Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






арналған емтихан сұрақтары



Жалпы медицина” факультеті студенттеріне арналған

Гистология-1” пәні бойынша қорытынды білім деңгейін тексеруге

арналған емтихан сұрақтары

1. Гистологияның микроскопиялық және қазіргі замаңғы дамуы. Сипаттамалық, салыстырмалық және эвоюциялық гистологияның қалыптасуы. Қазақстан мемлекетіндегі гистологияның дамуы (А.Г. Зорина, А.С. Толыбеков, А.Н. Бажанов және т.б.).

2.Гистологиялық препараттардың түрлері. Гистологиялық препараттарды дайындау әдістерінің негізгі принциптері. Жарықтық және электрондық микроскопия. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптар

3. Жарықтық және электрондық микроскопиялау. Арнайы және сандық зерттеулердің әдістері.

4. Тіндер – жасушалар жүйесі мен олардың туындылары. Жасуша туралы түсінік, жасуша тірі жүйенің негізгі бөлігі, эукариоттік ағзаларынының құрылымдық қызметтік негізі. Осы замандағы жасуша теориясының негізгі заңдылықтары және оның даму кезеңдері.

5. Жасушалық қабық (плазмолемма). Плазмолемманың химиялық құрамы мен функциясы. Жасушааралық байланыс /контакты/.

6. Мембраналы органеллалардың құрылымдық- қызметтік сипаттамасы: эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, митохондрия, лизосома, пероксисома

7. Мембранасыз органеллалардың құрылымдық-функционалдық сипаттамасы: рибосома, бос рибосома, полирибосома, жасуша орталығы, микротүтікшелер, аралық филаменттер, микрофиламенттер

8. Арнайы органеллалар. Қосындылар. Анықтамасы, жіктелуі. Гиалоплазма, оның физикалық- химиялық қасиеті, жасуша тіршілігіндегі маңызы.



9. Ядро. Оның генетикалық ақпаратты ұрпақтан – ұрпққа беру және жасушаның тіршілігіндегі маңызы. Ядроның негізгі компоненттері: ядролық қабық, ядрошық, хроматин, кариоплазма.

10. Жасушаның жасушалық циклі. Оның сатыларының сипаттамасы: митоздық цикл, өсуі мен түрленуі, белсенді қызметі, жасушаның қартаюы және өлуі. Митоздық цикл. Анықтама және биологиялық маңызы. Митоздық бөлінудің кезеңдері. (интерфаза мен митоз). Митоздық циклдің негізгі процестерінің сипаттамасы. Митоз. Биологиялық маңызы. Митоз сатылары. Әрбір сатыларында өтетін жасушаның құрылымдық құрамының өзгерісті.

11. Эндорепродукция. Полиплоидия және оның қызметі мен биологиялық маңызы. Полиплоидияның даму механизмі. Эндомитоз, екі және көп ядролы жасушалар. Мейоз және оның ерекшелігі мен биологиялық маңызы.

12 Жасушаның зақымдау әсерлеріне реакциясы. Жасушаның қайтымды және қайтымсыз өзгерістері және оның морфологиялық көріністері. Жасушаның бейімделу қасиеті және оның өзгеріске ұшыраған сыртқы орта жағдайында жасушаны сақтаудағы маңызы. Жасушаның өлуі. Некроз бен апоптоз. Олардың пайда болуына әсер ететін факторлар.



13. Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы.

14. Ұрықтану. Анықтамасы. Адамдағы ұрықтану процессінің ерекшеліктері.

15. Майдалану. Анықтамасы. Адам ұрығында майдаланудың сипаттамасы. Морула. Бластоцисталар.Эмбриобласт, трофобласт.

16. Имплантация, оның стадиялары. Адам имплантациясының ерекшелігі. Гаструляция. Ұрықтық гистогенез. Эмбрионалдық бастама жасушларының дифференцировкасының негізінде тіндердің пайда болуы

17. Адамның провизорлы мүшелері жайлы ұғым. Хорион, амнион, сары уыз қапшығы,

аллантоис. Оның құрылымдары және маңызы.

 

РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Бақылау-өлшегіш құрал
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

18. Плацентаны қалыптастырудағы хорионның маңызы. Адам плацентасы, оның құрылысы мен қызметі. Гемохориальды тосқауыл. Жүктілік кезеңіндегі жатыр эндометриінің ерекшелігі және ұрық қабықтары. «Ана – ұрық» жүйесі.

19. Дамудың қатерлі кезеңдері жайлы ұғым. (П.Г.Светлов). Адам ұрығының негізгі қатерлі кезеңдері. Детерминация процесінің бұзылуы аномалия мен кемтарлықтың себептері ретінде.

20.Тіндер жасушалар жүйесі мен оның туындылары ретінде- тірі ағзаның иерархиялық дамуының негізі. Жасушалар тіннің негізгі элементтері. Жасушалық емес құрылымдар – симпласттар, жасуша туындылары, жасуша аралық зат. Бағаналық жасушалар және олардың ерекшеліктері. Дифферондар.

21. Тіндердің эволюциясы мен заңдылықтары. Тіндердің жіктелуі. Жаңарып отыратын лабилді және тұрақты жасушалар популяциясының физиологиялық регенерациясы, реперативтік регенерациясы.

22.Эпителиальді тіндердің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы. Базальды мембранаға түсінік. Морфофункционалдық және генетикалық жіктелуі.

23. Бір қабатты эпителилер: бірқабатты жазық /мезотелий және эндотелий/, бірқабатты куб, бірқабатты призмалы, көпқатарлы призмалы кірпікшелі. Бірқабатты эпителилердің шығуы, таралуы, қызметі мен құрылысындағы ерекшеліктері.

24.Көпқабатты эпителилер: көпқабатты жазық түленетін, көпқабатты жазық түленбейтін және көпқабатты ауыспалы эпителий. Көпқабатты эпителилердің шығуы, таралуы, қызметі мен құрылысындағы ерекшеліктері.

25. Эпителиальді тіндердің секреторлық қызметі. Безді эпителийлердің құрылысы мен жіктелуі. Секреторлық процестің гистофизиологиясы. Секреция түрлері: голокринді, апокринді, мерокринді.

26. Қан жүйесі туралы ұғым. Қан мен лимфаның құрамы, оның негізгі қызметі. Гемограмма және лейкоцитарлық формула. Қанның жасқа қарай өзгеруі.

27. Қан мен лимфаның формалық элементтері. Эритроциттер және лимфоциттер.Қан құрамындағы эритроциттер мен тромбоциттерге морфофункционалды сипаттама.

28.Лейкоциттер классификациясы. Гранулоциттер мен агранулоциттер. Құрылысы, функциясы. лейкоцитарлық формула / пайыздық мөлшерлері/.

29. Қан түзу туралы түсінік. Гемопоэздің түрлері. Ұрықтық гемопоэедегі қанның тін ретінде дамуы. Оның кезеңдері мен сипаттамалары.

30. Постэмбрионалдық гемопоэз, лимфоидты және миелоидты қан түзу туралы ұғым. А.А.Максимовтың қан түзудің унитарлық теориясы. Қанның бағаналы, жартылай бағаналы жасушалары мен (полипотенттік ізашарлар), унипотенттік ізашарларына сипаттама. Қан жасушаларының ішіндегі топ түзетін бірліктеріне (ТТБ) сипаттама. Қанның толық пісіп жетілмеген (бласттар) жасушаларының сипаттамасы. Қан жасушаларының морфологиялық ажыратылатын сатылары- дифференцияланушы және дифференцияланған /пісіп, жетілген/ түрлері. Гемопоэз бен ммунопоэздің реттелуі.

31.Дәнекер тіндерінің жалпы морфо- функциональдық сипаттамасы мен жіктелуі. Дәнекер тіндерінің дамуы мен құрылысының жалпы принциптері. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің құрылысы, таралуы және жасушалары. Жасуша аралық заттына жалпы сипаттама және құрылысы.

32. Талшықты дәнекер тіндері, олардың түрлері, құрылысы және қызметі.Сіңір- мүше ретінде.

33. Арнайы қасиетi бар тiндер: ретикулярлы тін, май тіні, шырышты және пигмент тіндері.Олардың таралуы, қызметі, құрылыс ерекшеліктері.

34. Шеміршек тіндерінің жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Жіктелуі. Шеміршек тіндерінің жасушалары. Гиалинді, эластикалық және талшықты шеміршектердің құрылысы. Шеміршек қабы. Оның шеміршектің қоректенуіндегі, өсуіндегі және регенерациясындағы маңызы. Хондрогенез шеміршек тінінің жасқа байланысты өзгеруі.

35.Сүйек тіндері. Морфо-функциональдық сипаттамасы мен жіктелуі. Сүйек тінінің жасушалары: Остеоциттер, остеобласттар,остеокластар. Сүйек тінінің жасуша аралық заты, оның физикалық- химиялық қасиеті және құрылысы.Ретикулофиброзды сүйек тіні. Табақшалы сүйек тіні. Жасқа байланысты өзгеруі.

РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Бақылау-өлшегіш құрал
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

 

36. Сүйек – мүше ретінде. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйек қабығы (периост пен эндост), олардың құрылысы, сүйектің қоректенуіндегі, өсуіндегі және регенерациясындағы маңызы. Сүйектің қан тамырлары мен нервтері. Сүйектің эмбрионалдық дәнекер тінінің орнына дамуы. Сүйектің шеміршек орнына қалыптасуы. Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы. Сүйектің қайта қалпына келуіне әсер ететін факторлары. Сүйектердің өзара байланысы

37. Бұлшық ет тіндерінің жалпы морфрфункционалдық сипаттамалары. Ет тіндерінің морфофункционалдық және гистогенетикалық жіктелуі. Шығу тегі эпидермалды, нейралды ет тіні.

38. Қаңқа бұлшық ет тіні. Гистогенез. Бұлшық ет талшығы - тіннің құрылымдық бірлігі. Ет талшығының құрылысы. Саркомер- миофибрилланың құрылымдық бірілігі. Еттің қысқарылу механизмі. Қаңқа бұлшықетінің регенерациясы. Ет тіні- мүше ретінде.

39. Жүректің бұлшық ет тіні (целомдік түрі). Гистогенезі. Түрлері: жүректің жиырылғыш және өткізгіш бұлшық еттері. Олардың құрылысы мен қызметі. Кардиомиоциттер: олардың жалпы және маманданған органеллалары, кардиомиоциттердің құрамындағы ендірме дискілердің морфо- функциональдық сипаттамасы, және қызметтік маңызы. Жүректің бұлшық ет тіндерінің қалпына келу мүмкіндіктері.

40. Мезенхимадан дамыған бұлшық ет тіндері, олардың гистогенезі, құрылысы, морфо-функциональдық және гистохимиялық сипаттамасы. Жазық миоциттер. Жиырылу аппаратының құрылымы. Жазық бұлшық ет тіндерінің қалпына келуі мен адамның жасына байланысты ерекшеліктері.

41.Жүйке тінінің жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы.,даму көздері. Гистогенезі. Нейроциттер (нейрондар). Нейроциттердің жіктелуі: морфологиялық және функциональдық. Перикарионның /денесі/, аксон мен дендриттердің құрылысы. Жалпы және маманданған органеллалары, олардың маңызы. Нейросекреторлық жасушалар.Шығу тегі. Гистогенез.

42. . Нейроглия. Жалпы сипаттамасы мен негізгі түрлері. Макроглия. Глиоциттердің түрлері. Орталық глиоциттер (эпендимоциттер, астроциттер мен олигодендроглиоциттер), Шеткері глиоциттер (ганглийлердегі глиоциттер), нейролеммоциттер, Аяққы глиоциттер. Олардың құрылысы мен маңызы. Микроглия .

43. Жүйке талшықтары. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Жіктелуі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарының құрылысы. Жүйке талшықтарының дегенерациясы мен регенерациясы. Жүйкелік аяқтамалар. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Сезімтал және қозғалтқыш жүйкелік аяқтамалар, олардың жіктелуі мен құрылысы. Синапс туралы түсінік. Нейрон аралық синапстар. Жіктелуі мен құрылысы. Синапстардағы қозуды өткізу механизмі.

44.Жүйке жүйесінің рефлекторлық қызметін атқаратын морфологиялық субстраты (қарапайым және күрделі рефлекторлық доғалар туралы түсінік). Рефлекторлық доғаның «поляризациясына» синапстың маңызы. Нейрондық теория (Рамон–және-Кахаль, Б.И. Лаврентьев).

45.Анализаторлар туралы ілім аясында/ сенсорлық жүйелер/ сезім мүшелерінің жалпы сипаттамасы.Рецепторлық жасушалар және рецепция механизмі. Сезім мүшелерінің даму көзіне және рецепторлық жасушалардың құрылысына байланысты жіктелуі.

46.Көру мүшесі. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Дәм көздері мен эмбриональдық дамуы. Көз алмасының жалпы құрылысы.

47.Көздің негізгі функциональдық аппараттары: диоптрикалық (жарықты сындыратын), және аккомодациялық

48. Көздің рецепторлық аппараты. Фоторецепторлық жасушалар. Торлы қабықтың нейрондық құрамы мен глиоциттері. Көздің қосымша аппараттары. Адамның жасына байланысты өзгерістері.

49. Сезу мүшелері.Иіс сезу мүшесі. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Даму көздері мен эмбриональдық дамуы. Иіс сезу жасушалары. Тіректік және базальдық жасушалары. Дәм сезу мүшесі. Морфо-функциональдық сипаттамасы мен эмбриональдық дамуы. Дәм сезу буылтығы. Дәм сезу жасушалары. Тіректік және базальдық жасушалары.

50.Есту және тепе-теңдік сақтау мүшелері. Жалпы морфо- функциональдық сипаттамасы. Сыртқы және ортаңғы құлақ құрылысы.

РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Бақылау-өлшегіш құрал
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

51. Есту және тепе-теңдікті сақтау мүшелері. Ішкі құлақ. Жарғақты лабиринттің ұлулық бөлімі Спиральді мүшенің құрылысы. Жарғақты лабринттің вестибулярлы бөлімі:балғашық, қапшық, иілмелі өзек. Оның рецепторлық бөлімі: дақтар мен ампулярлы тарақшалар.

 

 


Просмотров 1027

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!