Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Алқаптар бойынша жердің санын және сапасын есепке алу



 

 

Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры категорияларының жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен,алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.

Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.

Егістік жерлерге – ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.

Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.

Тыңайтылған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді.

Көпжылдық екпе ағаштарына - жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник плантация жатады. Бұлардың аудандары есепке алу барысында төмендегіше бөлінеді: Бақтар аудандары - жеміс және жидек өндіріп алу үшін құрылған ағашты және бұталы көшеттер (екпе ағаштары), тұқымды, сүйекті, жаңғақ жемісті, цитрус тұқымдасты, субтропикалық және басқа тұқымды иеленген жер учаскелері;



Жүзімдіктер ауданы - жүзім өсіру үшін құрылған жүзім көшеттері (екпе ағаштары) иеленген жер учаскелері;

Жидектер аудандары - жеуге жарайтын жидектер беретін, мәдени бұталы, жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктердің астында жатқан жер учаскелері;

Жемісті питомниктер аудандары - жеміс-жидек дақылдарының көшет материалдарын өсіру үшін пайдаланылатын жер учаскелері;

Плантация аудандары - арнайы техникалық, дәрілік, азық-түлік, гүл және сәндік дақылдар (шай, құлмақ, тұт, гүлдер, эфир майы алынатын өсімдіктер және басқалар) өсіру үшін пайдаланатын жер учаскелері.



Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.

Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.

Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.

Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым-соқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.

Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады.



Түпкілікті жақсартылған шабындық - бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.

Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10 % аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.

Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және күшсіз болып бөлінеді. Күшсіз томарланған шабындақ деп, егер оның ауданын 10%-тен 20%-ке дейін, ал күшті томарланған деп, егер томарлар 20%-тен көп жапқан болса айтылады. Күшсіз бұталанған немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-тен 30%-ке дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда - ауданның 30%-тен 70%-ке дейін аумағын алып жатады.

Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер жатады, бұған шабындықтар мен тыңайтылған жерлер кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді.

Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда болған жер учаскелері.

Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақты-уақтымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.

Жайылымды жақсартудың екі түрі бар: жердің үстіңгі қабатын жақсарту және түпкілікті жақсарту. Біріншісіне, құрғату, бұталардан және ағаштардан тазарту,томарларды құлату, табиғи шымнан бөлмей шөптерді егу бойынша жүргізілген шаралар нәтижесінде олардың өнімділігі нәтижелерімен салыстырғанда жоғарылаған жерлер жатады.

Түпкілікті жақсартылған жайылым - түпкілікті жақсарту бойынша жүргізілген шаралар нәтижесінде жаңа мерзімдік жаңартылатын жер оты құрылған жер учаскелері.

Отарлық жайылым - шалғайдағы мал жайылымы, яғни малдар бүкіл маусым бойы жайылымға айдалатын маусымдық пайдалануына, пайдалану мерзіміне байланысты жаздық, көктемгі-күзгі, қысқы және жыл бойғы болып бөлінеді. Қазақстанда жайылымдарды есепке алу барысында суарылатын жайылымдарды да қарастырады. Суарылатын жайылымға мал басын сумен қамтамасыз ете алатын, су көздеріне ие болған жайылымдарды айтамыз. Бұған өзен, көл және каналдар жанында орналасқан жайылымдар жатады. Ауыл шаруашылық алқаптарынан басқа есепке алу барысында басқа жер алқаптары мен пайдаланылмайтын учаскелер де қарастырылады.

Орман аудандарына жататын жерлерге орманмен жабылған, егіс қорғайтын, су реттейтін, жыра-батпақ маңындағы орман жолақтары, жыралар мен сайлар бойындағы көшеттер, өзен бойындағы,суаттар, құмдар, қолайсыз жерлердегі орман парктері, орман питомниктері және кесіліп қалған ағаштар, ағаш кесетін жерлер мен қураған, күйген көшеттер, алаңдар (тоғай арасындағы ашық жер).

Орман белдеулеріне ауыл шаруашылық алқаптарын эрозиядан, құрғақтану, желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері жатады.

Егіс қорғайтын ағаш алқаптарына суарылатын және құрғататын жүйелерді және ауыспалы егістер танаптарын қорғау үшін қатар-қатар егілген орман алқаптары жатады.

Бақтарды, жүзімдіктерді, питомниктерді, плантация-ларды айналдыра егілген орман алқаптары және бақ қорғайтын ағаш алқаптары оларды желден сақтайды және климаттасуына ықпал етеді деп есептелінеді.

Құм қорғайтын орман көшеттері құмдарды бекіту және эрозиядан қорғау мақсатымен жол-жол,ықтырмалар (кулис-биік сабақты өсімдіктер отырғызу арқылы топырақты тозудан және қорғаудан сақтау әдісі), куртин(екпе гүлдердің бір түрі) алқаптары түрінде пайда етіледі. Барлық орман аудандары жабық және жабық емес орман аудандары деп бөлек есептелінеді.

Бұталы алқап түрлері сияқты, жер ауданының 70%-тен көбісін бұталы өсімдіктер жапқан жерлер. Бұталар құрамы да қорғау және су сақтау міндеттерін атқаратын учаскелер аудандары есептелінеді және бөлінеді. Оған: қорғау аймағында, өзен жағасы мен су магистралдарын жағалай және эрозияға қарсы маңызы бар тік беткейлерде орналасқан бұталар жатады.

Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және атмосфералық жауын-шашын нәтижесінде жер бетінің үстіңгі қабатының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен, шымтезек түріндегі жерлерді батпақтар деп атайды. Олар өсімдігіне, су режиміне және шымтезек қатпары түріне байланысты ойпатты, төбелі және өтпелі болып бөлінеді.

Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да жасанды суаттар астындағы, каналдар, коллекторлар мен арықтар астындағы бөлек аудандар жатады.

Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер мен алаңдар, құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек есептелінеді. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында бузылған сеңдер, шөгінділер, ұсақ малта тастар, қиыршық тастар, саз балшықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын басқа иеленген жерлер де есепке алынады.

Суарылатын және құрғатылатын жерлер маңызды шаруашылықтық бағалы алқаптарға жатады. Бәрінен бұрын суарылатын жүйедегі жалпы аудандар есепке алынады. Оларға барлық суармалы жерлер және суару көздерінен су қамтасыз етілмеген, бірақ суару жүйесіне жарамды болған жерлер жатады. Суармалы жерлер жүйелі суармалы және шектеулі суармалы болып бөлінеді. Жайылмалы суландырылатын жерлерді бөлек есептейді және шығарады. Оған: құрылыстары, дуалдар, бөгеттер немесе басқа да көктемгі су ағындарын тоқтату үшін, немесе арнайы құрылғылар жәрдемімен суландыру жүйесінен суландырылатын гидротехникалық құрылыстары бар жерлер жатады.

Құрғатылатын жерлерге - құрғату жүйелері бар, онда ауыл шаруашылық дақылдарын, көшеттерді және басқа өсімдектерді өсіру үшін, әдеттегі су-ауа режимі мен қамтамасыз етілетін жерлер жатады. Құрғатылатын жерлер құрамында жабық дренаждар және су режимдерін екі жақты реттейтін жерлер бөлек есептелінеді. Жабық дренаждалған жерлерге материалдық дренаждар салынған жерлер жатады. Жер алқаптарының аудандары, олардан тұратын контурлар аудандарын қосу жолымен анықталады.

 

 

Бөлімге сұрақтар:

1. Ауыл шаруашылық алқаптары дегеніміз не?

2. Тыңайтылған жерлердің түрлері.

3. Көп жылдық екпе ағаштарының түрлері.

4. Шабындықтар мен жайылымдар түрлері.

5. Орман алқаптарына не жатады?

6. Суландырылатын жайылым дегеніміз не?

7. Қандай жерлер суармалы деп аталады?

8. Құрғатылатын жерлер дегеніміз не?

9. Су асты жерлеріне нелер жатады?

10. Жалпы пайдаланымдағы жерлер.

 

3-ТАРАУ - ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ТІРКЕУ, ЖЕРЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

 

 


Просмотров 2872

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!