Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны



Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Ауруханадан тыс пневмонияның диагностикасы»

 

Жағдайлық есеп:Сіз – емхана дәрігерсіз. Қабылдауға 20 жастағы ер адам келді.

Ø Науқасты қарап және анамнезін жинаңыз (стандартталған науқас)

Ø Өкпе аускультациясын жүргізіңіз («Кплюс имитаторында»)

Ø Зертханалық-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Емдеу жоспарын анықтаңыз (емдеу принциптері)

 

 

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: қақырықты жөтел, ентігу, кеуде тұсындағы ауру сезімі, дене қызуының 39,2°С көтерілуі, тершеңдік, жалпы әлсіздік.

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Жөтелдің сипаты Жөтел қандай сипат алады, жиі, ұстама түрде, құрғақ, ылғалды? Жөтел жиі, қақырықпен
Қақырық бөлінеді ме? Бөлінсе қандай түсте? Жөтелгенде қақырық шығады ма, ол қандай түсте?   Қақырық сары-жасыл түсті
Кеуде тұсындағы ауру сезімінің сипаты Кеуде тұсындағы ауру сезімі тыныс алумен байланысты Кеуде тұсындағы ауру сезімі тыныс алғанда күшейеді
Ентігудің ұзақтығы Ентігу тұрақты түрде мазалайды ма, немесе күштемеден кейін мазалайды ма? Ентігу шамамен 3 күн мазалайды, шамалы немесе аздаған күштеме түскенде
Дене қызуының көтерілуінің ұзақтығы Температураның көтерілуі қанша уақыттай болды, және қаншаға дейін көтеріледі? Температура 6-шы күн мазалайды, алғашында 38,0°С, кейін 39,2°С көтерілді

 



Анамнезінде: 1 апта бұрын суық тиюден кейін ауыра бастады. Алғашында мұрынна су ағып, мардымсыздық, бас ауыру пайда болды. Температура 38,0°С көтерілді, жөтел, ентігу, әлсіздік пайда болды. Кеше темпетарура 39,2°С көтерілді, сары-жасыл түсті қақырық бөліне бастады.

Объективті: бойы 170 см, дене салмағы 55 кг. Науқас селқос, әлсіз, ентігу аралас сипатта. Дене бітімі астеникалық. Тамақтануы төмен. Терісі боз, шамалы цианоз. Тыныс алу жиілігі – 20 рет мин. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс, екі жақта төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі («имитатор Кплюс» код:LSAT D 03).

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 120 г/л Эритроциттер - 3,1 х 1012 /л Түсті көрсеткіш - 0,85 Тромбоциттер – 280х109/л Лейкоциттер – 11,0 х 109/л Таяқша - нейтрофилдер – 10% Сегментядерлі нейтрофилдер – 70% Эозинофилдер – 3% Базофилдер – 2% Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 10% ЭТЖ – 25 мм/сағ Биохимиялық қан анализ СРБ - +++ Фибриноген 6 г\л
Қақырық анализі Түсі-сары-жасыл Консистенция – қою Эпителий – 8 – 10 к/а Лейкоциттер – 25 – 30 к/а, кей жерде жиналған Кокктар ++  

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы



Спирометрия

  Өлшенген көрсеткіштер  
ӨТС (ЖЕЛ) %
ФТШК1(ОФВ1) %
Тиффно индексі (ОФВ1/ЖЕЛ) %
Тыныс жиілігі минутына

Қорытынды нәтижесі (outcomes):

Ø Өкпе ақауы бар науқасты физикальді қарау және сұрастыруды жүргізу

Ø Ауруханадан тыс пневмонияның клиникалық диагностикасы

Ø Зерттеу мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализі; жалпы қақырық анализі; кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы, спирометрия;

Ø Емдеу жоспарын құрастыру (емдеу принциптері)

 

Бағалау парағы (check-list)

«Ауруханадан тыс пневмонияның диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша

Емтихан тапсырушының аты-жөні____________________________Емтихан күні __________

Емтихан қабылдаушы _____________________________________________________________

 

Қадамдарды бағалау критерилері Баллдық бағалау
Дұрыс орындады Ескертулермен орындамады Орындамады
Анамнезін және шағымын жинау 2,0 1,0
Физикальді қарау – жалпы қарау 2,0 1,0
Өкпе аускультациясы 2,0 1,0
Алдын-ала қойылған диагноз 2,0 1,0
Зерттеу жоспарын тағайындау 2,0 1,0
Жалпы қан анализін интерпретациялау 1,0 0,5
Биохимиялық қан анализін интерпретациялау 1,0 0,5
Қақырық анализін интерпретациялау 1,0 0,5
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялау 2,0 1,0
Спирометрия мәліметтерінің интерпретациясы 2,0 1,0
Емдеу жоспарын анықтау (емдеу принциптері) 2,0 1,0
Науқаспен оптимальді қатынас орнату 1,0 0,5
Барлығы

«Ауруханадан тыс пневмонияның диагностикасы»



клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны

Бағалау критерилері
Анамнезін және шағымын жинау Жөтел, қақырық бөлінуі, кеуде тұсындағы ауру сезімі, ентігу және қызбаның сипаты. Суық тиюмен, ЖРВИ-мен байланысы.  
Жалпы қарау Интоксикация белгілерін және тыныс жетіспеушілігін анықтау
Өкпе аускультациясы Екі жақта төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі
Алдын-ала қойылған диагноз Ауруханадан тыс төмен бөлікті пневмония. ТЖ 1 дәрежесі.
Зерттеу жоспарын тағайындау ЖҚА БҚА: СРБ, фибриноген. Жалпы қақрық анализі, антибиотикограммамен бак себінді, 3 реттік БК-ға анализ Кеуде қуысының рентгенографиясы, спирометрия
Жалпы қан анализін интерпретациялау ЖҚА: лейкоцитоз, таяқшаядерлі ығысу, ЭТЖ жылдамдауы ЖЗА: қызбалық протеинурия
Биохимиялық қан анализін интерпретациялау СРБ, фибриногеннің жоғарлауы
Қақырық анализін интерпретациялау Іріңді қабынулық үрдіс
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялау Екі жақта төменгі бөліктерде шеттері анық емес майда ошақты инфильтративті көлеңкелердің анықталуы, синустары бос, кеуде арлық өзгеріссіз
Спирометрияны интерпретациялау Сыртқы тыныс қызметінің рестриктивті тип бойынша бұзылысы
Емдеу жоспарын анықтады Кең спектрлі антибиотик: - цефалоспорин 2 ұрпағын (цефтриаксон 1,0 г тәулігіне) – аллергосынама жасау, егер оң болса онда - -макролидтер (рокситромицин 150 мг күніне 2 рет) Муколитиктер (амбраксол) Дезинтоксикацилы терапия көк тамыр ішіне
Науқаспен оптимальді қатынас орнату Науқаспен оптимальді қатынас орнатылды Коммуникация нәтижелі

Орындаған кафедра меңгерушісі Касенова С.Л., ассистент Ахметова Н.К.

 

№ 2 Ішкі аурулар кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді

(25 қыркүйек 2015, хаттама № 2).

 


Просмотров 516

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!