасының үкіметінің құрамындағы орталық атқарушы орган болып табылады және сыртқы саясатты жүзеге асырады және де КР дипломатиялық қызметінің органдар жүйесінің басқаушысы. Министрлікті Президент тағайындайтын Министр басқарады, және тек президент оны орнынан алып тастай алады. «Қазақстан республикасының сыртқы істер министрлігі туралы ереже» ҚР Үкіметінің қалулысымен 2004 ж 28 қарашада қабыланды, бұл Ереже Министрлікті құрған құжат болып табылады. Осы жылы 2004 ж 28 қарашада ҚР СІМ/ңм ТМД жөніндегі комитетін құру туралы шешім қабылданды( 2000 ж 21 наурызда ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданған ҚР СІМ/ңм ТМД жөніндегі комитеті туралы ереже бойынша).

Дипломатиялық қызмет кадрларының құрамы: 1) Төтенше және Өкiлеттi Елшi, Қазақстан Республикасыны халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкiлi; 2) бас консул; 3) Кеңесшi-уәкiл (Тұрақты өкiлдiң орынбасары); 4) кеңесшi; 5) консул; 6) бiрiншi хатшы; 7) вице-консул; 8) екiншi хатшы; 9) үшiншi хатшы; 10) атташе; 11) референт.Дипломатиялық қызмет кадрларын мыналар құрайды: 1) штаттағы дипломатиялық лауазымдарды, тұрақты негiзде атқаратын қызметкерлер; 2) штаттағы әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды тұрақты негiзде атқаратын қызметкерлер; 3) штаттағы дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды келiсiм-шарт негiзiнде атқаратын қызметкерлер.

Дипломатиялық лауазымдарға тағайындау Дипломатиялық қызмет туралы заңының 9-бабы бойынша жүзеге асады. Заң бойынша, Дипломатиялық лауазымға Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмi бар, шет тiлiн бiлетiн және жұмысқа қажеттi арнаулы бiлiмi бар азаматтары тағайындалады.

Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

Қазақстан Республикасының елшiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкiлдерiн Сыртқы iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары, Дипломатиялық академияның ректоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкеслауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Дипломатиялық қызметтiң басқа да лауазымдарына Сыртқы iстер министрi тағайындайды. Қазақстан Республикасында шетелде жұмыс iстегеннен кейiн қайтып оралған дипломатиялық қызметтiң қызметкерi, егер ол осы Заңның 21-бабында көзделгендей жазаға тартылмаған жағдайда, өзiнiң шетелде атқарған лауазымына тең лауазымға тағайындалады.


НАТО-ның құрылымы. Қазақстан мен НАТО арасында қатынастардың орнатылуы. СААС-тің құрылуы. Қазақстанның ССАС-қа қосылуы. «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.

1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.

Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т.б. енеді.

Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003 – 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж.Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д.Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д.Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы.

2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.

Дипломатиялық қызметтің қарарларын даярлау. Жоғарғы оқу орындарында халшықаралық қатынастар факультеттерінің ашылуы. Дипломатиялық Академияның ашылуы.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi - Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Республиканың сыртқы саяси қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардағы азаматтардың кәсiби қызметi.

Дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерi, Дипломатиялық корпусқа Қызмет көрсету жөнiндегi департамент, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған бағынышты ұйымдар, Дипломатиялық академия және Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарамағындағы басқа да оқу орындары құрайды.

Қарар– 1) конституциялық құқықта – парламент палаталарының бірі қабылдайтын құжаттардың атауы. Қ. заң жобаларынан гөрі басқаша тәртіппен талқыланады және мемлекет басшысының қол қоюына берілмейді; 2) алқалы орган мәжілісінде немесе қоғамдық бірлестіктер мүшел

Халықаралық қатынастар факультеті - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1995 ж. құрылған ең жас факультеті. Факультет келесі 4 мамандық бойынша бакалаврлар, магистрлер мен Ph.D докторларын дайындау орталығы болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң негiзгi міндеті әлемдiк деңгейдiң қазiргi ЖОО сияқты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың лидерлiк позицияларын күшейтуге және ары қарай дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Университеттiң халықаралық қызметiнiң басты бағыттарының бiрi ғылыми жоба және бiлiм беретiн шетел университеттерiмен жүзеге асырылатын академиялық халықаралық әрiптестiк болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгiнде 400-ден астам әлемнің ең iрi университеттерімен UNESCO, CRDF, NATO, InWEnt, МАГАТЭ т.б. бiлiм беру халықаралық ұйымдарымен келісімдер жасалған. Ең көп келесім-шарт жасалған елдер: Корея -29; Ресей – 31; Жапония – 11; Түркия-9; АҚШ – 8; Қытай – 8; Франция-7; Германия-5; Египет – 5; Ұлыбритания – 4, Испания – 5.

1996 ж ҚР Жоғарғы дипломаттар мектебі құрылды. 1997 ж Дипломатия академиясы болып өзгертілді. Дипломатия академиясы – бұл ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық қатынастар саласында мамандар даярлайтын таңдаулы, білім беретін құрылымдық бөлімшесі. Академия ҚР СІМ танымал дипломатиялық персоналын даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

Атақты профессорлар, қазақстандық және шетелдік елшілер дипломатиялық өнердің әліппесін оқытып, қыр-сырын үйретеді. Қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, осы оқу орнында білім алғысы келетін кез келген үміткерге Дипломатия институтының есігі ашық. Сыртқы саясат және дипломатия, шет тілдері мен мемлекеттік тіл кафедралары ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес оқу процесін толыққанды қамтамасыз етеді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатия академияның негізінде құрылды. Институт тыңдаушыларының негізгі контингенті – ҚР СІМ жүйесінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлері.

 


Р мен НАТО арасындағы қауіпсіздік мәселе бойынша келісім, НАТО-ның кеңеюі және ҚР позициясы. Ынтымақтастықтың перспективалары.

Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.

1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды. Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т.б. енеді.

2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж.Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д.Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д.Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы.

2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.

2006 жылы ӘІЖЖ жүзеге асыру аясында Қазақстан мен НАТО сарапшыларының жүмыс кездесулері болып өтті.

Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын.

2008 жылғы 12-13 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының делегациясы Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың басшылығымен Валенсия қаласында (Испания) өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясы сессиясының жалпы отырысына қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның ғаламдық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне және НАТО-мен қарым-қатынасына көзқарасы туралы мәлімдеме жасады.

2008 жылғы 7-11 сәуір кезеңінде Астана және Алматы қалаларында екінші «НАТО мен Қазақстан әріптестігі аптасы» өтті. Оның шеңберінде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының негізінде НАТО-ның депозитардық кітапханасын ашылуы болды.


Азақстанның ЭЫҰ мүшелігіне кіруі. 1993 мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесі және Қазақстанның Орталық Азия үшін БҰҰ Комиссиясын құру туралы ұсынысы.

1992 ж. қарашада Қазақстан Республикасы қазіргі кезде құрушы-мемлекеттерді(Иран, Пакистан и Турция) қоса, 10 мемлекеттің басын біріктірген Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына(ЭЫҰ) кірді.

Ұйым қызметінің негізгі экономикалық параметрлері ЭЫҰның саясаты мен стратегиясының жүзеге асырылуының объективті шарттары қаралатын екі жылына бір рет өткізілетін ЭЫҰның мемлекет басшылар саммиттерінде белгіленеді. 1992 ж-дан бастап жоғары деңгейде тоғыз кездесу өткізілді: 1992 ж. в Тегеранда; 1993 ж. Стамбулда; 1995 ж. в Исламабадта; 1998 ж. Алматыда; 2006 г. Бакуде. және т.б.

Бұл форумдардың шеңберінде ЭЫҰның негіз болатын бағдарламаларына айналған Жаңартылған Измир келісімі және Стамбұл декларациясы қабылданды.

Қазіргі кезде Ұйымның қызметі Кветтинск жоспарымен (1993 ж.), Алматы аймақтың транспорт секторының негізгі даму жоспарымен (1993ж.), Стамбұл (1993 ж.), Исламабад (1995 ж.) және Ашхабад (1996 ж.) декларацияларымен және т.б. жаңартылған келісімдермен және декларациялармен реттеледі. 2005 ж. Астанада ЭЫҰның Министрер Кеңесімен «2015 ж-ға дейін ЭЫҰның болашағы» атты құжаты қабылданды.

Қазақстан Ұйымда мүше болғаннан бастап, бүкіл бағыттарда өзара көмектесе әрекет жасау бойынша ынтымақтастасу үрдісініің белсенді қатынасушы ретінде өзін танытты. ҚР өкілдері әртүрлі деңгейдегі ЭЫҰ-ның іс-шараларына тұрақты қатысады.

ЭЫҰмен ынтымақтастығында ҚРның приоритеттері транспорт және коммуникация, сауда-экономикалық қатынастар, энергетика және қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Қазақстан ЭЫҰна оның мүше-мемлекеттерімен әлеуметтік-экономикалық және техникалық ынтымақтастықтың дамуы бойынша ықпалды инструмент ретінде қарайды. Ұйым көпжақты экономикалық ынтымақтастық, тиімді коммцникациялық байланыс үшін сенімді негіз болып саналады және кең байтақ аймақтың экономикалық тұрақтылығына жәрдемдеседі .

Бүгінгі күні негіз қалаушы мемлекеттермен(Иран, Пакистан, Турция) қатар ЭЫҰнда жетекші рөлдердің біріне ие болып, Қазақстан аймақта өзінің ұстанымын нығайтуды жалғастырады.

1992 жылдың 28 қазанында Елбасы Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесін (АӨСШК) шақыру идеясын жариялады. Бұл ұйым Азия құрлығындағы мемлекеттердің өзара байланысы мен ынтымақтастығын нығайтуды мақсат етіп қойып, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды міндеттенеді. Мүшелігінде 20 мемлекет, 9 бақылаушы елдер мен 4 бақылаушы халықаралық ұйымдармен байланыс жасайтын кеңестің бірінші саммиті 2002 жылдың 4 маусымында Алматы қаласында өткен болатын. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.


29. Бірыңғай Экономикалық кеңістікті құруы туралы келісім. Үш мемлекеттердің Баж Одағының құрылуы туралы келісім және Бағдарламасы.
2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.
Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).
Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.
Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.
Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия министрі В.С.Школьник басқарады.
Бірінші кезектегі келісімдер пакеті бойынша (38 келісімдер пакеті), үш мемлекет форматы (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы) бойынша қол қоюға 24 келісім дайындалды, оның ішінде Украинамен бірге төрт мемлекет форматы бойынша – 8 келісім дайындалды.
Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы – бүкіл ТМД-дағы интег­рацияның тұңғыш ерікті және тең құқылы формасы.
2011 жылдың бірінші жартысының өзінде үш елдің жалпы тауар айналымы үштен бірге көбейді. Жылдың қорытын­дысы бойынша бұл көрсеткіш 100 млрд доллар деңгейіне жетеді, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 13%-ға көп болады деп болжанып отыр. Оның ішінде Қа­зақстан мен Ресей арасындағы шекар­а­лық сауда айналымы көлемі мейлінше қар­қынды өсіп келеді – 40%-дан ар­тық.

1998 жылы мен «Қарапайым адам­дарға арналған 10 қарапайым қадам» деген бағдарламаны Н.Нахарбаев ұсынды. Оның көптеген шарттары қазірдің өзінде екі­жақ­ты және көпжақты форматта іске асы­ры­лып жатыр. үш елдің бірлескен шекаралары ел азаматтарының кедергісіз қозғалысы үшін ашық бола бастады.
Кедендік одақтың одан әрі Бірыңғай экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте келе, Еуразиялық экономикалық одаққа трансформациялануы біздің халықтары­мыздың өркендеуіне қуатты алғышарт болып, жаһандық әлемде елімізді жетекші орынға алып шығатынына мен кәміл сенімдімін.

 


Азақстанның ЭЫҰ мүше мемлекеттерімен ынтымақтастығы. Негізгі бағыттары. Сауда қатынастары. Мәдени қатынастары. Ынтымақтастықтың перспективалары.

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы 1985 жылы құрылған Үкіметаралық аймақтық ұйым болып есептеледі. ЭЫҰ үш құрылтайшысы мемлекеттің Иран, Пәкістан және Түркияның Измир шартының келісімі бойынша қол қойылған устав аясында әрекет жасады.

Қазақстанның ЭЫҰ-на ресми түрде қабылдануы 1992 жылы 28 қарашада Исламабад қаласында Ұйымның сыртқы істер Министрлері төтенше Кеңесінің отырысында толық мүшесі болып сайланды. .

Бүгінгі күні ЭЫҰ мемлекеттерінің 7 млн. шаршы километр жерді алып жатқан халқының саны 380 млн. адамнан асып жығылатын, ЭЫҰ экономикалық күш-қуатының мол екендігіне көзімізді жеткізеді.

ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық, ұйым мемлекеттерінің әріптестік және өзара түсіністік сонымен бірге, тәуелсіздігі тепе-теңдік принципінде негізделген. ЭЫҰ негізгі міндеті аймақтың экономикалық дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, ішкі аймақтық қатынасты өзара ынтымақтасты түрде қарқынын күшейте отыру арқылы әлеуметтік-мәдени ғылыми-техникалық салаларды дамыту соның ішінде аймақтағы елді әлемдік жүйе бойынша интеграциялау болып табылады.

ЭЫҰ аймағы сауда-экономикалық және мәдени – ғылыми саласында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндігі мол. Ұйымның халықаралық беделі ұлғаюда. Осымен бірге ЭЫҰ әлі де болса, өз мүмкіндіктерін игеру мақсатында біраз қиыншылықтарға да тап болып жатады.

Өткен жылдары ұйымға - мүше мемлекеттер аймақтық қатынасты дамыту үшін біраз жұмыстар атқарды. Жалпы мәдени және тарихи ұқсастықтан басқа мүше – мемлекеттер елеулі инфракструктураларды падаланысқа жіберіп және іскерлік байланысты орната білді. ЭЫҰ бірнеше жобаны бастамшылықтың ынтымақтастық энергетика, сауда, транспорт, ауыл шаруашылығы және есірткімен күрес саласына қойып отыр.

Қазіргі уақытта, ЭЫҰ Бас Хатшысы болып 2006 жылы мамырда Баку қаласында СІМ 16-шы Кеңесінде Пәкістандық Өкіл Хуршед Анвар тағайындалды.

Ынтымақтастықтың ұстанымы

1. Мүше-мемлекеттердің өзара сыйласымы және тепе-теңдігі;

2. Қазіргі және болашақтағы мақсат үшін Ұлттық экономикалық жоспарларды байланыстыру мен түйістіру.

3. ЭЫҰ аймағындағы шикізат және өнеркәсіп тауарларының ішкі саудасына толықтай еркіндік алу үшін мүше-мемлекеттер күштерін біріктіру керек;

4. ЭЫҰ мекемесін тиімді пайдалану, келісім және көпжақты қаржы мекемелерін қосып басқа аймақтық халықаралық ұйымдармен өзара бірігіп іс-шара өткізу;

5. Аймақтық және жаһандық іс-шараға қатысуда жалпы бірігіп дайындауда келісу;

6. Экономикалық стратегиядағы ынтымақтастықты іске асыруда және ғылыми, білім, техникалық мәдени ақпаратт алмасу;

2007 жылы ЭЫҰ аймағында тауар айналым 511.5 миллиард АҚШ долларға шықты, ал 2008 жылы 585.84 миллиард АҚШ долларына шықты. ЭЫҰ-на мүше – мемлекеттердің ішкі аймақтық тауар айналымы 2008 жылы 33 миллиард АҚШ долларына жетті, әлемдік тауар айналымның 6% құрайды. 2008 жылы шетелден келіп түскен инвестицияның жалпы көлемі 62.7 миллиард АҚШ доллары.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!