Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Биологиялық ерекшеліктері



Тары жаздық түрде ғана өсіріледі. Тары сорттары вегетациялық кезеңінің ұзақтығына карай көптүрлілігімен ажыратылады: 50-70 тэулікте пісетін ерте сорттарымен қатар, 100-120 тэулікте кеш пісетін сорттары да бар. Қазақстанда өсірілетін сорттарының вегетациялық кезең ұзақтығы 75-85 тәулік.Тарыда, басқа да дэнді астық дақылдары сияқты, алты өсу жэне даму кезеңдері бар: егін көгі, түптену, түтікке шығу, шашақтану, гүлдену жэне пісу. Себуден егін көгіне жэне көктеуден түптенуге дейінгі кезеңаралық үзақтығы барлық экологиялық-жағрапиялық топтарында шамамен бірдей және топырақ температурасы мен ылғалдылығына байланысты өзгереді. Егін көгі сепкеннен 3-20 - тэулікте пайда болады, ал түптенуі көктеуден кейін 10-30- тэулікте жүреді. Көктеуден шашақтануға жэне шашақтанудан пісуге дейінгі кезеңаралық үзақтық тиісінше 25-80 жэне 25-30 тәулікті қүраиды, ол ауа-раиына және сорттың пісу мерзіміне (піскіштігіне) байланысты.Тары түқымы айқын байқалатын егін жинағаннан кейінгі пісіп жетілу кезеңімен ерекшеленеді, сақтауда 20 жылға дейін өнгіштік қабілетін сақтайды жэне өз массасының 25-34 % ылғалды сіңіргеннен кейін өне бастайды. Тары өсімдігі алғашқы уақытта өте баяу өсу қарқынымен ерекшеленеді, ал бүл арамшөптерге өте сезімтал етеді. Өсімдігінің биіктігі вегетациясының соңына қарай 1,0-1,5 м. жетеді. Қоректену алаңының өсуіне байланысты тары күшті түптенуге бейім. Тарының тамыр жүйесі шашақты, 1 м. тереңдікке бойлайды. Түп тамырларының үзындығы 306; 60 см-ге дейін жетеді, өсімдік тіршілігінің соңына дейін тірі болады жэне вегетациясының қолайсыз жағдайларында белгілі бір мөлшерде аз да болса өнім қалыптастырады. Тарының тамыр жүйесінің қуаттылығы тұқымдық материал сапасына да байланысты. Тарының түптенуі мен түйін тамырларының өсуі ылғал жеткіліксіздігі мен топырақтың нашар жылынуынан баяужүреді, тіпті бөгеледі.



Топырақ температурасы 6-10°С тамыршалардың өсуі мүл- де акырындайды, 18°С дейін жылынғанда түп жэне түйін та- мырларының өсуі мен бұтақтануы күшейе түседі. Жоғары температурада жэне топырақтың беткі қабаты шапшаң кебе бастағанда түйін тамырлардың қалыптасуы тоқтап қалуы да мүмкін. Тары өсімдігіне тэн сипат - алғашында тамыршалардың өсуі өскіндерге қарағанда тезірек. Тамыр жүйесінің негізгі массасы шашақтануға дейін түзіледі. Гүлдегеннен кейін тамыр жүйесініңмассасы шамалы ғана артады.Тары өздігінен тозаңданатын өсімдік. Гүлденуі шашақтанудан 2-8 тэулік соң басталады жэне ол таңғы 08-ден 1500-сағ.аралығында шашақтың жоғары бөлігінен бастап жүреді. Бір гүлдің гүлдену үзақтығы 15-40 мин., ал бір өсімдіктегі шашақ- тың гүлденуі сорт пен ауа-райына байланысты 6-дан 20 тэулікке дейін созылады. Тарының маңызды биологиялық ерекшелігіне оның жоғары өнімділігі жатады. Жақсы шашақ (сіпсебас) жалпы массасы 8-10 г болатын 600-1200 дэн қалыптастырады, салыстыру үшін - жақсы бидай массасы 1,0-1,5 г. болатын 25-30 дән түзеді.

Тары өсу жағдайларын жақсартуға өте жоғары талап қояды. Ол I жылусүйгіш өсімдік. Оның тұқымдары 5-10° С жылылықта ақырындап өне бастайды, ал 15-20°С-да 1 шапшаң көктейді (3-4тәулікте). Вегетациясының бас кезіндегі төменгі температура тарының баяу өсуін одан сайын төмендетеді, ал ұзақ мерзімді орташа температура 6-10°С және бұлыңғыр ауа-райы фотосинтезді әлсіретеді де егін көгінің опат болуына ұрындырады. Төменгі температура шашақтану мен пісу кезеңдерін ұзартып жібереді. Тары бозқырауды нашар көтереді, алғашқы 1-2 жапырақкезеңінде төзімдірек болғанымен - 2-3°С - жаракатганады жэне



307| 3,5-4°С-да опат болады; 3-жапырак кезеңінде өсімдіктері тіпті- 1,5°С-да жарақаттанады, гүлдену кезеңінде - 1,2°С бозкырау- ға сезімтал; пісу кезеңіндегі егістік ондай бозқырауда сирек жарақаттанады. Өсіп, жетілу кезеңінде сорттарына байланысты тарының белсенді температура жиынтығы 1800-2000°С аралығында өзгереді.

Тары - негізінен ыстық жэне құрғақшылықты климат өсімдігі. Оның өнуіне тұқым массасының 25 % ылғал жеткілікті, транспирациялық коэффициент! I 200-250, немесе бидай мен қарақұмықка қарағанда 1,5-2 есе төмен. Ьүкіл қажетті ылғалдын 90%-ын тары түптену кезеңінен кейін шығындайды. Тары өсу және даму кезеңдерінде ылғалды әркелкі шығындай отырып тіршілігінің алғашқы үштен бірінде барлық ылғалдың 27%, екіншісінде - 41%-ын, соңғысында - 33%-ын пайдаланады.Ылғалды барынша көп қажетсінуі оның шашактану кезеңіне сәйкес келеді.

Тары ағзасының үзақ мерзімде ылғал тапшылығын көтеруі мен тамыр жүйесінің айтарлықтай бөлігінің топырақ бетіне таяу орналасуы оның қүрғақшылықты жылдары кеш түсетін аздаған жауын-шашынның өзінде тез өсіп, жоғары өнім беру қабілетімен ерекшеленеді, ал мүндай жағдайда басқа астық дақылдары анағұрлым төмен астық өнімін береді. Ылғалға қажетсінуі шамалы болғанымен тары астықтан мол өнім қалыптастыру үшін топырақ ылғалдылығын суару немесе басқа да тәсілдермен мо- лайтуды қалайды.

Тары - қысқа күннің өсімдігі, жарық күннің үзақтығы оның вегетация кезеңін үзартып жібереді. Алайда сібірлік сорттар жарық факторына онша эсер ете қоймайды жэне ұзақ жарық күннің өзінде жақсы пісіп жетіледі. Дегенмен тары дақылы пісу кезеңінде басқа астық дақылдарымен салыстырғанда жарык сүйгіштігімен ерекшеленеді. Әсіресе түтас шашақты тары сорттары толысудан дэннің пісу кезеңіне дейінгі аралықта жарыққа жоғары талап қояды — жаздың екінші жартысындағы бұлтты, бұлыңғыр ауа-райы дэннің қалыптасу кезеңін кешеуілдетіп, тары вегетациясын үзартып жібереді.Топыраққа тары жоғары талап қоймайды, ол эртүрлі топы- рақтарда өсе алады жэне жақсы астық өнімін қамтамасыз етеді (қара, күңгірт-қоңыр, сұр, сортаңдау ж.б. топырақтар).

Арамшөптерден таза, жеңіл сіңімді қоректік заттары мол, құрылымды топырақтар тарыға барынша жарамды, құрғақшылықты аудандарда айтарлықтай байланысқан, ал жеткілікті ылғалды аудандарда жақсы жылынатын жеңіл топырақ мол өнім кепілі болып табылады. Дәнді астық дақылдарының ішінде қышқыл ортаға барынша төзімді. Алайда оған дұрысы бейтарап, немесе әлсіз сілтілі орта (рН = 6,5-7,5).

 

 

Сіру технологиясы

 

Алғы дақылдар. Тарыны тың және тыңайған жерлерге немесе көпжылдық шөптер кыртысына орналастырған дүрыс. Бұл жерлер жоғары құнарлығымен және арамшөптерден тазалығымен ерекшеленеді. Олардан кейін тары барынша жоғары астық өнімін қалыптастырады, сондықтан оны жер қыртысы өсімдігі деп те атайды. Тарыға отамалы және дәнді бұршақ дақылдары да жақсы алғы дақыл, сүріден кейінгі екінші дақыл болғанда да тэуір өнім береді. Вегетация кезеңінің кысқалығынан тары егістігін жинағаннан кейін күзде ерте сүдігер дайындауға мүмкіндік болады, ал мұның өзі Қазақстанның Солтүстік өңірінде тары жаздық қатты бидайға жап-жақсы алғы дақыл бола алады. (сурет – 3 )

3 - Сурет – Құрғақшылық кезіндегі егістіктегі тары

 

Топырақ өңдеу және қар тоқтату. Тары үшін топырақ өң-деу жүйесі танаптарды арамшөптерден тазартуды, егін көгінің жаппай пайда болуын жэне оның тамыр жүйесінің жақсы дамуын камтамасыз етуге бағытталады. Оған ерте жэне сапалы дайындалған сүдігер бөлінеді. Ерте көктемгі себу алдындағы топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Себу алдында арамшөптерден таза жэне тығыз топтарда себу алдында бір-ақ рет культивация жүргізіледі, ал арамшөптермен ластанғанда танапты жақсы тазарту максатында оны екі мэрте культивациялайды. Маңызды агрошаралардың бірі — тарыны себу алдында топырак бұдырлы катоктармен тығыздалады. Соның нәтижесінде тары түқымы топыраққа біркелкі тереңдікте сіңіріледі. Топырақпен жақсы қабысатындықтан тұкымның бөртуі жэне көктеуі, кейіннен өсімдіктердің біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі. Топыракты тығыздаудың нәтижесінде астык өнімі 2,0-3,5 ц/га артады.

Тарының құрғақшылыққа төзімділігіне қарамай қыста кар тоқтатудың маңызы зор. Еліміздің оңтүстік -шығысында орта есеппен 20 жылда қар тоқтатудан тарыдан алынған қосымша астық өнімі 3,8 тан 5,6 ц/га жетті, ал Батыс Қазақстанның Орал облыстық тәжірибе стансасында орта есеппен 5 жылда қар тоқтатылмаған танаптан 7,4 ц/га, ал қар тоқтатылған танаптан 13,6 ц/га астық жиналды. Қар тоқтату Солтүстік Қазақстанның барлық тары өсіретін аудандары үшін міндетті агротехникалык шара болып есептеледі.

Екпе Тары – биікт. 70 – 100 см, сабан сабақты, шашақ тамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады. Уақытымен суарған жағдайда жоғары өнім береді. Вегетацив кезеңі 60 – 120 күн. Тарының дәні өну үшін 8 – 10 oС жылылық қажет. Суыққа төзімсіз болғандықтан Тарыны басқа масақты дақылдарға қарағанда кеш себеді, кеш себілген күнде де жақсы өнім береді. –2 – 3 oС-та қатты зақымданады, –3 oС-тан төмен темп-рада өледі. Құнарлы қара және қоңыр топырақта жақсы өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар жақсы алғы дақыл бола алады. Бір жерге қайталап себілсе, өнімін төмендетеді. Сондықтан тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек, бір егілген жерге тек 4 – 5 жылдан кейін ғана егілуі тиіс. Оны бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де отырғызуға болады. Себілетін Тары тұқымы тазаланған, сортталған болуы тиіс, майда, жетілмеген тұқымды себуге болмайды. Тары 5 – 6 см ылғалы бар тереңдікке отырғызылады. Тарының дәндері бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшында тұрған дәндері, содан кейін төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша алғаш піскендері жерге төгіліп қалмауы үшін, алдымен дестеге салып алады. Дестелеу кезінде Тары сабағы 12 – 15 см биіктікте орылады. Тары сабанының азықтық сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала шөбімен бірдей. 1 кг Тары сабанында 0,41 азықтық өлшем, 23 г сіңімді протеин болады. Тары жармасының құрамында крахмал (81%), белок (12%), май (3,5%), қант (0,15%) бар, мұндағы ақуыздың мөлшері күріш, қара құмық жармаларынан едәуір көп. Тарының мал азығы ретінде маңызы зор, құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланады. Тарыны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары шұғылданады. Елімізде ең көп тараған сорттары – Саратов-3, Саратов-6, Орал-109. Қазақстандағы егіс көлемі 55,5 мың гектар ,орташа түсімі гектарынан 7 – 12 центнер. Тарының гектарынан ең жоғары өнімді (201 ц) 1943 жылы Ақтөбе облысында Ойыл ауданында, “Құрман” ұжымдық шаруашылығында Ш.Берсиевтің звеносы алған.

 

Тыңайтқыштарды қолдану

 

Тарының тамыр жүйесінің сіңіру қабілеті жоғары емес, сондықтан оған жеткілікті мөлшерде сіңімді қоректік заттар бүкіл вегетация кезеңінде болғаны абзал. Оның 25 ц/га астығы мен 50 ц/га сабаны топырақтан 35 кг. фосфор, 75-80 кг азот және 87-90 кг/га калий шығындайды. Ол минералды, органикалық жэне бактериялық тыңайтқыштарды жақсы қажетсінеді. Оларды дүрыс қолданғанда тарының қосымша астық өнімі басқа дэнді дақылдарға қарағанда жоғары. Ғылыми зерттеу мекемелерінің деректері бойынша тарыға енгізілген тыңайтқыштан қосымша астық өнімі: көңнен — 6,0 ц/га, азотты - фосфор тыңайтқыштарынан - 0,5-5,5 ц/га, себумен катарға енгізілген түйіршіктелген суперфосфаттан - 1,5-5,4 ц/га, ал тұқымды фосфорбактеринмен өңдеуден - 2,0-3,0 ц/га болды. Тарыға енгізілген тыңайтқыш астық өнімін арттырумен катар оның сапасын жақсартады, өсімдіктердің даму үрдісін тездетеді, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін артты- рады жэне ауруларға жақсы төтеп береді.Тұқымды себуге дайындау. Тұқымдарының үсақтығына бай- ланысты тары сорттарын себуге дайындағанда сорттық сапасы, ірілігі, толықтығы жоғары жэне аурулармен залалданбаған түқымдық материалды пайдаланған жөн. Тары түқымынан қиын ажыратылатын қоспаларды (арамшөп тұқымынан да) ажырату күрделі астықтұкым тазалағыш машиналарды қолданады. Олардан өткен түкым біршама іріленеді, алайда толык іріктелу пневматикалық сорттағыш қүрылымдардан өткізгенде ғана қол жеткізіледі (ССП-1,5 ж.б.), ондай түқымдардың меншікті салмағы жоғары болып келеді.

Себу алдында тары тұқымы құрғақ-ауада қыздырылады немесе 50° жылылықта 15 минөт жылы суда ұсталады. Кейіннен дәріленеді (витавакс 200 ФФ, 34% (2,5-3,0 кг/т), фундазол, 50% (2,0 кг/т), фенорам 70% (2,0 ьсг/т) химикаттарының бірімен).

Себу мерзімі. Тарының себу мерзімі оның биологиялық ерек- шелігімен (жылусүйгіштігі) анықталады. Барынша қолайлы жағ- дайлар топырақтың 10 см қабатында температура 12-15°С жет- кенде жэне бозқырау қаупі өткеннен кейін қалыптасады. Ерте себілгенде де (салқын топырақта тұқымның бір-бөлігі шіріп кетеді, сирек егін көгі шығады, соңынан егістік арамшөптермен катты ластанады, эрі жаздың екінші жартысында болатын жауын-шашынды нашар пайдаланады), кеш себілгенде де (ерте күзгі бозқырауға үрынады) тары өнімі төмендейді. Тарының оңтайлы себу мерзімінің критерийлері (талаптары):

- топырақтың 10 см. цабатында температураның 10-12°С-га жетуі;

- егін көгінің көктемгі бозцыраумен жарацаттануы;

- тарының күзгі бозқырауга үрынуы;

- тұқымның сіңірілу тереңдігіндегі топырақ ылгалдылығы;

- себу алдында танаптарды арамигөптерден тазарту мүмкіндігі.

Келтірілген көрсеткіш - талаптарға сәйкес тарының оңтайлы себу мерзімі (басталуы мен аяқталуы) Қазақстанның агрокли-маттық аймақтары бойынша төмендегідей:- Солтүстік облыстарда (Павлодар облысынан басқа) — ма-мырдың соңы — маусым айының бірінші бескүндігі 5; Павлодар облысында екінші, үшінші және төртінші агро- климаттық аймақтарда — мамырдың екінші-үшінші онкүндігі (11-31 мамыр). Себуді кешіктіру өте қауіпті: топырак кеуіп кетуімүмкін, егін көгі сирек болады, астық піспей қалады.

- Орталық Қазақстанда — мамырдың бесінші бескүндігі (23-25мамыр);

- Батыс Қазақстан облыстарында — мамырдың екінші-үшіншбескүндігі (5-15 мамыр);

- Еліміздің шыгысында (ШҚО) тау бөктері аймағында-мамыр айының үшінші онкүндігінің басы (21-25 мамыр), ал кұрғақ далалы аймағында - мамырдың үшінші он күндігінің соңы (26-31 мамыр); П.4- іарыны астық өсіретін оңтүстік облыстарда - сәуірдің соңы- мамырдың бірінші онкүндігі (30 суір, 31 мамыр аралығы).Өңірлер мен аймақтар бойынша жоғарыда көрсетілген мер- зімде себілген тары өсімдіктерінің көктемгі және күзгі бозкырауға шалдығу мүмкіндігі айтарлықтай төмен болады.Түцымныц сіңіру тереңдігі. Тары тұқымының сіңірілу тереңдігі топырақтың беткі қабатынын ылғалдылығына оның механикалық қүрамы мен оның шаңдану дэрежесіне, сонымен бірге себу мерзіміне тэуелді. Тарының жаппай егін көгін алуда түқымның сіңірілу тереңдігі үлкен рөл атқарады. Өсірілетін аудандары мен аймаққа байланыссыз тары тұқымы ылғалды қабатқа себілуге тиіс: дұрысы—4-5 см топырақ қабатьгаа сіңірген, алайда беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде 8-9 см тереңдетуге болады. Оның танаптық өнгіштігін арттыру, дер кезінде біркелкі егін көгін алу жэне соңынан жоғары астық өнімін қамтамасыз ету үшін себу тәсілі мен сепкіш маркасына қарамай танапты сеп- кеннен кейін бүдырлы катоктармен тығыздайды.

 

Себу тәсілі мен мөлшері.

 

 

Ғылыми мекемелер себу тәсілі бойынша әртүрлі кепілдемелер береді. Біреулері жаппай қатардағы себу тэсілін ұсынса, екіншілері кең қатарлы себу тэсілінің артықшылығын уэжге келтіреді. Алайда өндірістік жағдайда тарыны, әдетте, жаппай қатардағы тәсілмен себеді. Кең қатарлы тәсіл егістіктің арамшөптермен ластану қаупі бар танаптарға үсынылады, өйткені қатараралықтарды өңдеу жолымен оларды қүртуға болады. Жекелеген жылдары таспалы себу тәсілінің артыкшылығы байқалады.

Себу молшері өсіру аймағы мен себу тэсіліне байланыстыөзгереді. Бір ескеретін жайт, тары жарықсүйгіш және арам-шөптерге өте сезімтал өсімдік. Тары егістігі тым жиі болмауғатиіс, өйткені ол эр өсімдіктің өнімділігін төмендетеді, бірақ сирек болмағаны да жөн - арамшөптердің дамуына жол берілмеу керек.Таза танаптарға жэне топырақтың беткі қабатында ылғал жеткілікті болғанда дискілі сепкіштерді (СЗТ-3,6; СЗП-3,6;СДС- 18 ж.б.) пайдалануға болады. Топырақтың беткі қабаты 4 см-ден тереңірек кеуіп кеткен жағдайда сошниктері анкерлі сепкіштерді (СЗС-2,1; СЗТС-6; СЗТС-12) тиісті реттеуден өткізіп сепкен жөн.

Тұқымның себу мөлшері топырақ-климат аймақтарына, тұқым сапасына байланысты төмендегідей өзгереді:

- Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаппай қатардағы себу тэсілінде 2,5-3,5 млн/га, ал кең қатарлыда - 1,5-2,0 млн/га өнгіш тұқым;

- Павлодар облысының бірінші аймағында 1,8-1.',0 млн/га, екінші жэне үшінші аймақтарында - 1,2-1,5 жэне төртіншісінде- 1,2-1,4 млн/га өнгіш тұқым

.- Қарағанды облысының негізгі егіншілікті аймақтарында жаппай қатардағы себу тәсілінде 2,0-2,5, ал кең қатарлыда 1,5-2.0 млн/га өнгіш тұкым сепкен дұрыс;

- Батыс Қазақстанда Актөбе облысының бірінші аймағында 2,8- 3,0, екіншісінде 2,5-2,7, үшіншісінде - 2,0-2,3 жэне төртіншісінде -1,2-1,5 млн/га өнгіш тұқым себу ұсынылады. Батыс Қазақстан облысында жаппай катардағы тәсілмен агроклиматтық аймақтарға байланысты себу мөлшері төмендегіше өзгереді: бірінші аймакта- 2,2-2,4, екіншісі мен үшіншіде - 1,8-2,0 млн/га өнгіш тұқым.

- Оңтүстік Қазақстанда жаппай қатардағы себу тәсілінде 2,4-3.0 ал кең қатарлы тәсілмен сепкенде -1,8-2,4 млн/га өнгіш тұқымдұрыс болады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!