Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ересектерде ішкі аурулар алгоритмі, клиникалық фармакология, дерматология пәндері бойынша деңгейлік бақылау сұрақтары



1. Дәрілік зат (ДЗ) жүктіліктің қай кезеңінде ең қауіпті эмбриотоксикалық әсер береді?

+А. ұрықтанудан кейінгі 7 күнде (имплантацияға дейін)

В. жүктіліктің алғашқы 3-4 айында (эмбриогенез кезеңі)

С. жүктіліктің екінші триместрінде

D. жүктіліктің үшінші триместрінде

Е. босанудан 7-10 күн бұрын

2. Дәрілік зат жүктіліктің қай кезеңінде ең қауіпті тератогендік әсер береді?

А. ұрықтанудан кейінгі 7 күнде (имплантацияға дейін)

+В. жүктіліктің алғашқы 3-4 айында (эмбриогенез кезеңі)

С. жүктіліктің екінші триместрінде

D. жүктіліктің үшінші триместрінде

Е. босанудан 7-10 күн бұрын

3. Дәрілік зат жүктіліктің қай кезеңінде ең қауіпті токсикалық әсері?

А. ұрықтанудан кейінгі 7 күнде (имплантацияға дейін)

В. жүктіліктің алғашқы 3-4 айында (эмбриогенез кезеңі)

С. жүктіліктің екінші триместрінде

D. жүктіліктің үшінші триместрінде

+Е. босанудан бұрын және босану кезінде

4. Келтірілген дәрілердің қайсысын тоқтатпай қолдана беру қажет болса, жүктілікті жалғастыруға болмайды?

А. пенициллин

В. В тобының витаминдері

С. макролидтер

+D. ісікке қарсы антибиотиктер

Е. финлепсин

5. Жүктіліктің барлық кезеңінде қолдануға болатын антибактериалды препаратты көрсетіңіз:

+А. пенициллиндар

В. сульфаниламидтер

С. бисептол

D. нитрофурандар

Е. фторхиналондар

6. Резерпин қабылдайтын анасын емгеннен сәби қандай дәрілік әсер алады?



А. қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер

+В. мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік

С. пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы

D. асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер

Е. геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы

7. Теофиллин қабылдайтын анасын емгеннен сәби қандай дәрілік әсер алады?

+А. қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер

В. мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік

С. пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы

D. асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер

Е. геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы

8. Аминогликозидтерді қабылдайтын анасын емгеннен сәби қандай дәрілік әсер алады?

А. қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер



В. мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік

С. пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы

+D. асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер

Е. геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы

9. Этанолды қабылдаған анасын емген сәби қандай әсер алады?

А. қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер

В. мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік

+С. пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы

D. асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер

Е. геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы

10. Салицилаттарды қабылдайтын анасын емген сәби қандай дәрілік әсер алады?

А. қозудың күшеюі, айқай, тахикардия, зәрайдағыштық әсер

В. мұрынмен дем алудың қиындауы, бронхоспазм, орталық жүйке жүйесінің тежелуі, әлсіздік

С. пролактин бөлінуінің жоғарлауы, сүт безінің көлемі ұлғаюы

D. асқорыту жолдарының кілегей қабаты қабынуымен, іш өтумен сипаттталатын ототоксикалық әсер

+Е. геморрагия, тыныстың бұзылуы, Рейно синдромы



11. Бутамидпен (таңертең 1г, кешке 0,5г) емделуден қант диабеті компенсацияланды. Бірақ науқаста 2-і ФК-ты стенокардия болған соң, қосымша анаприлин (40мг, 3 рет/тәул.) және аспирин (0,125 г/тәул.) тағайындалды. Осындай кешенді терапияның бір аптасынан кейін, мезгіл-мезгіл әлсіздік, тершендік, бас айналу, мазасыздық, тері жамылғысының бозаруы байқалды. Осы жағдай себебін атаңыз:

А. бутамид дозасы көп болғаннан

В. анаприлин дозасы көп болғаннан

+С. анаприлин және бутамидтің фармакодинамикалық әсерлесуінен

D. анаприлиннің және аспириннің фармакодинамикалық әсерлесуінен

Е. аспириннің және бутамидтің фармакодинамикалық әсерлесуінен

12. Науқас неврозды жағдайға, үрейленуге, эмоциялық күйге, ұйқының бұзылуына, АҚҚ жиі жоғарлауы шағымдарына байланысты, диазепамның 10 мг және раунатиннің 1 т күніне 2 рет қабылдағанын айтты. Анамнезінде созылмалы гепатит. Екі аптадан кейін науқас галлюцинация, айқын түстер көре бастағанын, әлсіздік өсіп және қолдары қалтырайтынын байқады. Диазепамның жағымсыз әсерінің пайда болуына қандай жағдай әсер етті?

А. препараттың жоғары дозасы

В. АІТ-нан препараттың сіңуінің жоғарлауы

+С. препараттың организмде биотрансформация процессін тежеуі

D. препараттың организмнен шығарылуының жоғарлауы

Е. диазепамның және раутиннің әсерлесуі

13. ЖИА-мен, атеросклерозды кардиосклерозбен, созылмалы қан айналымы жетіспеушілінің (СҚЖ) ІІ Б сатысымен ауыратын науқасқа (ЖЖЖ -96, PS-76, АҚҚ 120/80, PQ-0,21) қарыншалық экстросистолияны жою үшін лидокаин (50мг) болюс ретінде бірден енгізіліп, кейіннен дәрі көк тамырға (1мг/мин) тамызылды. Лидокаин мөлшері неге 2 есе аз берілді?

А. тахикардия болғандықтан

В. AV өткізгіштіктігі баяулағаннан

С. лидокайнның бүйрек арқылы бөлінуі баяулағаннан

D. бауырдың кардиалды циррозында гипоальбуминурия жиі болатындықтан

+Е. СҚЖ-і бар науқаста ДЗ-тардың тарау көлемі төмендейтіндіктен

14. Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс?

А. фуросемид

В. дигоксин

С. пенициллин

D. аспирин

+Е. гентамицин

15. Жүктіліктің 33 аптасындағы әйел, аурудың 2-ші күнінде бөлімшеге жедел ортанғы бөлікті пневмониямен келіп түсті. Қақырықтың себіндісінен ақ стафилакокктың өсіндісі анықталды. Қандай дәрі қолдану керек?

А. бензил пенициллин

В. ампициллин

С. карбенициллин

D. метациклин

+Е. оксациллин

16. Жедел калькулезді холециститке байланысты әйел адамға операция жасалды. Кейін операция орны іріндікпен асқынды. Жарадан алынған ірінді себіндісінен көк ірің таяқшасы анықталды. Тексеру кезінде бүйректің шығару қызметінің бұзылғаны – креатинин клиеренсі минутына 40 мг екені анықталды. Емге қажет дәріні таңдаңыз?

А. ампициллин

+В. амикацин

С. метациклин

D. гентамицин

Е. цефалоридин

17. Науқас жедел маститке байланысты бөлімшеге түсті, операция жасалды. Ампициллинді екінші рет бұлшық етке енгізгенен кейін 20 минуттан соң жүрек айну, бас айналу, іштің ауруы, АҚҚ-ның төмендену пайда болды. Науқасқа не болды?

+А. АІТ не ампициллиннің токсикалық әсері

В. Қан тамыр қабырғасына ампициллиннің тікелей әсері

С. Ампицилинге аллергиялық реакция

D. Негізгі аурудың динамикасы

Е. Операциядан кейінгі асқыну қосылды

18. Науқас жүрек соғуына, бас айналуына шағымданып бөлімшеге түсті. Соңғы 6 жыл бойы психоэмоциональды жүктемелерден кейін жүректің жиі соғуы мазалайды. PS-минутына 130 рет, ЖСЖ-минутына 130 рет. QRS-0,08 с, АҚҚ с.б. 130/80 мм. Пароксизмді тоқтату үшін не қолду керек?

А. хинидин

В. новокаиамид

С. лидокаин

+D. верапамил

Е. кордарон

19. Науқас ентігуге, төс астының ауруына, аяқтағы ісіктерге, оң қабырға доға тұсының ауратына шағымданады. Бес жыл бұрын миокард инфарктісін алған. Өкпенің базальді бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Жүрек тондары тынықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 140 рет. АҚҚ с.б.б. 130/80 мм. Бауыры + 4 см ұлғайған, диурез 800 мл. Науқасқа дигоксин (1 мл/тәу.), фуросемид (40 мл/тәу.) панангин тағайындады. Жағдайы жақсарды, бірақ 10-шы күні жүрек айнуы, жүрек жұмысының щалыс соғуы пайда болды. ЭКГ-да синусты ырғақ, ЖСЖ минутына 110 рет. ST сегменті V3- V6 -тіркемелерінде 2-2,5 мм-ге төмендеген. Т тісшесі екі фазалы, қарыншалық бигеминия, PQ- 0,24с. Сіз таңдайтын дәрі?

+А. лидокаин

В. верапамил

С. анаприлин

D. этацизин

Е. хинидин

20. Науқаста жедал орта бөлікті пневмония. Пенициллиннің 0,5 млн ХБ-і бұлшық етке әрбір 6 сағ сайын тағайындалды. Қақырықта пенициллинге сезімтал пневмококк және сезімталдығы әлсіз стафилакокк бары анықталды. Сіздің тактикаңыз?

+А. пенициллинді алып, оксациллинді тағайындау.

В. емге оксациллинді қосу

С. емге олеандомицинді қосу

D. пенициллинді алып, ампициллинді тағайындау

Е. емге тетрациклинді қосу

21. Науқас 43 жаста, шағымдары: үнемі аз мөлшердегі шырышты қақырықпен жөтелге, күш түскен кезде ентігуге. 20 жылдан артық темекі шегеді. Кеудесі бөшке тәрізді, дауыс дірілі екі жақтада әлсіреген. Перкуторлы: қорап дыбысы естіледі. Өкпеде тыныс шығаруы ұзарып, қатқыл тыныс, екі жанында, тыныс шығарған кезде, сырылдар естіледі.Осы ауру кезінде қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі.

A. өкпе рентгенографиясы

B. қақырықтың жалпы зерттеуі

C. +спирография

D. бронхоскопия

E. өкпенің компьютерлік томографиясы

22. Науқас М. 45 жаста, шағымдары: тәүлігіне мөлшері 100 мл-ге дейін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, температурасының 38°С жоғарлауына. Анамнезінде: 5-6 жыл бойы жөтеледі, кейінгі 2 жыл ішінде өршүлер жиіледі. Объективті: өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Қай диагноз дұрыс болып есептеледі.

A. созылмалы жәй бронхит

B. созылмалы обструктивті бронхит

C. созылмалы іріңді бронхит

D. +бронхоэктатикалық ауру

E. пневмония, абсцесспен асқынған

23. 40 жыл бойы шылым шегетін егде жастағы науқастың шағымдары: әредік қан аралас қақырықпен жөтелдің пайда болуына, жарты жыл ішінде 20 кг жүдеуі, әлсіздік, физикалық күш түскен кезде ентігуге. Нейтрофилез, тромбоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы қай ауруға тән .

A. бөліктік пневмония

B. бронхиалды астма

C. +өкпенің қатерлі ісігі

D. өкпе туберкулезы

E. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

24. Науқас 53 жаста, шылым шегеді, осы жыл ішінде оң жақ өкпенің S9 сегментінде үшінші рет ошақты пневмониямен ауырды. Үнемі шаршағыштық, жөтел, әлсіздік, жүдеу, әредік қан аралас қақырықпен жөтел байқалады. Қандай диагноз қоюға болады.

A. Оң жақ өкпенің қатерлі ісігі

B. Созылмалы бронхит

C. +Оң жақ өкпенің туберкулезы

D. Инфаркт пневмония

E. Бронхоэктатикалық ауру

25. Науқас В. 33 жаста, профосмотр кезінде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты көлеңке анықталған. Анамнезінде: кейінгі 2 апта ішінде әлсіздік, шырышты қақырықпен жөтел, кеудесінде шаншып ауырсыну байқалады. Қанның жалпы зерттеуінде: Нв- 128 г/л, Л- 9,8*109/л, ЭТЖ- 21 мм/сағ. Пневмониямен өкпенің қатерлі ісігінің ажырату диагностикасын өткізу үшін қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі.

A. өкпе рентгенографиясы

B. қақырықты атипты жасушаларға зерттеу

C. +компьютерлық томография

D. бронхография

E. қанның иммунологиялық зерттеуі

26. Науқас 38 жаста, шағымдары: тұншығу ұстамаларына, ауыр түсетін қақырықпен жөтелге. Бала кезінен жиі бронхитпен ауырады, өршуі күзде және көктемде. Кейінгі 3 жыл бойы күнделікті және түнгі уақытта тұншығу ұстамалары дамиды, үнемі сальбутамол қолданады. Объективті: жағыдайы орташа ауырлықта, ысқырық сырылды тыныс алу, тыныс алу жиілігі – 22 рет минутына. Перкуторлы: қорап тәрізді дыбысы естіледі. Өкпеде тыныс шығаруы ұзарып, қатқыл тыныс, екі жағындада құрғақ ысқырық сырылдар естіледі. Осы науқастың еміне қандай топ дәрілерді қосу қажет.

A. муколитиктерді

B. антгистаминды дәрілерді

C. антибиотиктерді

D. Бронхолитиктерді

E. +глюкокортикостероидтарды

27. Науқас 57 жаста, орташа ауырлықтағы персистирленген бронхиалды астма және АГ II дәрежесімен ауырады. АҚҚ төмендету үшін үнемі энап 5мг екі рет тәулігіне және индап 2,5 мг күнара қабылдайды. Бронхиалды астманың ұстамасын басу үшін беротек 2-3 дозадан 1-2 рет тәулігіне қолданады. Кейінгі кезде үнемі құрғақ жөтелге шағымданады, осыған байланысты дәрігерге келген. Құрғақ жөтелдің себебі неде.

A. Индап қолдануға байланысты

B. Энап қолдануға байланысты

C. Беротек қолдануға байланысты

D. +Эднитпен беротекті бірге қолдануға байланысты

E. Беротектің дозасының жеткіліксіздігіне байланысты

28. Науқас П. 34 жаста, шағымдары: қызу, кеудесінің оң жағында ауырсыну, әлсіздік, ентігу, «тат» түсті қақырықпен жөтел. Аускультативті: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде везикулярлы тыныс әлсіреген, крепитация естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті қараю. Аталған ауруға лихорадканың қай түрі тән.

A. Фебрильды

B. +Субфебрильды

C. Гектикалық

D. Гипотермия

E. Сontinua

29. Науқас 35 жаста, шағымдары: кенеттен ұстама тәрізді қан қысымының 180-200 мм сб.бғ. дейін жоғарлауына. Ұстама ұзақтығы 20 минутқа дейін. Ультрадыбыстық зерттеу өткізгенде: сол жақ бүйрекүсті бездің ұлғайғаны анықталды, зәр зерттеуі қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады.

A. Гипертониялық криз

B. +Феохромоцитома

C. Біріншілік альдостеронизм

D. Нейроциркуляторлы дистония

E. Гипернефроидты қатерлі ісік

30. Науқас Т. 49 жаста, 15 жылдан артық созылмалы обструктивті бронхитпен ауырады, кейінгі екі жылдан бері АГ пайда болды, АҚҚ 160/95 мм сб.бғ. дейін жоғарлайды. АГмен созылмалы обструктивті бронхит қатар кездескен жағыдайда қай дәріні қолдануға болмайды.

A. диуретиктер

B. АПФ ингибиторлары

C. -кальций антагонистері

D. нитраттар

E. +β-адреноблокаторлар

31. 35 жастағы науқас бронх демікпесімен 2 жылдан бері ауырады. Тұншығу ұстамасын беротекпен қайтарады, гормонға тәуелді. Тыныс шығару шыңы жылдамдығы - 66%. Қараған кезде – тыныштықта ентігу, аускультацияда – барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар. Науқас соңғы сағатта үш рет беротекті ингаляция түрінде қабылдаған. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы дұрыс?

A. Теофиллин per os

B. Эуфиллин 2,4% 10 мл б/е

C. Вентолин небулайзер арқылы

D. +Преднизолон к/т доза 30-60 мг

E. Беротекпен ингаляция

32. 26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Сіздің тактикаңыз:

A. БК-ға қақырық талдауы

B. +Фтизиатрға жіберу

C. Антибактериалды ем жүргізу

D. Туберкулезге қарсы ем тағайындау

E. Пульмонология бөліміне жіберу

33. Гипертрофиялық кардиомиопатия кезіндегі кардиалгия себебі қандай?

A. +Салыстырмалы коронарлы жетіспеушілік

B. Арнайы емес коронарит

C. Коронарлы (ТӘЖ) артериялардың тарылуы

D. Қандағы эндорфиндер деңгейінің төмен болуы

E. Е-Коронарлы артериялар атеросклерозы

34. Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін ұзақтығы 2-3 сағат күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке,тершеңдікке шағымданады. Ең бірінші қандай ауру деп ойлауға болады?

A. Мойын остеохондрозы

B. Спонтанды пневмоторакс

C. Өкпелік жүрек

D. +Миокард инфаркті

E. Өкпе инфаркті

35. Таяуда миокард инфарктысы дамыған науқастың кеудесінде ауырсыну пайда болып, лихорадка, перикард үйкеліс шуы дамып, ЭТЖ жоғарлады. ЭКГ динамикасы өзгеріссіз. Қандай диагноз қоюға болады.

A. миокардтың зақымдалу ошағының ұлғаюы

B. идиопатиялық перикардит

C. +постинфаркты Дресслер синдромы

D. миокардтың жыртылуы

E. жүрек хордаларының үзілуі

36. Артериалды гипертензиямен ЖИАсы бар 68 жастағы науқаста қарыншаүстілік тахикардия байқалады. Осы науқастың емінде, аталған аритмияға қарсы дәрілердің қайсысы ең тиімді болады.

A. амиодарон

B. +верапамил

C. новокаинамид

D. лидокаин

E. панангин

37. Науқас А., 17 жаста, ангинамен ауырған, 3 аптадан кейін басы ауырып, зәрі қызарған. Объективті: беті ісінген, боз, АҚҚ 160/100 мм сб.бғ. Жалпы тәжірибелік дәрігер болжама диагнозды жедел постстрептококкты гломерулонефрит деп қояды. Емді қай дәріден бастау керек.

A. Курантил

B. +Пенициллин б/е

C. төсек режимі

D. тұзды шектеу

E. преднизолон

38. Науқастың шағымдары: тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағында ауыр сезіну, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіс бөлу. Асқазан сөлін зерттегенде гистаминрефрактерлы ахилия анықталған. Осы жағыдайда қай зерттеуді ең алдымен өткізу керек.

A. қанның жалпы зерттеуі

B. ұйқы безінің сыртқы секрециясын анықтау

C. нәжістің микроскопиясы

D. +Гастродуоденоскопия биопсиямен

E. асқазан рентгеноскопиясы

39. Науқас С. 38 жаста, семсер тәрізді өсінді артында ашып ауырсыну, қолға беріледі, жатқан кезде күшейеді, тұрған кезде азаяды. Ауырсынудың пайда болуы физикалық салмақпен байланысты емес, көбінесе тамақ ішкеннен кейін байқалады. ЭКГ өзгеріссіз. Диагнозды анықтау үшін ең тиімді зерттеу.

A. ЭКГ

B. Эхокардиографиямен доплерография

C. +ФГДСпен биопсия

D. Асқазан сөлінің тәуліктік рН-метриясы

E. ЭКГны Холтер бойынша мониторлау

40. 35 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, сарғаюға, тері қышуына, ұйқысыздыққа, апатияға, тұрақты бас ауруына, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезінде: бір жыл бұрын қан құйылған. Қарағанда: бауыры ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Тексергенде: жалпы билирубин –145,1мкмоль/л, тура 80,6мкмоль/л. Тимол байқауы –2,6 ед. АЛТ 0,85мккат/л, АСТ 0,95 мккат/л. НВsAg оң. Сіздің диагнозыңыз?

A. +Созылмалы гепатит В, сарғайған түрі, орта ауырлықта

B. Жедел вирусты гепатит В, сарғаюсыз түрі, орта ауырлықта

C. Жедел вирусты гепатит В, сарғаю түрі, орта ауырлықта

D. Жедел вирусты гепатит А, сарғаю түрі, орта ауырлықта

E. Жедел вирусты гепатит А, сарғаюсыз түр, жеңіл дәреже

41. 20 жастағы дене қызуы 38*С көтерілуіне, әлсіздік, бас ауруына, катаралды көріністерге, тәбеті төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен: 4 күн бұрын зәрі «сыра» түсті болды. Объективті: жағдайы орта ауырлықта, тері мен склера сарғыш, таза. Пульс 72 мин. АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ., тілі сұр жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауырсынады, бауыр мен көкбауыр пальпацияланады. Нәжісі түссіз, зәр түсі «сыра». Лабораторлы: жалпы билирубин 64,0, тура 52,0 мкмоль/л, тура емес 22,0 мкмоль/л, тимол байқауы 8,3. АЛТ 0,83мккат/л, АСТ 0,87 мккат/л. HBs-антиген теріс. Диагноз қойыңыз.

A. +Жедел вирусты гепатит А, сарғаю түрі, орта ауырлықта

B. Жедел вирусты гепатит А, сарғаюсыз түрі, жеңіл ағым

C. Жедел вирусты гепатит В, сарғаю түрі, орта ауырлықта

D. Созылмалы вирусты гепатит В, сарғаю түрі, орта ауырлықта

E. Созылмалы вирусты гепатит С, сарғаю түрі, орта ауырлықта

42. .72 жастағы науқас ауыр бөліктік пневмониямен сырқаттанған. Жоғары дене қызуының жедел төмендеуі кезінде кенеттен әлсіздік, бас айналу, құлақта шулау, жүрек айну, құсқысы келу шағымдары дамыды. Обьективті: науқастың тері жабындылары бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының тұйықталуы, төмен АҚҚ. Науқастың жағдайы қандай себебтен бірден нашарлады:

A. Сепсиске

B. Кардиогенді шокқа

C. Өкпе артериясының тромбоэмболиясына

D. +Инфекционды-токсическалық шокқа

E. Жедел респираторлы дистресс-синдромға

43.Қант диабетімен ауыратын 47 жастағы науқас, пневмонияға байланысты ем қабылдап жатқанда қайтадан қатты қалтырау және терлеумен жүретін дене қызуы 39 С көтерілді. ТАЖ минутына 32 рет., ЖСЖ минутына 108 рет. Қанында: лейкоциттер – 18мың., таяқшаядролы – 14, сегментоядролы – 52, лимфоциттер – 34, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Қаннан алтын түсті стафилококк анықталды. Эхокардиографиялық тексеру кезінде клапандар интактілі. Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін?

A) Сепсис

+B) Инфекцилық эндокардит

C) Инфекциялы-токсикалық шок

D) Жжедел тыныс жетіспеушілігі

E) Жедел респираторлы дистресс-синдромы

44..ӨСОА, тыныс жетіспеушілігімен, екіншілік эритроцитоз, декомпенсирленген өкпелік жүрекпен ауыратын науқаста төс артында ұстама тәрізді ауырсыну дамыды. Қарағанда: ТАЖ минутына 18 рет, ЖСЖ минутына 100 рет, АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. Қандай препаратты тағайындау тыныс жетіспеушілігінің тереңдеуіне әкелуі мүмкін?

A) Изокетті

B)Аналгинді

+C)Морфинді

D)Баралгинді

E)Нитроглицерині

45.39 жастағы науқас шарап ішкен соң дене қызуы 40(С көтеріліп, құсу, кеуде клеткасында ауырсыну пайда болған. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде біртекті тығыз массивті қараю. Массивті антибактериальды емге қарамастан, жағдайы нашарлап, лейкопения дамыды, ЭТЖ-52 мм/сағ. Қақырықтан алтын түсті стафилококк анықталды. Бір аптадан соң рентгенограммада массивті қараю жоғары бөлікті ғана емес, ортаңғы бөлікті де қамтыды және деструкция ошақтары анықталды. Бұл жағдайда қандай емдік тактиканы қолдану тиімді?

A) Лобэктомияны жүргізу

+B) Левофлоксацинді к\к тағайындау

C) Плазмаферез курсын жүргізу

D) Тиенам + метрогилді тағайындау

E) Цефтриаксон + нетромицинді тағайындау

46..Көп жыл бойы ӨСОА-мен ауыратын науқасты ауруханаға жатқызу кезінде ЭКГ-да анықталды: жоғары амплитудада II, III, aVF ,V1 әкетулердің болуы, Р тісшесінің биіктігінің үшкірленуі, Р тісшесінің ұзақтығы 0,1 с аспайды. R амплитудасы V1 = 8 мм, RV1+SV5,6 = 12mm, электрлік осі оңға қарай ығысқан (бұрышы б+100). ЭКГ-дағы белгілерді салыстырыңыз?

+A) Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы

B) Оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы

C) Оң жақ жүрекше мен қарыншаның гипертрофиясы

D) Гис шоғырының оң жақ аяқшасының тосқауылы

E) Жүрекше ішілік тосқауыл

47.65 жастағы науқас 3 жыл бұрын миокард инфарктісін басынан өткерген. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексеру кезінде: ЭТЖ – 65 мм/сағ. Рентгенде плевральды сұйықтық анықталды. Пункция жасау кезінде 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен соң плевра қуысына қайтадан сұйықтық толғаны анықталды. Көрсетілген тексерулердің қайсысы диагнозды нақтылау үшін ақпаратты болып келеді?

A) Компьютерлік томография

B) Трансбронхиальды пункция

C) Онкомаркерға тексеру

D) Магнитті-резонансты томография

+E) Экссудатты цитологиялық тексеру

48..ӨСОА–мен ауыратын 36 жастағы науқас өкпенің ошақты туберкулезі, ыдыраусыз түрі бойынша стационарлық ем қабылдап жатыр. Клиникалық жақсаруды бақылаудан соң соңғы 3 күн ішінде дене қызуының 38° С жоғарлауы, өнімсіз жөтел байқалды. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы науқас жағдайының жақсару себебін нақтылау үшін тиімді?

A) Брашбиопсия

B) Бронхоскопия

C) Туберкулинді сынама

D) Компьютерлік спирография

+E) Қақырыққа сәйкес микрофлора сезімталдығына себінді жасау

49.Науқас стационарға кеуде клеткасындағы тұйық, қысып ауырсынуға шағымданып түсті. Ұйықтағаннан бірнеше сағат өткен соң, ауырсынудан оянды. Анамнезінен: Ұстамалар 10-15 минут ішінде бірінен соң бірі кезектесіп, серия түрінде өтеді. ЭКГ-да ұстама кезінде сегменттің жоғарлауы байқалады. Мүмкін болатын диагноз?

+А) Принцметал стенокардиясы

B) Күш түсу стенокардиясы ФК II

С) Күш түсу стенокардиясы ФК III

D) Күш түсу стенокардиясы ФК IV

E) Жедел миокард инфарктісі

50.43 жастағы ер адамның шағымдары жоқ. АҚҚ 168/110 мм сын.бағ. Қан сары суындағы электролиттердің деңгейі қалыпты. Тиімді гипотензивті ем көрсетілген жағдайлардың қайсысының дамуын төмендетеді?

А) Қолқа аневризмасы

B) Тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі

C) ӨАТЭ

D) Бүйрек жетіспеушілігі

+E) Инсульт

51.20 жастағы науқас М жүрек тұсындағы сұққылап ауырсынуға, жүрек қағуына, әлсіздікке, делсалдыққа шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарағанда жүрек шекарасы солға қарай кенейген, жүректің барлық аймағында иррадиациясыз систолалық шу естіледі, ЖСЖ – минутына 90 соққы. Дене қызуы 37,7 С. Зертханалық тексеру кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы (+), С реактивті белок анықталды. ЭКГ-да: реполяризацияның бұзылуы мен қарынша ішілік өткізгіштіктің баяулауы. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

А) Перикардит

B) Кардиомиопатия

C) Миокардиодистрофия

D) Нейроциркулярлы дистония

+E) Миокардит

52.65 жастағы науқас жүрек тұсындағы қағулар, жүрек қағу, шаршағыштық, шамалы физикалық жүктемеге ентігу, ісіктер, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын веналары ісінген. Жүрек лақтырысы кенейген. Тондар тұйықталған, жыбыр аритмиясында ЖСЖ минутына 100 ретпен. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс, төменгі бөлімдерде екі жағынан дыбыссыз ылғалды сырылдар естіледі.Бауыры ұлғайған, тығыз, аздап ауырсынады, беткейі біркелкі, қырлары үшкір. ЭКГ-да: тісшелердің төмен вольтажы, ошақты өзгерістер, сол қарыншаның гипертрофиясы, реполяризация бұзылыстары. NYHA бойынша СҚЖ дәрежесінің жіктелуі (Нью –Йорктік кардиологиялық ассоциация).

А) ФКI

B) ФК II

C) ФК III

+D) ФК IV

E) ФК анықтау мүмкін емес

53..Науқаста ЭКГ-дағы тексеру берілгендері мен төс артындағы типті ауырсыну синдромы негізінде жедел ірі ошақты сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының миокард инфарктісі анықталды. ЭКГ-дағы көрсетілгендердің қайсысы мұндай көріністі түсіндіре алады?

А) I әкетулерде терең S тісшесі, III әкетулерде терең Q тісшесі, изолинияда- ST, T –оң;

B) V3R- V6R әкетулерде 1 мм-ге ST тісшесінің жоғарлауы

+C) II, III, AVF – әкетулерде кең және терең Q тісшесі бар, изолиниядан ST және Т тісшесінің жоғарлауы. I стандартты әкетулерде және АVL-да изолиниядан 3 мм төмен ST сегментінің депрессиясы тіркеледі;

D) I, AVL, V1 и V2 изолиниядан жоғары әкетулерде ST жоғарлауымен QS комплексі тіркеледі;

E) AVL, AVF, I, II, III, V3 ,V4 әкетулерде QrS тісшесі тіркелді, изолинияда ST сегменті.

54..Науқаста физикалық жүктемеден соң тұншығумен сипатталатын ентігу ұстамасы, көпіршікті қызғылт бөлініспен жөтел мазалайды. Қарағанда: өкпесінің екі жағынан әр түрлі калибрлі сырылдар, жыбыр аритмиясы, бауырдың ұлғаюы, төменгі аяқ қолдарда ісіктер байқалады. Көрсетілген симптомдар қандай патологияға тән?

А) Бронх демікпесінің ұстамасы

+B) Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілігі

C) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D) Спонтанды пневмоторакс

E) Инфаркті пневмония

55..14 жастағы пациентте АҚҚ 200/120 мм.сын.бағ. Аяғының жансыздануына шағымданады. Объективті: жақсы қалыптасқан кеуде клеткасы, тар жамбас, арық аяқтар. Кеуде клеткасының R – графиясында кеуде клеткасында, қабырғаларда өрнектер анықталады. Мүмкін диагноз?

А) Саркоидоз

+B) Қолқа коарктациясы

C) Иценко – Кушинг ауруы

D) Арнайы емес аортоартериті

E) Қолқа атеросклерозы

56.Стационарға жүрек тұсындағы қағу шағымдарымен науқас жеткізілді. ЭКГ- да синусты ритм фонында Р тісшесінің деформациясымен қалыпты QRS комплексі анықталады, толық емес компенсаторлы үзіліспен PQ арақашықтығының қысқаруы. Қандай ритм бұзылысы, ЭКГ-дағы өзгерістер мен көрсетілген симптомдар нені білдіреді?

А) Жыбыр аритмиясы

B) Қарыншалық экстрасистолия

C) Атриовентрикулярлы тосқауыл II дәрежелі

+D) Жүрекшелік экстрасистолия

E) Пароксизмалды қарыншалық тахикардия

57.60 жастағы науқас ұзақ уақыт артериалды гипертензияға байланысты бақылауда болған. Бойы -165 см, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды ретті түрде қабылдамаған. Жағдайы апта ішінде нашарлаған. Перкуторлы – сол жақ шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 88 рет. АҚҚ 150/85 мм.сын.бағ. Эхо КГ-да - сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай диагноз?

+А) Артериалды гипертония I дәрежелі, қауіп қатер 2

B) Артериалды гипертония, I дәрежелі, қауіп қатер 3

C) Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 4

D) Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 3

E) Артериалды гипертония, III дәрежелі, қауіп қатер 4

58.Әскерге шақырылушы профилактикалық қарау мақсатында ЖТД қаралды. Кезеңді түрде жүрек тұсындағы ауырсынуға, дискомфортқа шағымданады. Жүректе систолалық шу естіледі, I тон өзгермеген. ЭКГ: сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының дистрофиялық өзгерістері және III, аVF, V4-V6 әкетулерде Т толқынының инверсиясы . Бірінші орында науқасқа қандай тексеру жүргізу қажет?

А) Кеуде клеткасының рентгенографиясы

B) Холтерлік мониторлеу

C) ЭКГ

D) ФКГ

+E) Допплер - Эхо-КГ

59.Стационардағы 42 жастағы науқас саусақ аймағындағы, аяқ саусақтарындағы, шынтақ, тізе буындарындағы ауырсынуға, буындарындағы таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: шамамен ауырғанына екі жыл болған, дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: саусақтардың ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табандары halux valgus түрінде. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Бехтерев ауруы

+B) Ревматоидты артрит

C) Ревматикалық артрит

D) Буындардың хондроматозы

E) Подагра

60.28 жастағы әйел қозғалысы шектелген тізе буынының ауырсынуымен бақылануда. Объективті: тізе буындарының дефигурациясы, зақымдалған буында шектелу. Қан талдауында: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9,0х109/л, жалпы белок 75г/л, ЭТЖ 27мм/сағ. СРБ – (++). Буындардың R-графиясы – буын маңындағы остеопороз белгілері, буын саңылауының тарылуы. Көрсетілген аурудың базисті еміне келесі препараттарды қосуға болады:

А) Азатиоприн

+B) Азатиоприн, метотрексат
C) Азатиоприн, метотрексат, кризанол
D) Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин
E) Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин, преднизолон

61.32 жастағы әйел дәрігер қабылдауына келді. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының төмендеуіне, қол саусақтарының ұсақ буындарындағы ауырсынуға, бұл буындардың ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Таңертеңгілік сағ 1100 дейін зақымдалған буындарда құрысулар байқалады. Қарағанда: алақан-фалангалық буындардың дефигурациясы. Қан талдауы: эрит. 3х1012/л, гемогл. 95г/л, лейкоц. 12х109/л, ЭТЖ 36мм/сағ., СРБ – (++), б1-глобулины 11,6%. Саусақ R-графиясы: алақан-фалангалық буындардың тұсында буын маңының остеопороз белгілері, буын саңылауының тарылуы, көптеген өрнектер көрінеді. Сіздің болжам диагнозыңыз:

+А) Ревматоидты полиартрит II дәр. белсенділік,тез үдемелі ағымы, РД II, ФЖ II
В) Ревматоидты полиартрит II дәр.белсенділік,баяу үдемелі ағымы,РД III,ФЖIII
С) Ревматоидты полиартрит III дәр.белсенділік, жылдам үдемелі ағымы, РД II, ФЖ III
D) Ревматоидты артрит, олигоартрит II дәр.белсенділік, жасырын үдемелі ағымы, РД I, ФЖ I
Е) Ревматоидты артрит, моноартрит II дәр.белсенділік, баяу үдемелі ағымы, РД II, ФЖ II

62.30 жастағы жас ер адам тізе буынындағы ауырсынуға, дене қызуының 38,5С көтерілуіне, үрпіден аз мөлшердегі бөлініс бөлінуіне, ауыз қуысындағы жараға шағымданады. Склера тамырларының қызаруы байқалады. Қарағанда тізе буындары ісінген, оң жағынан көкшіл сипаттағы қызару, қозғалыстың шектелуі байқалады. ЖҚА-де нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Үрпіден алынған жағындыда хламидий табылды. Мүмкін диагноз?

А) Ревматикалық қызба

B) Остеоартроз

С) Подагра

D) РА, буындық түрісу

+E) Рейтер ауруы (синдром )

63.37 жастағы науқас күні бойы барлық буындарындағы құрысуларға, дене қызуының 37,5-38*С дейін көтерілуіне, жүдеуге, тізе буындарындағы бірден ісінуге және деформацияға, ауырсынумен жүретін саусақ ұштарының бозаруына, бұлшық еттеріндегі кезеңді ауырсынуларға шағымданады. Ауырғанына жыл боған. Жағдайының нашарлауы асқынусыз өткен 2-ші рет босанғаннан соң байқалды. Объективті: Саусақ буындары деформацияланған, ісінген, тізе буындарында айқын ісіну мен деформация, оларда қозғалыс шектелген, саусақтарда, сүйек аралық бұшықеттерде сему. Ішкі мүшелердің патологиясы табылған жоқ. Қандай диагноз?

А) Жүйелі склеродермия, созылмалы ағымы, белсенділігі II.

B) ЖҚЖ, созылмалы ағымы, белсенділігі III.

+C) РА, буындық-висцералды түрі, полиартрит, белсенділігі III, МПТ

Д) Дәнекер тінінің аралас ауруы

E) Жүктіліктен соң дамыған жүйелі остеопороз

64.Анамнезінде: өкпенің созылмалы обстуктивті ауруымен 20жыл ауырады.Күніне 20сигаретті тартады.Салқын тигенен кейін ауырып қалды.Аускультацияда тынысы әлсіреген,екі жағынан жайылған құрғақ сырылдар естіледі.Оң жақ жауырын астында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.Сол жерде перкуторлы дыбыс тұйықталған.Рентгенмен тексергенде: оң жақ төменгі бөлігінде көптеген инфильтративті 1-2см көлеңкелер көрінеді.ЭТЖ-22мм/сағ.Қанда лейкоцитоз.Науқастың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру тәсілі қажет?

A. Ультрадыбыстық тексеру

B. Спирография

C. ЭКГ

D. Цитологиялық тексеру

E. +Қақырықты тексеру

65..25жастағы науқас 1аптадан астам уақытқа дене қызуының 38 градусқа көтерілуіне,тамағының ауруына,әлсіздік,мойын бездерінің ұлғаюына шағым айтады. Ауырғанаына 2апта болған.Сол кездебұлшық еттері ауырып,тез шаршау мен әлсіздік байқалған.Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Дене қызуы 38градус терісі бозғылт, салқын термен қапталған.Мойынның артқы жағында ,желкеде екі жағынан лимфа түйіндері ұлғайған,сипап қарағанда ауырады. өкпеде везикулярлы тыныс.Жүрек тондары ритмді.Эпштейн –Барр вирустарына серология анализінің титрі1:400.

Сіздің диагнозыңыз.

A. +Инфекциялық мононуклеоз

B. ЖРВИ

C. Лимфоаденит

D. Бруцеллез

E. Туберкулез

66..25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді. Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады. Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?

A. Инфузияық ренография

B. Бүйректің сцинтографиясы

C. Бүйректі ультрадыбысты тексеру

D. Бүйректің рентгенографиясы

E. +Бүйрек веналарын катетеризациялау

67. Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.

Сіздің диагнозыңыз:

A. Ишемиялық инсульт

B. Кон синдромы

C. +Реноваскулярлы гипертензия

D. Артериялық гипертензия

E. Созылмалы пиелонефрит

68.Емхана дәрігеріне 32 жастағы ер адам ентігугеге, әлсіздік, сәл кимылдағанда шаршауына, жүректің шалыс соғуына шағым айтып келді.Бұрын аурулармен ауырмаған. Ауырғанына 2жылдай болған Дәрігерге қаралмаған. Сыртқы карағанда: терісі бозғылт; акроцианоз.Мойын веналары домбыққан. Аяқ-қолдары салқын.Өкпесінде тыныс әлсіреген, төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі.Жүрек тондары тұйықталған; тахикардия;өкпе артериясының үстінде систола шуы; II тонның акценті. ЭКГ-де-экстрасистолалар, AV-блокадалар. Науқастың диагнозын анықтау үшін қандай тексеруді жүргізу қажет?

A. Рентгенография

B. +ЭхоКГ

C. Сцинтография

D. Сканирлеу

E. ФКГ

69..28жастағы науқас әйел,жүректің ауырсынуына, ентігуге шағым айтып келді. Жүрек сыздап ауырады. Ауырсыну жүктемеге байланысты емес, тұрақты байқалады.Нитраттармен басылмайды. Осыдан 2апта бұрын іріңді гайморитпен ауырып, емделген.Жалпы жағдайы қанағатанарлық.Дене қызуы 38 градус. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ .Жүрек ұшы соққысы әлсіреген,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систола шуы,оның екпіні дене қалпын өзгерткенде күшеймейді; 1тонмен байланысты емес.ЭКГ-де ритмнің бұзылыстары-блокадалар. Сіздің диагнозыңыз?

A. Кардиомиопатия

B. +Миокардит

C. Ревматикалық ауру

D. Перикардит

E. НЦД

70. 65 жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды.Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ. Терісі бозғылт, салқын тер. Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған , ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагноын қою қажет?

A. тұрақсыз стенокардия

B. +миокардтың инфаркті

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. аорта аневризмасы

E. нейроциркуляторлы дистония

71..32жастағы науқаста ас қабылдағаннан кейін төс артында ауырсыну мойнына,арқасына беріледі.Асты қабылдаудан тыс уақытта қинамайды.Жағдайы қанағатанарлық. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырмайды. Дәрігерге барып тексерілгенде: рентгеноскопияда- үстіңгі бөлігі кеңейген өңештің спастикалық тарылуы анықталған,.

Науқаста қандай ауруды ойлауға болады?

A. +Эзофагит

B. Кардиоспазм

C. Диафрагмалық жарық

D. Стенокардия

E. Жара ауруы

72. 48жастағы науқас басының айналуы,ентігу,ауаның жетпеуіне,жүрегінің жиі соғуына,шалыс соғуына,әлсіздікке шағым айтады. 2жыл бұрын дилатациялық кардиомиопатия диагнозы қойылған. Дәрігерден емханалық емді алған.Жүрегінің шалыс соғуынан ұйқысы нашарлаған. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрк тондары жиілеген, тұйықталған, ритмді.Қан қысымы165/90мм.сын.бағ.ЖСС-158рет минутына. ЭКГ-де –абберанты қарыншалық комплекстер, Р тізшесі жоқ. Науқаста ритмнің қандай бұзылысы дамыған?

A. Қарыншаүстілік тахикардия

B. Қарыншалық экстрасистола

C. Қарыншалық тахикардия

D. Вольф-Паркинсон-Уаит синдромы

E. +Жыбыр аритмиясы

73.34 жастағы науқас, Бала кезінде ревматизммен ауырған, жүрек ақауы анықталған.Соңғы 5 жылда диуретиктер,жүрек гликозиттерін, калий дәрілерін қабылдайды.1апта бұрын жағдайы нашарлап әлсіздік, қалтырау, артралгия , жүректің жиі соғуы, тұншығу қинайды.Дәрілердің әсері жоқ.Объективті: науқас ентігіп отыр, тыныс алуы 24рет минутына, қол-аяқтары іскен. Өкпенің базалбды бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрегі солға және жоғары қарай кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген, систола шуы естіледі. Пульсі 76рет минутына, аритмиялы 20-25пульстің дефициті.Бауыры қабырға доғасынан 5см өскен. Қан анализінде:С-реактивті белок+.ЭТЖ-25мм.сағ.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

A. Бактериальды эндокардит

B. Қайталамалы миокардит. Жыбыр аритмиясы

C. +Жедел ревматикалық қызба. Қайталамалы кардит.

D. Тонзилокардиальды синдром.

E. Қайталамалы кардит.Мезоаортит.

74.36 жастағы ер адам сол жақ тізе буынының ауырсынуына,қозғалысының шектелуіне, көзінің қызаруына шағым айтады. Анамнезін сұрастырғанда: 1ай бұрын урологта уретритпен емделген. Дәрігер қандай ауруды ойлауы тиіс?

A. Реактивті артрит

B. +Рейтер синдромы

C. Бруцелездік артрит

D. Подагралық артрит

E. Деформациялық остеоартроз

75..Диабетпен ауыратын 45 жастағы науқаста зәр бөлінуінің азаюына, 40градусқа дейінгі қызбаға шағымданады.Науқасты 1 апта бойы ауырсыну мазалаған.Катетермен алынған зәр анализінде барлық көру аймағында лейкоциттер.Науқастың диагнозын анықтау үшін қандай текеру тәсілі маңызды?

A. Зимницкий сынамасы

B. +Бүйректі УДТ

C. Нечипоренко сынамасы

D. Реберг сынамасы

E. Рентгенография

76.28 жастағы науқас ер адамда өткір, ащы тағамнан кейін болатын қыжылдау, еңкейгенде төс артының күйдіру сезіміне, кейде ащымен кекіруге шағым айтады. Науқас көбінесе кофені көп ішеді, темекі тартады.Қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық. Жүрек-өкпе қызметі бір қалыпты. Тілі таза. Іші жұмсақ, басқанда ауырмайды.ФГДС-тексерілгенде-рефлюкс-эзофагитанықталды.

Басқа аурулардан ажырату үшін қандай тексеру жүргізу қажет?

A. Рентгенокопия

B. Биопсия

C. Рабепрзолмен тест

D. +Компьютерлі томография

E. Өңеш ішін РН-метриялау

77. 25 жастағы А. науқас тамақ ішкеннен 20-30 мин кейін эпигастрий аймағында

интенсивті емес ауру сезіміне, ауамен кекіруге шағымданады. Анамнезінде 4 жыл бойы ауырады. 2 жылда 1 рет диета сақтамағаннан өршу кезеңі байқалады. Қайта диета сақтаса өршуі басылады. Шылым тартады, аздап алкоголь қабылдайды, тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Асқазан сөлінің нәтижесі: базалды және стимуляцияланған секрециясы жоғарылаған. Эндоскопиялық зерттеу: аш қарында үлкен көлемде сұйықтық, өңештің шырышты қабаты гиперемияланған, антралды бөліктің шырышты қабаты ісінген, перистальтикасы күшейген. 12-елі ішектің шырышты қабаты ошақты түрде гиперемияланған. Қандай диагноз дәлірек болады:

A. +Созылмалы атрофиялық гастрит

B. Созылмалы қабыну гастриті

C. Асқазанның жара ауруы

D. 12-елі ішектің жара ауруы

E. Жедел гастрит

78.52 жастағы науқаста қонақта көптеген тағамды қабылдаған соң асқазан аймағында қатты ауырсынуға, көп рет құсуға шағым айтады. Көп жылдан бері панкреатитпен ауырады. Диетаны сақтамайды. Көбінесе спирт ішімдігін ішеді.Қарағанда: іші сәл қатайған. Эпигастрий мен сол қабырға асты ауырсынады. Мейо-Робсон симптомы оң. Қандай лабораторлық көрсеткішті анықтау диагнозын дәлелдейді?

A. биллирубин

B. глюкоза

C. +амилаза

D. трансаминазалар

E. сілтілік фосфатаза

79.42 жастағы науқас денесінің сарғаюына, жалпы әлсіздікке , тез шаршауына, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, кейде сәл майлы астан кейін жүрек айнып, құсуына шағым айтады. Жас кезінде сары аурумен ауырған. Соңғы кезде жағдайының нашарлауын айтады. Дәрігерге қаралмаған. Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Терісі мен көзінің склерасы сарғыштау. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ритмді. Тілі таза емес сарғыштау жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, оң қабырға асты ауырсынады.Бауыры оң қабырға доғасынан 2-3см өскен.Зәрі қоңырлау.Тексергенде: жалпы билилирубин-52ммоль/л; тікежәне тіке емес биллирубин де жоғары, трансаминазалар, тимол сынамасы жоғарылаған

Науқастың диагнозы қандай?

A. Жедел вирусты гепатит

B. +Бауыр циррозы

C. Өт тас ауруы

D. Созылмалы вирусты гепатит

E. Токсикалық гепатит

80.Полиартралгия, жиі сұйық іштің өтуі,оң жақ мықынның дефекация алдында ауырсынуы,қызба, метеоризм қандай ауруда болады?

A. Созылмалы колит

B. +Крон ауруы

C. Созылмалы энтерит

D. Созылмалы дизентеря

E. Дисбактериоз

81.10 айлық баланың бет, басының шашты бөлігінде,әсіресе шүйде аймағында, денесі мен аяқ-қолдарында сонымен қатар табан мен алақанында көптеген папуулалар, везикулалар, көпіршіктер, нүктелі экскорияциялар, геморрагиялық қабыршақтар анықталды. Анасының айтуы бойынша бөртпелердің пайда болысымен бала түнде мазасызданып ұйықтамайтын болған.

Оптимальды дозадағы қажет дәрілік затты таңдаңыз?:

A. Күкірт майы 33%

B. Бензилбензоат 20%

C. Күкірт майы 20%

D. +Бензилбензоат 10%

E. Күкірт майы 2%

82. 7 жасар оқушыда басының шашты бөлігінде шүйде аймағында домалақ формалы ірі ошақ аңықталды, айқын шекарасымен және, көптеген кебек тәрізді қабыршақтану табылды. Ошақта шаштар 5-8мм ұзындықта сынған, зақымданған шаш негізінде ақшыл қапшықшалар көрінеді. Үйде түскен тері ошағы бар мысық бар. Сіздің тактиканыз?

A. +Баланы микроскопиялық зерттеуге жіберу, қоздырғыш аңықталған жағдайда профильді стационарға жедел жіберу

B. Баланы микроскопиялық зерттеуге жіберу, қоздырғыш аңықталған жағдайда жанұялық дәрігер қадағалауымен амбулаторлық ем қабылдау

C. Келесі күнге мысықты тексеруге әкелуді ұсыну

D. Антимикотикалық ем тағайындау және екі аптадан кейін қайта келу

E. Баланы культуралдық зерттеуге жіберу және нәтижесі келгеннен кейін диагноз туралы сұрақты шешу

83.Жанұялық амбулаторияда профилактикалық карау кезінде 30 жасар науқаста, үлкен жыныстық еріндерінің жанасатын жерінде 2 етті-қызыл түсті домалақ эррозия анықталды, аздаған серозді бөлініспен және негізіндегі инфильтратымен, сонымен қатар шап лимфа түйіндерімен ұлғайуы және тығыздануы анықталады. Анамнезінен эррозиялар 10 күн бұрын пайда болған, лимфа түйіндері 5 күн бұрын ұлғайғаны нақталды. Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ішінде диагноз қоюға ең негізгісі?

A. Микрореакция

B. Вассерман реакциясы

C. +Бозғылт трепонеманые иммобилизация реакциясы

D. Иммунофлюоресценция реакциясы

E. Бактериоскопиялық зерттеу

84. Студенттерді жоспар бойынша медициналық бақылаудан өткізгенде, бір студенттің терісінде кеуде, жауырын арасы, иық аймағында бір тиын мөлшеріндей ретсіз дақтар орналасқан, кеуде аймағында бұл дақтар перифериялық өсіп, бір диффузды ошаққа айналды. Ошақ дұрыс емес пішінді, мөлшері 10Х15 см, шеттері түзу емес, түсі сүт қосылған кофе тәрізді. Субъективті сезімдері жоқ.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз

А) кебек тәрізді теміреткі

В) +қызғылт теміреткі

С) қабыршақты теміреткі

D) Видаль теміреткісі

Е) қызыл жалпақ теміреткі

85.Науқас 33 жаста, монша жұмыскері, оң табанының саусақ терісінде ісіну және қышынуға шағымданады. 7-10 күн ішінде ауру. Қарағанда: оң табанының саусақ арасы терісі (4 саусақ арасылығында көбірек) және саусақ асты терісі қызарған. Аралық қатпар терісінде эрозия, қабынған терінің бетінде көп мөлшерде ұсақ көпіршіктер, іріңдіктер, эпидермис қалдықтары орналасқан. Дұрыс терапияны таңдаңыз:

А) тербизил, 3% йод, аяқ киімді баптау

+B) доксициклин, крем Ламизил, Кастеллани бояуы, аяқ киімді баптау

C) гризеофульвин, крем Адвантан, Кастеллани бояуы, аяқ киімді баптау

D) гризеофульвин, крем Адвантан, метилен көгі бояуы, аяқ киімді баптау


Просмотров 713

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!