Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жерді есепке алудағы кадастрлық мәліметтерді алу, өндеу және талдау әдістерінің жаңа технологиясы



 

 

Жер кадастрын жүзеге асыру процесінде, еліміздің біріңғай жер қорының құқықтық жайын, табиғи және шаруашылық жағдайлары мен жер пайдаланудың әр түрлі ақпараттарын жинайды, үйренеді және талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы мен толықтығы, оны алу тәсілдеріне байланысты.

Бұл мақсаттар үшін, халықшаруашылық есебіне белгілі амалдар, сондай-ақ жер кадастрына ғана тән және бірінші кезекте графикалық ерекше тәсілдер қолданылады. Соңғысы, дұрыс ақпараттардың алынуы үшін негіз болады.

Оның мәні мынадай, жер кадастрдың объектісі ретінде, бәрінен бұрын, кеңістік өлшемдері және жағдайларымен сипатталады.

Оның сандық және сапалық көрінісі үшін, кеңістікте есептелінетін /анықталатын/ заттың /мәннің/ тиісті өлшемдерін жүзеге асыру, яғни жергілікті жерде арнайы түсірістер мен тексерулерді жүргізу талап етіледі. Қағазда тиісті масштабта, графикалық тәсілдермен алынған нәтижелер негізінде, сол жергілікті жермен бірдей, жоспарлы–картографиялық құжат /жоспар, карта/ алынады. Бұл жоспарда /картада/ қандай мәндер көрсетілгендігіне байланысты, олар, мысалы, топырақ, геоботаникалық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Кешенді жоспарлы-картографиялық материалдар, онда мәліметтердің бәрі бейнелеп көрсетіледі /кескінделеді/, жер кадастры үшін /жер-кадастрлық карта/ қажетті болуы мүмкін.

Жоспарлардың /картаның/ масштабы кадастрланды-ратын территориялардың /жер пайдалану, облыс, аудан территориясы және с.с./ өлшемдеріне, атқаратын қызмет жүгіне, мазмұнына байланысты түрліше болуы мүмкін.



Жер кадастрының мақсаттары үшін территорияларды картаға түсіру, картографияның және геодезияның тиісті әдістеріне сүйінеді /құрылады/.

Жоспарлы-картографиялық материалдар қашанда, қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек.

Бұл мақсаттар үшін, оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және жоспарға /картаға/ енгізеді. Жер кадастрының жоспарлы-картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердік кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдалануын сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек.

Жергілікті жердің барлық элементтері жоспарларда жеткілікті дәлдікпен және толықтықпен бейнеленеді /кескінделеді/.

Кадастр және жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін суретке түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Суретке түсірулер мына түрлерге: жердегі /құрлықтағы/, аэрофототүсіріс, аэрокосмостық - болып бөлінеді.



Жердегі түсіріс /теодолиттік, мензулдық және т.б./ аэрофототүсіріс материалдары болмаған жағдайда, онша үлкен емес аудандарда қолданылады. Ол, жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеңінен қолданылады. Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық территориясынан жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық элементтерін егжей-тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкүндік береді. Кадастырда аэрофототүсірістің әр түрлі түрдегі /аэрофотосуреттер, фотопландар және с.с./ жоспарлы материалдары қолданылады.

Аэрофототүсіріс материалдары аудандары бойынша үлкен емес жер пайданушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайданушылар жерін есепке алу барысында жер пайдаланудың фотопландары және фотопланшеттері қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және с.с. байланысты түрліше болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аэрокосмостық әдістер, соның ішінде оптикалық және инфрақызыл диапозонда көпспектрлік түсірістер мен радиолокациялық түсірістер көмегімен жер ресурстарын жан-жақты үйренудің нақты /ашық/ мүмкіндігі туды.

Бірінші әдіс әр түрлі жер учаскелерінің, жер бедері мен т.б. дымқылдану және тұздалуы дәрежелері, топырақ және өсімдік жамылғылары туралы мәліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін.

Радиолокациондық түсіріс әдісі жердің /террито-рияның/ топографиялық картасын жасау мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайды, тереңде жатқан жер асты суларын және су тұтқыш қабаттарды анықтайды, топырақтың ылғалдану дәрежесін бағалайды, қар жамылғысының қалыңдығы мен ондағы су қорларын анықтайды. Ол табиғи мал азықтық алқаптардың өсімдіктері және егістіктің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аэрокосмостық түсіріс, әсірісе үлкен аудандарда жер кадастырын жүргізу және жер ресурстарын үйрену барысында кеңінен қолданылады.

Жерлерді тексеру-жер кадастрлық мәліметтерді алу үшін үлкен мәнге ие. Олар жер алқаптарының нақты жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді және оларды ұтымды, қарқынды /интенсивті/ пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Жерлерді тексеру екі негізгі түрге бөлінеді: агрошаруашылық және арнайы.

Агрошаруашылық тексерулер барысында жер алқаптарының, олардың сыртқы белгілері бойынша сапалық жағдайлары туралы керекті мәліметтер алынады. Бірақ, бұл белгілері бойынша жер алқаптары сапасының жан-жақты сипаттамасын алуға болмайды. Бұған байланысты арнайы: топырақ, геоботаникалық және мелиоративтік тексерулер жүргізіледі. Топырақты тексеру барысында, топырақты сипаттайтын, олардың негізгі табиғи қасиеттері бойынша мәліметтер мен материалдар алынады.

Геоботаниклық тексерулер табиғи мал азықтық алқаптарда /шабындық, жайылым/ өсіп жетілетін өсімдік топтарының құралы мен сапасы туралы мәлімет береді.

Олар мал азықтық алқаптардың типтерін анықтауға және олардың өнімділіктерінен сипаттама алуға мүмкіндік береді.

Мелиоративтік тексерулер барысында жер алқаптарының мәдени-техникалық жағдайлары, ылғалдану дәрежесі, жер асты суларының орны және т.с.с. анықталады.

Жер кадастырында территорияларды /аумақтарды/ аудандастыру және жерлерді экономикалық бағалау мақсаттарымен ауыл шаруашылық кәсіпорындарында экономикалық-статистикалық тексерулер жүргізіледі.

Жер кадастырында келесі /төмендегіше/ материалдар мен мәліметтер қолданылады:

1. Жердің кеңістікте орналасуын, жер пайдалануын және алқаптарын сипаттайтын әр түрлі түсірістің жоспарлы-картографиялық материалдары.

2. Жер пайдалану құқығын негіздейтін және жер пайдаланушылардың жер аудандары мен орналасуы мәліметтерінен тұратын жер бөліп беру құжаттары мен жоспарлы-картографиялық материалдар.

3. Жерлердің кеңістік жағдайларын, үлестірулерін және

пайдалануын сипаттайтын ауданның, облыстың жерге орналастыру схемалары, жер ресурстарын пайдалану бас схемаларының құжаттары мен жоспарлы-картографиялық материалдары.

4. Ауыл шаруашылық жерлерін жоспарлау құжаттары мен

жоспарлы-картографиялық материалдар.

5. Жердің кеңістік жағдайлы орны және шаруашылық- аралық үлестірулер мәліметтерінен тұратын шаруашылық-аралық жерге орналастырудың жобалары мен басқа да құжаттары.

6. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ішкі шаруашылық жерге оналастыру жобалары мен басқа құжаттары, олардың жер пайдалануын, алқаптарын және ауыспалы егістіктерін орналастыру мен кеңістік жағдайлары туралы мағлұматтар.

7. Орман шаруашылық кәсіпорындарының кеңістік орналастыру өлшемдері және пайдалануы туралы мәліметтерден тұратын орман шаруашылығын құру/орналастыру/ жоспарлары мен материалдары.

8. Қала шектерінің шегіндегі жер алқаптарының өлшемдері, жағдайлары және пайдалануы туралы мәліметтерден тұратын, қала жерінің жер шаруашылық орналастыру материалдары мен қалалардың бас жоспарлары.

9. Кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерінің жерлерінің мелиоративтік орналастыру материалдары.

10. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тәжірибе станциялары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің есепке алу және есеп беру материалдары.

Барлық материалдар мазмұны, дұрыстығы және толықтығы жағынан талданады, жер кадастрлық материалдарды алу үшін өңделеді және кейін пайдаланылады /қолданылады/.

Ертеде жүргізілген іздестіру және тексеру материалдары мерзімімен жаңаланып тұруы керек, бұл үшін оларды жүргізуге тиісті бөлінуі қажет.

Жер кадастырында бастапқы ақпараттар кандай болса, арнайы ақпараттарды алу, өңдеу және талдаудың статистикалық тәсілдері де сондай әдістермен жүргізіледі. Математикалық-статистикалық әдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бәрінен бұрын бағалау көрсеткіштерді есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді бағалау барысында жер алқаптарының құралы мен пайдалануы, дақылдардың түсімділігі /өнімділігі/, өндірістік шығындары, жалпы өнімділік, табыстылығы және т.б. туралы көптеген мәліметтерді жинау және жүйелеу жүргізіледі.

Статистикалық зерттеулер /бақылаулар/ келесі кезеңдерден /этап/ тұрады: дайындық жұмыстары, материалдарды тікелей алу, алынған мәліметтерге бақылау жасау, материалдарды дайындау және жүйелеу, оларды өңдеу.

Статистикалық зерттеудің /бақылаудың/ негізгі формалары есеп беру және сынақ.

Есеп беру – бұл бақылау жасаудың бір түрі, бұнда статистикалық органдар белгілі мерзімде тиісті кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан белгілі заңды құжаттар түріндегі керекті материалдарды алады.

Сынақ - бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен материалдарды жинайды. Жер кадастырында жылдық есеп беру қарастырылған. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жыл сайын 15-қарашадан кешіктірмей тиісті ауданның /қаланың/ атқарушы органдарына бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер құрамының жыл бойында болған өзгерістер туралы 1-қарашадағы жағдайы бойынша есептер береді /тапсырады/. Тиісті мемлекеттік жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар бойынша жерлердің қолда бар және бөлу туралы, 1- қаңтарға есептер жасайды.

Жыл сайын бұл есепке /есеп беруге/ ауыл-шаруашылық алқаптарының бар болуы /соның ішінде суарылатын және құрғатылатын жерлер туралы бөлек мәліметтер/, олардың түрлері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мәліметтер мен өткен жылы жеке және заңды тұлғаларға бөлінген жерлер туралы мәліметтер кіргізіледі.

Тіркеу түріне байланысты бақылау күнделікті /үздіксіз/ және үздікті /үзілмелі/ деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында объект жағдайындағы өзгерістре мүмкіндігінше олардың пайда болуымен жүйелі түрде тіркеледі. Оған жер пайдалану құрамындағы және жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады.

Үзілмелі бақылау барысындағы өзгерістер белгілі азды-көпті ұзақ мерзімнен кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді /бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі/ және бір уақытта /қажеттілігіне қарай орындалады/ болып бөлінеді.

Үзілмелі бақылауға жерді бағалау жатады, оның мәліметтері бес жылда бір рет анықталады, ал бір уақыттағыға – көп жылдық көшеттердің сынағы, жерді түгендеу, топырақтық, геоботаникалық, мелиоративтік тексерулер, жердің және жер пайдаланудың түсірістері жатады. Олар қажеттігіне қарай жүзеге асырылады.

Объектіні қамтуына қарай бақылау жаппай және жаппай емес болып бөлінеді.

Жаппай қамтуда – объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған: жердің бастапқы есебі, бағаланатын территориялардың барлық шаруашылықтарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау көрсеткіштерін анықтаудың жаппай әдісі жатады.

Жаппай емес қамтуда – объект бірлігінің бір бөлігі ғана белгіленеді.

Соңғысы өз кезегінде келесі үш түрге бөлінеді: ішінара, анкеталық, монографиялық бақылау.

Тексеруге ішінара жаппай емес бақылау барысында, зерттелетін жиынтықтың бірлік бөлігі түседі /тартылады/, бұл барыста алынған нәтижелер жиынтықтың барлығына қолданылуы /жайылуы, таратылуы/ мүмкін.

Сұрыптау жасалынатын барлық шаруашылық - басты жиынтықты, ал бағалау шкалаларын құру ұшін пайдаланылатын шаруашылық-ішінара жиынтықты құрайды. Бұл мақсаттарда ішінара бақылау барысында, біріншіден бөлек бірліктерге сұрыптау қатаң, нақты жүргізілуі қажет, екіншіден, ішінара алынған бірліктер саны мүмкіндігінше көп болуы керек.

Зерттелетін құбылыстың түріне байланысты статистикада сұрыптаудың келесі үш түрі белгілі: кездейсоқ, механикалық және типтік. Кездейсоқ тәсілде тексерілетін бірліктер жеребе бойынша таңдап алынады. Механикалық тәсілде тексеру үшін керекті /қажетті/ бірліктер барлық жиынтықтан белгілі жүйелікпен таңдап алынады, мысалы бір-біріне берілген арақашықта және т.б. Типтік сұрыптаудың мәнісі мынадан тұрады, мұнда зерттелетін жиынтық алдын ала топтарға бөлінеді және олардың ішінде механикалық немесе кездейсоқ тәсілмен тексерілген бірлікке керекті мөлшерде сұрыптау жүргізіледі.

Ішінара бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер құбылыстың барлық жиынтығына таратылады, бұл барыста әдетте таратудың екі тәсілі қолданылады: а) тура қайта есептеу; б) түзету коэффициенттері.

Тура қайта есептеу тәсілі барысында, ішінара тексерудің барысында табылған белгінің орташа шамасын басты жиынтықтық бірліктерінің санына көбейтеміз.

Түзету коэффициенттері тәсілінің мәні мынада, мұнда жаппай және ішінара бақылаулардың тиісті мәліметтерін салыстыру негізінде айырмашылық проценті /пайыз/,түзету коэффициенттері анықталады. Келесі /кейінгі/ алынған коэффициенттер жаппай бақылау мәліметтеріне енгізіледі.

Түзету коэффициенттері тәсілі жаппай бақылау нәтижелеріне бақылау жасау мақсатында ішінара бақылау жүргізілген жағдайда қолданылады.

Статистикалық мәліметтерді алу үшін, бақылаудың анкеталық түрі арнайы мәселелерді толтыруға негізделіп, қолданылады.

Монографиялық бақылау барысында объекттің бөлек типтік бірліктерін зерттеу және баяндау /сүреттеу/, жаппай /көпшілік/ тексерулер барысында күрделі мәселелерді көбірек, тереңірек және егжей-тегжейлі үйренуге мүмкіндік береді.

Статистикалық бақылаудың негізгі тәсілдері:

тікелей бақылау, құжаттық тәсіл және сұрау салу деп бөлінеді. Тікелей бақылау барысында керекті жер-кадастрлық мәліметтер мен құжаттарды толтыру, түсірістерді жеке қарап шығу және жергілікті жерде тексеру негізінде жер кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы мамандар жүргізеді. Бұл тәсіл тым жетілдірілген және ең анық болады.

Бақлаудың құжаттық тәсілі барысындағы керекті мағлұматтардың мәліметтері бірінше кезекте есеп беру және әр түрлі түрдегі құжаттар болады.

Мысалы, ауданның /қаланың/ жер кадастрлық құжаттарын толтыру барысында кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің есептері, ал жерді бағалау барысында ауыл шаруашылық кәсіпорындардың есепке алу және есеп беру құжаттары қолданылады. Белгілер мәнді /существенные/ және мардымсыз /несущественные/ деп бөлінеді.

Мәнді белгілер құбылыстың әлеуметтік-экономикалық мәнін көрсетеді. Мысалы, шаруашылықтың түрін анықтау барысында олар меншіктік түрі, өндірістік өлшемдері және с.с. болады. Құбылысты сипаттайтын белгілер сандық және атрибуттық болып бөлінеді.

Сандық белгілерге сан түрінде көрсетілетін жеке мәндердің белгілері, ал атрибуттық белгілерге сондай жеке мәндердің сандарымен көрсетілмейтін белгілері жатады. Өз кезегінде сандық белгілер олардың шамалары өзгерістерінің түріне байланысты, үздікті /дискреттік/ және үздіксіз болып бөлінеді.

Тек кейбір нақты толық мәндердің ғана қолданылуы мүмкін болған белгілер үздікті немесе дискреттік деп аталады /ауданда жер пайдаланулар саны, ауылда аулалар саны және с.с./. Кез келген мәндерде қолдануы мүмкін белгілі бір шектегі, белгілер үздіксіз деп аталады /мысалы түсімділік, жер пайдалану өлшемі және с.с./.

Жер кадастырында есепке алу және бақылау жүргізу нәтижесінде көптеген ақпараттар алынады, оларды өңдеу /жөндеу/ және жинақтап қорыту керек, сондықтан жұмыстың келесі кезеңі жиналған мәліметтерді жинау және өңдеу болады.

Жинақ /жинау-сводка/ жалпы және топтық көрсеткіштерді есептеуді, типтік топтар мен топшаларды сипаттау үшін көрсеткіштер жүйелерін алуды, материалдарды топтастыруды өз ішіне алады.

Топтастыру деп зерттелетін құбылыстың жиынтықтағы белгілері бойынша маңызды топтар мен топшаларға бөлінуін айтады.

Топтастыру: типологиялық, аналитикалық және структуралық /құрылымдық/ болып бөлінеді.

Типологиялық топтастыру әлеуметтік-экономикалық типтердің сипаттамаларға бөлінуіне бағытталған. Жер кадастырында оған жер қорының жер пайдаланушылар категориялары бойынша топтастырылуы жатады. Қоғамдық құбылыстар арасында аналитикалық топтастыру көмегі арқылы сипатталуы және ашылып көрсетілуі мүмкін болған белгілі өзара байланыс пен өзара байланыстылық бар, мысалы мұндай топтастырулар көмегімен топырақ бонитировкасы барысында дақыл өнімділігі мен топырақ сапасы арасындағы өзара байланыс анықталды.

Өзара байланысты белгілер, факторлық және нәтижелі болып бөлінеді.

Факторлық өзгерістерге себепші болатын белгілер жатады. Бақылаулардың оған әрекет етуімен өзгеретін белгілер нәтижеліге жатады. Мысалы, дақылдық өнімділік – нәтижелі белгі, жердің сапасы-факторлық белгі. Жер бағалау барысында аналитикалық топтастырулар, дақылдардың өнімділіктері арасында өзара байланысты сандық жағынан өлшеу және анықтау мүмкіндігін береді, бір жағынан жер сапасы мен экономикалық факторларын, екінші жағынан оның пайдалануын ескере отырып, жерге салыстырмалы баға беруге мүмкіндік жасайды /береді/.

Топталу белгісі және бірнеше белгілері бойынша жүзеге асырылған топтасуды жай деп атайды. Егерде топтар айталық екі немесе одан да көп өзара байланысқан белгілері негізінде бөлінсе, онда мұндай топтастыру құрастырылған /комбинациондық/ деп аталады. Жай топталуға мысал ретінде, шаруашылықтардың жер көлемдері /аудандары/ өлшемдері бойынша топталуын жатқызуы мүмкін. Егер бұл топтар жер алқаптары аудандарына байланысты топшаларға бөлінсе, онда бұл құрастырылған /комбинациондық/ топталу болады. Егер, мысалы, әрқайсысы бойынша белгілерден үш топ құрылса,онда екі белгілердің құрастырылуы тоғыз топты, үш белгілер – 27 топты және т.б. береді.

Сонымен құрастырылған топталу барысында белгілер саны өсуімен топтар саны тез көбейеді. Жер кадастырында, абсолюттік, салыстырмалы және орта шамалар өлшеу мен сипаттау үшін кең қолданылады. Абсолюттық шамалар зерттелетін шаманың және құбылыстың өлшемдерін сипаттайды. Олар жеке және жиынтық /жалпы/ көрсеткіштерге бөлінеді.

Жеке көрсеткіштер анықталатын /есептелетін/ объектердің жеке белгілерінде бар болған сандық белгілердің өлшемдерін көрсетеді. Мысалы, оған фермер жері ауданының өлшемі, жеке учаскенің өнімділігі және т.б. жатады.

Жиынтық /жалпы/ көрсеткіштер анықталатын қоғамдық құбылыстың қорытынды шамаларын көрсетеді /білдіреді/. Абсолюттік шамаларды анықтау барысында өлшем бірліктерді дұрыс таңдау үлкен мағнаға ие.

Анықталатын /есептелетін/ құбылыстың табиғи қасиеттеріне лайықты өлшем бірліктерді табиғи /натуралды/ бірліктер деп атайды /гектар, литр, килограмм және т.б./, ,мәндер бойынша әртүрлі өнімдердің жиынтығын көрсету және оларды салыстыру үшін, шартты табиғи /натуралды/ бірліктер қолданылады.

Салыстырмалы статистикалық шамаларды бір бірімен өзара байланысқан абсалюттік шамаларды салыстыру натижесінде алады. Мысалы, алынған өнімдердің мөлшері, оны жоспарлап қойған мөлшеріне, мал шаруашылығы өнімдерінің алынуы ауыл шаруашылық алқаптарының ауданына және т.б. қатысты болады. Басқа шамалармен салыстыратын абсолюттік шаманы, әдетте базистік шама деп атайды. Көпшілік жағдайларда салыстырмалы шамаларды процентпен көрсетеді. Базистік шаманы процентпен көрсеткенде 100 қолданылады. Жердің сапасын бағалау барысында балл осыған ұқсас анықталады.

Салыстырмалы көрсеткіштер нені білдіруіне байланысы, олар бес түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, құрылыстың қарқындылығы, динамика және салыстыру. Орта шамалар анықталатын құбылыстың типтік өлшемдерін білдіретін көрсеткіштері орта шамалар деп аталады. Орта шаманың мәні мынада, ол құбылысқа қорытынды цифрлық /сандық/ сипаттама береді. Сондықтан, ол көбірек таралған қорытынды көрсеткіштер болады. Орта шамалар бірнеше түрге бөлінеді: орта арифметикалық, орта гармониялық, орта геометриялық, орта квадраттық, мода және медиана. Жер кадастрында көбірек кеңінен қолданылатыны орта арифметикалық

/өлшелген/.

Есептеу барысында жер кадастрында орта арифметикалық, орта гармониялық және мода қолданылады. Жай орта арифметикалық белгінің жеке мәндері бір рет немесе бірдей сан кездесуіне орай қолданылады.

Өлшенген орта арифметикалық белгілердің жеке мәндері қанша рет және бірі-жеке, екіншісі-сирек кездескен жағдайда қоланылады. Жер пайдалану және оладры бағалау жөніндегі мәліметтерді өңдеу және талдау барысында ең көбірек қолданылатыны орта арифметикалық өлшемдер.

Орташаны есептеу барысында бір қатар жағдайларда белгілі жеке мәндері мен олардың жалпы көлемі белгілі. Белгінің нақты мәндеріне бірліктің саны белгісіз. Бұндай жағдайларда орташа гармониялық шаманы жабады.

Орта гармониялық - бұл орта арифметикалық кері шама. Оны сол уақытта қолданады, қашан салмақты көбейту емес, ал варианттарға бөлуге немесе олардың мәніне керісінше көбейтуге тура келген кезде, жердің пайдалануын және оның бағалануын сипаттау барысында кейде мода қолданылады.

Мода да орташа сияқты варияциялық қатардан көп сан ретінде қайталанатын белгісінің шамасы түсініледі.

Орта шамалар құбылысқа түрлену белгілері бойынша қорытында сипаттама береді. Бұл белгілерді бөлумен қатар орташа шамадан аутқуды үйренуде үлкен маңызға ие. Барлық ауытқулардың тек соңғысын ғана емес, жиынтығын да білу өте маңызды. Орташаны алу сенімділігі олардың түріне байланысты. Ауытқудың таралу /үлестірілу/ түріне басқа арифметикалық көрсеткіш-орташа ауытқу немесе орташа сызықты ауытқу түсінігін /көрініс/ береді. Орташа арифметикалық ауытқу – бұл орташадан жеке варианттарды абсолюттық мәндері ауытқуының арифметикалық орташасы. Бұл көрсеткіш белгінің вариация шегі ретінде сирек қолданылады. Бұл мақсаттар үшін жиірек қолданылатыны дисперсия /ауытқудың орта квадраты/ және орта квадраттық ауытқу.

Дисперсия табу барысында орташадан ауытқуды квадратқа көтереді және енді оң белгілері бар ауытқудың квадратынан орташа шаманы еспетеп шығарады.

Орташа квадраттық ауытқу дисперсиядан түбірді шығару жолымен алынады. Орташа квадраттық ауытқу, орташа және түрленуші белгі өлшемдерімен көрсетіледі. Оның шамасы белгілінің вариация /түрлену/ дәрежесі қандай болса, есептейтін белгінің және оның орташа санының абсолюттік өлшемдеріне сондай байланысты болады. Әр түрлі белгілердің өз түрі және өлшемдері бойынша вариациясын салыстыру үшін, ерекше салыстырмалы көрсеткіш – вариация коэффициенті қолданылады, бұл орташа квадраттың ауытқудың орташа арифметикалыққа қатнасын білдіреді және процентте көрсетіледі. Ол белгілі дәрежеде орташа өнімділігінің белгісі болады және вариациялық қатарда орташаның әр түрлі деңгейлерімен белгілі вариация дәрежесін салыстыру мүмкүндігін береді.

Жалпы қағида болып сол вариация коэффициенті қанша кем болса, сонша керісінше және белгінің ауытқуы аз болады. Динамика қатарлары жер сапасымен үлестірілуінде өзгерістер өз уақытында динамика қатарларын, яғни зерттелетін құбылысты өз уақытында бейнелейтін цифрлық көрсеткіштер қатарларын құру және талдау көмегімен анықталған және бейнеленген болуы мүмкін. Олар абсолюттік салыстырмалы және орташа шамаларда белгіленген болу мүмкін, олар моменттік және интервалды болып бөлінеді.

Уақыттың әртүрлі кезеңдерінде құбылыс жағдайын сипаттайтын қатарлар – моменттік қатарлар деп аталады. Осындай динамика қатарына мысалды, бірнеше жылдар ішіндегі 1-қараша жағдайы бойынша егістік жерлер аудандары туралы мәліметтер болуы мүмкін.

Динамиканың интервалдық қатары деп уақыттың /ай, жыл т.б./ белгілі аралығында құбылыс өлшемін сипаттайтын сандық көрсеткіштер қатар аталады. Мысал ретінде, жылдар бойынша егістік астына жаңадан өзгертілген жерлер аудандары туралы сандық көрсеткіштер қатары келтіріуі мүмкін. Динамика қатарлары мәліметтері бойынша мынадай көрсеткіштерді, абсолюттік өсу, өсу шегі қарқыны және өсу қарқыны есептеліп шығарылады.

Абсолюттік өсу /абсолютный прирост/ - қатар деңгейінің айырмашылығы ретінде анықталады және қатар көрсеткіштерінің өлшем бірлігінде көрсетіледі. Ол әрбір келесі деңгейде қанша бірлік бар, бұрынғы деңгейден аз ба әлде көп па деген сұраққа жауап береді.

Өсу шегі қарқындары базистік ретінде және шынжырлы ретінде есептелінген болуы мүмкін.

Базис қарқындарын есептеу барысында қатардың барлық деңгейлері, базис үшін қабылданған қандай да периодтық деңгейіне жатады /қатысты болады/. Қағида бойынша шамаға бастапқы деңгейді алады. Шынжырлы қарқынды есептегенде әр бір период деңгейі бұрынғы деңгейге қатысты болады. Қарқындар бұнда қандай болса басқа жағдайларда да сондай коэффициенттермен /егер бірлікке негізделіп қабылданса/ және проценттермен /егер 100 ге негізделіп алынса/ көрсетілген болуы мүмкін.

Өзгерістерді сипаттау барысында, өсу шегі қарқынымен қатар өсу қарқындары да есептелінеді. Олар, сол немесе басқа мерзім ішінде құбылыс өлшемдерінің қанша пайызға өскендігін көрсетеді. Егер өсу шегі қарқыны белгілі болса, онда өсу қарқыны да және есеп те айтарлықтай жеңілдетіледі. Бұл үшін пайызда көрсетілген өсу шегі қарқынынан жүзді алып тастауға тура келеді. Өсу қарқындылығын, абсолюттік өсуді бұрынғы абсолюттік деңгейге бөлу жолымен де анықтау мүмкін.

Индекстер. Олар қорытынды көрсеткіштердің маңызды түрі болады және жер пайдалануын талдау мен бағалау көрсеткіштерін анықтау барысында қолданылу мүмкін. Индекс-бұл тікелей жалпы қоғамдық құбылыстардың сандық сипаттамаларын салыстыру нәтижесінде алынатын салыстырмалы көрсеткіш. Индекс зерттелетін салыстыру жолымен алынады.

Деңгей салыстырылатын период – есеп беру немесе күнделікті деп аталады. Деңгей мен салыстыру жүргізілетін период – базистік деп аталады.

Жеке индекстер есебінің екі тәсілі болуы мүмкін. Шынжырлы-үзілісті базамен және базисті-тұрақты базамен. Салыстыру базасы үшін шынжырлы тәсіл барысында әрбір индекске бұрынғы есеп беру периоды, ал базистік тәсіл барысында - жеке период алынады. Зерттеу мәселелеріне байланысты сол немесе бұл индекстердің түрі анықталады. Көп жағдайларда оларды кешенді түрде қолданады. Базистік индексті - ең ұзақ период /мерзім/ ішінде құбылысты талдау барысында, шынжырлы индексті – ең қысқа уақыт аралығында құбылыстың өзгерісін үйрену барысында қолдану ыңғайлы /қолайлы/.

Жалпы индекстерді құру барысында екі тәсіл қолданылуы мүмкін. Біріншісінде алдын ала есеп беру және базистік кезеңдер үшін барлық жиынтықтың шамаларын есептеп шығарады, ал содан кейін есеп беру шамаларының базистік шамалыққа қатнасын табады. Бұндай жолмен анықталған индекстерді – агрегаттық деп атайды.

Жалпы индексті құрудың екінші тәсілінде, сол құбылыстың жеке элементінің өзгеруін сипаттайтын жеке индекстер негізінде барлық элементтердің орташа шамасын есептеп шығарады. Бұндай жолмен септелінген индекстер-оhташа деп аталады. Ол немесе бұл тәсілдерді қолдану талдаудың есебіне байланысты.

Жер кадастырында есеп беруді құру барысында баланстық құрылыс байланысты талдау әдісі сияқты кеңінен қолданылады. Баланс-теңдік белгісімен өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесімен көрсетеді. Сонымен бұл әдіс көмегімен жер пайдалану мен алқаптың динамикасы анықталады.

Жерлерді бағалауды жүргізу және де жерлерді пайдалану туралы есепке алу мәліметтерін өңдеу барысында, бір қатар жағдайларда, бір біріне факторлар белгілері және нәтиже /салдар/ белгілері сияқты қатнастары бойынша шығатын белгілерді өлшеу қажеттілігі тууы мүмкін.

Егер, салыстыру барысында бір бірінің басқа белгінің әсері нәтижесінде өзгеріс тенденциясы байқалса, онда бір бірімен байланысы бар екендігін ұғуға болады. Функционалдық және корреляциялық байланыстылығымен өзгешеленеді. Функционалдық деп – сол белгінің шамасы бір немесе бірнеше басқа белгілермен бір мәнде анықталатын байланысты айтамыз. Корреляция барысында өзара байланысқан белгілерде мәндер арасында нақты сәйкестік болмайды. Мысалы берілген тыңайтқыш мөлшері мен өнімділік шамасы арасында толық сәйкестік жоқ. Бірдей және сондай деңгейде тыңайтқыш беру өсімділіктің әр түрлі шамаларына сәйкес болуы мүмкін, дегенмен тыңайтқышты көбейту барысында орташа өнімділік те өсу тенденциясына ие болады. Корреляциялық талдау барысында тәуелділіктің тығыздығы мен құрылысы туралы екі мәселе пайда болады.

Тәуелділік формасы сызықтық регрессияны білдіреді. Теңдеу белгінің-аргументтің-өзгеруі барысында орта тәуелді айнымалының қалай өзгеруін көрсетеді. Тәуелділік тығыздығы қағида бойынша корреляциялық қатнастар деп аталатын, арнайы сипаттамамен өлшенеді. Корреляция шамалар арасындағы сандық қатнастырды дәлелдейді, ол бір айнымалы шаманың басқа айнымалы шаманың көбеюі барысында, көбею немесе азаю тенденциясы түрінде көрсетеді. Корреляция салдар мен себептердің көптілік заңын бейнелейді. Ол бірдей емес күштермен әрекет ететін, әртүрлі себептердің үлкен санын әсер етуінің әрбірінде құбылыстың байланысы туралы сөз болып жатқанын білдіреді.

Сондықтан, бұл шамалардың көпшілігінен, олардың ең керектісі /негізісі/ орташаны табу жолымен бөлінеді және есепке алынады. Жердің экономикалық бағасын сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы байланыс корреляциялық талдау әдісімен зерттеледі. Корреляция аналитикалық көрінуі тәсілі байланысты түзу сызықты және қисық сызықты болып өзгешеленеді. Түзу сызықты деп – түзу сызық түрінде регрессия теңдеуін көрсететін корреляцияға айтылады. Қисық сызық деп – регрессия теңдеуі қандай да бір қисық сызық түріне /форма/ ие болған жағдайдағы корреляцияға айтылады.

Қазіргі уақытта корреляциялық тәуелділікті байланыс дисперсиясы мен тығыздығын есептеу компьютерге программа бойынша есептеледі, мәліметтерді еңгізу жолымен орындалады.

Бөлімге сұрақтар:

1. Бақылау түрлерін атаңыз.

2. Негізгі және талдаулы жиынтық дегеніміз не?

3. Құбылысты сұраптау тәсілдерін атаңыз.

4. Бақылаудың құжаттық тәсілінің мазмұны неде?

5. Белгілердің түрі.

6. Топтастыру түрлері.

7. Мәліметтер жинағы /сводка/ дегеніміз не?

8. Орта шаманың түрлері.

9. Графикалық есептеу әдісі дегеніміз не?

10. Жоспар-картографиялық материалдарға қойылатын негізгі талаптар.

11. Түсірістер мен тексерулердің қандай түрлерін білесіз?

12. Аэротүсіріс, фотопландар дегеніміз не?

13. Ғарыштық түсіріс, аумақты барлап білу /зондирование/ дегеніміз не?

14. Топырақ және геоботаникалық тексерудің мазмұны.

15. Жер мониторингі дегеніміз не?

16. Ауытқу түрлері.

17. Динамика қатары, өсу шегі қарқыны, өсу қарқыны.

18. Индекстер, олардың түрлері.

19. Көптік корреляция дегеніміз не?

 


Просмотров 2533

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!