Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Белингвизм: Бөлме өсімдігі,қалемше



Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Қазақстанның байлығы мен жетістіктері.»

Мақсаты: Отанымыздың байлығы туралы,жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тақырып мазмұнына сай суреттер топтамасы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Белингвизм:

Іс-әрекет кезеңі Балалардың іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Амандасу. Шаттық шеңбері Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз!  
Ұйымдастырушы-ізденуші    
Рефлекциялық-түзетуші    

Сөздік жұмыс:

 

Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Құрастыру

Тақырыбы: Қағазбен жұмыс «Менің альбомым»

Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру,ұсақ қол моторикасын жетілдіру.Альбомның не үшін қажет екенін,оның қандай материалдардан жасалатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. Қайшымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке баулу.

Көрнекілігі: тақырып мазмұнына сай суреттер топтамасы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу,миға шабуыл

Белингвизм:альбом

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-түзетуші Амандасу.Шаттық шеңбері Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз!  
Ұйымдастырушы-ізденуші Сөздік жұмыс Миға шабуыл әдісі арқылы жыл мезгілдерін сұрау. -Бір жылда қанша мезгіл бар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата. -Көктем мезгілінде қанша ай бар? -Қазір қай айы? -Бір аптада қанша күн бар? Ата. -Бүгін аптаның қай күні? -Жарайсыңдар, балалар! «Апта күндері» дид.ойыны. М: апта күндерін ретімен айтуға дағдыландыру. -Балалар,біз бүгін альбом жасап үйренеміз. Альбом бізге не үшін қажет? Балалардың жауабын толықтыру. Альбомның қалай және қандай заттардан жасалатыны туралы айту. Балалар,енді альбом орысша қалай болады,оны да біліп алайық. Белингвистік компонент. Сергіту сәті. Балаларға қағаздан альбомды қалай жасау керегін көрсетіп,түсіндіру. Балалардың жұмыс уақыты.  
Рефлекциялық-түзетуші Балалардың жасаған жұмысынан көрме ұйымдастыру. Оқу і-әрекетін қорытындылау.Мадақтау.  

Сөздік жұмыс: альбом



Күтілетін нәтиже:

Не білді: альбомның не үшін қажет екенін,қандай материалдардан жасайтынын;

Не игерді: Берілген сауалдарға нақты,әрі толық жауап беруді,қайшымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелерін;



Не үйренді: қағаздардан альбом жасауды.

 

 

Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күтіп-бағу. Өсімдіктердің өсу жағдайлары».

Мақсаты: Бөлме өсімдіктеріөсімдіктерін күту туралы түсініктерін және өсімдіктерді күтуге арналған құрал-жабдықтарды қолдану икемділіктерін қалыптастыру,есте сақтау қабілеттерін арттыру,ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Сыпайылылыққа,өз денсаулықтарын күтуге,қауіпсіздіктерін қамтамасыз ете білуге,дұрыс шешім қабылдауға,қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Еңбек етуге, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Суреттер,бөлме өсімдіктері,өсімдіктерді күтуге арналған құралдар.

Сөздік жұмысы: қалемше,қопсыту,суғару,тыңайтқыш.

Белингвизм: Бөлме өсімдігі,қалемше.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы 1. Жылылық лебізі Армысың, алтын күнім! Жарқырап нұрын шашқан. Армысың, көк аспаным! Көгіңе самғап ұшсам. Армысың, жер-анам! Құшағын бізге ашқан. Армысыңдар, достарым! Әрқашан бірге жүріп, бірге ойнаған. Балалар тәрбиешімен бірге айнала тұрып, өлең жолдарын қимылмен көрсете отыра айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы жыл мезгілдерін,апта күндерін сұрау. -Балалар,қандай өсімдік аттарын білеміз? Балалардың назарын терезе алдындағы бөлме гүлдеріне аудару. -Балалар,қараңдаршы біздің топта қандай керемет гүлдер бар. Мен сендерге осы бөлме гүлдері туралы өлең оқып берейін,мұқият тыңдаймыз,жарайма? Өз қолыммен ыдысқа, Отырғыздым үй гүлін. Сабақтарын қып-қысқа, Терезеден сүйді күн. Балалар,бұл гүлдердің барлығы бізге не үшін қажет? -Гүлдерге қандай қамқорлық жасай аламыз? Оларды қалай күтіп-баптау қажет білеміз бе? Балалардың жауаптарын толықтыру. Бөлме гүлдерінің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысының күтімі де өзгеше болып келеді. Мысалы, мына гүлдің аты «ақша шақыратын гүл» деп аталады. Бұл гүл суды өте көп қажет етпейді,егер оған суды жиі-жиі құятын болсақ,ол солып қалады. Ал,мына гүл «алоэ» деп аталады. Бұл гүлдің емдік қасиеті де бар. Бұл гүлде суды көп мөлшерде қажет етпейді. Гүлдер негізінен жарық,жылы жерді жақсы көреді. Олардың жақсы өсуі үшін топырағы құнарлы болуы қажет. Сонымен қатар арнайы дәрумендерді құйып отыру керек. Сөздік жұмысы. Гүлдерді қалемше арқылы көбейтеді. Қалемшені алудың бірнеше жолдары бар (балаларға қалемше алу жолын көрсету). Бұл қалемшені көктемде және күз мезгілінде алған өте жақсы. Қыс мезгілінде қалемше алына бермейді. Сергіту сәті. Балалар,бөлме гүлдерін орысша қалай айтамыз,білеміз бе? Белингвизмдік компонент. 2. Дидактикалық ойын: «Қай топ жылдам?»  
Рефлексивті-түзетушілік -Бүгінгі оқу іс-әрекетін нақты сұрақтар беру арқылы талдау. -Қатысқан балаларды марапаттау.  

Күтілетін нәтиже:


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2018 год. Все права принадлежат их авторам!