Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Нан, нан-тоқаш, макарон бұйымдарын өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар



459. Шикізатты өндіріске дайындауды жеке даярлау бөлімшесінде жүргізеді.
460. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және қосалқы материалдарды ыдыстарға салу ыдыстың бетіндегі ластануларды алдын ала тазалағаннан кейін жүргізіледі.
461. Шикізат қоймасында сауда желісінен қайтарылған өнімді қабылдауға арналған үй-жай көзделеді.
462. Шикізат партиясында немесе дайын өнімде бөгде заттар, ұн зиянкестері анықталған жағдайда партия өндіріске жіберілмейді, жарамсыз өнімді одан әрі пайдалану туралы құжат (акт) жасалады.
463. Айналымдағы ыдыста шикізатты өндірістік үй-жайларда сақтауға жол берілмейді. Өндірістік цехтарда қойылтылған сүтті, дайын қоспаларды, толтырылғыштарды асептикалық қаптамада сақтауға жол беріледі.
464. Ұнның қаптары қаптарды қағуға арналған машина орнатылған үй-жайда сақталады. Ұн қалдықтары, қаптардың қағындылары «санитариялық ақау» деген белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады және жеке үй-жайда сақталады.
465. Ұнды елеуге арналған жабдық магниттермен жабдықталады. Магниттер әрбір ауысымда тазаланады.
466. Қайта өңделетін барлық сусымалы шикізат пен дайын өнім пайдалану алдында магнит аулағыштар арқылы өткізіледі және елеуіш арқылы еленеді. Магниттер өнімді төгу нүктелерінде, қайта өңдеу үшін өнімді үстелде іріктеу, циклон-ұстағыштардан жиналған ұнды елеуге арналған қондырғыда орнатылады.
467. Құбырлар, бураттар, ұн елеу жүйесі шнектерінің қораптары саңылаусыз пайдаланылады, он күнде кемінде бір рет бөлшектеледі, тазаланады және ұн зиянкестеріне қарсы өңдеуден өтеді.
468. Ұнды ыдыссыз қабылдаған және сақтаған кезде:
1) қабылдау құрылғылары жабық, иілмелі қабылдау құбыры үй-жайда ілінген күйінде ұсталады; ұн тасымалдағышты қабылдау құрылғыларына қосу алдында ұн тасымалдағыштың шығаратын патрубкасының ішіндегісіне, ұн тасымалдағыштың тиеу люктарындағы пломбаның сақталуына тексеру жүргізеді;
2) силостағы және бункерлердегі ауа сүзгілері жарамды күйінде ұсталады және уақтылы тазаланады;
3) барлық соқпақтар мен люктер жабылады. Ұнды елеуге арналған жабдықтан және магнит ұстағыштан өткізбей өндіріске жіберуге жол берілмейді;
4) ұн өткізгіштерге, айырып-қосқыштарға, қуаттандырғыштарға, бункерлер мен силостарға жөндеу және тазалау жүргізгеннен кейін жабдыққа қайта тексеру жүргізіледі.
469. Ұн +100С төмен емес температурада және 75 % аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта шикізаттың барлық басқа түрлерінен бөлек сақталады. Ұн ыдыссыз сақталған кезде сапалық көрсеткіштеріне сәйкес жеке ыдыстарға салынады.
470. Тұз қақпағы бар жеке ыдыстарда, сондай-ақ еріген күйінде сүзгілермен жабдықталған ыдыстарда сақталады және өндіріске тек еріген және сүзілген күйінде ғана беріледі.
471. Ашытқы объектіге престелген, кептірілген немесе ашытқы сүт түрінде келіп түседі. Престелген ашытқылар мен ашытқы сүті 00С-тан +40С-қа дейінгі температурада сақталады. Престелген ашытқылардың ауысымдық немесе тәуліктік қорын цехта сақтауға жол беріледі.
472. Майлар, жұмыртқалар, сүт пен сүт өнімдері тоңазыту камераларында 00С-тан +40С-қа дейінгі температурада сақталады.
473. Шикі және дайын тамақ өнімдерін бөлу үшін жарықтары жоқ, беті тегіс бөлу тақтайшалары пайдаланылады.
474. Бөлу тақтайшаларын, пышақтар мен шикі және дайын өнімдерге арналған басқа да мүкәммалды таңбалайды және тиісті цехтардың (учаскелердің) белгіленген жерлерінде бір-бірінен оқшаулап сақтайды.
475. Қамыр бұлғауыш деждердің, вакуум-аппараттардың, қайнату қазандарының және басқа жабдықтардың ішкі және сыртқы беттері жұмыс аяқталған соң тазаланады және ыстық сумен жуылады, вакуум-аппараттар мен қазандар буланады. Қамыр бұлғауыш деждердің ішкі беттерінің жоғары бөліктері әрбір қамыр бұлғағаннан кейін тазаланады және өсімдік майымен майланады.
476. Салындылар мен өңделетін жартылай фабрикаттарды таңбаланған жабық ыдыста +60С аспайтын температурада сақтайды.
477. Сүтке арналған жабдықтар мен аппаратураны, сироп қайнататын қазандарды, сиропты сақтайтын бактарды, өлшем бактарын, құбырларды күнделікті жұмыс күні аяқталған соң осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нан-тоқаш бұйымдарын өндіру жөніндегі объектілердің технологиялық жабдығын, сүтке арналған аппаратурасын, шәрбат қайнатуға арналған қазандарын, шәрбат сақтауға арналған бактарын, өлшеу күбішелерін, құбырларын жуу және дезинфекциялау тәртібіне сәйкес жуады және дезинфекциялайды.
478. Ұн бұйымдарын пісіруге арналған жаңа қалыптар мен табақтар пайдалану алдында пештерде қыздырылады. Жиектері тегіс емес, қабыршақтары, майысқан жерлері бар табақтар мен қалыптар пайдаланылмайды. Табақтар мен қалыптар кезең-кезеңмен түзетіледі, тазартылады, күйігін алу үшін күйдіріледі.
479. Нан-тоқаш бұйымдарын өндіру жөніндегі объектілердің цехішілік ыдыстары мен мүкәммалын өңдеу осы Санитариялық қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес тәртіппен жүргізіледі. арнайы жуу бөлімшелерінде өңдейді, өнімдерден босағаннан кейін механикалық жолмен тазалайды және жуу машиналарында немесе үш секциялы ваннада жуады.
480. Айналымдағы ыдысты жууды жеке үй-жайда цехішілік ыдыс пен мүкәммалдан бөлек жүргізеді, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жуады, ыстық сумен шаяды және кептіреді.
481. Жұмыртқа массасына арналған жабдық, мүкәммал мен ыдыс жұмыс аяқталған соң осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес өңделеді, ал ұсақ мүкәммал жуылғаннан кейін 30 мин ішінде қайнатылады.
482. Жұмыртқаны өңдеуге арналған ванналар мен жұмыртқа жаруға арналған үй-жайдың едені жұмыс аяқталған соң ыстық сумен (+500С төмен емес) жуылады және дезинфекцияланады.
483. Жаңа піскен жемістер мен жидектер пайдалану алдында жуылады және кептіріледі.
484. Мейіз, цукаттар мен құрғақ жемістер іріктеледі, содан соң торларда немесе арнайы машинада ағынды сумен жуылады және термиялық өңделетін бұйымдарда пайдаланылады.
485. Жеміс-жидек езбесін, қойыртпағын өндірісте пайдалану алдында ұсақтау машинасы арқылы немесе ұяшықтары 1,5 миллиметрден (бұдан әрі – мм) аспайтын елек арқылы, жеміс-жидек повидлосын, джемді, салындыларды және қайнатпаны ұяшықтары 3 мм аспайтын елек арқылы өткізеді. Оларды сумен араластыруға жол берілмейді.
486. Жаңғақтар, бадам және май дақылдарының тұқымдары бөгде қоспалардан сорттау машиналарында тазаланады немесе қолмен сортталады.
487. Шәрбаттар, бал, сұйық шоколадтың жартылай фабрикаттары, ерітілген майлар, қаймағы айырылмаған сүт арнайы елек арқылы сүзіледі, сүт сүзілгеннен кейін міндетті түрде қайнатылады. Қант шәрбаттары ұяшықтары 1,5 мм аспайтын металл елек арқылы сүзіледі.
488. Инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардың жұмыртқаларын пайдалануға жол берілмейді.
489. Суда жүзетін құстардың жұмыртқаларын тек аз мөлшердегі нан-тоқаш бұйымдарын пісіру үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
490. Жұмыртқа қабығы суда жүзетін құстың жұмыртқасын жарғаннан кейін жеке шағын бактарға жиналады, тез арада өртеледі. Шағын бактар босағаннан кейін тазаланады, жылы сумен жуылады және дезинфекцияланады.
491. Суда жүзетін құстардың жұмыртқаларынан жұмыртқа массасын дайындаумен айналысатын жұмысшылар процесс аяқталған соң кейінен дезинфекциялайтын құралдармен өңдей отырып, қолдарын сабынмен жуады
492. Пайдалану алдында жұмыртқаларды сорттайды, таңдап овоскоптан өткізеді және өңдеуге арналған торлы ыдыстарға салады.
493. Нан-тоқаш бұйымдарын дайындауға арналған жұмыртқаларды өңдеу осы Санитариялық қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес тәртіппен жүргізіледі. Жуу ванналарындағы ерітінділер бір ауысымда екі реттен сиретпей ауыстырылады.
494. Еденге құлаған өнімдер (санитариялық ақау) «санитариялық ақау» деген белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады.
495. Өңделген жұмыртқаны металл пышақтармен жарады және сыйымдылығы бес жұмыртқадан аспайтын арнайы ыдыстарға құяды. Жұмыртқа массасын сыртқы түріне және иісіне қарай тексерген соң оны үлкен ыдысқа құяды, торкөздерінің көлемі 3-5 мм аспайтын металл елеуіш арқылы сүзеді. Жартылай фабрикаттарды пісіруге арналған жұмыртқа массасын сақтау мерзімі сол жағдайларда 24 сағ аспайды. Жұмыртқа массасын суықсыз сақтауға жол берілмейді.
496. Жұмыртқа меланжын -60С-тан +50С-қа дейінгі температурада сақтайды, дефростацияланған меланжды сақтау мерзімі 4 сағ аспайды. Меланжды қайта мұздатуға жол берілмейді.
497. Сары май қаптамасын шешкеннен кейін мұқият тексеріледі және бетін тазартады. Майды сақтау ұзақтығы үй-жайда тазаланғанға дейін 4 сағ аспайды.
498. Сауда желісінен механикалық бүлінген немесе сыртқы түрі мен қалпында өзгерістері бар, өткізу мерзімі асып кеткен, бірақ өткізу мерзімі аяқталған сәттен 24 сағ кешіктірілмей, тек таза, құрғақ, бөгде иісі жоқ ыдыстағы нан, нан-тоқаш және макарон бұйымдарын қайта өңдеуге қайтаруға жол беріледі.
499. Сауда желісінен қайта өңдеу үшін қайтарылатын нан және нан-тоқаш бұйымдарына мынадай белгілері бар құжаттар қоса жүреді:
1) бұйымның атауы;
2) бұйымның салмағы немесе данасының саны;
3) шығарылған күні;
4) өнімді қайтарған сауда объектісінің атауы;
5) қайтарылған күні;
6) қайтару себептері.
500. Қайта өңдеу үшін қайтарылған бұйымдар сауда желісінде өткізуге арналған өнімдерден бөлек сақталады.
501. Сауда желісінен қайтарылатын бұйымдарды тек тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы көліктермен ғана тасымалдауға жол беріледі.
502. «Созылмалы» (картоп) ауруымен зақымданған нан, нан-тоқаш бұйымдары тағамдық мақсат үшін жіберілмейді, қайта өңдеуге жатпайды және тез арада нан пісіру объектісінен шығарылады, оларды сақтауға арналған сөрелер шұғыл түрде картоп ауруымен күресуге арналған арнайы құралдармен жуылады.
503. Қайта өңдеуге жатпайтын нан, нан-тоқаш, макарон бұйымдары арнайы ыдысқа жиналады және жойылуға жатады.
504. Қайта өңдеуге арналған жібітілген нан мен нан-тоқаш бұйымдары сол сұрыптың немесе сұрпы төмен ұннан нан өндіру кезінде пайдаланылады. Жібітілген макарон бұйымдарын сақтау мерзімі 5-6 сағ аспайды.
505. Өндірісте жібітуге жататын нан бұымдарының қалдықтары мен қайтарылғандарын 4 тәуліктен артық сақтауға жол берілмейді.
506. Қайтарылған өнімдерден дайындалған нан-тоқаш, макарон бұйымдары 021/2011 КО ТР талаптарына сәйкес қауіпсіз шығарылады.
Нан және нан-тоқаш бұйымдарында:
1) өндіруші мен тұтынушы арасында шиеленіс болған жағдайда жарамдылық (сақтау) мерзімі 48 сағ артық өнімдерде – зеңнің болуын;
2) ай сайын, жылдың жылы және ауыспалы кезеңінде жарамдылық мерзімі 48 сағ артық бұйымдарда бактериялардың (Bacillus mesentericus) болуын айқындайды.
507. Пештен алынған нандар тартпаларға салынады және вагонеткаларда немесе контейнерлерде суыту үшін экспедицияға жіберіледі.
508. Нан және нан-тоқаш бұйымдарын таза, құрғақ, жақсы желдетілетін үй-жайларда, нан-тоқаш бұйымдарын үй-жайдың қабырғасына және еденге жанасуын болдырмайтын арақашықтықта сақтайды. Нан және нан-тоқаш бұйымдарын үйіп, сондай-ақ картоп ауруы белгілерімен сақтауға және өткізуге жол берілмейді.
509. Бұйымдарды тартпаларға салуды өнімдерді дайындаушы белгілеген салу, сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізеді.
510. Нан және нан-тоқаш бұйымдары сөрелермен жабдықталған арнайы көлікпен науаларда тасымалданады. Нанды үйіп тасымалдауға жол берілмейді.
511. Макарон бұйымдары тұтынушылар ыдысына өлшеніп-оралып және өлшенетін болып шығарылады. Өлшенетін және өлшеніп-оралған макарон бұйымдары жаңа картон қораптарға салынады.
512. Макарон бұйымдарын өндірген кезде күнделікті қамырды илеу астауы ішінде қатпарлануын болдырмайды, престеуші шнектің жұмыс беттері тазартылады. Бастундарды оған өнімнің жабысуына қарай жуады.
513. Матрицаларды жуу, тазалау және сақтау үшін престеу бөлімшесінде арнайы жабдықталған орын бөлінеді.
514. Елеуіштердің жиналғандарын ауысымына кемінде бір рет бөгде заттың түсулерінің болуына тексереді және жеке үй-жайға шығарады. Магнитті сепараторларда 10 күнде 2 рет магнит күшіне тексеру жүргізеді, оның рұқсат етілген деңгейі магниттің өз салмағының 1 кг-на кемінде 8 кг болады. Магниттерді тазалау ауысымына кемінде бір рет жүргізіледі. Ұнды елеу жүйесін тексеру және тазалау нәтижелерін объектінің есепке алу құжаттамасына тіркейді.
515. Объектілерде картоп ауруының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
516. Нан, нан-тоқаш, макарон бұйымдарының өндірісі кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін мөлшерде амин қышқылдарымен, витаминдермен, микроэлементтермен байытылған шикізатты қолдануға жол беріледі.




Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!