Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жер балансын толтыру ережелері



Ауыл шаруашылығына арналған жерлердегі ауыл шаруашылық алқаптары аудандарында болған өзгерістер жөніндегі анықтаманы жасау тәртібі.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлердегі ауыл шаруашылық алқаптары аудандарында болған өзгерістер жөніндегі анықтама барлық жерлерге және суармалы жерлерге бөлек жасалады. Анықтама – ауыл шаруашылық алқаптарының әр түрі бойынша баланс жасау үшін бастапқы құжат болып табылады.

Анықтама екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде – аталған графаларда көрсетілген себептер бойынша, өткен жылдың 1-қаңтарынан келесі жылдың 1-қаңтарына дейінгі уақытта, алқаптардың әр түрінің ұлғаюлары; екінші жартысында – сол кезеңде және сол себептер бойынша кішіреюі көрсетіледі /1, 8/.

Анықтама келесі құжаттар негізінде жасалады:

- жерлерді бөліп беру, алып қою және қайтып беру туралы графалар – жергілікті атқару органдарының шешімімен толтырылады;

- алқаптардың кейбір түрлерінің ұлғаюы немесе кішіреюі туралы графа – пайдаланушылар есебі негізінде, сондай-ақ жаңа түсірістер мен бұрынғы жылдардағы түсірістерге түзетулер енгізу материалдары, тексеру өлшеулері және жерлерді графикалқ есепке алу кезіндегі күнделікті өзгерістер есебінің мәліметтері негізінде;

- 01 және 08-жолдар бойынша 9 және 11-графалар мен 05 және 07-жолдар бойынша 27 және 29-графалар – жақсартылған шабындықтар мен жайылымдарды жырту, бұл аудандарда ауыл шаруашылық дақылдарын егу немесе басқа себептермен олардың кішіреюі туралы акті негізінде;



- түбірімен жақсартылған шабындықтар мен жайылмдар ауданын ұлғайту негізі болып, бұл алқаптарды түбірімен жақсарту бойынша жұмыстарды қабылдау актісі табылады;

- 1-қосымшаға алқаптардың барлық түрі бойынша беру және қайтарып беру туралы графалар 2, 3 және 4-қосымшалар формалары бойынша есеп көрсеткіштерімен сәйкес болуы қажет;

- суарылатын жерлерг 1-қосымшаны толтырудағы 5-тен 11-ге дейінгі және 23 - 29-графаларда мелиорацияланған жерлер шектеріндегі /мысалы, суармалы шабындықтарды жырту есебінен егістік жерлер ұлғайды/ аудандарда болған өзгерістер көрсетіледі;

- егер ұлғаюлар бұрын суармалы емес болған жерлер есебінен болса, онда ол мемлекеттік құрылыс ретінде ескеріледі;

- 1-графадағы көрсеткіштер - өткен жылдың 1-қаңтарына 22 және 22а формалары бойынша жасалған есеп мәліметтерімен , ал 37-графада – келесі жылдың 1-қаңтарына жасалған есеп мәліметтерімен сәйкес болуы қажет.

Азаматтарға және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар мен басқа мақсаттар үшін берілген жерлер және бұл жерлерді қайтарып беру /22-формаға 2,3,4-қосымшалар/ туралы есеп жасау.



 

Бар жерлер және олардың категориялар, жер учаскелері иелері, жер пайдаланулар және алқаптар бойынша бөлінулері /22-форма/ туралы есеппен бірге, келесі құжаттар беріледі:

- азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар мен басқа мақсаттар үшін тұрақты пайдалануға берілетін жерлер туралы есеп /22 және 22а-формаға 2-қосымша/;

- азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін уақытша пайдалануға берілетін, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын жүргізу және геологиялық-зерттеу, іздеу, геодезиялық және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін берілетін жерлер туралы есеп /22 және 22а-формаға 3-қосымша/;

- ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін берілген жерлерді азаматтардың және заңды тұлғалардың қайтарып беруі туралы есеп /22 және 22а-формаға 4-қосымша/;

Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін берілген жерлер және жерлерді қайтарып берулер туралы есептердің барлығы барлық жерлер мен суармалы жерлерге жасалады. Соңғысы «соның ішіндегің бөліміне жазылады /2,4/.

Үкімет қаулысы мен тиісті жергілікті органдар шешімдері – есептерді толтыру үшін негіз болып табылады.

Ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін, 3-жылға дейінгі қысқа мерзімге бөлінген /3-қосымша/ жерлер туралы есептегі 01-12-жолдарда – азаматтар мен заңды тұлғалардан алынып қойылған және белгіленген тәртіпте басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін берілген жерлер көрсетіледі.

13-жолда жергілікті атқару органдар комитетінің шешімі бойынша, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін екінші рет қысқа мерзімге берілетін жерлер ескеріледі және бұл жерлер алғашқы жер пайдаланушылардан алынбайды;

14-жолдағы «олардың ішіненң деп көрсетілген орынға жалға беру арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін берілген жерлер көрсетіледі.

15-жолда – геологиялық зерттеу, іздеу, геодезиялық және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген тәртіпте берілген жерлер ауданы көрсетіледі және және бұл жерлер алғашқы жер пайдаланушылардан алынбайды.

Кейбір азаматтар мен заңды тұлғалар пайдалануға берілген жерлерін өз қызметтері түріне, қажеттіліктің өтуіне немесе басқа да себептерге байланысты, бірнеше уақыттардан кейін басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға немесе бұрынғы жер пайдаланушыларға тапсырады. Жерлерді мұндай тапсырулар /қайтарып берулер/ 22 және 22-форманың 4-қосымшасында белгіленеді.

 

Негізгі жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелері жерлерінің категориялары бойынша аудандардың өзгеруі жөнінде анықтама жасау /22-форма 5-қосымша/

 

5-қосымшада – барлық жерлер категориялары мен негізгі ауыл шаруашылық пайдаланушылар бойынша аудандардың өзгеруі келтіріледі.

Әрбір жолда және графада қосылған және алынған өзгерістер қосындысы бөлек-бөлек жазылады.

5- облыстық қосымшадағы аумақтардың өзгеруі туралы 19 және 20-графалар – басқа облыстармен және мемлекеттермен өзгерістер болған жағдайда толтырылады.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер бойынша жыртылған жерлерді пайдалану және жайылым алқаптарын түбірімен жақсарту үшін пайдаланылатын жерлер жөнінде анықтама жасау

 

Жыртылған жерлерді пайдалану және оларды пайдалану құрылымындағы өнімділік сипатын анықтау бойынша неғұрлым толық және сенімді ақпараттарды алу мақсатында, аудан көлеміндегі мәліметтер және егістік аудандар мен парлар бойынша облыстық нәтижелер мәліметтері 6-қосымшада келтіріледі.

6а-қосымшада – шабындықтар мен жайылымдарды түбірімен жақсарту мақсатында жүргізілетін аудан көлеміндегі егістік аудандар мәліметтері және облыс бойынша нәтижелер келтіріледі. Анықтама шабындықтар мен жайылымдар бойынша бөлек, одан соң бірге қосылып толтырылады /Мемлекеттік жерге орналастыру комитетінде 6 және 6а-қосымшалар мың гектармен беріледі/.

6 және 6а қосымшаларын толтырулар 22-форманың 02,03,05,06,07,09,10,11-жолдары бойынша жүргізіледі.

22-форма графаларының ауданы қосымшалардың сәйкесті графалары көрсеткіштеріне тең болуы қажет /2, 15/.

 

Республика, облыс, аудандардың мемлекеттік шекараларынан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер және басқа мемлекеттерге, облыстарға, аудандарға пайдалануға берілген жерлер жөнінде анықтама /7 және 8-қосымшалар/

 

Республика, облыс, аудан шектерінен тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер және басқа мемлекеттерге, облыстарға, аудандарға пайдалануға берілген жерлер сияқты екі ауданның /облыстың/ да есебін жасаушы /алқаптардың түрлері мен түршелерінің жалпы ауданы бойынша/ лауазымды тұлғалар куәлаған анықтамалармен келісіліп, бекітілуі қажет. Бұл анықтамалар жерлерді пайдалану жөніндегі есепке тіркеледі.

Облыстық есепте – шекарадан тыс жерлерде пайдаланылатын және басқа аудандар /облыстар/ пайдаланылуына берілген жерлер жер пайдаланушылары, ал бөлімінде суармалы жерлер ауданы гектармен көрсетіледі.

 

Жерлер экспликациясын жасау /9 және 10-қосымша/

 

22-форманың 9-қосымшасы облыс бойынша нәтижелермен бірге аудан көлемінде мыңдаған гектармен көрсетіледі және 22-форма жолдарының көрсеткіштеріне сәйкес болуы қажет /7,15/.

22 және 22а-формаларының 10-қосымшасы әр жер пайдаланушы бойынша гектарда көрсетіледі және алқаптар бойынша жалпы ауданы, соның ішінде бөлек жолдарда суармалы, тұрақты пайдаланудағы, уақытша пайдаланудағы жерлер және ерекше қорғалатын аумақтар жерлері, алғашқы пайдаланушылардан алынуынсыз жазылады.

Елді мекендер бойынша жерлер экспликациясы әр қала, поселке және ауылдық елді мекен бойынша беріледі.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, орман және су қоры жерлеріне объектілік экспликация беріледі.

 


Просмотров 1090

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!