Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тамақ өнімдерін өндіруге, өлшеп-орауға, сақтауға, тасымалдауға және байытуға қойылатын талаптар



92. Тамақ өнімдерін өндіру шарттары мен процестерін ұйымдастыру осы Санитариялық қағидалардың, Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
93. Цехішілік көліктік (айналым) ыдыс және ыдыс жабдықтары таза, құрғақ, берік, бөтен иіссіз пайдаланылады. Айналымдағы ыдысты пайдалану алдында объектіде міндетті түрде өңдейді.
Цехішілік ыдыс технологиялық процестің кезеңдері бойынша таңбаланады, шикізат пен дайын өнімнің жеке түрлеріне бекітіледі, қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылады.
94. Мыналарға жол берілмейді:
1) өнімді өндіру кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және дезинфекциялауға жол берілмейді. Өндірістік цикл уақытында жабдықты қоршаған жағдайда оған жөндеу жүргізуге жол беріледі;
2) өндірістік үй-жайларда қосалқы бөлшектерді, ұсақ тетіктерді, шегелерді сақтауға;
3) өндірістік үй-жайларда тамақ өнімдерін ластау көзін жоюды қиындататын аймақтарды ұйымдастыруға;
4) өндірістік үй-жайларда және тоңазытқыштарда тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылмайтын өндірістік қалдықтарды, басқа да заттар мен материалдарды, оның ішінде жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға;
5) жәндіктер мен кеміргіштердің болуына;
6) өндірістік үй-жайларда сынаптық бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға, қорғаныш жиегі жоқ шыны өлшеу аспаптарын қолдануға;
7) көлік (айналым) ыдыстарын өндірістік цехке алдын ала өңдеусіз кіргізуге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін ыдыстар мен көліктерде бұйымдарды сатуға және тасымалдауға;
8) дайын өнімдерді қаптауға арналған ыдысты өндірістік үй-жайлар арқылы тасымалдауға жол берілмейді;
9) объектілердің әкелінетін сумен жұмыс істеуіне;
10) технологиялық процестер, жабдықтарды және үй-жайларды санитариялық өңдеу үшін сумен жылыту жүйесінің ыстық суын пайдалануға;
11) өнімді анық таңбаланбаған, пломбасы бұзылған, ластанған, бүлінген қаптамада сақтауға және өткізуге;
12) технологиялық операцияларға кәсіптік дайындығы (біліктілігі, мамандығы) жоқ, гигиеналық оқытудан өтпеген персоналды тартуға;
13) мынаған:
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылатын техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін;
дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетілген тамақ өнімдерінің белгілерінен ерекшеленетін сапасыздықтың айқын белгілері бар;
тамақ өнімдерінің шығарылған орнын және қадағаланатындығын растайтын, олардың сапасын және қауіпсіздігін куәландыратын мәліметтерді қамтитын ілеспе құжаттары жоқ;
таңбасында көрсетілген, тұтынушыға дайындаушы ұсынған ақпаратқа сәйкес келмейтін;
таңбасында жарамдылық және (немесе) сақтау мерзімі немесе жарамдылық (сақтау) мерзімі өтіп кеткен немесе сақтау жағдайлары таңбасында және (немесе) ілеспе құжатында көрсетілген сақтау жағдайларына сәйкес келмейтін;
таңбасы жоқ немесе тамақ өнімін таңбалау бөлігінде оған қойылатын талаптарда белгіленген техникалық регламенттер талаптарына және (немесе) тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін;
ветеринариялық сәйкестендіру белгілері жоқ (заңнамада осындай сәйкестендіру көзделген тұтас етке, тұтас еттің жартысына, төрттен бір бөлігіне, малды сойғаннан алынған өнімдерге арналған таңба);
құрамында заңнамаға сәйкес қайда шығарылғаны және қауіпсіздігі расталмаған тамақ ингредиенттері бар;
жалған өнім болып табылатын азық-түлік шикізатын қабылдауға, қолдануға, сақтауға, тасымалдауға және тамақ өнімдерін өндіруге жол берілмейді;
14) бояғыштарды, хош иістендіргіштерді, тамақ қышқылдарын және басқа қоспаларды басқа ыдысқа қайта салуға, қайта құюға;
15) мамандандырылған тамақ өнімдерін өндіру үшін мұздатылғаннан
басқа құс етін, механикалық жаншылған құс етін және құс етінен алынған құрамында коллаген болатын шикізатты пайдалануға;
16) тамақ өнімдері өндірісінде йодталмаған тұзды пайдалануға жол берілмейді. Өндірісінде йодталмаған тұзды пайдалануға жол берілетін тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көзделген;
17) шикізатты және дайын тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайда өнімнің өндірісіне қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдерін және шикізатты бірге сақтауға жол берілмейді;
18) тоңазыту жабдығының төбесінде, қабырғаларында, еденінде, есіктерінде, тамақ өнімдерінің қаптамаларында қар мен мұздың жиналуына жол берілмейді;
19) шикі өнімдерді (ет, құс еті, балық, көкөніс, жеміс, жұмыртқа және басқаларын) тұтынуға дайын тамақ өнімдерімен, дайын қапталмаған өнімдермен бірге сақтауға, қауіпті тамақ өнімдерін басқа тамақ өнімдерімен сақтауға, сондай-ақ оларды су құбырына және кәріз құбырларына, жылыту құралдарына жақын жерде сақтауға;
20) тамақ өнімдерін тікелей еденге жинауға жол берілмейді.
95. Техникалық су компрессорларды суытуға, аумақты суаруға, санитариялық тораптағы жуғыш бөшкелерге және писсуарларға келтіруге, автомашиналардың сыртын жууға пайдаланылады.
96. Объектілерде шығарылатын өнімдердің ассортиментін шаруашылық етуші субъектілер объектінің қуаты, типі, үй-жайлар жиынтығы, тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуына сәйкес әзірлейді.
97. Өндірісте пайдаланылатын мұз ауыз су сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін ауыз судан жасалады. Мұзды ластанудан қорғайтын жағдайларда дайындайды, орналастырады және сақтайды, оның сапасының сақталуын қамтамасыз етеді.
98. Тамақ өнімдерімен немесе тамақ өнімдерімен жанасатын беттермен тікелей жанасатын бу зиянды заттарды қоспастан ауыз судан өндіріледі.
99. Тұтыну ыдысында пайдаланатын материалдан басқа, сусымалы барлық қосалқы материалдар пайдалану алдында магнит ұстағыштар арқылы өткізіледі.
100. Тамақ ингредиенттері мен тамақ қоспалары дайындаушы зауыттың қаптамасында сақталады және пайдалануға жеке үй-жайда дайындалады. Оларды сақтау жеке жабық шкафтарда жүргізіледі, пайдалануға жеке үй-жайда дайындалады.
101. Шикізаттың, дайын өнімнің және қосалқы материалдардың әрбір партиясына олардың сапасын, қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар және олардың қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттар қоса жүреді.
102. Өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатының партиясына ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу кезінде пайдаланылған пестицидтер, азық-түлік қорларының зиянкестерімен күресу мақсатында сақтауға арналған үй-жай мен ыдыс фумигациясы туралы өндірушінің (өнім берушінің) ақпараты қоса жүреді.
103. Жануарлардан алынған азық-түлік шикізаты ветеринариялық құжаты бар болғанда өңделмеген және қайта өңделмеген түрде тағамдық мақсаттағы тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдаланылады.
104. Жануарлардан тікелей немесе оларды сою кезінде алынған жануарлардан алынған азық-түлік шикізатына ветеринариялық ілеспе құжаттар қоса жүреді.
105. Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес жүргізіледі.
106. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақтау шарттарын өндіруші (дайындаушы) рецептуралық құрамына, қаптамалау материалының түріне, нормалау құжаттарының талаптарында көзделген сақтау шарттарын сақтаған кезде барлық жарамдылық мерзімі ішінде тамақ өнімінің қасиеттері мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін қаптау тәсіліне және өнімді өңдеу түріне байланысты белгілейді.
107. Тамақ өнімдерін өндіруші (дайындаушы) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және тұтынушыға өніммен бірге тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігін немесе өнімнің объектіде шыққан күні мен сағатын (технологиялық процесс аяқталған сәттен бастап), сақтау температурасы мен сақтау мерзімінің аяқталуын (күнін, сағатын) көрсете отырып, жүкқұжатты ұсынады.
108. Қойма үй-жайлары, шикізатты сақтауға және өндіріске дайындауға арналған үй-жайлар шикізатты, дайын өнімдерді бөлек сақтауға арналған тоңазыту жабдықтарымен жарақталады, санитариялық өңдеуді қамтамасыз ететін материалдардан жасалған сөрелермен, стеллаждармен, тауар қойғыштармен және контейнерлермен, салқындату камералары конденсатты жинау және бұру жүйелерімен жабдықталады.
109. Дайын өнімдерді тоңазыту камерасына және (немесе) қоймалық үй-жайға орналастыру партияны шығару күнін, ауысымын және нөмірін көрсете отырып, партиялармен жүзеге асырылады.
110. Қойма үй-жайлары, тоңазыту камералары массаны, температураны, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын және уақытын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақталады, олар жөніндегі мәліметтер шығарылған өнімнің жарамдылық (сақтау) мерзімі ішінде сақталады. Камералардың, үй-жайлардың температурасы мен ылғалдылығы сақталатын өнімнің нормативтік-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес ұсталады.
111. Дайын өнімдерді сақтайтын тоңазыту камералары мен қоймалардың температурасы мен ылғалдылығын өндірістік бақылау шеңберінде шаруашылық етуші субъектілер ауысымына кемінде 2 рет бақылайды. Бақылау нәтижелері объектінің есепке алу құжаттамасына тіркеледі.
112. Тоңазыту жабдығы, тоңазыту камералары ластану шамасына қарай жуылады және дезинфекцияланады.
113. Ерекше иісі бар тамақ өнімдері (дәмдеуіштер, балық, ірімшік және басқаларды) бөгде иісті өзіне тартатын өнімдерден (шикі ет, сары май, жұмыртқа, шай, тұз, қант және басқаларынан) бөлек сақталады.
114. Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлері үшін ерекше сақтау шарттарын сақтау қамтамасыз етіледі:
1) салқындатылған және тоңазытылған етті (тұтас етті, тұтас еттің жартысын, төрттен бір бөлігін) сақтау ілгектерге асып қойған күйінде, тұтас еттің өзара, үй-жайдың қабырғасымен және еденімен жанасуына жол бермей жүргізіледі. Блоктардағы (немесе ыдысқа салынған) етті стеллаждарда, тауар қойғыштарда және контейнерлерде сақтауға жол беріледі. Еттің жартылай фабрикаттары, субөнімдер, тоңазытылған және салқындатылған құс еті өнім берушінің ыдысында сақталады, қатарластырып жинап қойған кезде ауа айналымы қамтамасыз етіледі;
2) салқындатылған балық өнім берушінің ыдысында, сақтау температурасы 0-ден минус 20С дейін кемінде екі тәуліктен асырмай сақталады;
3) сусымалы өнімдерді сақтау құрғақ, таза, жақсы желдетілетін, қамба зиянкестерімен ластанбаған үй-жайларда жүргізіледі;
4) иерсиноздың және жалған туберкулездің алдын алу мақсатында көкөністер сақтау процесінде мезгіл-мезгіл тексеріледі және қайта өңделеді және тазаланады;
5) азық-түлік картобын қараңғы үй-жайларда және (немесе) оны күннің тікелей немесе шашыранды сәулесінің әсерінен қорғайтын ыдысты, қаптау материалдарын пайдалана отырып сақтайды.
115. Сақтау температурасы және ылғалдылық параметрлері регламенттелген тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдары мен көлік жабдықтары қажетті тасымалдау температурасын ұстап тұратын жабдықтармен және температуралық режим мен ылғалдылық деңгейінің тиісті параметрлерін өлшейтін бақылау құралдарымен жабдықталады.
116. Тамақ өнімдерін, ыдысты, өнеркәсіптік қаптаманы кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне (бұдан әрі – Кәдеге жарату және жою ережесі) сәйкес жүзеге асырылады.




Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!