Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақстан және Беларусь ТМД шеңберінде. Экономикалық реформаларды іске асыру. Сауда-экономикалық принциптері туралы мемлекетаралық Келісім



1992 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Қазақстан Беларусьтің ТМД шеңберінде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2009 – 2016 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

2009 жылы қаржылық дағдарыс екі мемлекеттің екіжақты саудасына теріс ықпалын тигізіп, нәтижесінде Қазақстан мен Беларусьтің сауда айналымы 388,3 млн. доллар ғана құрап, өткен жылдың деңгейінен 27,7 пайызға кем көрсеткіште болды. Оның ішінде қазақстандық экспорт 2008 жылдың деңгейінен 56,4 пайызға кем 74,9 млн. долларды ғана құраса, белорустық экспорт 2008 жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға кеміп, 313,4 млн. доллар болды.

2010 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша, ҚР мен БР арасындағы сауда айналымы 106,7 млн. долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылдың осы кезеңінен 40,6 пайызға жоғары. Осы кезеңде белорустық экспорт 56,5 пайызға артып 91,8 млн. долларға жетсе, қазақстандық экспорт керісінше 13,5 пайызға кеміп, 14,9 млн. долларды ғана көрсеткен.

Қазақстаннан Беларуське негізінен мақта, болат, мырыш, резина және астық экспортталады.

Беларусьтен Қазақстанға арнайы мақсаттағы автомобильдер, жүк және ауыл шаруашылығы машиналары, тракторлар, тіркемелер, подшипниктер, қант, пластмасса ыдыстар, рельстер, радиаторлар, ауа ысытқыштар, насостар, электр құралдары, тұрмыстық техникалар, мұздатқыштар, жиһаз, дәрі-дәрмектер, көтергіш құралдар жеткізіледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда белорустық кәсіпорындардың 23 сервистік орталықтары, 60 шамалы бірлескен кәсіпорындар, 6 сауда үйлері, әртүрлі белорустық кәсіпорындардың көптеген өкілдіктері мен дилерлері жұмыс жасайды.



2010 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Мәсімовтің Беларуське жұмыс сапары барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы қазақстан-белорус қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму көкжиектері талқыланды. Үкімет басшылары Кедендік одақ аясындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, Қазақстанның жеделдеткен индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жобалардың бірлесіп жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Екі мемлекеттің арасындағы төлемдік қатынастарды әрі қарай нығайту, БР экономикасына қазақстандық жеке, бірінші кезекте банктер мен басқа да қаржы-несие мекемелерінің капиталын тарту бойынша қадамдар жасалуда. Минскте 2002 жылы құрылған «БТАбанк» (Беларусь) Жабық акционерлік қоғамы жемісті жұмыс жасау.

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009 - 2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының мәні Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы (бұдан әрі Тараптар деп аталатын) көптеген өзекті бірлескен проблемалар бойынша бірыңғай ұстанымды ұстана отырып, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД сияқты халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, басым экономикалық әріптестер болып табылады және екі жақты экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігін мойындайды.



Азақстан Республикасының геостратегиялық, геоэкономикалық, геосаяси жағдайының анықтауы. ҚР мемлекеттік-ұлттық мүдделері және сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы мүмкіндіктері ең алдымен географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады. Қазақстанның негізгі мүмкіндігін бөліп айтуға болады. Бірінші мүмкіндік ҚР Еуразия аймағындаға жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердін, ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзінде, Президент Н.Назарбаев нақ осы себептен Еуразия идеясын ұсынды және оны дамытып келеді. Жағрапиялық жағынан алғанда Қазақстанның территориясы тиімді транспорт кеңістігінде орналасқан. Бір жағынан Қазақстан, Азия-Тынық мұхиты аймағын Еуропамен, Ресейді Орталық Азия елдерімен, Таяу Шығыс және Парсы шығанағы, Үнді мұхиты елдерімен байланыстыратын торапты алып отыр, екінші жағынан бұл торапта Қазақстан жалғыз емес екені белгілі. Қазақстан үшін аталған секторды дамыту барысында, тағы бір қиындық бұл-еліміздің контиенталдық жағынан алғанда ішкері орналасып, ашық теңізден алыс орналасуы. Көрші кез келген ел тәрізді Қазақстаннық жеке өзі де тиімді транзиттік әлеуетін іске асыра алмайды. Мұны бірлесе, тығыз әрі өзара тиімді ынтымақпен жасау қажет. Бұл көршілер — Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу және Орта Шығыс елдері — тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. Күллі Еуразия құрылығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-қатынастарын орнықтыру — табысты дамудың қажетті шарты. Соғыстарға, бақталастыққа, бәсекеге және егеске киліккен елдер өздерін тоқыраумен артта қалушылыққа ұрндыра отырып, өз ресурстарын, уақыты мен күш-қуатын орынсыз шығындайды.

Екіншісі. Мемлекет қүрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр процестерін шетелдік мемлекетгер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау қосымша мүмкіндіктер береді. Бүл тұрғыда көптеген елдердіқ Қазақстанға қарағанда оншалықты жолы болмады. Осы фактор, әсіресе өтпелі кезеңнің бастапқы кезеңдерінде өте маңызды, өйткені бізге сырттың қаржы ресурстары мен білім-білігі қажет. Сонымен қатар Қазақстан экономикасын дамытуда шикізат экспорты, құрылыс, агроөнеркәсіп, қаржы салаларын дамытумен қатар, жол, транспорт инфрақұрылымы, еліміздің транзиттік потенциалын арттыруға үлкен мән беріп, осы тұғырда, Қазақстанның шығыспен батыс экономикасын байланыстыратын берік көпір болуы үшін жағдай жасауға талпыну керек.

Егер азамат оларды қандай мүдделердің — саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеп соғады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!