Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дәріс. Зиятында ауытқуы бар балалардың таным процестерінің ерекшеліктері



Мақсаты:Студенттерді зиятында ауытқуы бар балалардың таным процесінің ерекшеліктерімен таныстыру

Жоспар:

1. Зиятында ауытқуы бар балалардың танымдық процестерінде кездесетін ақаулықтар

2. Зиятында ауытқуы бар балалардың танымдық процестерін зерттеумен айналысқан ғалымдар

3. Зиятында ауытқуы бар ьалалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Тірек сөздер:Заттық-әрекеттік ойлау, сөздік-логикалық ойлау

 

Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдық әрекеттегі ауытқулары бар.

Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалык функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудін бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.Ақыл-ойы кем балаларды қалыпты балалармен салыстырғанда әр түрлі сезімінің бұзылысы және обьектілермен ситуацияларды қабылдау бұзылыстары болады. Ақыл- ойы кем балалардың қабылдауы және түйсік дамуы баяу жүреді. Олардынң қабылдауының баяулығы оның психикалық дамуына түйсіну, сезіну ерекшеліктерін кеңес псиахиатыры кеңінен зерттелген. Олар: И. М. Совольв, В. И. Верецовская және тағы басқалары зерттеген. Ақыл- ойы кем балалардың көру темпінің баяулығын В. И. Верецовская зерттеген. Оның зерттеулері келесі жағдайларда өтті. Ол зертеушілер көзге түсерлік суреттердің ішіне балаларға таныс заттарды айтуды сұрайды. Мысалы: алма, мысық, қарындаш т.б. Суретті анықтау арнайы прибор арқылы уақыт жүргізді. Біз зертеулер 22 милисекунтдқа созылады. Суреттерді 3 топтағы зерттеушілерге ұсынды. Олар;



1. Қалыпты ер адамдар

2. Жалпы мектептегі 1-сынып оқушылары

3. Көмекші мектептің 1-сынып оқушылары

Берілген қысқа уақыт ішінде қалыпты ер адамдар заттардың 72% дұрыс тапты. Жалпы мектеп оқушылары 57 % заттарды тапса, ал көмекші мектеп оқушылары бірде-бірте затты тауып үлгермеді. Бұл зерттеулер қайталанып, уақыт мөлшері де қайталанды. (42милмсекунд). Ер адамдарға берілген уақыт заттық бейнені айтуға толық жетті. Жалпы мектеп оқушылары 95 % ал көмекші мектеп оқушылары заттың тек жартысын тапты 55 % таныды. Бұл эксперимент нәтижесінде ақыл-ойы кем балалардың көріп қабылдау баяу екендігі дәлелденді.Сонымен қатар ақыл-ойы кем балалардың көріп қабылдау бөлігі анық екені байқалады.Қалыпты балаларды салыстырғанда ақыл-ойы кем балардың көру өткірлігінің бұзылысы айқын көрінеді. Ақыл-ойы кем балаларға объект және құбылысты танудың өзгешелігі тән. Олар кейбір заттардың айырмашылығын айыра білмейді. Сонымен қатар төменгі сынып оқушылары затты қабылдауда оъектінің өзгерген жағдайында қабылдауда қиналады.



Ақыл- ойы кем балалардың суретті қабылдаудын өзіндік ерекшелігі бар: сюжеттік суретті түсіну, қабылдаған затты анализ және синтез жасау арқылы жүргізіледі. Оқытудың алғашқы кезегінде көптеген ақыл-ойы кем балалар суретті көру балаларда көзге көрген объектіні ретсіз атай береді және басқа объектіні атауда қиналады. Олар объектіні мағыналық топқа бөлмейді және жалпы мазмұнын сипаттайды. Мысалы: алғашқы қонырау суреті болсын. Суретті қарау кезінде оқушылар қыздың киімінің көптеген белгілерін атайды. Бірақ ешқайсысы мектепке қыздың бара жатқанын ескермейді.

Дамуында ауытқуы бар балардың зейіндерін зертеуде көптеген зерттеушілер үлес қосқан. Л.С. Выготский ырықсыз зейінің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылысымен байланыстырған.Ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен балған. Көмекші мектеп оқушыларының зейінінің дамуы өте төмен. Олар қандай бір объектіге немесе бейнеге қарағанда олардың ең негізгі элементерін байқамайды. Психикалық белсенділерінің ауытқуының ең негізгі себебі: бас миының фазалық жағдайының қысқы уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша психикалық процестің шаршағышы деп атайды. Бұл шашағыштық ақыл-ойыдың, бірақ белсенділігінен кейін пайда болуы мүмкін. Мұндай психикалық белсенділік тонусынының төмен түсуі, әрбір жалпы мектептегі жүйке жүйесі әлсіз балаларда кездеседі. Дегеніменде көмекші мектеп оқушыларының психикалық белсенділік тонусының төмендеуі жиі жүреді. Ал мұндай балаларды Е.Д.Хомская және Э.С.Мандрусова зерттеген.

Ал А.Р.Лурия және Е.Д. Хомская зейіннің нейрофизилогиялық негіздерін қарастырады. Е.Д.Хомская зерттеуінде селективті зейінге аса мән берілген. Бұл зейін қажетті ақпаратты және ұстауын қарастырған. Сонымен қатар зейінің тұрақсыздығында қарастырған. Оны қарастыру барысында себептерін анықтай отырып, шартты ақыл-ой әрекетін кеңінен зерттеген.

Баланың дамуында есте сақтау аса маңызды болып табылады. Ол есте сақтау арқылы бұрынғы жиған білімдерін жалпылануы және жинақталуы. Білім алу жүйесінде пайдаланады. Егер ес процесі жоқ болса, адамның тұлғалық қалыптасуы мүмкін емес. Көптеген ғалымдарының зерттеулер негізінде ақыл- ойы кем балардың психикалық процестердің даму әлсіздігі кеңінен сипатталған. Сонымен қатар ақыл- ойы кем балалардың білім алуы және оқу процесінднгі қиындықтар таным процестерінің ерекшеліктерге байланысты қарастырған. Осы орайда ақыл-ойы кем балалардың жаңа білімді өте баяу меңгеретіндігі және оны меңгеруде ұзақ қайталауларды қажет ететіндігі және қабылданған ақпаратты ұзақ есте сақталмауы толық сипаталған. Ақыл-ойы кем балалардың жаңа білімді баяу және нашар меңгеруі олардың жүйке процестерімен тығыз байланысты.

Ақыл-ойы кем балалардың есте сақтауындағы кемшіліктерді, көбінесе Л.С.Выготскийдің терминінен табады, кемшіліктері ақыл-ойы кем балаларға тапсырма берілсе асықпай ойланып, бірнеше қайталау арқылы сұрақтарды қойсада жауап бере алмайды.

Көбінесе есте сақтаудың жеткіліксіздігінің себебінен, көбінесе балаларға кемшіліктер айтылады. Себебі: баланың жүйке жүйесінің дұрыс еместігі немесе бас миының зақымдану салдарынан есте сақтаудың тұрақсыздығы байқалады.

Дамуында ауытқуы бар балалардың ойлау қызметінің қалай қалыптасатынын білу үшін нормадағы ойлаудың қызметін еске түсіру қажет. Ойлау ол біріншіден жалпылаған ой.Жалпылаған ой қабылдаудан негізделген. Бала әрбір затты тану үшін оның ойында қабылданған зат қандай жалпыланған бейне екенін біліп алу керек. Ал ақыл – ойы кем балалардың ойлауы өте төмен. Сондықтан сөйлеу тілі бұрмаланады.

Ақыл-ойы кем балалардың ойлау кемістіктері олардың кез келген әрекеттерінде айқын байқалады. Ойлаудын ең негізгі кемістігі жалпылаудың әлсіздігі. Оқыту процесінде бұл шарттар мен жалпы түсініктердің нашар меңгеруінен көрінеді. Олар берілген тапсырманы жаттанды түрде орындайды. Ондағы негізгі мағынаны түсінбейді. Сондықтан грамматика, арифметика пәндерін меңгеруді ақыл- ойы кем балаларға бір қатар категориядағылар балалар үшін басқада оқу пәндерін игеру қиынға соғады.

Ақыл-ойы кем балаларда сөйлеу тілі кем дамиды. Негізгі себептерінің бірі барлық анализаторлардағы шартты байланыстардың өндірістік баяулығы, бас ми функциясының әлсіздігі жүйке процестерінің бұзылуы. Сонымен қатар сөйлеудің дамымауы есту анализаторы аймағындағы шартты байланыстың тұрақсыздығына және баяу қалыптасуынан пайда болады. Осының негізінде бала сыртқы орта дыбыбыстардын баяу айырады және сөздерді баяу қабылдайды. Ол керең емес, сыбырлаған сөздерді жақсы естиді, бірақ оған айтылған сөздер топтаспағанболып есептелінеді, яғни басқаша айтқанда шет тілі естіп тұрғандай жағдай болады. Бұл жағдайда балалар аздаған сөздерді ғана ескеріп қана айырады және түсінеді. Олигофрения кезінде дамудың баяулығы сөйлеу тілі дамуына кедергі келтіреді. Ақыл-ойы кем балалардың алғашқы жеке сөздері 2-3 жастан пайда болады, ал қысқа фразалар 5-6 жастан пайда болады. Мектепке барар кезінде бірден сөйлеу дамымаушылығы болады. Көмекші мектеп оқушыларының сөздік қоры аз болып келеді. 1-сынып оқушыларының сөйлеутілі,граматикалыққұрылымы өте төмен.Олар күрделі құрмалас сөлемдерді қолданбайды. Өз ойларын білдіруге қиналады. Олар сөйлемді байланыстыра алмайды.

 

№3 Дәріс. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсету Мақсаты:Студенттерді зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсетуге дайындау

Жоспар:

1. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға ерте көмек көрсету жүйесі

2. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсету мекемелері

Зиятында терен ауытқушылықтары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі әр елде өзгеше ұйымдастырылған, оның себебі: экономикалық тарихи қалыптасқан дәстүрлер, мәдениеттін даму деңгейі мен әлеуметтік саясаттын бағыты.

Батыс Еуропа және АҚШ елдері зиятында терең ауытқушылыктары бар балаларды оқи алатын, оқуға қабілетті, яғни жалпы мектептерде білім алуға қабілетті (жеке білім беретін оқу бағдарламасы бойынша) және арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде машықтандыру арқылы кейбір жетістіктерге жете алады деп есептейді.

Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап аталмыш елдерде оқи алатын және оқи алмайтын көрсеткіші бойынша балаларды бөліп, ажыратып оқыту тәжірибесе тоқтатылды (дискриминацияға қарсы және демократия бағытын басшылыққа алу қозғалыстар әсерін тигізді).

Шетел мамандардың пікірі бойынша зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға бірінші күннен бастап біріктіріп оқытуға қосу қажет, өйткені бала басқа балалар ортасында өзін ұстауға үйренеді, қарапайым оқу дағдыларын меңгере алады (басқаларды тыңдау, қарапайым өтініштерді орындау, өзіне қажетті қызмет көрсету дағдыларына үйрену сияқты). Ата-аналарын арнайы дайындау орталықтары және мектеп жасына дейігі топтарда тәрбиелеу мен оқыту арқылы зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды мектепте білім алуға арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршылар зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемелерін тандауға құқылы.

Зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғалар бастауыш және кәсіби білім алуға құқылы. Бастауыш білімнің мазмұны - оқу, жазу, есептеудің қарапайым деңгейіндегі білім, икемділік пен дағдыны қамтиды. Аталмыш тұлғалар меңгере алатын кәсіби мамандықтар: автослесарь, көлік технигі, тоқымашы, үйді жинау, бақша күту, қойма ұстау, науқастарды күту, қарау т.бс.с. Бұл мамандықтарға зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларды арнайы кәсіби мекемелерде оқытады.

Шет елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларға арналған "қорғаушы еңбек жүйесі" еңгізілген, нақты жұмыс орнында табыс тауып, өз енбектерінің пайдасын көруге жағдайлар қамтамасыз етілген.

Біздің елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар мен ересек тұлғалар Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі қармағындағы арнайы интернат-үйлерінде өмір сүреді. "Ақыл ойы имбецил немесе нақұрыстық деңгейдегі, немесе дебилдік деңгейі тірек-қимыл-қозғалысындағы ауытқушылықтарымен күрделенген жағдайдағы балалар" атты ережелер бойынша балалар жоғарыда аталған мекемелерге жіберіледі. Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ең шіғаш бағдарламалары 60-70 жж. әзірленген, олардың мазмұны психикалык нроцестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерді түзету, сейлеу тілін дамыту, қарапайым өзін -өзі күту дағдаларын қалыптастыру.

Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі- ерте жастан көмек көрсету багдарламаларын әзірлеу.

Қазіргі күнде зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға "Кеңес", "Алпамыс" атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-нсдагогикалық қолдау көрсетіледі, жаксы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сеңім тудырады. Ал арнайы интернат-үйлерінде аталмыш бшіалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім, икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, соңғы жылдарғы арнайы білім беру жүйесіндегі жегістіктердің бірі зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету, ол үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етілген.

 


Просмотров 2998

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!