Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақстан Республикасының мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси-дипломатиялық мойындауы



Азақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің құқықтық негізі.

Қазақстан жеке тәуелсіз мемлекет болғалы бері дипломатиялық негізде өз қарым қатынасын сыртқы алпауыт мемлекеттермен орнатуға тырысты. Қазақстан мемлекетті ішкі саясатпен қатар сыртқы саясатын да жоғары деңгейде алып жүрді. Оның дәлелі ретінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шет елдерге барып өзін жоғары протоколға сай ұстауы. Дипломатияның тарихына үңілетін болсақ қазақтар туа біткен дипломат деуге болады, ол қонақжайлылықтары мен кісі сыйлаушылықтары, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, ағаға сыймен, ініге ілтипатпен қарауы.

Халықаралық қатынастағы Қазақстан Республикасының жеке мемлекет болып сыртқы саясатының жүргізуіндегі өзекті мәселелер жайлы сөз қозғалады.

Р-ның дипломатиялық қызметінің құқықтық негізі

Мемлекеттің алғашқы құрылу кезінде дип.қызметінің құқықтық негізі белсенді түрді құрыла бастады, ол халықаралық қатынастар және ұлттық заңнамаға негізделді.

ҚР-ның сыртқы саяси ведомствоның қызметінің негізі Қазақстан қосылған халықаралық конвенциялар болып табылады.

Ұлттық-құқықтық жүйенің және халықаралық құқық субъектілігінің негізі Қазақстан Республикасының Ата-заңы(Негізгі заңы).

1993-ші «өтпелі кезеңін» Ата-заңы негізінде жақындағы ішкі мақсаттарды шешуге бағытталған болатын, ал сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері өз көрінісін таппады.

1995-ші жылғы Ата-заң бір қатар жаңашылықтар енгізеді:

· 4-ші бап – Включение международных договорных и иных обязательств республики в действующее право на ее территории; признание приоритета международных договоров, ратифицированных РК, перед ее законами;



· ҚР халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді және оған сәйкес саясатты жүргізеді;

· Ішкі мемлекеттік сыртқы істер органдыры және билік органдары (биліктің барлық органдары сыртқы саяси қызметке араласады) арасындағы қызмет нақты бөлінген:

1) негізгі сыртқы саяси қызмет Президент қолында шоғарланған– халықаралық қатынастардағы негізгі бағыттар мен өкілдіктер, Парламентті ескертуден босату, Ата Заң Кеңесіндегі қабылданған ратификацияланған грамоталарға қол қою құқығы;

2) Парламент– Президенттің ұсынысы бойынша бейбітшілікті және қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР–ның Қарулы Күштерді қолдану туралы шешім қабылдау құқығы берілген;

3)ҚР–ның Үкметі– мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу шараларын дамыту міндеті;

4) Сот билігі– ҚР–ның халықаралық келісімшарттарының орындалуын қамтамасыз етіп, республиканың халықаралық келісімдер негізіндегі істерге және даулар пайда болғанда шешу.

Кейбір өзгерістер және толықтырулар 1998 жылы 7қазанда қабылданған ҚР –ның Ата заңына енгізілген.

ҚР –ның сыртқы саяси және дипломатиялық қатынастар Ата заңмен ғана емес, сонымен қатар басқа нормативти актлер мен құжаттармен қадағаланады, олар өз ретінде Ата заңды нақтылайды және толықтырады: ҚР–ның «Дипломатиялық қызмет туралы» заң; Ұлттық қауіпсіздік жүйесі; Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы; Қазақстанның Әскери доктринасы; «ҚР – ның халықаралық келісімшарттарды бекіту, орындау және денонсациялау туралы» заң; ҚР –ның СІМ –гі және ҚР –ның Консульдық жарғысы туралы Положениялар; «ҚР–ның ұлттық қауіпсіздіғі туралы» заң.



 


азақстан Республикасының мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси-дипломатиялық мойындауы.

Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Өзара сенімділік қағидаларына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың маңызды мүшесі ретінде көрсете білді.

1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның егемендігін әлемнің 120 елі мойындады. Алматы мен Астанада 70-ке жуық елшілік және дипломатиялық өкілдер қызмет етуде. Қазақстан 70 халықаралық ұйымның мүшесі, 100-ден астам мемлекеттерде Қазақстанның елшіліктері мен консульдықтары бар.

Бүгінгі таңда еліміз жетекші интеграциялық құрылымдар мен әлемдік қауымдастық өміріндегі өзінің сындарлы қызметiнiң арқасында заманауи әлемiнiң экономикасы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Республикамыздың халықаралық мәртебесiнің жоғары екендігінің мысалы ретінде Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төраға ретiнде сайлануын алуға болады. Сонымен қатар өз кезегінде Қазақстанның бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауын тауып отыр.

Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына жиырмадан астам азиялық ел мүше- мемлекеттер ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен бiрге АӨСШК жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың азиялық және еуропалық қауіпсіздік құрылымдарында жауапты мүше ретінде араласуы оның беделін арттырып, түрлі пікіралмасу алаңдарындағы өкілеттілігін кеңейтті. Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің ерен еңбегінің негізінде еліміз көп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты.

Республикамыздың халықаралық деңгейдегі беделінің өскендігін Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тағы да бір рет дәлелдеді. 2-3желт Астанада Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығынын қорытындысы ретінде саммит өтті, оған 12 әріптес-елдің мемлекет және үкiмет басшысы, ресми тұлғалары, сонымен бірге басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты. Он жылдық үзiлiстен кейiнгі ЕҚЫҰ елдерінің басшылары кездесуінде, қауiпсiздiкке сенiм және ашықтық негiзiнде қарайтын Ұйымының жалпыны қамту жолын қайта растаған «Қауiпсiздiктiң қауымдастығына апарар жолда» атты Астана декларацияны қабылданды.

2011 жылы ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюуына және де көп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Қазақстан сыртқы саясатының тағы бір маңызды векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев алғаш рет 1994 жылы наурызда Мәскеуде Еуразия одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын. Еуразиялық бастаманың нақты жүзеге асуының мысалы ретінде бірнеше мемлекетаралық құрылымдардың жұмыс жасауын, оның ішінде ЕврАзЭҚ және соның негізінде құрылған Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің Кедендік одағын атауға болады.

Осылайша, Қазақстан бүгiнгi таңда сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсаттарына жетті деп сеніммен айтуға болады. Бұған осыншама қысқа мерзімде қол жеткізілген халықаралық бедел мен еліміздің әлемдік танымалдығы мысал болады. Қазақстан әлемдік саясатта маңызды рөл атқара бастады, және де Қазақстан Республикасының кейбір бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия секілді тұрақсыз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аралына айналып қана қоймай, сонымен қатар экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты үнемi артып келе жатқан гүлденген мемлекетке айналып келеді.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!