Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Абдул-Мутталиб: «Мен немеремді аспанда Хақ Тағала, жерде халық көп мақтайды деп үміттенемін »,- деп жауап берді



Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған күні әдеттен тыс бірнеше оқиға болды:

Иранның ескі орталығында Мәжусилердің (отқа табынушылар) мың жылдан бері сөнбей жанып тұрған оттары сөніп қалады, «Мадаин» қаласында патша сарайының 14 балконы құлайды. Ирандағы Сауа көлі бір түнде құрғап қалады. Құрғап қалған Самауа өзені суға толып тасиды. Қағбада 360 пұт жерге құлап түседі.

Хазреті Мұхаммедтің шыққан тегі: Хазреті Мұхаммедтің атасы Абдул-Мутталиб, әкесі Абдуллаһ, анасы Уахабқызы Әмина. Шыққан тегі хазреті Исмаил (с.ғ.с.) ұрпағы Аднанға барып тіреледі. Әкесі Абдуллаһ Хашим әулетінен, анасы Әмина Зухра әулетінен еді. Екеуі де меккелік, Құрайш руынан болатын. Атасы Абдул-Мутталиб жасы ұлғайған соң ұлы Абдуулаһты үйлендіруді армандайтын. Абдуллаһ ұлдарының ішіндегі ең тәуір көретіні еді. Ол Меккенің қалаған қызын алатындай сымбатты жігіт еді. Әкесі оны Бәни Зухра әулетінің көсемі Уахб бин Абдуманаптың қызы Әминаны мақұл көрді. Әмина да Құрайш қыздарының арасындағы сұлуы еді. Құда түсіп, той жасап Әминаны баласы Абдуллаһқа қосады. Абдуллаһ сауданы кәсіп ететін. Бір сапарында Мәдинеде нағашыларының үйінде қатты науқастанып қалады да, сол жерде 25 жасында қайтыс болады. Әмина жүкті еді, босануына екі ай қалған-ды. Бірақ тағдырдың жазуымен әкесіне перзентін, перзентіне әкесін көру нәсіп болмады.



Хазреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүт анасының жанында қалуы: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үш аты бар: Мұхаммед, Ахмад, Мамхуд.

Мекке ақсүйектерінің бір әдеті бар еді: балаларын қала сыртындағы тайпаларының әйелдеріне еміздіріп, бақтыратын еді. Себебі Меккенің ауасы өте ыстық еді, кішкене сәбиге ауыр тиетін. Мекке айналасындағы тайпалардың әйелдері анда-санда Меккеге келіп, емізуге бала алатын еді.

Сағд тайпасынан Халима атты бір әйел емізу үшін Мұхаммедті сұрады. Алғашында жетім екенін біліп, екі ойлы болған, кейін алғанына бек қуанды.

Халима оны өз баласындай жақсы көрді. Күйеуі Харис Халимаға былай дейтін: «Халима, бұл баланың қадамы біз үшін құтты болды. Ол келгелі малымыздың сүті, сүтіміздің майы көбейді. Үйімізге береке келді? Мен, бұл баладан басқа бір нәрсе сезіп тұрмын!»

Халима апамыздың қасында тұрғанда Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) ол кісі әдеттен тыс бірнеше істер көрді.



Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 4 жасқа дейін Халиманың бауырында өсті.

Жасында Мәдинеге сапар шегіп, қайтып келе жатқанда анасы Әмина қайтыс болады. Сегiз жасқа келгенде атасы Абдулмутталиб дүниеден көз жұмады. Сөйтіп ол жетім қалып, немере ағасы Абуталибтiң қолында өседi.

Түндердің ең ұлықтарының бiрi – осы Мәуліт түні. Себебі бұл түн болмағанда, хазiрет Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл түні дүниеге келмегенде, арш- күрсі, лаухул-махфуз, жәннат-дозақ, аспан мен жер, адам мен жын, яғни ешнәрсе жаратылмас еді. Себебі пайғамбарлық хазiреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) дүние жаратылмастан бұрын берілген.

Хадис – қуддусийде Аллаһ тағала былай дейді:

Ей, Мұхаммед! Сен болмағанда мына он сегіз мың әлемді (аспан мен жерді) жаратпаған болар едім».

Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік». «Әнбия» сүресі, 107-аят.

Аллаһ тағала пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) әлемдерге өз мейірімін түсіру үшін жіберді. Демек Хзареті Мұхаммед (с.ғ.с.) дүнеиге келген күн- Аллаһ тағаланың бүкіл әлемге рахым-мейірімі молынан түскен күн. Бүкіл 18 мың әлем бұл оқиғаны күткен еді. Алаһ тағала құлдарын есіркеп, қараңғылық, надандық батпағынан жарыққа шығару үшін сүйікті пайғамбарын жіберді.

Түндердің ең ұлығы – осы Мәуліт түні. Қасиетті Ләйләтул-қадірден де жоғары. Себебі бұл түн болмағанда, хазрет Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл түні дүниеге келмегенде, арш күрсі, лаухул-махфуз, жәннат, дозақ, аспан мен жер, адам мен жын, яғни ешнәрсе жаратылмас еді. Себебі пайғамбарлық хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с) дүние жаратылмастан бұрын берілген еді.

Сахабалар: «Ей, Алланың елшісі! Пайғамбарлық саған қашан берілді?» - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп жауап берді: «Адам (с.ғ.с.) рух пен дененің арасында болған кезде…»

Бұл күні туылған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құрметіне барлық нәрселер жаратылып жоқтан бар болды. Себебі ол Аллаһтың сүйіктісі еді. Ол Хабибуллаһ еді, ол Расуллаһ еді, ол Мұхаммед, ол Ахмед еді. Ол Елшілердің Қожасы еді. Ол пайғамбарлардың сардары еді. Ол адам мен жындардың пайғамбары еді. Ол нұр, сираджи-мунир еді. Ол Мұстафа, ол Муғитаба еді. Ол әлемдердің рахметі – рахматал-лилаламин еді. Ол шафиғул –музнибин (күнаһарлардың шапағатшысы) еді. Ол түні Қағбадағы пұттардың барлығы жерге құлады, Лат, Узза, манат және Хубал делінген 4 үлкен пұт быт-шыт болды. Қағбаның дуалдарынан: «Сүйінші! Бұл түні әлемнің күні туды. Ол біздерді пұттардан, мүшриктердің зұлымдығынан құтқарады. Оның үмметі бізді жалаң аяқ тәуеп етіп, Құдайға жетеді (хақиқатқа жетеді) » - делінген дауыстар естілді.

Бұл түні әлем басқаша болды. Балгерлер тілі күрмелді. Таулар, тастар және ағаштар сәжде етті. Қағба сәжде етіп, қиямға тұрады. Мұны көрген мүшриктер таң қалып: «Бүгінгі түн не болып кетті?»- десті.


Просмотров 389

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!