Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тағамдық концентраттар және тағамдық қышқылдар өндірісіне қойылатын талаптар



517. Тамақ концентраттарын шығаруға арналған негізгі өндірістік үй-жайларды жерасты үй-жайларында орналастыруға жол берілмейді.
518. Шикізаттар мен қосымша материалдар өндіріске зертханалық зерттеуден кейін ғана жіберіледі.
519. Шикізатты өндіріске дайындау жеке үй-жайда жүзеге асырылады.
520. Шикізаттарды, жартылай фабрикаттар мен қосымша материалдарды ыдысқа салу мұқият тексерілгеннен кейін және ыдыстың бетін ластанудан тазартқаннан кейін ғана ашылады.
521. Тоң май мен майлардан босаған бөшкелер мен бидондар жедел тазартылады, жуылады және буландырылады.
522. Қызанақ пастасы, ақуыз пастасы және басқа да пасталар салынған ыдыстар ашылу алдында жуылады. Ыдысты ашқаннан кейін ішіндегінің беткі қабаты тазартыла отырып, мұқият тексеріледі.
523. Қайта өңдеуге түсетін барлық шикізаттар бөгде, механикалық қоспаларды алып тастау арқылы мұқият тексеріледі, тазартылады, ұнтақ тәрізді шикізаттар (ұн, құрғақ сүт, құрғақ кілегей, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, тамақ қышқылдары, көкөніс ұнтақтары, дәмдеуіштер, қоспалар және басқалары) еленеді, магнит аулағыштардан өткізіледі, дән шикізаты ферроқоспалардан тазарту үшін магнитті қоршаулар арқылы өткізіледі, қос аспирациялы сепараторда тазартылады. Әсіресе бөгде заттардан мұқият тазартылады және жууға жарамайтын ет фаршы және жармалар магнит аулағыштар арқылы өткізіледі.
524. Қайта өңдеуге түсетін майлар температуралық режимді қатаң сақтай отырып, +550С аспайтын температурада ерітіледі. Майды қатты қыздыруға жол берілмейді.
525. Әрбір технологиялық желі шикізатты елеуге арналған жабдықтармен және металл қоспаларды аулауға арналған магнит аулағыштармен қамтамасыз етіледі.
526. Технологиялық желілер бойынша елеу шаруашылығы жүйесі толығымен тиісті нөмірлердегі жарамды електермен жабдықталады. Әрбір ауысым жұмысының алдында електердің жағдайы тексеріледі.
527. Магниттерді тазарту бір ауысымда кемінде 1 рет жүргізіледі. Магниттен түскен жиынтықтар зертханаға тапсырылады. Магнит аулағыштардың жүк көтергіштігі кемінде 12 кг және есептік құжаттамада тіркей отырып, кемінде 10 күнде 1 рет тексеріледі.
528. Технологиялық жабдықтан алынатын өнім қалдықтары «қайтару» деген жазбасы бар арнайы бакқа жиналады және мұқият тазартылған соң және технологиялық нұсқауларда белгіленген мөлшерде еленгеннен кейін өндірісте пайдаланылады.
529. Еденге құлаған өнім, жабдықтардың сыпырындысы «санитариялық ақау» деген белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады және өндірістік үй-жайлардан шығарылады. Санитариялық ақауды тағамдық мақсатта пайдалануға жол берілмейді.
530. Жұмыс барысында беті тоң май немесе май қабатымен жабылатын жабдықты, аппаратура мен мүкәммалды тез арада ыстық сумен жуады, дезинфекциялайды.
531. Мүкәммал мен жабдықтарда пайда болған қақтар және күюден қалған дақтар, сондай-ақ жуғаннан кейін қалған май және ақуыз бөлшектері +500С температурада 0, 5% кальцийленген сода ерітіндісімен суланады.
532. Сығындыларды тот баспайтын болаттан жасалған арнайы пломбаланған цистерналарда, таза ағаш бөшкелерде, зауыт қаптамасындағы қаңылтыр лакталған немесе шыны ыдыста тасымалдауға жол беріледі.
533. Меласса мен сірнені тек таза металл резервуарларда, цистерналарда сақтауға, тасымалдауға жол беріледі.
534. Меласса мен сірнені төгу үшін су өткізбейтін қатты жабыны бар, шаруашылық ауласының аумағында, топырақ пен ауаны ластайтын жерлерден алыста және жел жағында орналасқан алаңдар жабдықталады.
535. Меласса мен сірнені ағызатын науалар металдан жасалған, жабық пайдаланылады, тазалықта ұсталады. Қабылдағыштардағы люктерді тығыз қақпақтармен жабдықтайды, ал қабылдағыштардың өздерін металдан жасайды. Меласса мен сірне беретін құбырлар механикалық қоспаларды аулауға арналған торлармен жарақталады, кезең-кезеңмен ыстық сумен жуылады және кейіннен сумен мұқият шаю арқылы дезинфекцияланады.
536. Тамақ қышқылдарын өндірген кезде спора бөлімшесінің құрғақ және жақсы желдетілетін үй-жайларын пайдаланады. Үй-жайға күнделікті ылғалды жинау жүргізіледі. Тұқымдалу жүргізілетін үй-жайлардың едені мен қабырғалары кейіннен осы Санитариялық қағидаларға сәйкес бактерицидті шамдармен сәулелендіру арқылы дезинфекцияланады.
537. Ашыту бөлімшесіндегі дәліздер мен қосалқы үй-жайлардың едені мен қабырғалары күнделікті рұқсат етілген құралдармен дезинфекцияланады. Аптасына кемінде 1 рет аппаратура мен құбырлар антисептик ерітіндісімен жуылады. Камераға кіру үшін зарарсызданған халаттар мен үшкіл орамалдар қоры көзделеді.
538. Ашыту камерасына кіру алдында қолға және кіргізілетін заттарға спиртпен, арнайы аяқ киімге дезинфекциялық ерітіндімен дезинфекциялау жүргізіледі, ауаны камераға кіру алдында форсунканың суымен тазалайды.
539. Терең ашыту камерасы учаскесіндегі еденге, қабырғаларға, аппаратураның беттеріне, ыдыстарға, құбырларға күнделікті дезинфекциялау жүргізіледі.
540. Сүт қышқылын өндіру кезінде ашыту кеспектері әрбір ашыту алдында өңделеді.
541. Шыны және полиэтилен ыдысты объектіге қабылдау алдында және жуу бөлімшесінен қышқылды құю учаскесіне берген кезде бракераж жүргізіледі. Сүт қышқылын құюға арналған ыдыс пайдалану алдында жуылады.
542. Сүт қышқылы бар шыны ыдыс бөтен қоспалардың жоқтығына тексеріледі.
543. Шарап қышқылын өндіру кезінде аппаратураны айына кемінде 2 рет шөгінділерден щеткамен тазалайды және сумен жуады. Көгеру белгілері пайда болған кезде жабдық 2-3 сағ ішінде қайнаған сумен өңделеді. Жабдықтың сыртқы беті ауысымына кемінде 1 рет 4 % кальцийленген сода ерітіндісімен сүртіледі және сумен жуылады.
544. Лимон және шарап қышқылдарының дайын кристалдары өлшеп-орағанға дейін таза, қақпақтары бар жарамды бункерлерде сақталады. Сүт қышқылы қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалған ыдыстарда сақталады.
545. Лимон және шарап қышқылдарын тасымалдаған кезде оларды ылғалдан сақтау үшін шаралар қолданылады.
546. Өндіруші нұсқаулығына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы қолдануға рұқсат еткен өзге де жуу құралдарын қолдануға жол беріледі.




Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!