Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Науқастардың қауіпсіздігі бойынша 6 курс интерндерге арналған тестік тапсырмалар



1! Ер адам кардиологиялық бөлімшіге бірінші рет пайда болған стенокардия диагнозымен госпитализацияланды. Госпитализацияның 4-күнінде науқастың сұрауы бойынша емдеуші дәрігер науқасты стационардан қолхатсыз шығарады. Келесі күні науқас реанимация бөлімшісіне ауыр халде түседі. Туыстары науқасты мерзімінен ерте шығарған дәрігерге талап-арызын берді.

Бұл жағдайда кім дұрыс жасамады?

* Бұл жағдайда екі жақ та кінәлі

* Өзінің тұрақсыз жағдайын ұқпаған, науқас кінәлі

* Тек науқастың өзі және оның туыстары өз денсаулығына жауапты

* Сотқа берген туыстары дұрыс жасамады: бұл тек дәрігер мен науқастың арасындағы жағдай

*+Туыстарын ескертпеген және мүмкін болатын зардаптардан дәрігерді жауапкершіліктен шешетін науқастан қолхат алмаған дәрігер қылығы дұрыс емес

 

2! Біріншілік циркулярлы Q-миокард инфарктысы диагнозымен ер адамға шұғыл түрде коронароангиография жасалды. Үш тамырлы диффузды зақымдалуды ескере отырып, ұсынылған аорта-тәждік шунттаудан бас тартып, стенттілеуді жүргізуді талап етуде. Науқастың туыстары денсаулық сақтау Департаментіне шағымданды. Дәрігердің тәсілі қандай болу керек еді?

* Дәрігердің тәсілі дұрыс

* Жанжалды болдыртпау үшін ТАА (ЧКВ)жүргізу керек

* АКШ және стенттілеуден науқасқа бас тарту

* Медициналық қызметті бағалау Комитетіне істі беру

*+АКШ жүргізу қажеттілігін науқасқа және оның туыстарына түсіндіру

 

3! Кардиологиялық орталыққа тәждік синдром диагнозымен науқас түсті. Шұғыл түрде коронароангиография жасалды, науқас ұсынылған стенттілеуден бас тартты. Консервативті емнен кейін жағдайының жақсаруымен шығарылды.Шыққаннан кейін 10 күні науқас жүрек қан-тамыр жүйесі жағынан шағымы болмаса да, тұрғылықты жері бойынша дәрігерден стенттілеуге КАГ жүргізу үшін госпитализацияға жіберуді талап етті.



Дәрігер қалай жасау керек?

* Жіберу қағазын беру

* Жүктемелік сынмаларды жүргізу

* Стенттілеумен бірге КАГ жүргізу үшін негізі болмағандықтан науқасқа бас тарту

*+Ауру симптомдары болмағандықтан, теріарқылы араласуды жүргізу қазіргі уақытта қажет еместігін науқасқа түсіндіру

* Науқастың келісімінсіз зақымдалған тамырды стенттілемеген интервенционистке шағым түсіру

 

4! Жүректің ишемиялық ауруы және ырғақ бұзылысымен ауыратын әйел ауыр жағдайда РҚТБ түсті. Емді тұрақсыз қабылдаған. 7 сағат бұрын жиі жүрек соғуын сезініп, 2 таблетка дигоксинді қабылдаған. Об-ті: есі анық, АҚҚ – 90/50 мм сб.б., ЖСЖ – 47 рет минутына. Аритмологпен қаралып, консервативті ем ұсынылды. Жүргізіліп жатқан емнің нәтижесінде гемодинамикасы тұрақты. Бірақ туыстары ЭКС имплантациялауды талап етуде.

Пайда болған жанжалды қалай басуға болады?

* Туыстарына түсіндірмей, үзілді-кесілді бас тарту

* Консервативті ем жүргізіп, кейін ЭКС имплантациялау

* Туыстарының талабын қанағаттандырып, уақытша ЭКС қою

* Туыстарының талабын қанағаттандырып, тұрақты ЭКС қою

*+Науқасқа және оның туыстарына ЭКС имплантациялау қажет еместігін түсіндіру



 

5! Әйел ұзақтығы 20 минуттан көп, сол жауырын астына берілетін, кеуде артындағы басып ауыратын ауыру сезіміне; аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, жиі жүрек қағуына, жалпы әлсіздікке шағымданып, шұғыл түрде Қалалық кардиологиялық орталыққа госпитализацияланды. Бұрын ЖИА бойынша зерттелмеген және емделмеген. ЭКГ: STIII, AVF сегментінің элевациясы. Шұғыл жағдайды ескере отырып, реанимация бөлімшесінің дәрігері науқастың рұқсатынсыз коронароангиография жүргізеді, сол кезде анафилактикалық шок пайда болады. Дәрігер қандай қателіктерді жіберді?

* Қарсы көрсетілген шара жүргізілді

* КАГ алдында тромболитикалық терапия жүргізу керек еді

* Басқа әдістер тұрғанда дөрекі емдеу әдістерін қолданған

*+Шараның мүмкін болатын қауіпі және диагнозы туралы ақпарлау жағынан науқастың құқығы бұзылды

* КАГ қорытындылары, клопидогрельді қабылдау ұзақтығы және оны өздігінен тоқтату кезінде пайда болатын асқынулар туралы сұхбат жүргізілмеді

 

6! Терминальді ісік ауруымен науқас өзінің диагнозы туралы біліп, дәрігерді оның диагнозы туралы туыстарына хабарламауды сұрады. Бірақ, дәрігер науқасты өзінің жағдайын адекватты қабылдамайды деп, диагнозы және оның болжамы туралы баласына хабарлауды шешеді.

Дәрігер дұрыс шешім қабылдады ма?

* Дәрігер науқастың жағдайын ойлап, дұрыс шешім қабылдады

* Дәрігер науқастың туыстарына оның болжамы туралы тікелей емес, тұспалдап айту керек еді

* Дәрігер науқастың сылтауларын біледі, сондықтан ол барлық туыстарымен сөйлесу керек еді

* Егер дәрігер науқасты адекватты емес деп санаса, онда ол дұрыс шешім қабылдады, бірақ баласына емес әйеліне айту керек еді

*+Науқас өз денсаулығы туралы ақпаратты кімге хабарлауды өзі шешу қажеттілігі жағынан дәрігер науқастың құқын бұзды

 

7! 26 жастағы 32 апталық жүкті әйел тұрғылықты жері бойынша кардиолог кеңесіне 2-апта бойы мазалайтын, тыныштықта пайда болатын ентігуге, жүрек қағуға, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Кардиолог гипотониялық тип бойынша НЦД диагнозын қойып, тыныштандыратын дәрілер тағайындады. Жағдайының нашарлауына байланысты 3-күні әйел жедел жәрдем бригадасымен босану үйіне жеткізілді. Зерттеу кезінде ЭхоКГ-да ЛФ-26%, жүректің барлық қуыстары кеңейген. Кеңесші-кардиологпен перипортальді кардиомиопатия диагнозы қойылып, әйелге мерзімінен ерте босандыру жасалды. Госпитализацияның 6-күні әйел қайтыс болады.

Медициналық көмектің қай кезеңінде қателік жіберілді?

* ЖМЖ бригадасы науқасты кардиологиялық стационарға жеткізу қажет еді

* Медициналық көмектің барлық кезеңі дұрыс көмек көрсетілді

* Мерзімінен ерте босандыруға көрсеткіш болмады

* Әйел медициналық көмекке кеш қаралды

*+Емхана кардиологымен ЭхоКГ тағайындалмады

 

8! 32 жастағы нашақор ер адам ентігуге, жүрек қағуға, жүрек тұсындағы жағымсыз сезімге, қалтырау және жалпы әлсіздікке шағымданып жедел жәрдем бригадасымен кардиологиялық бөлімшеге жеткізілді. Аурудың басталғанына 5-күн болған. ЭКГда: вольтажы төмен, сол қарыншаның барлық алдыңғы қабырғасының ишемиясы. Зерттеу кезінде бөдене ырғағы, Боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шу,оң жедел фазалық көрсеткіштер анықталды. Q тісшесіз миокард инфарктысына арналған стандартты терапия тағайындалды. Емдеу кезінде науқастың жағдайы динамикада айтарлықтай жақсармады. Госпитализацияның 10 күнінде тағайындалған ЭхоКГ-да аортальді қақпақшада вегетациялар анықталды.

Осы жағдайда дәрігердің тәсілі дұрыс па?

* Емдеуші дәрігердің тәсілі дұрыс

* Аурудың клиникалық көріністері дұрыс емес бағаланды

* Дұрыс. Науқасқа ерте ЭхоКГ тағайындау қажет болмады

* Дұрыс. Медициналық көмекке кеш қаралу орын алды

*+Дұрыс емес. ЭхоКГ бірінші кезекте тағайындалу қажет еді

 

9! Ер адам коматозды жағдайда Q-миокард инфарктысы диагнозымен Қалалық кардиологиялық орталықтың реанимация бөлімшесінде жатыр. Кома гипертониялық криз фонында жасалған тромболитикалық терапиядан кейін геморрагиялық инсульт әсерінен пайда болған.

Қандай дәрігерлік қателік кеткен?

* Дәрігер әрекетінде қателіктер жоқ

* Тромболитикалық терапия өмір көрсеткіштері бойынша жүргізілген

* Тромболитикалық терапияны тағайындауға қарсы көрсеткіш болмағандықтан, дәрігердің әрекеттерінде қателіктер болмады

* Емінің нәтижесі, мүмкін болатын оның салдары және қауіпі туралы ақпарлау жағынан науқастың құқығы бұзылды

*+Науқас денсаулығына зиян келтірген медициналық көмектің кемшіліктері (ТЛТ жургізуге қарсы көрсеткіштің болуы)

 

10! Әйел артериальді гипертензия және өткерген ми инсультінің салдары диагнозымен Қалалық кардиологиялық орталыққа түсті. Госпитализацияға дейін 2 күн бұрын жарақат алған. Жедел көмек бригадасының шығарып салу парағында оң жақ жамбас мойыншығының сынуы тіркелген. Қабылдау бөлімінің дәрңгері шығарып салу парағының мәліметтерін оқымай, науқасты бөлімшеге жатқызады. Қарау кезінде науқаспен байланысу қиындаған, дизартрия. Сол жақты гемипарез. Оң жақ аяғының сыртқа айналуы. ЭКГда жедел коронарлы дерт мәліметтері анықталмаған.

Қандай дәрігерлік қателік орын алады?

* Ешқандай қателіктер болмады, дәрігердің барлық әрекеттері дұрыс

* Жарақатталған аятың рентгенографиясы жасалмады

*+Қабылдау бөлімі дәрігерінің науқасқа немқұрайлы қарауы

* Ауыры синдромының салыстырмалы диагностикасы жүргізілмеді

* Дәрігер алған білімі және қызметке ие болу күшінде оның жасап жатқан әрекеттері дұрыс емес және науқасқа зиян келтіретіндігін мойындау қажет еді.

 

11! Қостанай қаласының тұрғыны бүйрек тас ауруының ұстамасымен Қарағанды қаласының №2 қалалық ауруханасына келіп түсті. Кезекші дәрігер науқастың құжаттарымен танысып және жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап,Қарағанды қаласының тұрғыны болмағандықтан, медициналық көмек көрсетуден бас тартты. Түнде науқастың жағдайы күрт нашарлап, шақырылған жедел жәрдем бригадасы науқасты №1 жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіп, сол жерде операция жасалынды.

№ 2 аурухана дәрігерінің іс әрекетін қалай бағалауға болады?

* Дәрігердің кінәсі науқастың жағдайын толық бағаламауында

* Дәрігердің кінәсі жоқ, өйткені науқастың жағдайы қанағаттанарлық болатын

* Дірігер кінәлі емес, себебі науқас басқа қаланың тұрғыны

* Дәрігердің кінәсі жоқ, науқас бірден жедел көмек бригадасын шақыруы тиіс еді

*+Дәрігердің әрекеті құқыққа қарсы және ол "Науқасқа көмек көрсетілмеді" деп бағалануы мүмкін

 

12! Кезекті демалысқа шыққан дәрігер-хирург, жан-ұясымен демалуға өз көлігімен шықты. Көлік апаты салдарынан жол жабық болғандықтан қаладан шыға берісте тоқтайды. Көліктен шыға бергенде, қан кетумен және оң жамбас сүйегінің ашық сынығымен ауыр жағдайда жол шетінде жатқан ер адамды көреді. Осы уақытта полиция қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақырады. Бірақ сол мезгілде жол ашылып, ол көлігіне отырып сапарын жалғастырады.

Осы жағдайда дәрігердің мінез-құлқын қалай бағалауға болады?

* Заң бұзушылық жоқ, науқасқа жедел жәрдем шақырылды

* Дәрігер кезекті демалыста болғандықтан көмек көрсетуге міндетті емес

* Науқастың жағдайы өміріне қауіпті болмағандықтан, дәрігер сапарын жалғастыра алды

* Дәрігердің араласудың қажеті жоқ, алғашқы көмекті жол сақшысы көрсете алады

*+Дәрігер "Науқасқа көмек көрсетпеді" деген қылмыс жасады, себебі өмірлік көрсеткіштері бойынша ол жұмыстан тыс және кез келген жерде, кез келген уақытта (сонымен қатар кезекті демалыста болса да) алғашқы көмекті көрсетуге міндетті

 

13! Кезекті демалысқа шыққан дәрігер-хирург, жан-ұясымен демалуға өз көлігімен шықты. Көлік апаты салдарынан жол жабық болғандықтан қаладан шыға берісте тоқтайды. Көліктен шыға бергенде, қан кетумен және оң жамбас сүйегінің ашық сынығымен ауыр жағдайда жол шетінде жатқан ер адамды көреді. Осы уақытта полиция қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақырады. Бірақ сол мезгілде жол ашылып, ол көлігіне отырып сапарын жалғастырады.

Осы жағдайда дәрігердің мінез-құлқын қалай бағалауға болады?

* Заң бұзушылық жоқ, науқасқа жедел жәрдем шақырылды

* Дәрігер кезекті демалыста болғандықтан көмек көрсетуге міндетті емес

* Науқастың жағдайы өміріне қауіпті болмағандықтан, дәрігер сапарын жалғастыра алды

* Дәрігердің араласудың қажеті жоқ, алғашқы көмекті жол сақшысы көрсете алады

*+Дәрігер "Науқасқа көмек көрсетпеді" дегенқылмыс жасады, себебі өмірлік көрсеткіштері бойынша ол жұмыстан тыс және кез келген жерде, кез келген уақытта (сонымен қатар кезекті демалыста болса да) алғашқы көмекті көрсетуге міндетті.

 

14! АИТВ бар науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде тері жабындыларына биоматериалдың түсуі кезінде немесе тері жабындыларын медициналық құралдармен зақымдалуы кезінде БІРІНШІ кезекте қандай шаралар қолданған дұрыс?

* АИТВ бар науқастты оңашалау

* Болған оқиғаны жұмыстағы әріптестеріне хабарлау

* Бөлім меңгерушісіне хабарлау

* Болған оқиғаны апат жағдайлардың есебін тіркейтін журналға тіркеу

*+Апатты жою және жұқтыру қауіпін азайту бойынша шаралар қолдану

 

15! АИВ инфицирленген материал теріге түскен жағдайда теріні қандай дезинфицирлеуші ерітіндімен залалсыздандыру қажет?

* 6% перекись сүтегісі ерітіндісімен

* 3% перекись сүтегісі ерітіндісімен

* +70º спиртпен

* 96º спиртпен

* Йодонатпен

 

16! Хирургиялық бөлімшеге кенет пайда болған сарғаюға, оң қабырға астында ауыру сезіміне шағымданады. Бір тәуліктен кейін вирусты А гепатиті диагностикаланды. Инфекциялық гепатипен ауыратын науқастардың ас-ыдыстары қандай түрде залалсыздандырылуы қажет?

* Қайнағаннан кейін тұзды суда 60 минут ыдыстарды қайнату

*+Қайнағанан кейін 15 минут 2% сода ертіндісінде қайнату

* 1% хлорамин ерітіндісінде 10 минут батырып қою

* Ағынды сумен жуу

* Залалсыздандырмауға да болады

 

17! Терапияның қабылдау бөліміне нақты тұрақсыз жері жоқ ер адам жеткізілді. Қарау кезінде педикулёз анықталды. Науқасты өңдеп болғаннан кейін, бөлмені қандай ерітіндімен БІРІНШІ кезекте залалсыздандыру қажет?

* 6% перекись сутегісімен, 1% дезоксонмен

* 3% хлорлы әк, 3% хлораминмен

* 1% хлорлы әк, 1% хлораминмен

*+0,15% карбофоспен, 0,5% хлорофоспен

* 70º спиртпен, 3% хлораминмен

 

18! 72 жастағы ер адам геморрагиялық инсультпен 3ші тәулік кома жағдайында жатыр. Терідегі ойық жараларды алдын алу үшін науқас қалпын қанша уақытта ауыстырып отыру БАРЫНША тиімді?

* 12 сағат

* 8 сағат

* 6 сағат

* 24 сағат

*+2 сағат

 

19! ST сегментінің көтерілусіз жедел коронарлық синдром диагнозымен 67 жастағы науқас Д. қалалық кардиологиялық орталыққа жедел жеткізілді. ЖМЖ бригадасымен 5 мың ед. гепарин енгізіліп және стрептокиназамен ТЛТ жасалды. Қабылдау бөлімінде науқастың 3 апта бұрын асқазанның жедел ойық жарасы бойынша ем қабылдағаны туралы анықталды. Зерттеу кезінде: Нв – 65 г/л, эритроциттер – 2,7. ЭФГДС-да көп мөлшерде қан кету анықталды.

Қабылдау бөлімінің дәрігірінің тәсілі қандай болу керек?

* Қарқынды терапия және реанимация бөлімшесіне науқасты жатқызу

* Гематологты шақырып, қан тобын және резус-факторды анықтау

* Науқастан қан тобын және резус-факторын анықтау, эритроцитарлы массаға тапсырыс беру, науқасты ҚТжәнеРБ ауыстыру

* Қан тобы және резус-факторды анықтауға, науқасты ҚТжәнеРБ ауыстыруға туыстарынан ақпараттық келісімді алу

*+Қан тобын, резус-факторын анықтау, науқастан ақпараттық келісімді алып, эритроцитарлы массаға тапсырыс беріп, хирургты және реаниматологты шақыру

 

20! 14 апталық 16 жасар жүкті қыздың ата-анасы тәжірибелі акушер маманына сый-ақы береміз деген өтінішпен қызға құпия түрде аборт жасауды өтінеді. Акушер перзентханадан алып келген құрал-жабдықтарды қолдана отырып жүктілікті үзу операциясын үй жағдайында өткізеді.

Бұл жағдайда заң бұзушылық бар ма?

* Жоқ, өйткені қыздың ата-анасы өзінің келісімін берді

*+Ия, себебі аборт ауруханадан тыс мекемеде жасалды

* Жоқ, акушер маманы науқастың құпиясын сақтауы тиіс еді

* Жоқ, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы өздері шешім қабылдайды

* Орнатылған мерзімнің бұзылуымен, профильге сай емес жоғары медициналық білімі жоқ маман аборт жасады

 

21! 16 апталық 16 жасар жүкті қыздың ата-анасы тәжірибелі акушер маманына сый-ақы береміз деген өтінішпен қызға құпия түрде жасанды түсік жасауды өтінеді. Акушер перзентханадан алып келген құрал-жабдықтарды қолдана отырып, стерильді жағдайда жүктілікті үзу операциясын үй жағдайында өткізеді. Бұл жағдайда жасанды түсікті профильге сай емес жоғары медициналық білімі жоқ қызметкер жасады.

Акушерканы қандай жаза күтіп тұр?

* Жаза жасанды түсіктің нәтижесіне байланысты

* Жаза жасанды түсіктің қандай жағдайларда жасалуына байланысты

* Акушелерге арнайы бабтар қаратырылмаған, сондықтан жаза дәрігерлер дәрежесінде болады

* Осы жағдайда дәрігерге төніп тұрған жазамен салыстырғанда акушер жазасы барынша жеңіл жаза болады

*+Медициналық қызметпен жұмыс жасау құқығынан айырылып және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады

 

22! 12 жастағы бала қалалық ауруханаға қан кетумен түсті. Шұғыл түрде қан құю талап етілді, бірақ баланың ата-анасы діни көзқарасқа байланысты қан құюға келісімдерін берген жоқ. Бала көп мөлшерде қан кетуден өледі.

Бала өліміне медициналық қызметкерлер жауапты ма?

* Жоқ, баланың өліміне тек қана ата-анасы кінәлі

* Жоқ, баланың ата-анасы медициналық көмектен бас тартуға құқықтары бар

* Ия, дәрігерлер баланың жағдайын қорғау мақсатында сотқа жүгінуі керек еді

* Ия, бала өмірін сақтау үшін аурухана әкімшілігі балаға қан құю қажеттілігі туралы ата-анасын көндіру керек еді

*+Ия, дәрігерлер шұғыл түрде баланың жағдайын ойлап, қан құю туралы коллегиальді шешім қабылдау керек еді

 

23! Көлік апатынан ауыр жарақаттар алған ес-түссіз жағдайдағы науқас Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ауруханада науқасқа операция жасалып, қан құйылды. Сонымен қатар 6 айдан кейін науқаста вирусты С гепатиті анықталды. Науқас оның келісімінсізқұйылған қан үшін ОАА – дан компенсацияны талап етіп сотқа шағымданды.

ОАА дәрігерлері жағынан заңды бұзушылық болды ма?

* Ия, дәрігерлер С гепатитін жұқтыртқан үшін жауапкершлік тартады

* Ия, дәрігерлердің науқастың келісімінсіз қан құймау керек еді

* Ия, дәрігерлердің науқастың рұқсатынсыз операция жасамау керек

*+Жоқ, себебі науқас шұғыл және өміріне қауіпті жағдайда болған

*Ия, науқастың туыстарынан ақпаратты келісім алулары керек еді

 

24! Операция кезінде науқастан тіннің кескіні алынып, одан жасушаларды бөліп және орта өсірілді. Осыған байланысты тәжірибелік жұмыстар жасалды. Науқастың рұқсатынсыз генетикалық коды бар жасушаларды алған кезде биомедициналық этиканың қандай қағидалары бұзылды?

*+Ақпаратты келісім

* Жасырындылық

* Әділділік

* Шынайлық

* Мейірімділік

 

25! Дәрілік заттың енуіне аллергиялық реакцияның ауыр түрі?

* Есекжем

* Бронхоспазм

* Атопиялық дерматит

*+Анафилактикалық шок

* Аллергиялық дерматит

 

26! Орталық Аудандық аурухананың хирургиялық бөлімінің аға мейірбекесі дәріхана меңгерушісінің келісімімен, бөлімшеге деп дәрілік заттарды алады. Кейін, ауру көршілеріне жедел көмек көрсету мақсатында дәрілерді қол астында ұстау ұшін деп, 8 қорап фентамин және 20 ампула морфинді жасырын үйіне алып кеттеді.

Бұл қылмыстық жауапкершілікке жатады ма және не үшін?

* Иә, емдік мекемеден ұрлық болып есептеледі

* Жоқ, себебі науқас көршілеріне көмектесу мақсатында алды

* Иә, науқастар бұл дәрілердітек дәрігердің рецептімен алады

* Жоқ, рецепт бойынша бұл дәрілерді алу қиын, сондықтан оларды қол астында ұстаған дұрыс

*+Иә, олар А тобының дәрілері және наркотиктер болып табылады, мейірбике оларды сату мақсатында алуы мүмкін

 

27! Неврологиялық бөлімінің мейірбикесі ауруханадан тыс, дәрігерлердің атынан өзінің таныстарына және көршілеріне рецепттер таратқан. Бұл қылмыс болып санала ма?

* Жоқ, бұл әс-әрекетті ол ауруханадан тыс жасады

* Жоқ, бұл көршілеріне медициналық көмек

* Жоқ, мүмкін дәрігерлер ол туралы хабардар болды

*+Ия, себебі мейірбике барлық ережелерді бұзды

* Жоқ, әкімшілік айыппұлмен құтылуға болады

 

28! Жедел жәрдеммен травматологиялық бөлімшеге “бас миының шайқалуы” диагнозымен ер адам жеткізілді. Бас ауруына шағымданады. Об-ті: жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Кезекші дәрігер зерттеулерді таңертеңгі уақытқа қалдырды. Бас ауыруы күшейген кезде кезекші мейірбике науқасқа димедрол таблеткасын берді. Таңертен науқас палатада өлі табылады. Улкен шүйделік тесікке мишықтың енуінен болған бас миның ісінуі нәтижесінде өлім туындады.

Дәрігер мен мейірбикенің іс-әрекеті қалай бағалануы тиіс?

* Науқасқа көмек көрсетілмеді

* Дұрыс және толық медициналық көмек көрсетілді

*+Медициналық көмек көрсету кезінде қылмыстық немқұрайлық

* Мейірбике іс әрекеті жағынан бұзылыстар жоқ – дәрігер қажетті бұйрықтар бермеді

* Дәрігер іс әрекеті жағынан бұзылыстар жоқ, ал мейірбике кезекші дәрігерді шақыруы тиіс еді

 

29! Дәрілік терапияның қателіктері - барынша нақты анықтаманы көрсетіңіз?

* Қолайсыз нәтижеге алып келген қателік

* Дәрілік затты қабылдау кезінде нұсқауды орындамау

* Науқаспен дәрілік затты қабылдау тәртібін сақтамау

* Потенциалды өлім нәтижесі бар дәрілік заттарды қабылдау кезіндегі қателіктер

*+Дәрілік заттарды тағайындау, дайындау, енгізу үрдісіндегі кез-келген қателіктер

30! Кепілді тегін медициналық көмек көлемін көрсету үшін жеткілікті мөлшердегі қажетті дәрілік заттардың тізімі ол:

* Дәрілік заттардың стандартты көлемі

* Дәрілік қамтамасыз ету стандарты

*+Дәрілік формуляр

* Дәрілік модель

* Хаттама

 

31! Абайсыз немесе қасақана белгілерінсіз, таза қателесумен сипатталатын медицина қызметкерлерінің дұрыс емес әрекеттерімен байланысты медициналық көмек көрсетудегі ақаудың БАРЫНША атауын атаңыз:

* Салғырт қарау

*+Медициналық қателік

* Ұқыпсыз қарау

* Қасақана әрекет

* Қолайсыз нәтиже

 

32! Аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен басылмаған гипертониялық кризі бар науқас жеткізілді. Қабылдау бөлімінде науқасқа гипотензивті препарат беріліп, каталкамен бөлімшеге апарды, онда бірнеше минуттан соң геморрагиялық инсульт дамыды.

Берілген жағдай дәрігерлік қателіктің қандай түріне жатады?

* Коммуникативті

* Диагностикалық

* Тактикалық

* Техникалық

*+Емдік

 

33! Бөлімшеге тегі ұқсас екі науқас түсті, оның біреуіне асқазанның эндоскопиялық зерттеуін жүргізді. Түнгі кезекшілікке келген медбике зерттеу нәтижелерін басқа науқастың ауру тарихына жапсырды. Дәрігер жапсырылған бланкте науқастың тегіне көңіл аудармай, эндоскопия нәтижелеріне қарап дәрі тағайындады, одан науқаста айқын аллергиялық реакция дамыды. Берілген науқасқа медициналық көмек көрсеткен кезінде қандай қателіктер жағымсыз нәтижелерге алып келді?

* Уақыт тапшылығы

* Дәрігер жүктеулігі

* Коммуникация бөгеттері

*+Ережелер және шаралардың сақталынбауы

* Өкілеттіліктің анық емес бөлінуі

 

34! 5 жасар қызға көптеген тісжегіге жалпы наркозбен ем жүргізді. Ем шара біткеннен кейін дәрігер-анестезиолог науқасты ояну бөлмесіне ауыстырды, онда медбике және баланың анасы болды. Дәрігер басқа науқастарға кетті, қызды анасының қарауына қалдырып медбике де шығып кетті. 10 минуттан соң анасы баласының дем алмай жатқанына көңіл аударып, медицина қызметкерлерін шақырды. Кеш көмек жасағаннан кейін науқаста милық кома дамыды.

Болған оқиғаға тікелей кім жауап алады?

* Аурухана әкімшілігі

* Медициналық медбике

*+Дәрігер-анестезиолог

* Науқас анасы

* Дәрігер - стоматолог

 

35! 56 жасар ер адам созылмалы холецистит бойынша шипажайда ем алып жатыр. 3 күні физкабинетке барар жолда 2-ші қабатта ер адамда ентігу және эпигастрийде ауру сезімі пайда болды, осылай екі күн қайталанды. Емдеуші дәрігер спазмолитик тағайындап, физио шараларды сумен емдеу шараларына ауыстырды. Кешке қарай ер адамда эпигастрий аймағында төс артына берілетін қарқынды ауыру сезімі және әлсіздік пайда болды. Жедел жәрдем бригада дәрігері ЭКГ-да Q тісшелі инфаркт миокардын анықтады.

Төменде аталғандардың қайсысы инфаркт миокарда дамуының БАРЫНША себебі болып табылады?

* Диагностика жасау жағдайының болмауы

* Шипажайда дәрігер-кардиологтың болмауы

*+Шипажай дәрігер біліктілігінің төмен болуы

* Дәрі - дәрмектің болмауы

* Салғырт қарау

 

36! Науқас бөлімше меңгерушісіне басқа дінге сенуші болғандықтан емдеуші дәрігерін ауыстыруын өтінді.

Берілген жағдайда бөлімше меңгерушісіне не істеу қажет?

* Науқасты шығару қажет

* Өзі науқасты жүргізу қажет

*+Науқас ықыласын ескере отырып емдуші дәрігерін ауыстыру қажет

* Науқасқа берілген дәрігердің білікті маман екенін түсіндіру қажет

* Жүргізіп жатқан дәрігерді ауыстырмай, барлық дәрігер бірдей емдейтінін түсіндіру қажет

 

37! 66 жасар науқас ишемиялық инсульт бойынша қарқынды терапия палатасында ем алып жатты. Жалпы палатаға ауыстырғаннан кейін 2-ші күні науқастың дене қызуы 380С дейін көтерілді. Об-ті: моторлы афазия әсерінен сөйлеуі қиындаған, жұтуы бұзылмаған, сол жақты гемипарез. Тыныс алуы везикулярлы, ТАЖ 18. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 88 рет 1 мин. АҚ 130/80 мм сб б. Зәр шығуы урологиялық катетерден. Дәреті ретті.

Төменде аталғандардың қайсысы дене қызуы жоғарлауының БАРЫНША себебі болуы мүмкін:

* Асқазан-ішек жолының инфекциясы

*+Катетер-ассоциирлеген инфекция

* Орталық генезді дене қызуы

* Тыныс алу жолдарының инфекциясы

* Тері жабындылардың инфекциясы

 

38! Дамып келе жатқан ұрықта туа пайда болған ауруды анықтағанда болашақ баланың тағдырын кім шешеді (жүктілікті жалғастыру немесе аборт жасау):

* Мемлекеттік денсаулық сақтау орындары

* Тек білікті дәрігерлер

* Діни ұйымдар

*+Тек ата-анасы

* Тек анасы

 

39! Бөлімшеге жатқызылған науқаста алғаш рет қанында АИВ оң нәтиже келді. Қанның екінші сарысуы бойынша иммуноферменттік талдауда нәтиже де оң болып шықты.

Жұқпалы дертті анықтаған медицина қызметкері қандай құжат толтыру қажет?

* Науқасты бақылау журналын

* Бас медбикеге хабарлама

* Бас дәрігерге хабарлама

*+Шұғыл хабарлама

* дене қызуы парағын

 

40! Мәжбүрлі ем немесе ауруханаға жатқызу келесі адамдарға рұқсат етіледі:

* Созылмалы алкоголизмі бар

* Қатерлі ісігі бар

* Психосоматикалық аурумен зардап шегетін

*+Айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аурулары барлар

* Кез келген жағдайда ем немесе ауруханаға мәжбүрлі жатқызуға болмайды

 

41! Науқас пен емдеуші дәрігердің арасында жеке сипаттағы конфликт пайда болды. Осы жағдайда бөлімше меңгеруші не істеуі керек?

*+Емдеуші дәрігерді ауыстыру қажет

* Науқасқа бөлімше меңгерушісі өзі курация жүргізу керек

* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа барлық дәрігерлер емдеу терапиясын бірдей жүргізетінін, ешқандай айырмашылық болмайтынын түсіндіруі керек

* Дәрігер– кураторды ауыстырмай, жеке сипаттағы болған конфликт емдеудің нәтижесіне әсер етпейтінін түсіндіру

* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа дәрігер таңдауына құқығы жоқ екенін түсіндіру

 

42! Терапия бөлімшесінің науқасы, өзінің дәрігері қойған диагнозына күмәнданып, профессордың кеңесін талап етеді.. Емдеуші дәрігер өзінің қойған диагнозына сенімді, дәл қазір профессордың кеңесін ұсынбайды. Осы жағдайда емдеуші дәрігер не істеуі керек.

* Науқасты диагноздың дұрыс екеніне сендіруі керек

* Бөлім меңгерушісімен бірлесіп, науқасты диагнозының дұрыс екеніне сендіруі керек

*+Емдеуші дәрігер профессормен кеңесіп, бөлім меңгерушісіне науқастың талабын жеткізуі керек, өйткені бұл науқастың құқығы, ал емдеуші дәрігер үшін тәжірибелі маманның кеңісін алу мүмкіндігі бар

* Науқасқа талабының дұрыс емес екендігін түсіндіріп, емедеуші дәрәгер тәжірибелі маманның кеңесі қажет немесе қажет емес екендігін өзі шешеді

* Профессор кеңестерді тек анық емес жағдайда ғана жүргізеді, ал бұл жағдайда науқастың жағдайы кеңесті қажет етпейтінін түсіндіру қажет

 

43! Облыстық аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі медициналық университетке 0,5 ставкаға жұмысқа орналасты. Меңгеруші жетекшілігімен жүрген интерн дәрігер, сол меңгерушінің қарайтын палатасындағы екі науқасқа препарат мөлшерінен артық ем тағайындады. Нәтижесінде науқастардың жағдайы едәуір нашарлады. Заң алдындағы жауапкершілік кімге жүктеледі?

* Тек интерн дәрігерге

*+Тек бөлім меңгерушісіне

* Интерн және мөлшерінің жоғары екенін байқамаған мейірбикеге

* Интернді оқытқан кафедра мұғалімдеріне

* Интерн дәрігер және бөлім меңгерушісіне

 

44! Дәрігер-эксперт мәйіт экспертизасын жасауға шеткі ауданға келіп мәйіттің бас миы, кеуде, іш қуысы ағзалары, ішастар ерекшеліктерін сипаттап, қорытынды жасап, мәйіт жерленді. Бірақ, туыстарының прокуратураға шағымдануы бойынша мәйітке эксгумация жасалынды. Эксгумацияланған мәйітті зерттеу барысында оның бас сүйегі және іш қуысы мен ішастарының кейбір мүшелері зерттелмегендігі анықталды. Қайта жасалған экспертиза нәтижесінде оң бүйрек пен бүйрек үсті безінің жыртылуы анықталды. Заң алдындағы жауапкершілік кімге жүктеледі?

*+Тек врач-эксперт аутопсия нәтижесінің фальсификациясы үшін

* Дәрігер, дер кезінде науқасқа көмек көрсетпегені үшін

* Басқарушы, аутопсия жасауға тәжірибесі жоқ дәрігерге рұқсат бергені үшін.

* Эксперт-паталогоанатом, шеткі ауданға аутопсия жасауға баруға бас тартқан

* Заң алдындағы жауапкершілік ешкімге жүктелмейді

 

45! АИВ инфицирленген науқас оның ауруы туралы дәрігер конфеденциальділікті ұстамайтынын білді. Бұл жағдайда науқастың қандай құқығы бар?

* Науқаста ешқандай құқық жоқ

*+Ар намысын қорғау мақсатымен сотқа арыздану

* Емдеуші дәрігерге қанағатсыздығын айту

* Дәрігерге ұрыс сөз айтуға құқысы бар

* Д есептен шығуға құқысы бар

 

46! 15 жастағы ер бала мөлшерден артық қолданумен наркология бөліміне түсті, детоксикациялық терапиядан кейін жағдайы жақсарған соң дәрігерлерден әке-шешесіне мәлімет бермеуді сұрайды. Дәрігерлер не істеуі қажет?

* Науқаспен келісуі керек

*+Әке-шешесіне дер кезде хабарлау және емді жалғастыру

* Әке-шешесіне хабарламай емді жалғастыру

* Ауруханадан шығар алдында әке-шешесіне хабарлау

* Мектепке хабарлау

 

47! Ауруды дұрыс анықтамауы немесе қате анықтауы дәрігерлік қателіктің қандай түріне жатады?

*+Диагностикалық

* Тактикалық

* Техникалық

* Коммуникацияның қателігі

* Емдік

 

48! Науқасқа немесе ауыр түрде зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетпеудің себептеріне жатады:

* Дәрігердің демалыста немесе зейнетте болуы

* Дәрігердің жұмыс емес уақытында болуы

*+Дәрігердің өміріне қауіптілігі

* Медициналық көмек көрсетуге кедергі болмайтын, дәрігердің ауруына байланысты «сырқаттану парағында» болуы

* Науқастың дәрігер еңбегіне төлейтін қаражатының болмауы

 

49! Адам денсаулығының сферасына кірісу қайсысының негізінде болуы мүмкін?

* Медициналық көрсеткіштердің негізінде

* Туыстардың талаптарының негізінде

* Финанстық пайда алудың негізінде

* Аурудың сирек кездесетін суреті және оның білімді бағалылығы негізінде

*+Науқастың еркін, сезілген, ақпаратталынған келісімнің негізінде

 

50! Онкологиялық ауруы бар науқастың өлімі, пациенттің сұрауымен дәрігер тағайындаған ауру сезімін бастыратын дәрілердің көп мөлшерін қабылдауымен байланысты. Бұл іс-әрекет қалай квалификацияланады:

*+Активті еркін тікелей емес эвтаназия

* Пассивті еркін тікелей емес эвтаназия

* Пассивті еркін тікелей эвтаназия

* Активті еркін тікелей эвтаназия

* Дәрігердің адам өлтіруі

51! Стационардың қабылдау бөліміне ауыр жағдайында науқас түскенде фельдшер БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ не істеу керек?

* Профильді бөлімшеге науқасты госпитализациялау

* Науқасты реанимациялық бөлімшеге транспорттау

* Керекті медициналық құжаттарды толтыру

*+Жедел дәрігер алды көмекті көрсетуді бастау

* Жедел кезекші дәрігерді шақыру

 

52! 35 жастағы әйел адам гинекологиялық тексеруден соң, онкодиспансерге қайта тексеруге жіберілді. Бұл мекемеде тек ісік ауруымен науқастар емделеді деп санаған әйел, құрбыларына диагноз нақтылынған жағдайда өзіне қол жұмсайтынын айтады. Диспансерде науқас емделуге жатқызылады. Әйелдің психологиялық жағдайына назар аударылмады, себебі мінезінің тұрақсыздығын спирттік затты қолданумен байланыстырған. 2 күннен соң науқас «балаларды қарауға» үйіне сұранып, уланған. Осы жағдайда қайғылы жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

* Емдік қате жіберілген – нарколог кеңесі жүргізілмеді.

* Әдістік қате жіберілген – науқасты стационардан шығармау керек.

* Науастың құрбыларының қателігі – дәрігерге науқастың ойын хабарламады.

* Медқызметкер қате жібермеді, стандартты тәсілдер орындалды.

*+Деонтологиялық қате жіберілді – науқаспен психологиялық жұмыс жүргізілмеді.

 

53! Дәрілік формуляр ұғымына қандай анықтама сәйкес келеді?

*+Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін топтастырылған дәрілік заттардың тізімі

* Медициналық көмекті көрсету үшін топтастырылған өмірлік маңызды дәрілік заттардың тізімі

* Дәрілік қамтамасыздандырудың стандарты

* Емдеу стандарты

* Дәріханадағы дәрілік заттардың ассортименті

 

54! Қант диабетімен ауыратын науқаста инсулиннің 5-6 күндік қоры қалды. Оған емханада дәрілік заттарды жеткізетін мекеме уақытында дәрі-дәрмектерді жеткізбегендіктен ақысыз рецепт бойынша инсулин берілмеді. Бір аптадан кейін науқас қант диабетінің декомпенсациясына байланысты ауруханаға түсті. Науқастың инсулинді дер кезде алмағандығында кімнің кінәсі болды?

* Дәрігердің

* Дәріхананың

*+Дәрілік заттарды жеткізетін мекеменің

* Денсаулықсақтау мекеменің

* Жергілікті орындаушы мекеменің

 

55! Әйел адам 26 жаста, жүктіліктің 32 аптасы, жергілікті жердегі кардиологқа тыныштық жағдайдағы ентігуге, жүрек қағысына, 2 тәулік бойы мазалаушы айқын жалпы әлсіздікке шағымдалып келді. Кардиолог гипотоникалық тип бойынша НЦД диагнозын қойып, тыныштандыратын препараттар тағайындаған. 3-ші тәулікте жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көмегімен әйел перзентханаға жеткізілді. ЭХОКГ-да тексергенде: айдау фракциясы (ФВ)-26%, жүректің барлық қуыстарының дилатациясы анықталды. Кардиолог-консультант қарағанда перипортальды кардиомиопатия диагнозы қойылып, соған байланысты уақытысынан бұрын жедел босандырылды. 6 тәулік өткеннен кейін әйел қайтыс болды.

Медициналық көмектің қай кезеңінде қателік жіберілді?

* Жедел жәрдем бригадасы пациентті кардиологиялық стационарға жеткізу керек еді

* Барлық кезеңде медициналық көмек дұрыс көрсетілді

* Жедел босандыруға көрсеткіштер болмады

* Әйел медициналық көмекке уақытысында қаралмады

*+Емханадағы кардиолог ЭХОКГ жасамаған

 

56! Науқастың диагнозы ісіктің 4 сатысы, өзінің диагнозын біліп, дәрігерге бұл жайлы туысқандарына хабарламауын сұрады. Бірақ дәрігер науқастың жағдайын адекватты емес деп қабылдап диагнозды және оның болжамын науқастың баласына хабарлауды шешті. Дәрігер дұрыс шешім қабылдады ма?

* Дәрігер науқастың жағдайын адекватты емес деп бағаласа, онда ол дұрыс шешім қабылдады, бірақ науқастың баласына емес, әйеліне хабарлауы тиіс

* Дәрігер науқастың ойын білмегендіктен, науқастың барлық туысқандарымен сөйлесуі қажет еді

* Дәрігер аурудың болжамы жайлы туысқандарына тікелей емес, астарлап айтуы керек еді

*+Дәрігер науқастың құқын бұзды, науқас өз денсаулығы жайлы ақпаратты кімге айту керектігін өзі шешу қажет.

* Дәрігер науқастың жағдайына қарап дұрыс шешім қабылдады.

 

57! Науқас туберкулездің ашық формасымен ауырады, бірақ тубдиспансерде ем қабылдаудан бас тартады. Дәрігер бұл жағдайда не істеуі қажет?

* Науқас басқа науқастарға қауіп төндіретіндіктен, емдік –алдын алу мекемелерде ем қабылдауына қарсы болатындығын түсіндіріп, тубдиспансерге жатуын талап етеді.

* Науқас тубдиспансерде жатып емделмесе, онда оны өзінің қалауынсыз емдейді.

*+Науқас ауруханада емделуден бас тартуға құқы бар, бірақ оның инфекциялардың жұғуын алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін айту керек.

* Егер ауруханаға жатып емделуден бас тартса, оны амбулаторлық ем жүргізбейтінін түсіндіру қажет.

* Егер ауруханаға жатып емделуден бас тартса, туберкулезге қарсы препараттарды өзінің қаражатына сатып алатынын түсіндіру қажет.

 

58! Дәрігер-хирург алты жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс болмағандықтан, медицинамен байланысты емес бизнеспен айналысады. Ал вакансия пайда болғанда оған жұмыс берілмеді. Жұмыс бермеуі негізделген бе және қандай аргументтерге сүйенген?

* Негізделмеген, оны жұмысқа қабылдау керек еді

*+ Ия, негізделген, жұмыс өтілінде үш жыл демалыс болды, ол оқу курсынан өтіп, сертификат алу керек еді

* Жоқ, негізделмеген, ол жұмысқа қабылдануы керек, себебі жұмыс өтіліндегі демалысы жеті жылдан аз

* Ия, негізделген ол ешқашан хирургия мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды

* Ия, негізделген ол ешқашан дәрігер болып жұмыс істей алмайды

 

59! Аталық безінің қатерлі ісігімен ұзақ уақыт ауратын 56 жастағы ер адам ауруы және болжамы туралы түсіндіруді сұрады. Консилиум емнің әсерінің болмайтынын, өмір сүруіне аз уақыт қалғанын шешті, бірақ жағдайы туралы науқасқа айтпады да жағдайының жеңілдеуі болатынын уәде берді. Науқасқа шындықты айтпай дәрігерлер дұрыс жасады ма?

* Ия, дәрігерлер науқастың жағдайы үшін солай істеген

*+Жоқ, себебі науқастың өз диагнозы туралы білуге құқығы бар

* Бұл ҚР заңында қарастырылмайды

* Бұл таласуды керек ететін сұрақ

* Дәрігерлер науқасқа емес, оның туыстарына мәлімет беру керек

 

60! Тұрақты емес стенокардия диагнозымен ауруханада емделіп жатқан науқас сенбі күні үйіне қайтуға кезекші дәрігерден сұранады. Жолда жағдайы кенет нашарлап – кеудесінде ауру сезімі пайда болады, науқас жедел жәрдем шақыртып, қайтадан ауруханаға жеткізіледі, оның кеткені туралы бас дәрігер білді. Бұл жағдайда кім кінәлі және бас дәрігер не істеуі керек?

*+ Бас дәрігер кезекші дәрігерді жазалауы керек, оның науқасты үйіне жіберуге хақысы жоқ еді

* Кінәлі - емдеуші дәрігер, ол науқасқа ауруханадан шығуға болмайтынын түсіндірмеді.

* Науқас өзі кінәлі, ол қауіп-қатер факторларын білген

* Бұл ситуацияда кінәлі болғандар жоқ

* Кінәлі бас дәрігер - оның салғырттығынан дәрігерлер науқасты үйіне жіберуге болады деп санайды

 

61! Орталық аудандық ауруханаға 22 жасар қыз «Ауруханадан тыс сол жақтық пневмония, плеврит» диагнозымен келіп түсті, емханада рентген жасалынып, онда 300 мл көлемдегі плевральды сұйықтық анықталынды. Плевральды пункция жасауды шешті, бірақ процедура алдында дәрігер күмәнданып, алдымен рентгенге қайтадан түсіруді жөн көреді. Қайта түсірген суретте - бірінші түсірілген сурет науқасқа тән емес екендігі – қабырғалардың орналасуы, жүрек көлеңкесі, сұйықтықтың айқындылығы ерекшеленеді - емханада рентген суреттердің ауысып кеткені анықталды. Жіберілген қателікті қалай квалификациялауға болады?

* Диагностикалық

* Қолайсыз нәтижемен

*+Зиян келтірілудің тоқтатуымен

* Коммуникация қателігі

* Техникалық

 

62! Сенімсіз жағдайдағы науқасқа реанимациялық құралдарды қолдану деп келесіні айтады:

* Маманның төмен квалификациясының болуы

* Терапевттік заттармен шамадан тыс қолданылуы

* Сақтандыру полисі бар науқастарда міндетті түрде жасалынуы

*+«Соңына дейін адам өмірін сақтаудағы күрес» принципінің реализациясы

* Дәрігерде нравственді сезімнің және этикалық мәдениеттің болмауы

 

63! Дамитын ұрықта тұқым қуалайтын ауруды анықтағанда, бұл ұрықтың өмірін шешуге кімнің құқығы бар? (жүктілікті жалғастыру немесе аборт)

* Денсаулықсақтаудың мемлекеттік мүшелері

* Тек қана дәрігерлер-профессионалдар

* Религиозды бірлестік

*+Тек әке-шешесі ғана

* Тек шешесі ғана

 

64! Тұрғындардың денсулығын бағалайтын факторлардың ішінде ең басты фактор болып табылады:

*+Еліміздің социалды-экономикалық дамуы

* Медициналық көмектің басқармасы

* Сыртқы орта жағдайы

* Стационарлардың саны

* Мектеп оқушыларының денсаулығы

 

65! «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының мақсаттарының бірі нәрестелер өлімін азайту болып табылады. «Перинатальды өлім» түсінігі қандай жағдайларды құрайды?:

* Неонатальді және постнеонатальді өлім

* Ерте және кеш неонатальді өлім

*+Ерте неонатальді өлім және өлі тууышылық

* Нәрестелік өлім және өлі тууышылық

* Кеш неонатальді өлім

 

66! Дәріханада мерзімі өткен дәрілік затты сатып алуына байланысты науқасқа қайда шағымдану керек?

*+Сәйкес аймақтағы мемлекеттік фармацевттік инспекторына

* Дәрілік заттардың айналымын бақылайтын жергілікті басқару органдарына

* Санитарлы-эпидемиологиялық қызметке

* Тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымға

* Денсаулықсақтау департаментіне

 

67! Дәрілік заттың халықаралық патентті емес атауына қандай анықтама сәйкес келеді?

* Фармацевттік компания ұсынған дәрілік заттың атауы

* Денсаулықсақтау министрлігі ұсынған дәрілік заттың атауы

* Денсаулықсақтау департаменті ұсынған дәрілік заттың атауы

* Фармбақылау ұсынған дәрілік заттың атауы

*+Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы

 

68! Эмпатия деген не?

* Пациентке уақыт бөлу қабілеті

* Пациентке жауап беру мүмкіндігін беру қабілеті

* Пациентке шыдамды болу қабілеті

* Жеке сезімдерімен қатынаста қалу қабілеті

*+Пациенттің көңіл күйін түсініп, субъективті әлеміне ене білуі

 

69! 16 жасар жүкті қыздың ата-анасы тәжірибелі акушер маманына сый ақы береміз деген өтінішпен қызға құпия түрде аборт жасауды өтінеді. Жүктілігі 14 апта, акушер маман өзінің үйінде, стерильді жағдайда, перзентханадан алынған құрал-жабдықтарымен жүктілікті үзу операциясын өткізді. Бұл жағдайда заң бұзушылық бар ма?

*+Заң бұзушылық болды, өйткені аборт ауруханалық мекемеден тыс жасалды.

* Заң бұзушылық болған жоқ, өйткені қыздың ата-анасы өзінің келісімін берді.

* Ия, жоғары медициналық білімі жоқ маманмен аборт жасалынды.

* Жоқ, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы өздері шешім қабылдай алады.

* Жоқ, акушер маманы науқастың құпиясын сақтауы тиіс еді

 

70! Маниякалды-депрессивті психозбен ауыратын науқас, агрессиялық және адекватты емес мінез-құлығын көрсете бастады. Осындай жағдай жиі қайталана беретіндіктен науқастың көршілері жедел-жәрдем шақырып, ауруханаға жатқызуын өтінді. Науқастың өзі және оның туысқандары ауруханаға жатуға қарсылық білдірді. Бірақ оған қарамастан психиатриялық мекемеге жатқызылды, ҚР заңы бойынша 16.04.1997ж № 96-I « Психиатриялық жәрдем туралы және азаматтардың құқығына кепілдік беру туралы» жедел-жәрдем фельдшері қандай әрекет жасауы керек?

* Науқасты үйде қалдыру керек, науқас госпитализациядан бас тартуға құқылы.

*+Ауруханаға жатқызылуы тиіс, себебі науқас өзіне және айналадағы адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.

* Науқасты үйде қалдыру керек , себебі науқас психиатриялық ауруханалық көмекке мұқтаж емес.

* Науқасты үйде қалдыру керек , себебі науқастың жағдайын көршілері дұрыс бағаламауы мүмкін.

* Туыстарының рұқсатынсыз ауруханаға жатқызуға болмайды.

 

71! 14 жастағы қыз бала қалалық аурухананың акушерлік бөліміне түсті, 2 айлық жүктілігі бар деп анықталынды. Науқас бұл жағдайды біліп, дәрігеріне жасанды түсік жасатып ол туралы ата-анасына айтпауын өтінді. Дәрігер не істеуі қажет?

* Жасанды түсік жасап, ата-анасына хабарламау.

* Бұл мерзімде ата-анасының келісімінсіз жасанды түсік жасатуға болмайды.

*+Қыз кәмелеттік жасқа толмағандықтан, бұл жайды ата-анасы білуге тиіс және жасанды түсік жасау қажет па өздері шешім қабылдайды.

* Дәрігер дәрігерлік құпияны сақтау керек, бірақ жасанды түсікті ата-анасының рұқсатынсыз жасауға болмайды.

* Бұл мерзімде жасанды түсік жасауға мүлдем болмайды.

 

72! Дәрігер Б. ауыл аймағына достарыме


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!