Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






дәріс. Зиятында ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері



Мақсаты:Студенттерге зиятында ауытқуы бар балаларды оқыту ерекшеліктері жайында мағлұматтар беру

Жоспар:

1. Зиятында ауытқуы бар балаларға арнайы білім беру

2. Зиятында ауытқуы бар балаларды В.В.Воронкова әдістемесі бойынша оқыту ерекшелігі

Тірек сөздер:Воронкова әдістемесі,емдік дене шынықтырыу, логопедиялық сабақтар.«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 4- ші тармағын іске асыру мақсатында, арнайы білім алуды қажет ететін адамдар үшін мынадай арнайы түзету ұйымдары белгіленеді:

1) мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары ( орынын толтыру);

2) түзету білім беру ұйымдары;

3) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;

4) арнайы білім беру ұйымдары;

5) жетім және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары.

Арнайы білім беру мекемелерінің ішіндегі көмекші мектептің негізгі құрамын ақыл-ойы кем балалар құрайды. Ақыл ойы кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения грек тілінен аударғанда ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психиаторы Э. Крепелин енгізген. Ақыл – ойы кем балалар өз дамуы бойынша нормадан ауытқыған балалардың көп бөлігін құрайды. Олар баланың жарты популяциясын, шамамен 2,5 % құрайды.

Қазіргі уақытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалды-техникалық қамтамасыз ету керек.



Психолого-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесіне оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады. Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқылы. Облысымыздағы арнайы көмекші мектеп интернатында ПМПК-ның ұсынысымен келген екі жүздей оқушы білім алып тәрбиеленуде.Оларды арнайы білім беруде және өмірге бейімдеуде мектеп интернаттың педагог-тәрбиешілері арнайы бағыттар бойынша оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Мектепте жеңіл «жеңіл ақыл-ой кемістігі» (F–70) және «қалыпты ақыл-ой кемістігі» (F–71) диагноздары қойылған оқушылар оқиды.Мектептің Жарғысына сәйкес 2006-2007 жылғы оқу жылынан бастап мектеп 10-жылдық оқытуға көшті.



Ақыл – ой кемістігі бар балаларды арнайы (түзеу) мектепте оқыту екі кезеңнен тұрады:

1 кезең - I - IV cыныптар;

2 кезең - негізгі (V - IХ сыныптар, Х өндірістік сынып).

Дайындық сыныбы мен 1 - сыныпқа 7 - 8 жастағы балалар қабылданады. Көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта, тәрбиеленуші топтарда оқушылар саны 12 адамнан аспайды. Бұл мектептегі бағдарламаның мазмұны өзгеше болғандықтан, балалар ценізді білім алмайды, оқытудың негізі бағыты оқушыларды әлеуметтік бейімдеу мен мамандырылған – еңбекке даярлау. Бұл мектепті бұрынан көмекші мектеп деп атайды.Көмекші мектептегі оқу еңбек пәні бойынша емтимханмен аяқталады, нәтижелері бойынша оқушылар куәлік алады. Ерекше жағдайларда оқушылар денсаулығына байланысты емтиханнан босатыла алады. 1 - 4 сыныптарда оқушыны жан – жақты психолого – медико – педагогикалық үйрету және түзеу арқылы қолдаумен бастауышқа білім беру жүзеге асырылады. Оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, оқу ісінде, өз бетімен жұмыс істеуде дағдылары қалыптасады. Ақыл - ой кемістігі (зияткерлік бұзылушылықтары) бар балаларды оқыту барысында танымдық әрекеті қалыптасады. Ақыл – ойы кем балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, 1-ден 9 - сынып аралығындағы базалық оқу жоспарына «Танымдық әрекетті түзеу» пәні енгізілді. Түзеу әрекеті негізгі кемістікке - оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру, моторика бұзылысын, эмоциялық - ерікті жағын, мінез - құлқын түзеуге бағытталған.

Негізгі кезеңде оқушылар практикалық бағытталған және олардың психологиялық - дене мүмкіндіктеріне, еңбектің әр түрі бойынша дағдыларға, бастапқы кәсіби – еңбек дайындығына сәйкес келетін жалпы білім алады. Кейбір пәндер қосымша жүктемеге негізделген, жаратылыстану пәнінің мазмұны валеология элементтерін қамтиды, ал география экологиялық білім негізімен оқытылады.

4 - сыныптан 6 - сыныпқа дейінгі сыныптарда «Жалпы еңбекке дайындық» пәні оқытылады. Жалпы еңбекке дайындықта мектеп оқушылары кәсіби тігу мен столярдың бастапқы дағдыларын меңгереді. 7 - 9 - сыныптарда осы мамандықтар бойынша тереңірек оқып біледі.Мемлекеттік стандарттың критерийлік - бағалау функциясы мектепте білім беру мазмұнының нормативтері мен сапасын анықтауды талап етеді. Бірақ та, оқушылардың медициналық көрсеткіштер мен клинико-психологиялық ерекшеліктері бойынша құрамының түрлілігін ескерілетіндіктен, бұл нормативтер арнайы білім беру жүйесінде бірдей болуы мүмкін емес. Оқу білімдерінің нұсқалық нормасы негізіне В.В. Воронкованың жетекшілігімен Ресейдің Білім беру Академиясының түзеу педагогика Институты қызметкерлері әзірлеген көмекші мектеп оқушыларын педагогикалық саралау кіреді. Ақыл – ойының кемістігі бар оқуышыларды оқытудың негізгі көрсеткіштері:

· ойын қорытындылау, оның ішінде білімі мен ептілігі;

· ойлау әрекетінің сөйлеу – логикалық және практикалық компоненттерінің арақатынасын ұғыну;

· тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс істеу;

· оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарастары;

Осындай көрсеткіштердің негізінде оқушылардың оқу материалдарын меңгеру мүмкіндіктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.

Ақыл - ойы кемтар (зияткерлік бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы (түзеу) мектептің негізгі оқу жоспары оқушыларды қоғамда өздігінен өмір сүруге дайындауға себеп болатын, білім беру процесін ұйымдастыру мен оның мазмұнын реттейтін негізгі нормативті құжат болып табылады.Оның негізінде мектепті қаржыландыруға арналған бастапқы құжат болатын нақты оқу бағдарламасы дайындалады. Мемлекеттік стандартқа жеңіл деңгейлі (1 тип) және қалыпты деңгейлі (2 тип) ақыл – ойының кемістігі бар оқушыларға арналған негізгі оқу жоспарының екі нұсқасы ұсынылады.

Оқу бағдарламасының I типі («А» сыныбы) көмекші мектепке арналған жалпы қабылданған бағдарламаны қамтиды және зияткерлік дамуының жеңіл бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға ақыл - ой кемістігі жеңіл және қалыпты деңгейлі балалар жатады.

Оқу бағдарламасының II типі («Б» сыныбы) көмекші мектеп бағдарламасының жеңілдетілген нұсқасы. Зияткерлік дамуының қалыпты бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға клиникалық және психологиялық топтағы балалар жатады. Ақыл – ой кемістігінің қалыпты деңгейінде биологиялық факторлар, мидың жетілмеуі, психикалық, сөйлеу және моторикалық даму қарқыны баяу болады. Өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш үйренеді. Барлық оқушы мектеп білімін бірдей меңгере алмайды, тіпті меңгерген жағдайдың өзінде оқу, санау, жазу дағдылары әлеуметтік бейімделуде көмегі аз. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, арнайы ұйымдастырылған оқыту нәтижесінде қалыпты ақыл – ойы кемістігі бар балалардың басым көпшілігінде оқытуда позитивті динамикаға бағытталған. Көмекші мектептің оқу жоспарын дайындау негізі пәндік оқыту принципінен құралған.

Оқу жоспарындағы пәндер цикл бойынша бөлінген:

Ø гуманитарлық;

Ø жаратылыстану-математикалық;

Ø мәдениеттану;

Ø әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту;

Ø түзеу технологиялары.

Зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған көмекші мектепте дамуында зияткерлік бұзылыстар бар балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген мазмұннан тұратын дәстүрлі пәндер мен арнайы түзеу пәндері оқытылады.

«Түзеу ритмикасы». Осы курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың дене қозғалысын жетілдіруге, бағдарлай алуды дамытуға, ептілікке, музыкалық сезім және қозғалыс мүшелеріне, эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

«Әлеуметтік тұрмыс-тіршілікке бейімделу».Сабақтарда оқушыларды өздігінен өмір сүруге іс жүзінде дайындау, қоғамның мәдени және әлеуметтік өмірінде әлеуметтік бейімделуде көмек ретінде олардың білімін және ептілігін қалыптастыру жүзеге асырылады. ӘТБ сабағы бойынша сынып 2 топқа бөлінеді.

«Танымдық іс – әрекетті түзеу». Осы курс бойынша сабақтар оқушылармен жеке немесе топпен бірге өткізіледі. Сабақтар ақыл – ойының кемістігі бар балаларды дамытуға, оқу және іс – жүзіндегі іс-әрекетке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

«Емдік дене шынықтыру (ЕД)». Топпен немесе жеке жүргізілетін сабақтар жүріп - тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балаларды оңалту мақсатында жүргізіледі. Топтар дәрігердің ұсынымдары бойынша құрылады.

«Логопедиялық сабақтар». Көмекші мектептегі логопедиялық жұмыс ақыл-ойының кемістігі бар балалардың дамуын түзеуде маңызды. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы көптеп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылушылық ақыл – ойы кемтар балалардың психологиялық дамуына, білім алуына кері әсерін тигізеді.

Мектепте параллель сыныптармен бірге саралап оқыту жүргізіледі: 1 – 2 топтар – 1 тип («А» сыныбы); 3 – 4 топ – 2 тип («Б» сыныбы). Базалық оқу жоспарын оқыту негізінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескере отыра, жалпы сағат санынан аспайтындай етіп, әрбір сыныпқа арналған оқу жоспары дайындалады. Мектептегі оқу жылының басталуы мен ұзақтығы және каникул жалпы білім беретін барлық мектептерге арналған мерзімге сәйкес белгіленеді. 1 сыныпта бірінші жартыжылдықта бағалар қойылмайды. Оқушылардың сабақтағы үлгерімдері олардың өнімді іс-әрекетін – сөйлеу қабілетінің даму деңгейі, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдарды талдау негізінде анықталады. «Түзеу технологиялары» сабақтары күннің алғашқы және екінші жартысында өткізіледі. Логопедиялық тапсырмалар жеке және топпен орындалады. Топтар сөйлеу қабілетінің бірыңғайлығын есепке алу арқылы жинақталады. Еңбекке баулу және ӘТБ сабақтарында оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топты жинақтау дәрігердің ұсынымы бойынша оқушылардың танымдық және психофизикалық ерекшеліктерін ескерумен жүзеге асырылады.

Біздің мектепте еңбекке баулу сабағы бойынша «Тері ісі», «Көгалдандыру» қосымша сабақтарына сағат бөлінген. Зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған мектепте оқыту еңбекке баулу бойынша емтихан алумен аяқталады. Оқушылар бітіру емтихандарынан белгіленген тәртіп бойынша босатылуы мүмкін. Көмекші мектепте жеңіл және қалыпты деңгейлі ақыл – ойының кемістігі бар балаларға арнайы түзеу білім беруді ұйымдастыру талапқа сай болуы қажет.

Әрбір оқушы қажетті білімді меңгереді. Мұғалім баланың танымдық мүмкіндігін алдын ала зерттеп, білім беру деңгейін төмендетпей, оқытудың жеке бағдарламасын өздігінен анықтай алады. Диагнозға байланысты оқушылар мектеп педагогикалық кеңесі бекіткен жеке бағдарламалар бойынша білім алады. Білімді тексерудің барлық түрін (ауызша, жазбаша, практикалық) бағалау бес балдық шкала бойынша бағаланады. Уақытында түзеу арқылы көмек көрсету үшін мектеп оқушыларының БЕД деңгейін бағалауға арналған түзеу әрекеті шараларына сәйкес жағдайлардың мониторинг жүйесі дайындалған. Еңбекке баулу пәні мектепте бейінді пән болып табылады.Қыздар іс тігумен, тоқу, көктеумен айналысады. Ұлдар ағаш шеберлігін үйренеді. Балалар жасаған бұйымдар қалалық, облыстық және республикалық балалар шығармашылығы көрмелеріне қойылды.

Мектеп консилиумы қызметінде БҰҰ –ның бала құқығы туралы конвенциясын, «Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медико – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР-ның заңдарын, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативті – құқықтық құжаттарын басшылыққа алады. Консилиумды ұйымдастыру мақсаты кемтар балаларды оқытып, тәрбиелегенде олардың жастарын, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы емдеу – сауықтыру және психолого-педагогикалық жағдайды қамтасыз ету.

Консилиумның міндеттері:балаларды оқыту мен тәрбие беруге дайындау мақсатында балаларды тексеру; түзеу – дамыту және әлеуметтік жұмыстарды өткізу; оқытудағы ауыртпашылықтар мен оқуышлардың мектепке бейімделуін анықтау; танымдық іс-әрекеттің деңгейін (сөйлеу, есте сақтау, назар аудару, еңбекке қабілеттілік және басқа да психикалық функциялар) және ерекшелігін анықтау, алдын алу; оқыту мен тәрбие беруде жеке – нақтыланған әдістермен қамтамасыз етілген, түзеу психолого – педагогикалық және әлеуметтік іс – шараларды анықтауға арналған баланың эмоциялық – ерікті және тұлғалық дамуын зерттеу; баланы дамытуға қолайлы оқу бағдарламасын таңдау; жалпы және түзеу арқылы оқыту мен тәрбие беру процесінде жеке – нақтылай әдістерді қамтамасыз ету арналған оқу – тәрбие беру процесіне қатысушыларға ұсынымдарды дайындау.

Ұжым қызметінің тиімдігі ОШ – 1 деректері бойынша «Кәсіби оқыту орталығына» түскен мектеп бітірушілерінің жұмысқа орналасуы мен жұмыспен қамтылуының сапалы көрсеткіштері анықтайды.Көмекші мектептің бітірушілеріне қазіргі әлемдегі жағдайлар белсенді түрде әсер ететін қоғамда өз орнын табу қиын. Бұл бізді, ата – аналарды толғандыратын ең басты проблема, және ол мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс.

Біздің мектептің миссиясы – ақыл – ойының кемістігі бар оқушылардың танымдық – іс - әрекеті мен эмоциялық – ерікті жағының кемшіліктерін еңсеру, өз бетімен өмір сүруде оқушыларды өндірістік еңбекке, қазіргі қоғамды осымен қатар, ҚР «ҚР Халқының денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының 39 бабына сәйкес, аурулардың алдын алу мақсатында дәрігерлік көмекке дейін медициналық көмек көрсетуді тек арнайы орта медициналық білімі бар тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Алайда, тексеру көрсеткендей, аталған мектепте емдік дене шынықтыруды осы пәннің мұғалімі Е.Волошин өткізген. Оның біліктілікті жоғарылату Институтының «Ақыл-ойы дамуында бұзылыстары бар балаларды бейімдейтін дене тәрбиесі» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру туралы курстарда оқығаны туралы 2002 жылы берілген куәлігі болған. Дәрігер-психотеравт Н.Полупанова 1994 жылы балалар психиатриясы маманданымы бойынша біліктілін арттырған. Ал, Біліктілік талаптарына сәйкес, осындай маманданым бойынша біліктілікті 5 жылда бір рет арттыруы тиіс болған.

Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлеріне ақыл-ой кемдігі және дене мүшесі кемтарлығы белгілері бар, сондай-ақ жүйке ауруларымен ауыратын, денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамның күтіміне, тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұқтаж 4-18 жас аралығындағы балалар қабылданады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлерінде тәрбиелеу мен оқыту арнайы оқу жоспарлары, арнайы бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жүзеге асырылады. Балалар қажетті медициналық көмекті алып, нормативтер бойынша тамақпен және киіммен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ олар үшін мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақылар көзделген.

Зиятында ауытқуы бар балаларды В.В.Воронкова әдістемесі бойынша оқыту ерекшелігі

Бастауыш мектеп жасындағы кезең - балалық өмірлік ресурстарының қалыптасатын ең маңызды кезең, оның әлеуметтік жағдайының құрылуы, қоғамдық қатынастарының менгеруі, әлемді қабылдауының кеңеюі және жеке қасиеттің даму кезеңі. Бұл кезең ақыл-ойы кем балаларына өте маңызды болып келеді, өйткені олардың көбісі қоғамдық қатынастардың мектепке дейінгі тәрбиені меңгере алмайды, яғни бала мектепке дейін маңызды түзету көмегін алмаған. Адамның денсаулығы жағдайындағы функцианальдық кемістіктері ақыл-ойының артта қалуын әлеуметтік нәтижедегі болған және күрделі кемістіктік кең таралғаны туралы ғылыми дәлелденген. Түзету сабағының бағдарламасының теориалық негізгі ретінде Л.С.Выготскийдің –дамуында шектеулігі бар және қалыпты дамыган баланың даму заңы; кемістіктің кұрылымы және компексациялау мумкіншілігі; дамуында шектеулігі бар балаларды оқыту кезіндегі жүйелі жадғай жасалуы, түзету психолог-педагогикалық бағдарламасын қалыптастыру процесіндегі дифференциалды жағдай жасалуы болып табылады. Түзету сабағының бағдарлама курсы. «Психомоториканың және сенсорлык процестерінің дамуының»өзіндік мақсаты бар: сенсорлық қасиеттерінің жағымды жағдай құру негізінде бала танымының әр обьектіні сенсорлық қасиеттерінің, сапаларының, белгілерінің дұрыс көпжақты жартылау функцианальды белгілі қоршаған орта жайлы, психикалық дамуына әсер ететін және қоғамда әсерлі әлеуметтенуі.

Осы мақсаттарға жету негізінде мынадай міндеттер қатары карастырылады, бақылауға үйренуін калыптастыру негізінде сезімдік томының жалпылау, заттардың негізгі белгілерін ерекшелеп салыстыра отырып сөйлеу тіліне енгізу, психикалық процестеріне есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі, қиялына мақсатталады.

Міндеттері:

- барлық сезім ағзаларының жұмысы белсенділігін қалыптастыру және қоршаған ортадағы қасиеттерін байланыстыру;

- жүйелі және мақсатталған тәрбие барысында оқушылардың танымдық қызметтерін түзеу, яғни пішінін, көлемін, түсін және заттың негізгі қасиеттерімен кеңістіктегі орналасуын;

- кеңістіктегі уақытты бағдарлауын қалыптас­тыру;

- есту дыбыстарының координациясын дамыту;

-эстетикалық қабілеттері арқылы қоршаған ортаны қабылдау кезіндегі барлық қасиеттері мен белгілерін (түс, дәм, иіс, дыбыс, ырғақ) қалыптастыру;

-сенсорлы-перцептивті іс-әрекетін байланыс­тыру;

-арнайы сәйкес қасиетін сөздіктерді қолдану" барысында баланың сөз қорын молайту;

- моторикасының кемшіліктерін түзеу;

- көру қозғалыс координациясын байланыстыру;

- қозгалыспен іс-әрекетті мақсаттылығымен дәлелділігін қалыптастыру.

Бұл курстың бағыты түзету болып табылады: ақыл-ойы кем баланың психофизикалық дамуының жетіспеулігі оларды күрделі психикалық іс-әрекетті қалыптастыруын түзету (жою). Сабақты жалпы тузету жұмысы қосымша жеке түзетумен толықтырылуы керек.

Ол жерде жеке түзету жұмыстарын қажет ететіндер болады. Жұмыстың негізгі кезінде дефектологтың негізгі міндеті - жүйелі түрде зерттеу; оқу кезіндегі баланың қиындығын ерекшелеп, біріншілік және екіншілік сипаттамасын анықтау. Басқа сөзбен айтқанда психологиялык-педагогикалық топтастыру бойынша оқушыларды мүмкіншіліктеріне қарай топтау керек. Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, көмекші мектептерде В.В. Воронкова әдістемесін қолдануда. Осы әдістемеде окушыларды IV топқа бөліп оқытады. Осы IV топтағы оқушыларға арнайы педагог маманының тарапынан қосымша түзету көмегі көбінесе математика, қазақ тілі, еңбек сабактары балаларға ерекше қажет. «Психомоторикалық және сенсорлық процестерін дамыту» атты сабақтар маңызды болып табылады. Бір балаға бағытталған немесе топ балаларға бағытталған. Сонымен IV топтағы оқушыларға В.В .Воронкованың әдістемесі бойынша оқушылардың 4 тобына әр пән бойынша мінездемесін басшылыққа ала отырып қосымша түзетудің күнтізбелік жоспарын жасады.

Белгіленген параметрге сәйкес ақыл-ойы кем оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1 топка фронтальді оқыту процесі кезінде бағдарлама материалын жақсы меңгерген оқушылар жатады. Олар тапсырмалардың бәрін өз бетімен орындайды. Жаңа жұмыс жасаған кезде, өзінде бар дағдыны қолданады. Алынған білім мен білік дағдысы басқа оқушьшарға қарағанда тәжірбиеде жақсы қолданады. Салыстырмалы түрде қиындық тудыратын тапсырманы орындауға, оларга үлкендер тарапынан кішкене көмек керек.

Қазақ тілі сабағында 1 топ оқушылары дыбыстық, әріптік талдауды жақсы меңгереді. Дұрыс жазудың қиын емес ережелерін меңгереді, оқыған мәтіннің мазмұнын жақсы түсінеді. Мазмұны бойынша сұраққа жауап береді. Өз жауаптарын, мәтінің белгілі бір бөлімдерімен салыстырып алады. Мәтіннің бөлімдеріне тақырып қоя алады. Жәй жоспар құра алады және жоспарға сәйкес мазмұндама бере алады. Оңай болсын, қиын болсын тапсырмалардың бәрін, өздері қатесіз немесе бір-екі өздері түзеген қателер болады. Өздеріне сәйкес деңгейде бұл оқушылар ауызша және жазбаша тілді меңгереді.

Математика сабағында 1 топ оқушылары басқаларға қарағанда есептеу әдіс-тәсілдерін есте тез сақтайды. Оларға көрнекі құрал көп қажет емес. Ауызша айтқанды жақсы түсінеді. Математика түсініктерін дұрыс бағалап, дұрыс жазалады.

Төменгі сыныптарда еңбек сабағында 1 топқа жататын оқушылар жалпы еңбек дағдысын меңгеруге қиналмайды. Суретпен заттың сызбасынын үлгісіне анализ жасауда оқушылар бір ізгілікке сүйенеді. Толық мінездеме бере алады. Алайда қиын құрылымды заттарды жасауда оларда қиындық туады. Бұл кезде оларға көмек керек. Мұндай көмекті олар тиімді пайдаланады. Мұндай балалар білім дағдыны ұмытпайды, басқа кезде қолдана алады.

2 топ оқушылары да сыныпта жақсы оқиды. Оку барысында олар бірінші топ оқушыларына қарағанда көбірек қиналады. Көбінесе олар мұғалімнің фронтальді түсіндіруін ұғады. Оқылған материалды есте сақтауы да нашар емес, бірақ көмексіз қарапайым қорытынды және жалпылауды жасай алмайды.

Жұмыстың барлық түрін олар өз бетімен жасай алмайды. Олар мұғалім көмегін қажет етеді. Ал жаңа білімнің шартын ауыстырғанда көбінесе олар қиналады. Содан жұмыстың жылдамдығы төмендейді. Қате жібереді, ол қателерді болымсыз ғана көмекпен жөндей алады. Өз іс-әрекетіне тура түсініп жауап бере алмайды. Ашық және жалпылама айтады.

Қазақ тілі сабағында оқу және жазу кезінде көп қате жібереді, ол қателерді өз бетінше жөндеуге қиналады. Ережелерді жаттап алады, бірақ мазмұнын айту барысында ең маңызды жерлерін тастап кетеді. Бұл оқушыларды ауызша және жазбаша тілі дамыған, бірақ өз ойларын дұрыс жеткізу үшін мұғалімнің көмегі керек. Жоспарларда әртүрлі көрнекі құралдар қажет.

Математика сабағында 2 топ окушылары кейбір қиындыктарға душар болады. Бұл окушылар өздеріне баяндалған құбылысты, оқиғалар, заттар және фактілерді тура нақты қабылдай алмайды. Олар мөлшер қатынасы көлем өзгерістерін тура бақылаған жағдайда ғана түсіне алады. Пәндік тәжірбиелер, іс-әрекеттерді жасау арқылы заттар топтарды біріктіру арқылы олардың бөліктерін бөлу арқылы ғана оқушылар өзгерістерді түсініп арифметикалық амалдарды орындай алады. Сондықтан олар арифметикалық тапсырмаларды заттар тобымен илюстрацияланғанда ғана шеше алады. Сөзбен берілген тапсырмаларды шеше алмайды. Бұл окушылар 1 топ оқушыларына қарағанда қорытындылауды математикалық жалпылауды есте сақтайды, бірақ олар пәндік-тәжірбиелік іс-әрекеттерге тез үйренеді. Математикалық тапсырмаларды илюстрация арқылы тез орындайды.

3 топқа, бағдарламасын, материалын қиындықпен меңгеретін оқушылар жатады. Олар әртүрлі көмекті қажет етеді.


Өз бетінше жұмыс істеулері өте төмен. 2 топ оқушыларының материалды меңгерулері төмен. Материалды қабылдау төмен бағанына қарай оқушылар алған білім, білік, дағдыларын жоғалтпай тура сол тапсырма болған кезде қолданады. Алайда кішкене өзгертілген тапсырма болған кезде, оларға ол жаңа тапсырма сияқты көрінеді. 3 топ окушыларына тапсырманың ортасын бастапқыда көмектесіп жіберсе, олар ары қарай қиындық кездескенше өз бетінше жұмыс істей береді. Бұл топ оқушыларын, олардың оку материалдарының негізін түсінбейінше ұйымдастырып отыру керек. Содан кейін барып ғана, олар тапсырманы дұрыс орындайды. Олар туралы ауызша есеп бере алады. Бұл дегеніміз қиындықпен болса да, саналы түрде меңгеру екенін көрсетеді.

Қазақ тілі сабағында 3 топ оқушылары, дыбыстық-әріптік анализді талдауды, сауатты жазу дағдысын баяу меңгереді. Олар дұрыс жазу ережесін жаттап алады, бірақ тәжірбиеде механикалық түрде қолданбайды. Бұл оқушыларда ауызша және жазбаша түрде қолдану қиындық туғызады. Ана тілі, география, табиғаттану, тарих пәндерінде, мәтін оқыған кезде олар түсінбеулері мүмкін. Мазмұнын бөлшектелген түрде қабылдайды. Соның есесінде оқығанда түсінбейді.

Математика сабағында 3топ оқушылары көптеген қиындыққа душар болады.Мұғалім пәндік-тәжірбие, қызметті, көрнекі құралдарды қолдануы,олар үшін аздық етеді. Оқушылар мөлшерлер өзгерістерін қиындықта бағалайды. Ал математика тілінде тіпті қиын. Олар көбінесе барлық күш орындауды жеке фактілердің, талаптардың, нұсқаулардың мәнін түсінбей есте сақтайды. Сондыктан да қателіктер жібереді. Олардың алған білімдерінің арасында байланыс жок.

Оқушылар математикалық ережелерді қиындықпен түсінеді және түсіне алмайды. Өйткені олар сөзбен түсінбейді, оны жаттап алғылары келеді, ал ережесінің мәнін түсінбейді. Мысалы көбейту кестесін біле тұра, еңбек сабағында қолдана алмайды. Олар жаттағанын тез ұмытып қалады. Математикалық терминдері бар сөздермен сөйлем құра алмайды. Көмекші мектепте олар есепті шығаруды білмей кетуі де мүмкін.

Еңбек сабағында бұл топ оқушылары тапсырманы орындауда қиындыққа кездеседі. Олар жаңа затты жасаудағы жіберетін көп қателіктерінен көрініс табады. Көбінесе бұл қателер бөлшекті өзара араластыру және берілген мөлшерде сақтамау. Оқушылар өздерінің жіберген қателерін байқамайды, себебі олар өздері жасап отырған затын дұрыс білмейді. Олар жоспарлай алмайды, мұғалімнің көмегімен жасалған жоспарларды олар толық түсінбейді, сондықтан қателер жібереді.

Ал жекелей нақты айтқанда, 4 топ оқышыларына оқу материалдарын өте төмен меңгертетіндер жатады. Бұларда тек фронтальді оқыту жеткіліксіз. Оларға көп жаттығу жасату керек. Оқытудың қосымша тәсілдерін қолдану керек, бұл оқушылар қатесін тура көрсетіп, түзетіп көрсету керек. Олар көмекші мектеп бағдарламасы бойынша тиісті білім, білік, дағдыны төмен меңгереді. Дыбыстық - әріптік талдау жасауда қатты қиналады. Олар жай бейнелі мәтіндердің ен түсінеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі баяу қалыптасқан.

Математика сабағында заттарды дұрыс санай алады. Олар нақты бір затты қолдану арқылы ғана есептей алады. Бұл топ оқушылары математика амалдарының мәнін түсінбейді, бірне қайталап оқытудан кейін ғана осы арифметикалық амалдарды орындай алады.

Еңбек сабағында да бұл оқушылар өз сыныптастарының қатарына қалады. Олардың білім төмендігі бірден көрінеді. Бірінші жоспарлау кезіне және жұмыс жасау кезінде, олар дұрыс жасамайды, мұнда мұғалімнін көмегі міндетті түрде керек. Олар жасап жатқан жұмыстарында жоқ тәсілдерді айтуы мүмкін. Жасаған жұмысын жоспарлай алмайды, қорытындылауы мүмкін емес. Еңбек сабағында бұл топ бағдарламаны меңге алмайды.

Көмекші мектепте 4 топқа бөлінген барлық оқушыларын фронтальді оқыту процесіне жекелей оқытуды қажет етеді.

1-2 топ оқушыларының жақсы жұмыс істеуі әр түрлі пәндерде оларды 1 топқа біріктіруге мүмкіндік туғызады. Белгілі бір дәрежеде өз бетінше жұмыс істей алады. Мұғалім жаңа материалдарды меңгеруду, дамыту материалдарды дұрыс таңдауы, түсіндіруі, оны оқушыларға меңгерту және өз бетінше іс- тәжірбиеден қолдануды үйрету үшін ір оқушының жеке басының мүмкіншілігін білуі керек. Осы мақсатты әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады. Мұғалім жаңа материалды меңгерудің әр кезеңіне берілетін көмектінң түрлі мен көлеміне баса назар аудару керек. Оқытуды ақыл-ойы кем балалардың өздерінің жеке дара психикалық- физикалық бұзылуларын ескермейінше нәтижебермейді. Сондықтан мектептің арнайы педагогы осы төртінші топ оқушыларымен жеке және түзету сабақтар жүргізуі қажет. Сыныптан тыс қосымша IV топтағы оқушыларға арнайы педагог маңызды сабақ мақсаттарын таңдап алу қажет(түзету дамудан басқа).

 


Просмотров 5905

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!