Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақстан Республикасының сыртқы саяси концепциясы



Қазақстанның сыртқы саясаттағы концепциялары 1991ж.,1995ж.,2001., негізгі өзгерітерге ұшырап отырды. Қащіргіі кезде ҚР сыртқы саяатының негізгі міндеттері. Біріншісі, сыртқы және ішкі саясатты жүргізудегі келіспеушіліктерге қарамастан, Ресей Федерациясымен достық және одақтастық қатынастарды сақтау мен нығайту. Қазақстанның ресейлік бағыттағы саясатының мақсаты қазақстан-ресей арасындағы КСРо ыдырағаннан кейінгі қайшылықтарды жою мен алдын алу. Бұл мәселелердің болуына көз жұмып қарамай, екі жақты мүдделерді ескере отырып,оларды шешу. Экономикалық, қаржылық қатынастар, Байқоңыр мен әскери полигондар, Каспий теңізі мәртебесі, оңтүстік бағыттағы мұнай газ құбырларын жүргізу, этникалық диаспоралар, азаматтық мәселелері бұл екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқан бейбіт қатынастарға қауіп төндіретін, қайшылықтарға алып келетін мәселелер болмауы керек. Екінші міндет, мемлекеттік тәуелсіздікті, территориялдық бүтіндік пен шекараның беріктілігін күшейту мақсатында ҚР халықаралық және аймақтық жүйелер мен қауіпсіздік құрылымдарына кіруін атап кеткен жөн.Осы тұрғыда ҚР Ұжымдық қауіпсіздік пен ТМДда бейбітшілікті сақтайтын күштерді құру туралы Ташкент Келісімі негізінде келешекте де ТМД мемлекеттерінің әскери саяси интеграциясына қолдау көрсетеді. Үшінші сыртқысаяси концепция, экономикалық дамудың өсуі, құрылымдық қайтажасақтау, нарықтық механизмдер мен инфрақұрылымдар жасау сыртқы саясатты қамтмасыз ететін факторлер деп санауға болады. Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізі экономикалық қауіпсіздік, энергетикалық тәуелсіздік, транспорттық коммуникациялар мен байланыстарды түрлендіру. Төртінші сыртқысаяси міндет, ҚРдың географилық көршіліктігі ғана емес, тарихи бауырларымен орта азия елдерімен қатынастарды нығайту мен дамыту.



ҚР сыртқы саясатының маңызды принциптері:

1. Сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы.

2. Егемендік пен мемлекет тәуелсіздігін екіжақты сыйлау.

3. Мемлекеттер теңдігі

4. Мемлекеттік мүддені қорғауда табандылық пен иілгіштік таныту.

5. Сыртқы саясаттың тепе теңдік пен көпбағыттылығы, одақтастар мен серіктестіктері таңдауда оң терісін өлшеу.

6. Тұтастық, қауіпсіздік,

7. Жаһандық, аймақтық, субаймақтыө және ұлттық тұрғыдан әлемдік мәселелер мен қауіпсіздік мәселелерінде тепе теңдікті сақтау.

8. Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде сыртқы саясатын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады.

9. Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде, өзінің сыртқы саясатында Хельсинки қорытынды актісінің !ші принципіне сүйенеді.

Сыртқысаяси байланыстардың стратегиясы келесі бағыттарда жүргізілуі керек:

1. «ТМД». Ресей,Украинабелоруь, Өзбекстан және достастықтың басқа елдерімен экономикалық одақты күшейту.

2. «АТА». Пекин-Сеул-Токио арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен байланыс орнату. Бұл бағытта осы аймақ дамыған технологиялар мен үлкен масштабты инвестициялар , несиелер алуға. Отандық өнімдерді өткізу нарығына айналуы мүмкін.



3. «Азиялық» нарықтық экономикалық даму үлгісі ретінде Түркиямен ынтымақтастық. Араб шығысы мен Азия елдерімен экономикаға инвестицияларды тарту үшін қатынастарды орнату.

4. «Еуропалық». Артықшылыққа ТМДға көп күш жұмаса отырған Германия. ЕЭС мен техникалық көмек пен несиелер мүмкіндігін жасау.

5. «Американдық». Басты бағыт АҚШ.

 

ЕҚЫҰ және Қазақстанның СВМДА идеясы. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салалардағы Қазақстанның мүдделері.

Азақстанның сыртқы саясатындағы артықшылық жүйесінде Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті құру туралы бастаманы іске асыруы үлкен ролді алады. Кеңесті құру туралы ой Президент Н.Назарбаев БҰҰның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында 1992ж. қазанда айтылған болатын. Қазақстан елінің басшысы азиялық құрлықта қауіпсіздікті қаматмасыз ететін құрылымды құру қажеттігің атай көрсетті.

Басынан бастап, АӨСШК құру туралы идеяны құрлықтағы саясатты айқындайтын азия елдерінің бірқатары қолдады. Істі жүргізу барысында СІМ сарапшыларының кездесуі өтті: бірінші кездесу 1993ж. сәуірде (12 қатысушы), екінші кездесу тамыз қыркүйек айларында 1993ж. (28 қатысушы) , үшінші кездесу 1994ж. қазанда (29 қатысушы). Қатысушылар аймақтағы келіспеушіліктер қаіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне қарсы күрес жүргізе алатындығы туралы айтты.

1997ж. 3 желтоқсанда сыртқы істер министрлері орынбасарлары кездесуі өтті. Қатысушылар Кеңестің қорытынды хабарламасын жасады, онда қазақстаннның бастамасы келешекте де орын алатындығы айтылды. Меморанддумға сәйкес, Алматыда тұрақты түрде жұмыс жаайтын Байланыс тобы құрылды, ол Қазақстанның батамасын іске асырылды. Байланыс тоьының міндеті кеңес беру, пікірлермен алмасу, Кеңестің құжаттарын азиялық елдердің және халықаралық ұйымдардың ғылыми орталықтарымен бірге бағалау. 1998ж. Алматыда АӨСШК мәселелері бойынша халықаралық коллоквиум өтті. Оған АӨСШК мүшесі болып табылмайтын 12 елден 24 сарапшы қатысты. Бұл іс шара қазақстандық бастаманы іске асыруда маңызды қадам болды. 1999ж. 14қыркүйекте АӨСШК мүше елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесі өтті. қарсы алу сөзімен Н.Назарбаев кездесуді ашты. Кездесу барысында АӨСШК елдері арасындағы қатынастарды реттейтін қағидалар туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат сегіз бөлімнен тұрады: халықаралық қауіпсіздікті қаматамасыз етудегі негізгі ережелер; егемендікті сыйлау мен мүше мемлекеттер құқықтары; территориялдық тұтастықты сақтау; бір бірінің ішкі аясатына араласпау; келіспеущіліктерді бейбіт түрде шешу; күшті жұмсаудан бас тарту; қарусыздану мен қарулануға бақылау орнату; әлеуметтік, сауда экономикалық салалардағы ынтымақтастық; БҰҰ мен халықаралық құқық қағидаларына сәйкес адам құқықтарын сыйлау. Осылайша, азиялық қауіпсіздіктің заңды негізі қаланды.

2005 ж. 12-14 желтоқсанда Алматыда экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшеулерде және де қауіптер салаларында енім шараларын жүргізуге арналған бірінші жиналыс болып өтті. жиналыс барысында екі құжат қарастырылды, «АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыру бойынша кооперативтік тұрғылар» және «АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыру жасау бойынша мүше мемлекеттердің ұсыныстары».
ЕҚЫҰ АӨСШК: жоспар бойынша өзара әрекеттесу

2010ж. маусымда еуроазия аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін Астанада ЕҚЫҰның сол кезегі төрағасы Қазақстанның сыртқы істер министрі мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев пен Түркияның сыртқы істер министрі, АӨСШК сол кездегі төрағасы Ахмет Давутоглу талқылады. Қырғызстандағы жағдайға тоқталып, осы елге тұрақтылықты қамтамасыз ету жағдайын, әлеуметтік-экономикалық мәселелерде бірлесіп жұмыс ісеуге келісті.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!