Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ндірістік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар



117. Тағам өнімдерін өндіру (дайындау) процестерін жүзеге асыру кезінде осындай өнімнің қауіпсіздік талаптарына байланысты өндіруші (дайындаушы) 021/2011 КО ТР көзделген талаптарға сәйкес ХАССП (қауіпті факторларды талдау жүйесі және сындарлы бақылау нүктелері) қағидаттарына негізделген рәсімдерді әзірлейді, енгізеді және қолдайды.
Шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі аспаптық және (немесе) зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
118. Объектінің жанында өз күшімен немесе аккредиттелген (аттестатталған) сынақ зертханасын тарта отырып, шикізатты, дайын өнімді қажетті кіру бақылауын, технологиялық процестердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын және өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, мүкәммалды дезинфекциялау сапасын зерттеуді жүзеге асыратын өндірістік зертхана жабдықталады, бұл ретте зерттеулер микроорганизмдерді санитариялық-көрсеткіштік топқа зерттеумен және бүлдіру микроорганизмдерін айқындаумен шектеледі. Қуаттылығы аз объектілерде зерттеудің осы түрлерін орындауға құқығы бар өзге аккредиттелген (аттестатталған) зертхананың өндірістік бақылау жүргізуіне жол беріледі.
119. Өндірістік бақылаудың тәртібі мен мерзімділігін өндіруші (дайындаушы) зертханалық зерттеу, санитариялық өңдеу, дератизация және дезинсекция жүргізу көлемі мен мерзімділігі белгіленген өндірістік бақылау бағдарламасында айқындайды. Өндірістік бақылаудың әзірленген бағдарламасы технологиялық процеске, тамақ өнімінің рецептурасына өзгерістер енгізілген кезде мезгіл-мезгіл қайта қаралады.
120. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау барысында объектілерде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген кезеңділікпен және көрсеткіштер бойынша мыналарға:
1) өнімнің түріне байланысты азық-түлік (тамақ) шикізаты, жартылай фабрикаттар, қосалқы материалдар, дайын өнім, су сапасының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне;
2) технологиялық процестердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына және өндірістік үй-жайлар, жабдық, мүкәммалды дезинфекциялау сапасына (микробиологиялық шайындыларды санитариялық-көрсеткіштік микрофлораның – ішек таяқшалары тобы бактерияларының болуына; балық өңдеу, ет өңдеу, құс өңдеу және сүт өңдеу объектілерінде, кондитерлік кремді бұйымдар, ұн жартылай фабрикаттарын шығаратын объектілерде патогенді микрофлораның болуына зерттеу);
3) өндірістің санитариялық-гигиеналық режимдерінің, жұмыс істейтін адамдардың еңбек жағдайларына (микроклимат, жарықтандыру, жұмыс аймағының ауасы, шу, діріл, электр магниттік сәулелену) сақталуына зертханалық бақылау жүргізіледі.
121. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау барысында қоршаған орта объектілерінен тамақ өнімдерінің үлгілерін алу Кодекстің, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті мөлшерде өнімдерге арналған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
122. Үлгілердің мөлшері (көлемі) халықаралық және өңірлік стандарттарға сәйкес айқындалады, ал олар болмаған жағдайда зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер тәртібі мен әдістерін, оның ішінде өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға, техникалық регламенттерге сәйкестігін бағалау (растау) мақсатында қолданылатын үлгілерді алу тәртібін қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттармен, техникалық құжаттамамен, әдістермен (әдістемелермен) айқындалады.
123. Өндіруші (дайындаушы) шығарылатын тамақ өнімдерінің 021/2011 КО ТР белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
124. Жаңа технологиялық жабдықта, сондай-ақ жөндеуден, реконструкциялаудан кейін жұмыс санитариялық өңдеу, дезинфекциялау сапасына және шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігіне микробиологиялық бақылау жүргізген соң жүргізіледі.
125. Өнімдерді зертханалық зерттеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде үлгілердің екі еселенген мөлшері қайта зерттеледі, технологиялық процесс барысы бойынша өндіріске, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, қосалқы материалдарға, суға, барлық жұмыс үй-жайларының санитариялық-гигиеналық жағдайына қосымша бақылау жүргізіледі және тиісті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
126. Егер тамақ өнімдерінің қауіпті қасиеттерге ие болуына әкеп соқтырған бұзушылыққа жол берілген болса, өндіруші (дайындаушы) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерін (сатыларын) шұғыл тоқтатады, оны ішкі сауда объектілерінен кері қайтарып алуды және тиісті сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, содан соң Кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес оны кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастырады.
127. Объектілерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында және шығарылатын тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау және сақтау сатыларында қауіпсіздігін өндірістік бақылау кезінде технологиялық жабдықтың, мүкәммалдың, қосалқы материалдардың шайындыларында ағымдағы дезинфекциядан кейін 60 минуттан (бұдан әрі – мин) кешіктірмей алынған шайындыларда 2 %-дан аспайтын санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдердің (ішек таяқшалары тобы бактерияларының) болуына жол беріледі, бұл дезинфекциялау режимін қанағаттанарлық бағалау туралы куәландырады. Микробиологиялық шайындыларда патогенді микрофлораға зерттеу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау кезінде және көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. Сыртқы ортаның жоғарыда аталған объектілерінен алынған шайындылардағы патогенді микрофлораның болуына жол берілмейді.
128. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің сұраулары бойынша өндіруші (дайындаушы) өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты береді.





Персоналға тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қарап тексеруге және гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар

129. Шаруашылық етуші субъектілер персоналды санитариялық киімнің кемінде үш жиынтығымен қамтамасыз етеді. Өндірістің ерекшелігіне байланысты санитариялық киімнің жиынтығына қосымша резеңке етік, қолғап, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдары кіреді.
130. Арнайы киіммен өндірістік үй-жайлардың шегінен шығуға, оның үстінен сыртқы жеке киімді киюге жол берілмейді.
131. Арнайы киімді жуу және дезинфекциялау орталықтандырылып жүргізіледі, үйде жууға жол берілмейді.
132. Тамақ өндірісінде тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен айналысатын қызметкерлер жұмысқа кіру алдында, сондай-ақ арнайы оқу орындарының оқушылары өндірістік тәжірибеден өту алдында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап тексеруден өтеді. Жұмысқа тұратын және зиянды еңбек жағдайларымен, қолайсыз өндірістік факторлардың әсерімен байланысты өндірістер мен кәсіптерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық қарап тексеруден өтеді.
133. Шаруашылық етуші субъекті объектіде персоналдың жеке медициналық кітапшаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
134. Төңірегіне және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, инфекциялық аурулармен ауыратын адамдар немесе инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ осындай ауруларға күмән келтірген адамдар жұмысқа жіберілмейді. Өнім өндіру процесінде жұмыс істейтін кез келген адам өзінің ықтимал ауыруы туралы немесе ауру белгілері туралы тікелей басшысына шұғыл хабарлайды. Науқас адаммен немесе осындай ауру тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар медициналық зерттеп-қараудан өткен соң жұмысқа жіберіледі.
135. Тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен және түсірумен айналысатын адамдар жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды. Жұмыс басталу алдында шаштарын қалпақ немесе үшкіл орамал астына жинайды, зергерлік әшекейлерін, сағаттарын және басқа да сынатын заттарды шешеді, тырнақтарын қысқартып қырқады және лакпен боямайды. Шикізатқа және дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларға ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттардың қалтасында жеке тұтыну заттарын сақтауға жол берілмейді.
136. Қосымша өңдеусіз тұтынуға арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде күнделікті жұмыс ауысымының басында медицина қызметкері немесе басқа жауапты адамдар жұмыскерлер денесінің ашық беті тері қабаттарының бүтіндігін тексереді. Терінің іріңді аурулары бар адамдар, сондай-ақ инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмейді. Қарап тексеру нәтижелері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Цех қызметкерлерін медициналық қарап тексеру нәтижелерінің журналына енгізіледі.
137. Темекі бұйымдарын тұтынуға арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, объектілерде темекі бұйымдарын тұтынуға жол берілмейді.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!