Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Азақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттар



Тары

 

Тары астығынан, жармадан басқа, ұн дайындалады, оны таза күйінде және бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады.Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен кұстарды азықтандырғанда жұмыртқа өнімі мен оның кабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1,5-2,0 есе артық болады. 1 кг. тары сабанында 0,41 кг. а.ө. және 24 г. протеин, басқаша айтқанда аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда 73 есе артық (сурет -1 ).

 

1-сурет – тары

 

Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кей- де жасыл балауса мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шэй жүгері жэне итқонақ пішенінен асып түседі.Тары жақсы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себі- летіндіктен, құрғақшылыққа төзімділігінен жэне салыстырмалы қысқа вегетациялық кезеңі опат болған күздіктер мен жаздык дақылдардан кейін орналастырып жасыл балауса ғана емес, же- келеген жағдайларда астық өнімін жинауға да мүмкіндік береді.Тары бірқатар дақылдарға жақсы алғы дақыл. Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар ж.б. облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан қолайлы жылдары әр гектардан 17,1-22,5 ц. жэне одан да жоғары астық өнімін жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүниежүзілік рекорд елі болып табылады. Ондай өнім үлы Отан соғысы жыл­дары Социалистік Еңбек Ері Ш.Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Қүрманов атындағы үжымшарында суармалы жағдайда 4 га. егістіктің әр гектарынан 201 ц. тары астығы жиналды. Бүл дегеніңіз тары дақылының әлеуетті (потенциалды) мүмкіндігі зор екенін көрсетеді. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары өсірудің қыр-сырына аз мэн берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде - орта есеппен 4,0-6,5 ц/га шамасында ғана.



Ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері мен сорттары. Ботаникалық сипаттамасы. Тары 400 304 түрді біріктіретін Рапісиш туыстығына жатады. Барынша кең тараған түрі - кәдімгі тары (Рапісит тіііасеит). Сіпсебасының кұрылысына байланысты бұл түр бес түр тармағына бөлінеді Сіпсебасы қомакты тары эдетте ерте пісетін, топыраққа талғамы жоғары емес, ылғалға көбірек талап қояды және жеңіл шашы- лады. Сіпсебастары тығыз түр тармақтары оларға керісінше қасиеттерімен ерекшеленеді.

Қазақстанда өсірілетін тары сорттарының сіпсебастары (шашақтары) негізінен қысыңқы, кейде тармақты келеді және cocinnet түршелеріне жатады.(сурет – 2 )

 

2-Сурет – Тары тұқымы «Саратовское – 3»

азақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттар

 

 

Саратовское 3. Ресей Федерациясының Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Сангвинеум түршесіне жатады. Орта-ша мерзімде піседі: құрғақшылыққа төзімді, жапырылмайды, шашылмайды, 1000 дэнінің массасы 6,8-7,2 г. Біркелкі пісуімен ерекшеленеді. Технологиялық жэне жармалық сапалары жақсы, жарма шығымы 77 %. Жоғары өнімді, Ақмола облысының Шор- танды жэне Целиноград сортсынау учаскелерінде 15,6-19,5-тен 20,8-22,4 ц/га дейін астық өнімін берген. Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан жэне Шығыс Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.



Саратовское 6. Оригинаторы РФ-ның Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ. Сангвинеум түршесіне жатады, орташа мерзімде піседі, дәні қызыл, 1000 дәннің массасы 7,2-9,3 г. Шашылуға орташа, ал жапырылуға төзімді сорт. Акмола, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстарында өсіруге болады.

Шортандинское 7. Сорт ҚР АШМ-нің «Бараев атындағы астык шаруашылығы Қазақ ҒЗИ» РММ-де шығарылған. Ортаданкеш мерзімде піседі, жоғары өнімді технологиялық, жармалықсапасы жақсы. Ақмола сортсынау учаскелерінде көпжыл бойы15,3-тан 22,6 ц/га. дейін астық өнімін қамтамасыз етті. Ақмолаоблысында өсіруге рұқсат етілген.

Уральское 109. Бұрынғы Орал облыстық ауыл шаруашылығытәжірибе станциясында шығарылған. Түршесі-сангвинеум. Орта- 20-615 305дан кеш пісетін сорт. Дәндері ірі, 1000 санының массасы - 7,7- 8,1г, дэмдік сапасы жақсы, қабықтылығы 16-17%, жармасының шығымы ортадан жоғары (83%). Батыс Қазакстанда өсіріледі.

Старт - РФ-ның Оңтүстік-Шығыс ауыл шаруашылығы ғы- лыми зерттеу институтында шығарылған. Түршесі - Сангвинеум, орташа мерзімде піседі, шашылуға орташа төзімді, кара күйеге шалдығуға бейім. Технологиялық жармалық сапалары өте жоғары, дәндері ірі, 1000 санының массасы - 7,3-8,6г, дэнінің қабықтылығы 17%, жармасының шығымы 78% Ақтөбе облысында өсіруге болады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!