Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ЗГЕ ДЕП КӨКІРЕКТЕН ИТЕРМЕГЕН



АРТАС САНА ТУРАЛЫ... ЕРКІН ІЗБАСАРОВТЫҢ КӨЗІМЕН

 

Артас Сана. Немесе қазіргі уақытта біразы атап жүргендей, ақтөбелік Нұртас. Бұл Қазақстан күресіндегі жаңа есім. Балуанға қатысты сұрақ көп. Біз бір спортшыны жақтап, басқасын даттаудан аулақпыз. Бірақ егер Отандық спортқа келген адам болса, және оның Олимпиадаға жолдамасы қолында тұрса, ол туралы көбірек білуіміз керек. Ең бірінші кезекте сіздерге әңгіменің ашығын айтқанымыз абзал. Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде екі бірдей әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығып, бесінші орын алған балуан кім? Оның елімізге келу мақсаты қандай?

Осы мәселенің басын ашып беретін бір ғана адам бар - ол Артас Сананы қанатының астына алған Еркін Ізбасаров. Спортшыларға демеушілік көрсететін ағамыз бізбен сұхбатқа келісімін беріп, Артаспен қалай танысқанынан бастап, оның бізге қандай пайдасы бар екендігі туралы ешнәрсені жасырмай айтып берді. Әңгіме барысында Артастың өзі де қосылды.

 

Еркін Ізбасаров: Әркімнің өз құмарлығы болады. Біреу оны казинодан қандырса, тағы біреуі киім-кешекпен толтырады. Ал, менің құмарым - спортшыларға көмектесіп, олардың өскенін бақылау. Бұл шынымен де, жанның рахаты. Сіз тек ойлап қараңызшы, өзгеге көмектесуге қаражатыңыз бар делік, сіз оны пенденің көзі тоймайтын жарамсыз дүниеге емес, ел намысын қорғайтын балуанға жұмсайсыз. Дұрыс жаттығу жасауын, құнарлы тамақтануын, жарыстардан қалмауын қамтамасыз етесіз. Ол сіздің бағыңыздағы жеміс ағашы секілді. Сіз оны бағып-қағасыз, Аллах нәсіп етсе, оның жемісін көресіз. Бірақ бұл тұста жеміс деп отырғанымыз материалдық пайда емес, тек жанға дауа.



Туған жерім Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданында. Жерлестеріме шамам келгенше қолдау көрсетуді тоқсаныншы жылдары бастадым. Сол кезде ерекше талант иесі ақтөбелік Есенгелді Батырғариннің қасынан қашан да табылуға тырысатынмын. Ол грек-рим күресінен КСРО халықтар Спартакиадасының жеңімпазы. Күресі ерекше әсерлі еді, бірақ тәртіпке бағынуды мойындай бермейтін. Есенгелдінің сыйға тартқан "Аллаһ" жазуы бар естелік суреті үйімде әлі ілініп тұр. Ол кезде сирек дүние еді. Намаз оқымаса да, соны біліп "кіндіктен төмен түсіруге болмайды, жоғарыға іліп қой" деп айтқан еді.

Содан кейін Серік Өмірбеков есімді ауыр салмақтағы қайталанбас боксшымен жолымыз түйісті. Ол 91 келіде Олимпиадаға баруға көп мүмкіншілігі бар еді. Дегенмен, жолы болмады. Алты жыл үзілістен соң жаттығуды қайта бастаған қайсар жігіт. Соққысы өте мықты боксшы еді, бірақ ұжымда жұмыс істей алмайтын, өзі жаттығатын. Серік топ жарған талай халықаралық жарыстарға бірге бардық. Жаттығу жасап, бірге кросс жүгіретінбіз. Бірде тіпті Қырғызстандағы Ыссық көлге дейін жеткеніміз бар. Серікпен бүгінгі күнге дейін достығымыз ажырамаған.



Кезінде Ақтөбе облысы спорт басқармасының тізгінін ұстаған Асылбек Құлмағамбетов досымның шәкірті, самбодан үш дүркін әлем чемпионы Асхат Шахаровқа біраз жыл қолдау көрсеттім. Дзюдоға ауысқан соң, Сидней Олимпиадасына қатысуына қолғабыс еттім. Өзіміздің күреске қайта оралар болсақ, 2000 жылдардың басында Ақтөбе балуандарын өз қаражатыма Ресейге оқу-жаттығу жиынына жіберіп тұрдым.

Жылы еркін күрестен Павлодарда өткен Қазақстан чемпионатының 61 келіде финалында жанкүйер үшін бұрын-соңды атын естімеген жаңа балуан шықты. Одан кейін де әлем чемпионаттары, халықаралық турнирлерде кеудесінде көк байрақпен күресе бастады. Артаспен таныстығыңыз туралы айта кетсеңіз.

- Артаспен Ресейде жарыста жүргенімде Еуропа чемпионы Опан Сат әкеліп таныстырды. Ол екеуі жан достар. Ашығын айтқанда, Қазақстанға келуге ниетті балуандар өте көп. Екі дүркін әлем чемпионы Виктор Лебедев те сол туралы әңгіме қозғаған болатын. Бірақ мен осы Артасты ұнаттым. Ол танысқанда, анасы қазақ екендігін бірден айтты. Оның үлкен жетістіктері болмады, Ресей чемпионатын да ұтпаған. Бір жағынан сол үшін де алдым. Ақтөбедегі балуандарға көмектессін, бірге күресіп біздің жеткіншектер өссін дедім.

 

ЗГЕ ДЕП КӨКІРЕКТЕН ИТЕРМЕГЕН

Артас: Менің бойымда қазақтың қаны бар екендігін мақтанышпен айтамын. Анам қазақ, кезінде сол жаққа отбасымен көшіп барған. Қазақстан, соның ішінде Ақтөбе маған қатты ұнайды. Арманым - әке-шешемді осында көшіріп әкелу. Бұйырса сол ойым жүзеге асады деген сенімдемін. Елге өте сирек барамын. Соңғы рет жеті ай бұрын болдым. Барған сайын отбасыма Қазақстанның қандай тыныш, әрі жайлы жер екенін айтумен боламын. Адамдары жылы шырайлы, әрі өте қонақжай деп қызықтырамын. Келгелі қазақ тілін үйреніп жүрмін. Қазір біршама білемін, бірақ кейбір сөздерді дұрыс айта алмаймын ба деп, мінсіз сөйлемегендіктен қысыламын. Еркін аға мен ақтөбедегі бауырларым маған қазақша ат қойып, Нұртас деп атап жүр. Маған ол ұнайды. Бірақ алдағы уақытта құжатымдағы атым мен тегімді де ауыстыратын ойым бар. Есімім Нұрислам болса, тегім де қазақшаланады.

 

Еркін Ізбасаров: Артас өте еңбекқор спортшы. Ол артық нәрсеге, әңгімеге көңіл аудармайды. Алдына мақсат қоя біледі және соған жету үшін тынбай жұмыс істейді. Тек күреспен өмір сүреді. Ол тіпті үйіне барып келуге де өз бетімен сұранған емес. Әрине, қазақтың балуандары жарқырап, топ жарғанын мен де жақсы көремін. Бірақ кейде осындай қадамдардың да пайдасы зор болып жатады. Ақтөбеде Артастың келгеніне қатты қуанады, жаттығудағы мықты қарсылас ретінде де, өмірдегі бауырлары ретінде де жоғары бағалайды. Артас та ешқашан кеудесін соғып, өзімшіл болмайды. Тіпті кейде жаттығу барысында жас балуандарға өзінен ұпай алғызып, берісе салады. Бұл оның кішіпейілдігі, ал сол жас балуандар әлем чемпионатында күресіп жүрген ағасынан ұпай алып, айласын асырып жатса, қалай қуанып, әрі қарай қалай рухтанып күресетінін көрсеңіз ғой! Бірге жатығу жасап, өсіп жатқанына көзіміз жетті. Мысалға, Бек Жақсылықов есімді талапты балуанымыз бар. Оны Артаспен бірге Қап тауы аймағына жиі жіберіп жүрдік. Нәтижесінде қанша жылдан бері аймақта болмаған, жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Ендігі арманым - Ақтөбеде алты боз кілем жайылған заманауи спорт кешенін салу. Жасөспірімдерден бастап, ардагерлерге дейін сонда жаттықса. Сондай бір әдемі көріністі елестетемін және ол шынға айналатын күн алыс емес. Бірақ жақсы жаттығу жиындарын өткізудің "бісмілләсін" бастап та кеттік. Алматы қаласының, Тываның және Дағыстанның балуандарын Ақтөбеге шақырып, бұрын-соңды болмаған бас қосу ұйымдастырдық. Бірінші рет өткізіп жатқандықтан, жиын барысында дұрысталдық. Мысалға, командалар орналасқаннан кейін дәрумендер керек деді. Қапшықтап жаңғақтардың түрін, кептірілген жеміс-жидектер алып келдік. Өзімнің екі аспазымды да базаға апардым. Балуандарға үйдің тамағы ұнады. Жалпы жаттығу нәтижелі болды деп ойлаймын. Алдағы уақытқа да жоспар көп. Әрине, Олимпиада Ойындарының алдында ең мықты балуандарды алып келу қиын болады, бірақ барынша жақсы командаларды шақыруға тырысамыз.

Артастың келуі жергілікті балуандарға мектеп болды. Сырттан көрген басқа да, бірге жаттыққан мүлдем бөлек. Нәтижесі де көп күттірген жоқ. Қаңтарда Қазақстан чемпионатында Ақтөбе облысының командасы бұрын-соңды болмаған нәтижені көрсетті.

 

АРТАСТЫҢ ИСЛАМҒА КЕЛУІ

Артас: осыдан біренше жыл бұрын Красноярскте дайындалып жүргенімде бізді ұлты шешен бапкер жаттықтыратын. Уақыт болғанда, маған және қасымдағы балуандарға ислам жайында көп ғибратты әңгімелер айтатын. Менің қызығушылығым бірден оянды. Мен ол кісіге көп сұрақ қоятынмын. Осылайша өз бетіммен де кітаптар оқып, ғаламтордан түрлі ақпарат іздей бастадым. Оған қоса, екі жылдан аса уақыт бұрын Қазақстанға көшіп келдім. Бұл жақта, әсіресе күрес ортасында мұсылман бауырлар өте көп. Жақсы ортаға түскеніме, сансыз шүкір. Осыдан бір жыл бұрын Аллаһтың қалауымен намазға жығылдым. Жақында ғана Умраға бару нәсіп етті. Қандай жарыс болмасын, әр белдесудің алдында екі ракат намаз оқимын. Шынымды айтсам,исламға келгелі өте сабырлымын. Ол күреске де өз әсерін тигізді. Кез келген нәтижені сабырмен қабылдаймын, налымаймын. Өйткені жарыстың қорытындысы мен үшін қалай болғанымен, ол Аллахтың қалауымен және сөзсіз қайырлысы.

- Сіз туып-өскен Тывада мұсылман атанғаныңызға қалай қарайды?

- Ол жақта буддизм, пұтқа табынушылық кеңінен тараған. Бірақ маған қатысты ешқандай негатив жоқ. Қайта үйімдегілер қатты қызығушылық танытып жүр. Маған қолдау көрсетіп, өздері де қазір кітаптар оқуда.

 

КӨҢІЛДІ ОТБАСЫ

Еркін Ізбасаров: Артас, Жүсіп (Дағыстаннан келген ноғай балуаны Батырмырзаев), менің отбасым, көмекшілерім барлығымыз бірге тұрамыз, бір шаңырақтың астында. Біздің үйде қашан да көңілді. Бәрі бірге тамақ ішеді, бірге жаттығуларына барады. Керек болса, шулап жүріп қарды тазалап тастайды, басқа да шаруада көмектеседі.

Осы балуандарға қолымнан келгенше көмектесіп, жалақысын төлеп жатырмын. Былтыр Абылайхан Нұрсұлтанов есімді талантты балуанды да қосып алдық. Ол ақтөбелік білікті бапкер Бауыржан Нұрмахановтың ұлы. Көп үміт артып отырмыз. Денсаулығыма қарамастан, жарыстардың ешқайсынан қалмауға тырысамын. Спорттың өзі үлкен саясат, сондықтан менің қолдауым оларға қашан да керек. Кезінде спортшының жағдайы нашар, бірақ беделі жоғары кездер болатын. Қазір жағдай жасалған, бәсекелестік те өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Әр спортшының ізгі армандары орындалса екен деймін, ең бастысы кез келген істегі мақсат атақ пен ақшаға құмарлық болмаса игі.

Назерке СҰЛТАНБЕК


Просмотров 256

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!