Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жобалау, салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және пайдалануға беру кезінде объектілерге қойылатын талаптар



Quot;Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10971 тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Е. Досаев

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_______________Т.Дүйсенова
2015 жылғы 6 сәуір



Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген

Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 1. Жалпы ережелер

1. Осы «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Cанитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының заңнамасында өндіруге және қайта өңдеуге қойылатын өзге де талаптар белгіленген тамақ өнімдерін қоспағанда, тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидалар:
1) жобалау, салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және пайдалануға беру;
2) үй-жайлар мен жабдықты күтіп-ұстау және пайдалану;
3) тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, сақтау, тасымалдау, байыту;
4) өндірістік бақылауды ұйымдастыру;
5) персоналға тұрмыстық қызмет көрсету кезінде объектілерге, сондай-ақ медициналық қарап тексеруге және персоналды гигиеналық оқытуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін өндіру кезінде одан әрі қайта өңдеуге арналған жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынатын шикізат және ауыз су;
2) балалар сүт ас үйі – еметін және жас сәбилерге арналған сүт өнімдері мен емдік тамақтану өнімдерін дайындауға арналған объект;
3) балалар тағамы қоспасы – сапалық және сандық қатынасында емшек сүтінің құрамына барынша жақындатылған, баланың жасанды және аралас тамақтануы кезінде қалыпты дене бітімінің дамуын қамтамасыз ететін сүт қоспасы;
4) бастыру машинасы – дәндердің бетін шаңнан құрғақтай тазалауға, жеміс қабықтарын, шашақтарын және тұқымдарын ішінара бөліп алуға және дәнді алдын ала қабыршақтауға арналған қамшы түріндегі жұмыс органы бар дән тазалайтын машина;
5) бастундар – ұзын макарон бұйымдары ілінетін және кептірілетін жабдықтың қосалқы бөлігі;
6) бункер, силос – ысырмамен және қоректендірушімен жабдықталған төменгі бөлігі арқылы тиелетін дәнді уақытша сақтауға арналған ыдыстар;
7) бураттар – ұнды елеуге және металл магнитті қоспаларды ұстап қалуға арналған технологиялық жабдық;
8) бүріккіш пистолет (форсункалар) – сауу алдында сиырдың желініне өңдеу жүргізуге арналған құрылғы;
9) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы малға, малдан алынатын өнімге және шикізатқа, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, сондай-ақ өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін малдың, малдан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі ветеринариялық анықтама;
10) гомогенизация – май түйіршіктерін ұсақтау жолымен сүттің құрамын біркелкі қалыпқа келтіруге арналған технологиялық процесс;
11) дайындалған күні – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
12) дайындалатын сүт – дені сау малдан алынған және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен ветеринариялық-санитариялық қағидалардың талаптарына сай келетін сүт;
13) дайындаушының техникалық құжаттары – сәйкестендіру белгілерін көрсете отырып, тамақ өнімдерінің атауы, тамақ өнімдерінің ингредиенттік құрамы, қолданылу саласы, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштері, таңбалауға және қаптауға қойылатын талаптар, жарамдылық мерзімі мен сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату шарттарын, технологиялық операцияларды және оларды тамақ өнімдерінің тиісті түрлеріне қолдану жүйелілігін, тамақ өнімдерінің немесе импорттық тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылатын өндірістік бақылау бағдарламасын қамтитын өндіріс процестерінің тізбелері мен сипаттамасы бар тамақ өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жүзеге асырылатын дайындаушы бекіткен құжаттар (ұйым стандарттары, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер);
14) дәнді ылғалды қабыршақтауға арналған машина – дәнді ылғалдандыруға және қабығын ішінара алу үшін қолданылатын машина;
15) дәннің зиянды қоспасы – адам мен жануарлардың денсаулығына қауіпті өсімдіктен алынған қоспа;
16) дезинфекциялау кедергісі – автокөлік дөңгелектерін дезинфекциялауға арналған дезинфекциялау ерітіндісімен толтырылған, объект аумағына кіреберіс жердегі шұңқыр;
17) дезинфекциялау-жуу пункті (бұдан әрі – дезжуу пункті) – малды тасымалдайтын көлік құралын жуу және дезинфекциялау жүргізілетін орын;
18) есептік нөмір – өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
19) етті дефростациялау – етті бұлшық еттің қалың жерінде плюс (бұдан әрі – «+») 1 градус Цельсий (бұдан әрі – 0С) төмен емес температураға дейін жібіту;
20) жаншылған ет – сүйегінен ажыратылған тұтас еттің бұлшық еттерінен, майынан және дәнекер тіндерінен тұратын ет өнімі;
21) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы процестерінің (сатыларының) шарттарын сақтаған кезде тамақ өнімдерін мақсаты бойынша пайдалану қауіпсіз деп саналатын және аяқталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшін тамақ өнімдері жарамсыз болатын уақыт кезеңі;
22) жарма өнімдері – дәнді жармаға өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер;
23) жетілдіру камерасы – дайын өнімнің тиісті органолептикалық көрсеткіштерін және сақтау кезінде төзімділігін қамтамасыз ету үшін етке созылмалы түр беру, ылғал ұстағыш қабілетін сақтау мақсатында етті ұстауға арналған үй-жай;
24) жоғары температурада пастерлеу – +770С бастап +1250С дейінгі температура диапазонында, сілтілі фосфатазаны және пероксидазаны инактивациялау қоса жүретін термиялық өңдеу процесі;
25) зеер камерасы – шнектің және дәндер ядросының ортасынан алынатын майдаланған жарманың пресс пластиналары арасындағы кеңістік;
26) крахмал-сірне өнімдері – құрамында крахмалы бар шикізаттан крахмал мен крахмал өнімдерін дайындау нәтижесінде алынған өнім. Крахмал-сірне өнімдеріне мыналар жатады: крахмал сірнесі, кристалды глюкоза, түрлі көмірсутекті құрамдағы сироптар, жасанды және түрлендірілген крахмалдар, декстриндер, крахмал сагосы және крахмал негізіндегі басқа да өнімдер;
27) қабық – күнбағыс дәнінің жеміс қабығы;
28) қайнатпа – әртүрлі жемістер мен жидектердің езбесін қоса отырып, пісірілген қант массасы;
29) қамырды ашытып қою – стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттарға сәйкес ауаның температурасы мен ылғалдылығы жағдайында қамырды ұстау;
30) қарқынды ылғалдау шнегі – дәнді ылғалдауға арналған транспортер түріндегі жабдық;
31) қатты мұздатылған ет – бұлшық еттің қалың жерінде минус (бұдан әрі – «-») 180С аспайтын температураға дейін мұздатқаннан кейінгі ет;
32) қауіпті тамақ өнімдері – пайдалану кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төнетін өнімдер;
33) қуаттылығы аз объектілер (шағын өндіріс) – етті, сүтті, нан және нан-тоқаш бұйымдарын, балықты қайта өңдеу бойынша өндірісі тәулігіне 3,0 тоннаға дейін; кремі бар кондитерлік бұйымдар өндірісі тәулігіне 0,1 тоннаға дейін, кремі жоқ кондитерлік бұйымдар өндірісі тәулігіне 0,3 тоннаға дейін; макарон бұйымдары өндірісі тәулігіне 0,1 тоннадан кем, алкоголь және алкогольсіз өнімдер өндірісі жылына жүз мың декалитрге дейінгі объектілер;
34) құрғақ ашытқылар – құрамында 90 пайыз (бұдан әрі – %) құрғақ заттары бар ашытқылар;
35) магнитті бөгеуіштер – металл магнитті қоспаларды бөлуге арналған құрылғы;
36) магнит ұстағыш – ұсақ металл заттарды ұстауға арналған қондырғы;
37) май экстракциялау өндірісі – өсімдік майын өндіретін, майларды гидрогенезациялау мен бөлшектеу жүргізетін объект;
38) малдан алынатын азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін дайындауға арналған және өнеркәсіптік немесе жылумен өңдеуге ұшырамаған өнімдер: малдың барлық түрінің тұтас еті (тұтас еттері), олардың бастапқы қайта өңдеу өнімдері (қан мен субөнімдерді қоса алғанда), судың биологиялық ресурстары және уылдырық, шикі сүт, шикі кілегей, ара шаруашылығы өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері; өнеркәсіпте дайындалмаған, ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге арналған малдан алынатын өнімдер;
39) меланж – жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызының мұздатылған қоспасы;
40) меласса – қант қызылшасы өндірісінің қалдығы, ашытқы өндіруде пайдаланылады;
41) мисцелла – шроттың еріткішпен қоспасы;
42) нормативтік құжаттар – тамақ өнімдерінің, олармен жанасатын материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне, олардың қауіпсіздігін бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану, сапасыз, қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою шарттарына қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер;
43) өндірістік бақылау – өндіруші тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процесінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттаған іс-шаралар; зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізуді қамтитын жұмыстардың орындалуы және қызметтердің көрсетілуі;
44) өнеркәсіпте дайындалмаған тамақ өнімдері – азаматтар үй жағдайларында және (немесе) жеке қосымша шаруашылықтарында немесе бау, бақша, мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар алған және тек ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге арналған жануардан және өсімдіктен алынған өнімдер;
45) өсімдік майы – сығып алу немесе айырып алу арқылы өсімдіктердің тұқымдарынан немесе жемістерінен алынатын өсімдік майлары;
46) пастерлеу – микроорганизмдердің патогенді және вегетативті жасушаларын өнімдегі бастапқы құрамының кем дегенде 99,0 %-ға жоюды қамтамасыз ететін, +650С бастап +1000С дейінгі температурада термиялық өңдеу (бір рет қыздыру арқылы) процесі;
47) престелген ашытқылар – құрамында 25-30 % құрғақ заттары бар ашытқылар;
48) рециркуляция – бастапқы параметрлеріне дейін келтірілген ауаны қайта пайдалану;
49) рұқсат етілген шекті шоғырлану – барлық еңбек өтілі ішіндегі күнделікті жұмыс кезінде ауру немесе денсаулық жағдайында ауытқу тудырмайтын зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері;
50) салқындатылған ет – жануарды немесе құсты сойғаннан кейін тікелей және бұлшық еттің қалың жерінде 00С бастап + 40С дейінгі температурада салқындатқаннан кейін алынатын жас ет;
51) санитариялық өңдеу – жабдықты, мүкәммалды, ыдысты жуу және дезинфекциялау сапасын қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдердің жиынтығы;
52) санитариялық ақау – технологиялық операциялар, тасымалдау және (немесе) жинау барысындағы бұзушылықтар салдарынан туындаған өнімнің өзгеруі, тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкеп соқтыратын, оның органолептикалық және тұтынушылық қасиеттерінің өзгеруі арқылы өнімнің бүлінуі;
53) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа ластанулармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
54) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинауға, жабдықтар мен мүкәммалды жууға, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізу үшін арнайы бөлінген уақыт (кемінде айына бір рет);
55) санитариялық сою орны – ауру малды союға арналған үй-жай;
56) сепаратор – дәндерді ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан тазалауға арналған дән тазалайтын машина;
57) стерилизациялау – +1000С жоғары температурада микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін тұмшаланып жабылған ыдыстарда сүтті термиялық өңдеу процесі;
58) сүт блогы – сүтті бастапқы өңдеуге және уақытша сақтауға, сауу жабдығын санитариялық өңдеуге, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға және дайындауға арналған сиыр қорадағы оқшауландырылған үй-жай немесе жеке ғимарат;
59) тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі куәлігі – тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының әрбір партиясына қоса берілетін және оның сапасы мен қауіпсіздігінің нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуін куәландыратын; оларды қадағалауды қамтамасыз ететін, партияның нөмірі мен көлемін (бар болғанда), жарамдылық мерзімдері мен оларды сақтау шарттарын қамтитын өндірушінің (дайындаушының) құжаты;
60) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші – адамның және малдың денсаулығына қауіп төндіретін химиялық, радиоактивті, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;
61) тамақ өнімдері – бұл адамның тағамға тұтынуына (оның ішінде балалар тағамына, диеталық емдік тамақтануға, диеталық профилактикалық тамақтануға, спортшылардың тамақтануына арналған мамандандырылған өнімдер, сергітетін сусындар, өсімдіктен, малдан және микробтан алынатын гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдерден алынған шикізаттардан өндірілетін тамақ өнімдері, органикалық өнімдер) арналған табиғи, өңделген немесе қайта өңделген түрдегі жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық немесе биотехнологиялық жолдармен алынған өнімдер, ауыз су және ыдыстарға өлшеп құйылған минералды ауыз су, алкогольді (оның ішінде сыра) және алкогольсіз сусындар, тағамға биологиялық белсенді қоспалар, сағыздар, ұйытқылар мен микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері, ашытқылар, тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштер, сондай-ақ азық-түлік (тамақ) шикізаттары мен тамақ ингредиенттері;
62) тамақ өнімдерінің партиясы – қауіпсіздікті куәландыратын бір құжат қоса берілетін, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және (немесе) қапталған біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;
63) тартылған ұн өнімдері – дәнді ұнға өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер;
64) тез бұзылатын тамақ өнімдері – қатаң регламенттелген мерзімдерде тасымалдаудың, сақтаудың және өткізудің арнайы талаптарын қажет ететін тамақ өнімдері;
65) тез мұздатылған өнімдер – бүтін, туралған немесе ұсақталған табиғи тағам компоненттерін қоса отырып немесе оларды қоспай дайындалған, қапталған және сақтау кезінде және тұтынушыға дейін барлық салқындату тізбегінде сақтау қажет, өнім ішіндегі температураны –180С дейін жеткізгенге дейін жылдам тәсілмен мұздатылған өнімдер;
66) тез мұздататын камера – -280С және одан төмен температуралық режимдегі жабдықталған үй-жай;
67) тегістеуші машина – дәннің (тұқымның) бетінен қауызы аршылғаннан кейін қалған қабыршақтарды (және ішінара ұрықты) біржола алып тастауға арналған, сондай-ақ жармаларды стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген қалыпқа және қажет етілетін сыртқы түріне дейін өңдеуге арналған машина;
68) технологиялық немесе өндірістік ақау – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарды қанағаттандырмайтын өнім, оны ақаулардың болуына байланысты тұтынушыға беруге жол берілмейді. Технологиялық ақау қайта өңделеледі немесе өзінің қажеттіліктері үшін пайдаланылады;
69) термиялық өңдеу – өнімдерді термиялық өңдеу процесі (суыту, термизация, пастерлеу, стерилизациялау, ультрапастерлеу, ультражоғары температурада өңдеу);
70) термизация – сүтті немесе сүт өнімдерін +600С бастап +680С дейінгі температурада кейіннен 30 секундқа (бұдан әрі – сек) дейін ұстау арқылы термиялық өңдеу процесі;
71) термограмма – шикізаттарды (өнімдерді) жылумен өңдеу режимінің графикалық бейнесі;
72) технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы;
73) тоңазытылған жұмыртқалар – тоңазытқышта 30 тәуліктен астам уақыт бойы сақталған жұмыртқалар;
74) тоңазытылған ет – жануарды сойғаннан кейін тікелей және еттің қалың жерінде -20С бастап -30С дейінгі температураға дейін тоңазытқан соң алынған жас ет;
75) тостер – дәндерді кептіруге арналған электрлі қыздыру аппараты;
76) төменгі температурада пастерлеу – +760С жоғары емес температурада сілтілі фосфатазаны инактивациялаумен сүйемелденетін термиялық өңдеу процесі;
77) ультражоғары температурада өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) – сүтті және оның өңдеу өнімдерін +1250С бастап +1400С дейінгі температура ағынында кемінде 2-5 сек ұстау арқылы микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін термиялық өңдеу;
78) ультракүлгін сәуле – үй-жайдың ауасын, суды залалсыздандыру үшін қолданылатын 0,4-0,2 микрометр ауқымындағы электр магнитті толқындар;
79) үгу машинасы – жеміс қабықтарын (кебегін) дән эндоспермасынан бөлуді жүзеге асыратын ортадан сыртқа тебетін машина;
80) үлестіру пункті – балалар сүт ас үйі құрамына кіретін немесе балалар сүт ас үйінен 40 километрден (бұдан әрі – км) аспайтын арақашықтықта бөлек орналасқан балалар сүт ас үйінде дайындалған балалар тамағын таратуға арналған объект;
81) ұйытқы – тамақ қоспасын сүтқышқылды бактериялармен немесе сүтқышқылды бактериялармен және ашытқылармен ашытумен алынған жартылай фабрикат,
82) ұнтақтағыш – қатты материалды дисперстіліктің белгілі бір дәрежесіне дейін ұсақтауға арналған құрылғы;
83) ұнтақ – жанышқышта ұнтақталған шикізат;
84) фризерлеу – сүт қоспасын бір уақытта араластыра отырып, балмұздақ үшін салқындатудың технологиялық процесі;
85) фризер – балмұздақ дайындауға арналған жабдық;
86) циклон – ауаны тазалауға арналған құрылғы;
87) шартты жарамды ет – залалсыздандырғаннан кейін тамаққа пайдалануға жол берілген ауру жануардың тұтас еті (уылжытып пісіру, шұжық бұйымдарын әзірлеу, мұздату немесе тұздау арқылы финнозды етті залалсыздандыру);
88) шелдеу – терінің астындағы майлы және бұлшық ет тіндерінің қалдықтарын алып тастайтын технологиялық операция;
89) шрот – майлы дақылдар тұқымдарын престеу және экстракциялаудан кейін алынатын өсімдік майларын өндіру кезіндегі жанама өнім;
90) щеткалы машина – дәннің бетін қабықтан және шаңды ластанудан құрғақтай тазалауға арналған щетка түріндегі жұмыс органы бар дән тазалайтын машина.
4. Осы Санитариялық қағидаларда осы бөлімде арнайы айқындалмаған терминдер Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (021/2011 КО ТР) (бұдан әрі – 021/2011 КО ТР) белгіленген мәндерде пайдаланылады.



Жобалау, салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және пайдалануға беру кезінде объектілерге қойылатын талаптар

5. Жобалау, салу және реконструкциялау кезінде объектілерге қойылатын талаптар Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) сәйкес белгіленеді.
6. Жер учаскелерінде:
1) бұрын олар мал қорымдары, уытты қалдықтарды көму орындары, қоқыс үйінділері, ассенизациялау алаңы, зираттар ретінде пайдаланылған, сондай-ақ органикалық және химиялық сипаттағы ластанған топырағы бар;
2) радиациялық қауіпсіздік нормативтері жоғары болған;
3) жер учаскесінде күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналасқан;
4) санитариялық-қорғаныш аймағын, санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде, су басуы ықтимал аймақтарда;
5) сумен жабдықтау көздерінің бірінші санитариялық қорғаныш аймағында орналасқан;
6) қауіпті аймақтарда көмір және басқа шахталар жыныстарының үйінділері орналасқан кезде объектілерді жобалауға және салуға жол берілмейді.
7. Ғимараттарды, құрылыстарды, объектілердің өндірістік үй-жайлары мен құрылғыларын (объектінің қуаты мен бейініне қарамастан) жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу:
1) технологиялық процестердің ағымдылығын, шикізат пен дайын өнімді тасымалдау жолдарының қиылысуын болдырмауды;
2) шу мен дірілден қорғауды: үй-жайларды дыбыс оқшаулағыш құрылыс материалдарымен әрлеу; электр қозғалтқыштарды амортизаторларға дыбыс сіңіретін жұтқыш қаптаманы қолдану арқылы орнату; жабдықтарды діріл сіңіретін іргетастарға орнатуды қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
8. Мыналарды:
1) объектіні тұрғын үй ғимараттарында, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған, жапсарлас салынған және ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларға және азаматтық мақсаттағы ғимараттарға;
2) балалар сүт ас үйін (бұдан әрі – БСАҮ) ғимараттардың жартылай жертөле және жертөле қабаттарына;
3) объектінің өндірістік үй-жайларын ғимараттардың жертөле және цокольдық қабаттарына;
4) объектімен байланысты емес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған үй-жайларды (объект персоналының тұруына арналған тұрғын үй-жайларды, үй жануарлары мен құстарын жемдейтін пункттерді);
5) өндірістік үй-жайларда персоналға арналған киім ауыстыру орнын орналастыруға жол берілмейді.
9. Мыналарды:
1) БСАҮ жапсарлас ғимараттарда, балалардың амбулаториялық-емханалық үй-жайларында және жеке кіретін есігі бар стационарлық медициналық ұйымдарда;
2) әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабаттарында өндірістік қуаты тәулігіне 5 мың порцияға дейін болатын БСАҮ;
3) 100 метрден (бұдан әрі – м) артық белгіленген санитариялық-қорғаныш аймағы бар санитариялық сыныптаманың 1-2 қауіптілік класына жатқызылған объектілерді қоспағанда, Кодекстің 7-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіру объектілерін көп бейінді өндірістік ғимараттармен бір аумақта;
4) 100 м-ден артық белгіленген санитариялық-қорғаныш аймағы бар санитариялық сыныптаманың 1-2 қауіптілік класына жатқызылған объектілерді қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда, тұрғындарға және (немесе) негізгі ғимараттың персоналына зиянды әсер болмаған, технологиялық процестердің оқшаулау принципі сақталған жағдайда қуаттылығы аз объектілерді жеке тұрған адам тұрмайтын ғимараттарда, адам тұрмайтын ғимараттарға жапсарлас, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда, объектілердің көп бейінді өндірістік ғимараттарында (әкімшілік, өндірістік, сауда);
5) нөл метр деңгейінде санитариялық-қорғаныш аймағын негіздеу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда қуаттылығы аз объектілерді тұрғын ғимараттарда, тұрғын ғимараттар мен азаматтық мақсаттағы ғимараттардың ішіне, жапсарлас және ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастыруға жол беріледі.
10. Қуаттылығы аз объектілерді қоспағанда, объектілердің аумағында көліктің кіруіне және шығуына арналған екі бөлек жол көзделеді. Жүк түсіру-тиеу алаңдарын, теміржол және автомобиль платформаларынан өтпелерді, құрылыс материалдарын, отынды, ыдыстарды сақтауға арналған алаңдарды, автокөлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын су өткізбейтін тегіс жабынмен жабады.
11. Сүт дайындаумен, құстарды, етті, балықтарды қайта өңдеумен айналысатын объектілердің аумағына кіргенде және одан шыққанда қақпа алдында эпизоотиялық ахуалға байланысты дезинфекциялау ерітіндісі бар дезинфекциялау кедергілері орналастырылады. Дезинфекциялау кедергілерінің кюветтері жылдың қыс мезгілінде дезинфекциялау ерітінділерін қыздыруға арналған құрылғымен жабдықталады.
12. Тамақ өнімдерін қабылдау (жөнелту) үшін шикізат пен дайын өнімді тасымалдауға арналған бөлек жүк көтергіштермен жарақталған жүкті тиеу-түсіру тетіктері көзделеді. Тамақ өнімдерін тиеу-түсіру орындарына қалқалар орнатылады.
13. Объект аумағында мынадай негізгі:
1) әкімшілік үй-жайлар ғимараты, бақылау-өткізу пункті және жеңіл көліктің тұрағына арналған алаң орналасқан әкімшілік;
2) өндірістік үй-жайлар, сондай-ақ өндірістік зертхана, денсаулық сақтау пункті, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, асхана, қалқасы бар мамандандырылған көлікке арналған автотұрақ орналасқан өндірістік;
3) қосалқы мақсаттағы ғимараттары, қойма үй-жайлары, жөндеу-механикалық шеберханалары, резервтегі құрылыс материалдарын, ыдыстар мен отынды сақтауға арналған құрылыстары, қоқыс жинауға арналған контейнерлер орналасқан алаңдар мен аулалық дәретханалары бар шаруашылық аймақтар бөлінеді.
Шаруашылық аймағы өндірістік аймаққа қарағанда ық жақта орналасады, жасыл желектермен (ағаштармен, бұталармен) бөлінеді.
14. Көмірге арналған ашық қоймалар, мазутты және басқа да мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды жауын-шашын суы еңісімен жоспарланған арнайы сақтауға бөлінген алаңдарда орналастырады.
15. Объект аумағындағы шаруашылық аймақтың арнайы бөлінген жерінде өндірістік аймаққа қатысты ық жақта қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді орнату үшін үш жағынан биіктігі кемінде 1,5 м бүтін қабырғамен қоршалған алаң көзделеді.
16. Үй-жайлардың жиыны мен аудандарын бейінді объектілердің типіне, қуатына, шығарылатын өнімдердің ассортиментіне, технологиялық жобалау нормаларына сәйкес белгілейді.
17. Тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша ұйымдастырылады, олардың құрамына сыртқы, жеке және арнайы киімдерге және аяқ киімдерге арналған бөлек киім ілетін орын, таза киімдерді сақтауға арналған киім-кешек қоятын орын, кір арнайы киімді қабылдауға арналған үй-жай, себезгі бөлмесі және қол жууға арналған раковиналар, киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін орын, кір жуатын бөлме (кір жуу орталықтандырылған болмаса) кіреді.
18. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайларды жеке және арнайы киімге, аяқ киімге арналған бөлек шкафтармен жабдықтайды.
Тұрмыстық үй-жайлар жеке ғимаратта орналасқан жағдайда өндірістік үй-жайларға жылы өту жолын көздейді.
19. Етті (оның ішінде құстың етін), балық және сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдей объектілерінде жұмыс істейтін әйелдер саны 15 және одан көп болғанда әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме және гигиеналық себезгісі бар арнайы кабина көзделеді.
20. Өндірістік үй-жайлар мен ғимараттарда:
1) тамақ өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мүкәммал мен айналымдағы ыдыстарды сақтауға, жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жайлар және жинау мүкәммалы мен жабдықтарын сақтауға, оларды жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жайлар;
2) санитариялық-тұрмыстық суағарлар үшін жұмыс істеп тұрған су бұрумен қосылған жуғышпен жабдықталған, есіктері өндірістік үй-жайға тікелей шықпайтын, тамақ өнімдерінің барлық өндірістік цехтарынан бөлек үй-жайда орналасқан санитариялық торап;
3) цехтарда 500 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) шаққанда бір кран, бірақ бір үй-жайға кемінде біреу есебінен жинауға арналған жуғыш крандар. Шлангілерді сақтау үшін ұштық клапандармен жабдықталған кронштейндер көзделеді;
4) ыстық және суық ағынды су келтірілген, араластырғыштармен, қол жууға арналған құралдармен және бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе электр сүлгілермен (кемінде біреу) жарақталған, әрбір өндірістік үй-жайда, санитариялық торапта, тұрмыстық үй-жайда қол жууға арналған қолжуғыштар көзделеді.
21. Объекті персоналы үшін тамақ ішетін орын бөлінеді (буфет, асхана немесе ас ішетін үй-жай).
22. Объекті аумағы қоршалады, абаттандырылады, қатты жабынмен қамтамасыз етіледі, атмосфералық, еріген суды және аумақты шайған су ағындарын жинауға арналған жауын-шашын кәрізімен жабдықталады, тазалықта ұсталады.
23. Объектілер орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтаумен, су бұру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Объектіге сумен жабдықтау жүйесін енгізген кезде су сынамасын алуға арналған құрылғы және сарқынды суға арналған жол көзделеді. Объектілердің өндірістік үй-жайлары ағынды суық және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
24. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған кезде объектіде су құбырының ішкі жүйесін орната отырып, жергілікті су көздерінің суын пайдалануға жол беріледі. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және бу жүйесі болмаған кезде жылудың жергілікті көздері, су ысытқыштар орнатылады.
25. Су беру тоқтатылған кезеңде объектілерде талдауға су сынамасын алуға арналған құрылғымен жабдықталған суды өндірістік және ауыз су мақсатына сақтауға арналған жинау резервуарлары көзделеді.
26. Су қорына арналған резервуардың конструкциясы су қауіпсіздігін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеді.
27. Объектілерде ауыз су емес суды техникалық мақсат үшін пайдаланған кезде ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтаудың бөлек жүйелері көзделеді. Ауыз су мен ауыз су емес судың айналым жүйесіне айыратын таңба қойылады.
28. Мыналарға:
1) жұмыс орындарының және технологиялық жабдықтың үстінен технологиялық және тұрмыстық су ағатын аспалы кәріз құбырларын орнатуға;
2) өндірістік үй-жайлар арқылы тұрмыстық ағындарды бұруға арналған бағандар өткізуге;
3) объектілердің қойма үй-жайларының, өндірістік цехтарының және салқындататын камераларының үстінен санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, кір жуу бөлмесін және қолжуғышты орналастыруға;
4) тоңазыту камераларының қоршау конструкцияларында, сондай-ақ осындай камералар мен тамбурлар арқылы су құбыры мен кәрізді орнатуға;
5) сарқынды суды еденге ағызуға, сондай-ақ ашық науаны орнатуға;
6) өндірістік және тұрмыстық суды ашық су қоймаларына тиісінше тазартпай ағызуға, сондай-ақ сіңіретін құдықты орнатуға;
7) ашық технологиялық процестер жүретін технологиялық жабдық үстіне шамшырақтарды орнатуға;
8) ғимараттардың, құрылыстар мен объектінің үй-жайларында объектінің персоналының тұруына арналған тұрғын ғимараттарды немесе тұрғын үй-жайларды, объектімен байланысы жоқ жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған үй-жайларды, үй жануарлары мен құстарды тамақтандыру пункттерін орналастыруға;
9) өндірістік үй-жайларда персоналға арналған киім шешетін бөлмелерді орналастыруға жол берілмейді.
29. Объектіде шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік кәріз жалпы қалалық (кенттік) су бұруға қосылған бөлек болуы тиіс, ол болмаған жағдайда жергілікті кәріз жүйесі жабдықталады.
30. Объектіні кәрізденбеген және ішінара кәрізденген елді мекендерге орналастырған кезде жергілікті кәріз жүйесі және шығаратын тазарту жүйесі көзделеді. Сарқынды суды қабылдауға арналған су өтпейтін сыйымдылық (шұңқыр) қақпақпен жарақталады, шаруашылық аймағына орналастырылады және оның үштен екі көлемі толған жағдайда тазартылады.
31. Сарқынды су кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына шығару алдында механикалық тазаланады, ішіндегі майы май ұстағыштар арқылы өткізіледі. Объектінің карантиндік бөлімшесінен шыққан сарқынды су залалсыздандырылады.
32. Өндірістік үй-жайлар шайынды суды жинауға арналған диаметрі кемінде 10 сантиметр (бұдан әрі – см) траптармен және торлармен жабдықталады. Технологиялық жабдықтың және машиналардың өңделген суын ағызуға арналған құбырлар гидравликалық қақпақ (сифон) құрылғысы бар су бұруға қосылады.
Жабдықтан аққан сарқынды суды кәрізге ағызу жабық әдіспен жүргізіледі.
33. Санитариялық тораптардағы, себезгі бөлмелері мен кәріз және су құбыры бағаналары өтетін орындардағы еден объекті үй-жайларының үстінде гидрооқшаулау төсемі бар жабындар арқылы орнатылады.
34. Өндірістік және қойма үй-жайларындағы кәріз бағандарын сыланған қораптарда тексерусіз, объектінің тек тұрмыстық үй-жайлары арқылы өткізеді.
35. Объектінің үй-жайларында өндірістің технологиялық талаптарына сәйкес табиғи және (немесе) жасанды жарық көзделеді.
36. Жарықтандыру көздері арнайы жарық беретін арматурамен, шаң, ылғал бөлумен байланысты өндірістерде ылғал-шаңнан қорғайтын арматурамен жабдықталады. Жұмыс орындарында шағылысуды болдырмайтын қосымша жарықтандыру көздерін орнатады.
37. Өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлар табиғи және (немесе) жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдету жүйесімен жабдықталады.
38. Желдету жүйелерінің конструкциясы мен орындалуын үй-жайға ластанған ауаның кіру мүмкіндігін болдырмау және тазалауды немесе ауыстыруды қажет ететін сүзгілерге және басқа бөліктерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жасайды.
39. Егер технологиялық процеспен жол берілген болса, өндірістік үй-жайларда табиғи желдету көзделеді.
40. Жылу, ылғал және зиянды заттарды қарқынды бөлетін көз болып табылатын жабдық барынша тұмшаланады және жергілікті сорғы құрылғысы бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен, ұн шаңын бөлу көздері (үйінді шұңқырлар, қап қағушы машиналар, ұн елеуіштері, қысқа кесілген бұйымдарды төгуге арналған іріктеу үстелдері) аспирациялық қондырғылармен жабдықталады.
41. Өндірістік үй-жайларға арналған сырттан келетін ауаны жинау жердің деңгейінен 2 м төмен емес аймақтан жүзеге асырылады. Ашық технологиялық процестері бар цехтарда жеңіл тазарту сүзгілерінде сырттан берілетін ауаны тазалау көзделеді.
42. Аммиакты компрессорлық қондырғылардың машина және аппараттық бөлімшелеріндегі сору желдеткішінің ауа жинау құрылғыларын үй-жайдың жоғарғы және төменгі аймақтарында орнатуға жол беріледі.
43. Егер оның дөңесіне дейінгі арақашықтық кемінде 10 м болса, жергілікті сору жүйесінің шығарындыларын ғимараттың ең жоғары бөлігінің жабынынан кемінде 2 м биіктікте шығарады.
44. Желдету жүйесі шығаратын, құрамында уытты заттар бар ауа атмосфераға шығару алдында тазартылады.
45. Технологиялық жабдықтың орнын ауыстыру немесе алмастыру кезінде желдеткіш жүйелеріне реконструкциялау жүргізіледі.
46. Уытты және тітіркендіретін заттарды қолдануға байланысты технологиялық процестерді сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған бөлек үй-жайларда немесе оқшауланған арнайы учаскелерде жүргізеді.
47. Жұмыс орындарында шығатын ыстық будан және газдан қорғау үшін тыныс алу аймағы деңгейінде ауа себезгісі орнатылады. Қысқы уақытта ауа қозғалысының жылдамдығы сек 0,5-1,0 метр (бұдан әрі – м/с) болған кезде себезгілеу ауасының температурасы +18 0С шегінде, ал жазғы кезеңде ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 1-2 м/с болған кезде +22 0С қамтамасыз етіледі. Ауаның рециркуляциясына жол берілмейді.
48. Бөтелкені үрлеу бойынша қондырғыны негізгі өндірістен оқшаулайды және жергілікті желдеткіш қондырғымен жабдықтайды.
49. Тұрмыстық үй-жайларда, санитариялық тораптарда, себезгі бөлмелерінде және зертханаларда жалпы алмасу және жергілікті желдеткіштің автономды (тәуелсіз) жүйелері, тұрмыстық үй-жайларда көбіне табиғи іске қосылатын желдеткіш орнатылады.
50. Өндіріс технологиясын есепке ала отырып, технологиялық ауа баптау құрылғысы көзделеді.
51. Микроклиматқа, өндірістік үй-жайларды жарықтандыруға, шу, діріл, аспаптардың және жабдықтың электр магниттік сәулеленуіне, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды қоспалардың болуына қойылатын талаптар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.
52. Өндірістік және қойма үй-жайларына кіреберісте тамбурлар болмаған жағдайда, ауаны жылытатын «ауа» шымылдығы құрылғысы көзделеді.
53. Объектіні орталықтандырылған жылыту жүйесімен жабдықтайды, ол болмаған жағдайда, жергілікті жүйеге жол беріледі. Жинау, тексеру және жөндеу жүргізу үшін жылытудың барлық түрлері жағдайында жылытқыш аспаптардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
54. Температуралық–ылғалдылық режимдері бойынша ерекшеленетін және өзара қатынасатын үй-жайлар осы параметрлердің шұғыл өзгеруіне жол бермейтін жабдықпен және (немесе) құралмен бөлінеді.
55. Үй-жайды ішкі әрлеу пайдаланылып отырған өндіріс технологиясына конструктивті сәйкес келетін, қолдануға рұқсат етілген уытты емес әрлеу материалдарын пайдалану арқылы өндіріс технологиясын ескере отырып, орындалады. БСАҮ-ның өндірістік цехтарының, сүт өңдейтін, ет өңдейтін, тез мұздатылған жартылай фабрикаттарды, тұзды, тамақ концентраттарын, тамақ қышқылдарын өндіру объектілерінің, себезгі бөлмелерінің қабырғалары барлық биіктігі бойына қапталады; басқа өндірістердің өндірістік цехтарының, зертханалардың, тұрмыстық үй-жайлардың қабырғалары жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдармен кемінде 2 м биіктікке дейін қапталады.
56. Төбенің (немесе төбе болмаған жағдайда, шатырдың ішкі беті), өндірістік үй-жайлардағы технологиялық жабдықтардың үстінде орналасқан жерүсті конструкцияларының беті тамақ өнімдеріне бөгде бөлшектердің түсуіне, конденсаттың, зеңнің пайда болуы мен түсуіне жол бермейтіндей жасалады.
57. Технологиялық жабдықтардың жұмыс істеуі кезінде конденсат пен зеңнің пайда болуын болдырмау қамтамасыз етіледі. Қабырғалар, төбелер және еден жылтыр, тегіс, ақаусыз бетті қамтамасыз ететін, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жеңіл санитариялық өңделетін материалдардан орындалады.
58. Өндірістік үй-жайлардың, себезгі бөлмелерінің едені су өтпейтін, сіңірмейтін және уытты емес, тайғанамайтын, оларды санитариялық өңдеуге мүмкіндік беретін, беті тегіс, шұңқырсыз, жарықшақсыз материалдардан, жұмыс орындары мен жолдардан алыс орналасқан траптарға ылди, сорғытуды қамтамасыз ете отырып, жасалады. Агрессивті ағыны бар үй-жайларда едендерді әрлеу үшін қышқылға, сілтіге және майға төзімді жабындарды пайдаланады. Цехішілік көлікке арналған жолдағы еден учаскелері соққыға төзімді плиталармен әрленеді. Сулы процестермен, маймен молынан ластанумен байланысты өндірістік үй-жайлар еденінің учаскелері тормен жабдықталады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!