Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Олар: «Ата-бабаларымыздың арасында мұндай аты бар адам болмаған, бұл атты қоюдағы мақсатыңыз не?», - деп сұрады



Сәрсенбі, 04 Сәуір 2007

Мәулiт арабша сөз болып қазақшада “туылған күн “ ,деген мағнаны бередi. Бiрақ бұл атау Аллаһ тағаланың ең сүйiктi пендесi, Адам ( ғ.с ) нан бастау алып Исаға (ғ.с.) дейiнгi барлық пайғамбарлар мен елшiлердiң де оның үмметi болуға арманы болған, бүкiл әлемге нұрын шашып, надандық қараңғылығынан ислами жарыққа шығарған пайғамбарлардың ұлысы пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) дүниеге келген айына мереке етiп берiлген.

Мәулiт арабша сөз болып қазақшада “туылған күн “ ,деген мағнаны бередi. Бiрақ бұл атау Аллаһ тағаланың ең сүйiктi пендесi, Адам ( ғ.с ) нан бастау алып Исаға (ғ.с.) дейiнгi барлық пайғамбарлар мен елшiлердiң де оның үмметi болуға арманы болған, бүкiл әлемге нұрын шашып, надандық қараңғылығынан ислами жарыққа шығарған пайғамбарлардың ұлысы пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) дүниеге келген айына мереке етiп берiлген. Сондықтанда әр жылы Раби-ул-әууал айында әз- Пайғамбарымыздың мәулiтiн Аллаһ тағалаға бiздердi пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметi етiп жаратқанына шүкiрлер айтып, сүйiктi хабибiне салауаттар айтып мерекенi бiр ай бойы тойлаймыз.

Мәуліт күні – жер мен көк нұр шашқан Пайғамбарлардың сардары хазреті Мухаммед (с.ғ.с.)-ның дүниеге келген күні дүниені нұрға толтырған Құдай тағала мейірім-рахымын молынан жаудырған тарихи бір күн.



Мәуліт (арабша) – қазақша «туылған күн» деген мағынаны білдіреді.

Мәуліт күні адам баласын надандық пен жаһилиет қараңғылынан жарыққа шығарған күн.

Мәуліт күні – пұттардың жерге құлап, мыңдаған жылдар бойы сөнбей келе жатқан отқа табынушылардың оттарының сөнген күні. Арабтардың бұрын қолданған күнтізбесі болған «Піл оқиғасы» Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылуынан 50-52 күн бұрын болды. Ол дүниеге келген таң басқаша бір ғажап әлем еді. Дүние нұрға толды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Арабыстанда дiнiмiздегi ең қасиеттi де құрметтi, адам затының тұнғыш атасы Адам (ғ.с.) мен Хауа анамыз жер бетiне түскеннен соң ұзақ жлдардан кейiн сағынышпен жолығып мекендеген, Аллаһ тағаланың нұры жауып тұратын үй болған Мекке қаласында Һишам әулетi махалласында Абдуталибтың үйiнде хижри жыл санауы бойынша Раби-ул-әууал айының 12 шi күнi, милади жыл санауы бойынша 571 жылы сәүiр айының 20 шы күнi дүйсенбiде дүниеге келдi.



Ол дүниеге келген таң ғажап едi. Дүние нұрға толды. Әкесi Абдулла қайтыс болғандықтан ұлын көре алмай кеттi. Келiнi Әминаның нұрлы бiр перзент көргендiгiн есiтiп, атасы Абдумутталиб қатты қуанып оған Мұхаммед деп ат қойды. Бұл араптарда болмаған ат едi. Бiрақ Аллаһ тағала алдынғы пайғамбарларға келтiрген Инжiл, Таурат секiлдi кiтаптарда айтылған сөздерiн ақиқатқа шығару мақсатында бұл есiмдi (яғни Мұхаммед) атасы Абдумуталибтiң жүрегiне салды. Араб халқында жалпы адам баласында мұндай есiмдi адам болмаған.

Мұхаммед сөзiнiң түбiрi мақтау, ризашылық дегендi бiлдiредi. Осы сөзден мақтау, мадақ. Мақтаулы, ең мақтаулы деген сөздер туындайды. Сөйтiп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үш аты бар: Мұхаммед, Ахмед, Махмуд.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) келетiндiгiн келместен бұрын Мұса , Иса (ғ.с.) сияқты пайғамбарларға айтқандығын және де оның Мұхаммед болатындығын хабар бергендiгi жайлы Құран кәрiмде келген:

«Мен жақында оларға өздерiнен саған ұқсас пайғамбарды жiберемiн. Сөзiмдi оның аузында қыламын. Оларға ол тек қана мен бұйырған нәрсенi ғана айтады. Кiмде-кiм менiң атыммен сөйлеп жатқан сөзiне мойынсұнбаса, ондай кiсiлерден өзiм өш аламын.»

Иса (ғ.с.) iнжiлде өзiнен кейiн “Фарқлит” атты соңғы пайғамбар келетiндiгiн сүйiншiлеген. Фарақлит яһуди тiлiнде болып арабшада Мұхаммед яки Ахмад деген есiмдермен мағынасы сәйкес. Осыны Құран кәрiмдегi Саф сүресiнiң 6 шы аяты растайды:

Ей, Исрайыл ұрпақтары ! Кезiнде Иса Марям ұлы сендерге менi Аллаһ тағала жiберген, өзiмнен бұрын келген Тауратты растаушы, өзiмнен соң “Ахмед” атты пайғамбар келетiнi туралы қуанышты хабар әкелушi пайғамбармын”,- деген.

Демек атасы Абдул-Мутталиптың немересiне Мұхаммед ат қойуы жайдан-жай емес, ол Аллаһ тағаланың оның жүрегiне салғандығынан.

Ибн Аббас ( ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) немере ағасы ) әкесiнен айтып қалдырған риуаятында:”Расулуллаһ дүниеге келгенде кiндiгi кесiлген және сүннеттелген күйде туылған. Бұны көрген атасы таңырқап : Немереме келешекте үлкен бiр дәреже болады”,- деген. Сол айтқаны болды”,- дейдi.

Аллаһ Тағала Тәубә сүресінің 128-ші аятында: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қинауларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүминдерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді»

Мина апамыз басқа әйелдер сияқты толғақ қиыншылығын көрмеді. Түсінде бір кісі келіп: «Ей, Әмина! Сен, шынында әлемдегі адамдардың ең жақсысына жүктісің. Туғанда атын Мұхаммед деп қоясың!» - деді. Ол: «Туу уақыты жақындағанда құлағыма бір қатты дауыс келді, қорқып кеттім. Дереу бір ақ құс келіп қанатымен арқамды сипады. Қорқыныш пен үрейден құтылдым. Бір жаныма қарасам, маған бір ақ кесемен шербет ұсынылды. Ішіп едім, айналам нұрға толды. Сол сәтте Мұхаммед дүнеиге келді. Айналама қарасам Әбдіманап қыздарына ұқсас, бірақ ұзын бойлы бірнеше қыз мені айналып тәуеп етті. Таңқалып: «Бұлар кімдер екен деп ойланып қалдым»- деді.

Хазреті Мұхаммедті (с.ғ.с.) туу кезінде Әмина апамыздың көзінен перде көтерілген еді. Жәннаттағы хор (үр) қыздарын, періштелерді көреді, бірнеше әдеттен тысқары нәрселерді көреді. Жанында Әбдірахмен бин Ауфтың апасы Шифа бер еді. Ол кісі көргендерін баласына айтады.

Хазреті Мұхаммед туылған соң атасы Абдул-Мутталиб үлкен той жасайды. Құрайш руының ұлықтарын шақырады. Сүйікті немересіне қандай ат қойдың дегенде: «Мұхаммед» деп ат қойдым»,-деді.

Олар: «Ата-бабаларымыздың арасында мұндай аты бар адам болмаған, бұл атты қоюдағы мақсатыңыз не?», - деп сұрады.


Просмотров 415

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!