Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ЕҚЫҰ және Қазақстанның бірлескен қызметтінің бағдарламасы. Вена құжаттары: ВД-92, ВД-94



Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Хельсинкиде (1992 ж.), Будапештте (1994 ж.), Лиссабонда (1996 ж.) және Стамбұлда (1999 ж.) өткен саммиттерінің жұмысына қатысты. Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында:

«Адам саудасына қарсы күрес – өңірлік жауап» атты өңірлік Орталықазиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр);

Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр – 2 маусым);

ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік» атты Кеңесі – Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым);

ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жылсайынғы сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым – 3 шілде).

2010 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалығы аяқталды.

Төрағалық еткен жыл мағыналы іс-шараларға толы болды. Оның бастысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуі болды.

ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары қабылдаған мерейтойлық Астана декларациясы Ұйымдағы сапалы жаңа деңгейдегі қатынастардың бастамасына жол ашты. Саммит алдында үш кезеңмен Варшава, Вена және Астанада қауіпсіздіктің үш өлшеміндегі міндеттемелерді орындау туралы шолу Конференциясы өткізілді.



Шиеленістерді реттеуді ары қарай дамыту аясында Приднестровье проблемасы бойынша «5+2» форматымен бес раундтық бейресми кездесулер (оның ішінде біреуі Астанада), Женева дискуссияларының алты жиналысы (2008 жылдың тамызындағы жанжалға байланысты), Таулы Қарабақ аймағындағы жанжалды реттеуге бағытталған бірнеше іс-шаралар мен іс-сапарлар болып өтті. Осы бағыттағы жұмысты Іс басындағы төрағаның арнайы өкілі Елші Болат Нұрғалиев үйлестіріп отырды.

Қазақстанның төрағалығы көршілес Қырғызстандағы жағдайды ретке келтіруде маңызды рөл атқарды. Шамамен 20,3 миллион АҚШ долларымен бағаланатын екіжақты негіздегі көмекке қоса, Қазақстан ЕҚЫҰ тарапын Ұйымның бүкіл дипломатиялық потенциалын жұмылдырды. Бұл бағытта ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының арнайы өкілі Ж. Кәрібжановтың еңбегі зор болды.

ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы Арал мәселесіне белсенді көңіл бөлуі БҰҰ мен Еуроодақпен 2010 жылдың желтоқсанында Алматыда бірігіп өткізген донорлық конференцияның сәтті өтуіне себебші болды.

СБСЕ-ге мүше-мемлекеттер Еуропадағы қарусыздану және сенім мен қауіпсіздікті нығайту бойынша кездесу өткізді. Кездесу 1989 ж наурыз – 1992ж наурыз аралығында өтті. Нәтижесінде Вена құжаты қабылданды.



1994 жылғы Вена құжаты 1989-1994жж Венада өткен СБСЕ мүше-мемлекеттерінің бас қосуынан кейін қабылданды. Ол бойынша да 1992 жылғы құжатта қабылданған мәселелер туралы келісілді. Сонымен қатар әскери, қарусыздыну, қарулану, қауіпсіздік және сенім мәселелері терңдетілді.

 

Еуроазиялық идея - ХХ ғ. 20 жж. философиялық және идееялық-саяси ағым. Идеяның дамуы. Континенталдық интеграция мүмкіншілігі. Постсоветтік кеңістіктің интеграциясының ерекшелігі. Казақстан - еуроазиялық ел.

Еуразиялық идея орыс интеллектуалдар ортасында 1920-21 ж.ж. қалыптасты. Оның құрушылыры Н. Бердяев сияқты орыс коммунизміне шыдамсыз болмаса да, большевиктердің революциялық практикасын қолдамады. Олардың ілімі Кеңестік Ресейдің орны мен рөлін анықтауға бағытталды. Еуразиялық ілімнің ерте және кейінгі (1927-28) кезеңдері бөлінеді. Кейін ілім оңшыл және солшыл ағымдарға бөлінді.

Еуразияшылдықтың өз идеологиясы болғаны анық. Дегенмен, көптеген зерттеушілерді осы бір бұлтартпас айғақ еуразиялық доктринаның мәні мен нағыз мағынасын анықтауда қиыншылықтарға ұрындырады.

Еуразияшылдар және Вл.Соловьев ұлтаралық татулық, оны меңгеу үшін және адамзат санасына ұялату жолында мықты базис қалдырды. Қазақстан Республикасының Президенті. Н.Ә.Назарбаев "Еуразиялық Одақ" құру идеясы осы еуразияшылдардың жолын ұстануы мүмкін.

Ұлттардың бірігуінде Вл.Соловьев өте маңызды идеяларының бірі арадағы байланыстырушы халықты славяндар деп таниды. Біздің ойымызша арадағы байланыстырушы халық жалғыз славяндар емес түрік-славян халықтары деп таныған дұрыс. Қазақстан Республикасы Еуразия континентінің орталық бөлігінде орналасқан бірден-бір байланыстырушы мемлекет. Біздің мемлекетіміздің еуразиялық маңызы ол ең алдымен Батыс пен Шығыстың метоисториялық диалогы. Қазақстан Республикасы Еуропа мен Азияның сауда және транспорттық жолдарының қиылысы және де Қазақсатан Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстырушы маңызды жол болып табылады.

Кеңестің ыдырауы егеменді мемлекеттердің экономикалық дамуын тежеп қана қойған жоқ, мүлдем кейінге итеріп тастады. Ондаған жылдар бойы жалпақ елдің түпкір-түпкіріне тарамдалып қалыптасқан шаруашылықтардың өзара байланыстары бірден кырқылған, экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші – республика аралық мамандандыру және кооперация, еңбектің аймақ аралық бөлісу - бұлар да есте қалған қиялға айналды. Тәуелсіз елдердің басшылары дамудың бірден-бір жолы бірлік екенін түсініп, одақ болмағанымен Достастық қажет екенін түсінді. Осы түсіністік нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді.

ТМД-ның құрылуы туралы ресми айтылғанымен, шын мәнінде қайта біріктіру мақсатын, интеграцияны немесе халықтарды біріктіруді көздеген жоқ. Достастық жасаушылар экономикалық, мәдени және интеграцияның басқа негіздері туралы мәселе көтерместен жасанды ұйымдастырды. Бұған қоса, барлық егемен республикалар әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатты да, кең ауқымдағы интеграцияның мүмкіндігі шектеулі болды. Яғни, алғашқы уақытта бұл интеграция инерциялық сипатта жүрді.

Н.Назарбаев Орта Азия мемлекеттерінің лидерлерінің қолдауымен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің кездесуін Алматыда өткізуге көндірді. ТМД құру туралы Декларацияға 9 республика қол қойды. Кейінрек оған басқалары да қосылды. Бұл геосаясаттық жеңіс болды. "Бірақ оны әсерлеп суреттеуге ерте еді, себебі үздіксіз қызмет ететін координациялық қызметті құру сияқты қарапайым мәселелер туралы келісудің өзі ТМД мшелері үшін оңай емес екенін алғашқы кезден-ақ байқалды - деп Елбасымыз айқан болатын.

ТМД шеңберінде интеграциялық даму процесін жан-жақты келісімді нақты іске асыру, бірлескен жұмыстардың тиімділігін көтеру сияқты әрекеттер көп жылдар бойы нәтиже бермей жатты, соған қарамастан ұйым шеңберіндегі интеграцияны дамыту жалғасын табуда. Түрленуге ұшыраған еуразиялық идеяны пайдалану да осы мақсаттарды көздейді.

17 Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіншіліктері. Экологиялық қауіпсіздік. Халықаралық ұйымдар және Қазақстан Республикасы. 2010 жыл Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды кезеңі болды. Кеден одағы құрылды, оның шеңберінде Қазақстанда жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлар үшін Ресей және Белорусь нарығын игерудің қосымша мүмкіндіктері мол. Табыстың елеулі бөлігі Қазақстанға мұнайдың және басқа пайдалы қазбалардың экспортынан түседі.

ҚР эскпорты мен инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің пікірінше, мелекетке инвестиция салудың негізгі себептері ішінде келесілер көрсетіеді: табиғат қорлары бай, орналасу жағдайы қолайлы, бизнес-климаттың жайлылығы, инвесторлардың қорғалуы, ұлтаралық компаниялардың қатысуы, Тікелей шетелдік инвестициялардың көлемділігі, экономикалық өрке ндеу, кеден Одағы елдерінің нарықтары, индустриалды-инновациялық дамуы.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 «Инвестициялар туралы» заңы инвесторлардың Қазақстандағы инвестициялық қызметін атқару барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін түрлі кепілдіктер беруді көздейді:

· Қазақстан Республикасы аумағында инвесторлардың қызметінің құқықтық қорғалуына кепілдік

· Кірістерді пайдалану кепілдіктері

· Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдары қызметінің жариялылығы

· Мемлекеттік меншіктеу және реквизициялау барысында инвесторлардың құқықтарына кепілдік

Сонымен қатар, Қазақстан 45 елмен Инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу жөніндегі келісімшарт жасады және Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде бір Келісім жасады, олар инвесторлардың құқықтарын қорғаудың мынадай қосымша кепілдіктерін ұсынады: дискриминациядан, реквизициялаудан және мемлекеттік меншіктеуден қорғаудан қорғау, арбитраждық келісім жасалмаған жағдайда, инвестициялық дауларды халықаралық арбитраж соттарында шешу құқығы.

Қазақстан экологиялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салып отыр. Семей полигоны зардабының өзін бірден-бір ерекше фактор ретінде атауға болады. 2003 жылы Қазақстан республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданған болатын. БҰҰ Бітімгерлік күш-жігер қорын құруды, Жаһандық энергетикалық-экологиялық стратегияны қабылдауды ұсынды, «Жасыл көпір» кең ауқымды экологиялық бастаманы және бірқатар басқа идеяларды алға шығарды.

Халықаралық ұйымдармен ынтыматастық ҚР саясатының басты векторларының бірі боып табылады. ҚР ЕО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, БҰҰ және т.б. ұйымдармен жан-жақты серіктестігін дамытуда.

 


Ресей Федерациясына Н.Назарбаевтің ресми сапары. МГУда сөйлеген сөзі. Еуроазиялық Одақты құру туралы идеясы. Негізгі алғы шарттары. Жобаның мақсаттары.

1994 жылы Еуразия Одағы идеясының туындауы кездейсоқтық емес. Ол 1994 жылы көктемде Ұлыбританияға барған сапары кезінде жаңа интеграцияның қажеттілігі туралы бірінші рет жариялады. "Чатен Хаус" халықаралық проблемалар институтында сөйлеген сөзінде ол, екі жақты тенденция әсерінен, бір жағынан ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, ал екінші жағынан ТМД елдерінің мемлекетаралық экономикалық одақ құруға ұмтылуы жүріп жатқанда, бұл аймақта тұрақтылық белдеуін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, саяси эволюцияны болжау дәрежесін көтеру, кеңес одағы ыдыраған аймақта бақылау жағдайында Достасқан тәуелсіз мемлекеттердің өздерін реформалау қажеттігі жетілді деп атап көрсетті.

Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы 29 наурызда Мәскеуге арнайы сапары Кезінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесуі болды. Осы интелектуальды аудиторияның алдында кеңестен кейінгі аймақтағы мемлекеттердің даму перспективасы туралы лекция оқығанда, ТМД-ға мүше елдердің мүлдем жаңа бірлестігін құру идеясын ұсынды және оны Еуразия Одағы (ЕАО) деп атауды ұсынды.

"Еуразия одағы қажет: біз бір-бірімізге сенуге мәжбүрміз,-деп мәлімдеді Қазақстан президенті. - Қараңыздар: көпжылдық мемлекеттік Европа елдері бірігуге бастайды, ол жақта жаңа "конфедерация" сөзі жиі айтылады. Олар әлемдік рыноктың қатал поляризацияланатынын өте жақсы түсінеді". Біздер, бұрынғы Одақтың республикалары, тарихымызбен және тағдырымызбен бірыңғай бірлестікке дайынбыз. Байланыстың және басқарудың бір формасы және механизімі, ортақ менталитет, т.б. бізге тән. Мәселе мынада, кейбір саяси лидерлер империяның қайта тууынан сақтанатын саяси қорқыныш бар. Бірақ оған енді ешкімде бармайды. Қазақстан Президенті сол кезде және одан кейінгі көпшілік алдындағы сөздерінде Кеңес Одағын қайта жасау туралы мәселе қойылып жатқан жоқ деп әрдайым атап көрсетті. Ол ұлттық егемендікке қауіп туғызып ТМД елдерін бір-брінен алшақтатар еді. Н.Ә.Назарбаев пікірі бойынша, күш беретін интеграция біздің мемлекеттеріміздің ішкі саяси ориентирын шұғыл өзгертіп интеграциялық күш векторын ТМД аймағынан сыртқа бағыттайды. Мүнымен келіспеуге болмайды, мөдениетті, үнемі дамушы интеграция процесі қатарласа жүруі керек және мемлекеттердің ұлттық егемендігін нығайтуға тиіс. Бұл туралы Европнаның, Солтүстік Американың тәжірибесінен білуге болады. Одақ сөзінен қорқудың керегі жоқ екендігін Н.Ә.Назарбаев МГУ-де сөйлеген сөзінде атап көрсетті. Мысалы Европа одағы бар. Біз бәріміз тең екенімізді және Ресейге келу сапары - сол теңдікті мойындау деп білдіреді.

Еуразиялық Одақ – біріңғай саяси, экономикалық, әскери, кедендік, гуманитарлы және мәдени кеңістігі бар мемлекеттердің конфедеративті одағы. Ұзақ уақыт бойы ол тек қағаз жүзінде ғана өмір сүрді, бірақ ЕврАзЭС-тың 2010 жылғы саммитінде әлдеқайда жылжу басталды.

Еуразиялық Одақ - кеңестен қалған аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуды, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатындағы егемен мемлекеттердің интеграциясының формасы деп саналады. Еуразиялық Одақ жобасы бойынша, ұлттық референдум өткізу нәтижесінде немесе мемлекеттердің Еуразиялық Одағына кіруі туралы парламенттердің шешімімен құрылуы мүмкін.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!