Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сапаның құрылымдық сұлбасы



Сенімділіктің қасиеті және оның көрсеткіштері.Сенімділік деп белгіленген уақыт ішінде объектінің шектік мәнінің барлық параметрлері сақталынып, өзіне жүктелініп функцияны тағайындалған жағдайда пайдалану, техникалық күту, жөндеу, сақтау және тасымалдау ережелерін қолдана отырып іс тәртібін атқару қасиетін айтады.Ақаусыздық(безотказность)-объект қасиетінің өзінің жұмыс істеу қасиетін белгіленген уақыт ішінде үздіксіз сақтау. Ұзақ мерзімділік-автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін техникалық күту мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің бекітілген жүйесінде шектік күйге дейін сақтау қасиеті.Жөндеуге жарамдылық(пайдалану технологиялығы)- автомобильдің техникалық күту мен жөндеу жүргізу жолымен жұмыс істеу күйін бірқалыпты ұстап тұру немесе қалпына келтіру себептерін ескерту қасиеті.Сақталулық-автомобильдің ақаусыздық, ұзақмерзімділік және жөндеуге жарамдылығын сақтау мен тасымалдау кезінде сақтау қасиеті.

 

Сенімділіктің қасиеті және оның көрсеткіштеріСенімділік деп белгіленген уақыт ішінде объектінің шектік мәнінің барлық параметрлері сақталынып, өзіне жүктелініп функцияны тағайындалған жағдайда пайдалану, техникалық күту, жөндеу, сақтау және тасымалдау ережелерін қолдана отырып іс тәртібін атқару қасиетін айтады.Ақаусыздық(безотказность)-объект қасиетінің өзінің жұмыс істеу қасиетін белгіленген уақыт ішінде үздіксіз сақтау. Ұзақ мерзімділік-автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін техникалық күту мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің бекітілген жүйесінде шектік күйге дейін сақтау қасиеті. Жөндеуге жарамдылық(пайдалану технологиялығы)- автомобильдің техникалық күту мен жөндеу жүргізу жолымен жұмыс істеу күйін бірқалыпты ұстап тұру немесе қалпына келтіру себептерін ескерту қасиеті. Сақталулық-автомобильдің ақаусыздық, ұзақмерзімділік және жөндеуге жарамдылығын сақтау мен тасымалдау кезінде сақтау қасиеті.



Тазалау және жуу жұмыстары. Автомобильді жуу және кептіру, қажет болған жағдайда санитарлық тазалау; артқы көрініс айнасын, фар,фардың астын, бұрылуды көрсеткіштер.

Тежеу жүйесін техникалық күту және ағымдық жөндеу. Қосулы қозғалтқыш кезінде тежеу тепкішін 686 Н (70кгс) басқан кезде тепкішиен кабина едені арасындағы арақашықтық 25 мм кем болса. Пневматикалық, гидравликалық жетегінің герметикалығы бұзылған кезде іскеқосылмаған қозғалтқыштың тежеу жетегінде ауа қысымының төмендеуі : тежеу жүйесінің орындаушы органдары бос күйінде болғанда 30 минут ішінде 0,05 МПа (0,5кг-см2) үлкен болмауы тиіс.Тежеу жүйесі жұмыс орындап тұрған кезде 15 минут доңғалақты тежеу камераларынан ауа шағып кетуі болмауы тиіс. Егер автокөлік оталғанда тежеу элементтерінің бақылау жүйесінің индикаторы қосылса, тежеуіш сұйықтығының деңгейін бақылайтын индекатродың қосылуы.Тұрақтау тежеу жүйесі көліктің 16 пайыз еңісте , бірқалыпты тұруын қамтамасыз ете алмаса, тұрақтау жетеуінің фиксация құралы іске қосылмаса.Тұрақтау тежеуінің орындаушы органына берілетін күш 589Н асып тұруы керек.Тежегiш жүйенiң құрылысы негiзiнен екi тораптан тұрады: бiрiншiсi тежегiш торап, екiншiсi оның жетегi. Тежегiш тораптар да құрылыстарына қарай колодкалы немесе дискiлi болып екiге бөлiнедi, ал жетек торабының құрылысына қарай гидравликалық немесе пневматикалық жетек болып бөлiнедi. Автомобильдi тежеу үшiн жүргiзушi педальдi (1) белгiлi бiр күшпен (Q) итередi. Сол кезде басты гидроцилиндр iшiндегi толып тұрған сұйық түтiктер арқылы тежегiш қондырғыдағы жұмысшы гидроцилиндрге келедi. Ондағы жұмысшы поршендерi сұйықтың қысым күшiмен екi жаққа қарай жылжиды да оған жанасып тұрған тежегiш колодкаларды сыртқа қарай кередi. Бұл колодкалардың сыртында жүрiс дөңгелектерiмен бiрге айналатын барабан киiлiп тұрады. Ендi колодкалар сол барабандарға жанасып, үйкелiс күшiн тудырғандықтан, автомобильдiң жүрiс дөңгелектерiнiң кедергiлерi артып, жылдамдықтары азаяды. Сонымен тежегiш жүйе автомобильдiң кинетикалық энергиясын үйкелiс арқылы жылу энергиясына айналдырып, қоршаған ортаға таратып жiбередi. Осы жоғарыда айтылған тежеу жүйесiндегi автомобильдi тежеу күшi колодкалардың барабандарға итерiлу күшiне байланысты. Олай болса, жүргiзушiнiң аяқ күшiмен жасаған тежеу күшi кейде жеткiлiксiз болуы мүмкiн әрi жүргiзушiнi шаршатады. Сондықтанда осы жетекпен қатар iстейтiн пневматикалық күшейткiш қолданыладыАғымды жөндеу машинаның жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін қажет.



Техникадағы «сенімділік» ұғымы.Сенімділік деп белгіленген уақыт ішінде объектінің шектік мәнінің барлық параметрлері сақталынып, өзіне жүктелініп функцияны тағайындалған жағдайда пайдалану, техникалық күту, жөндеу, сақтау және тасымалдау ережелерін қолдана отырып іс тәртібін атқару қасиетін айтады

Техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеудегі жылдық жұмыс көлемі.Техникалық қызмет көрсету (тқк) - техникалық құралды техникалық дұрыс жағдайда ұстау үшін жүргізілетін жоспарлы, еріксіз профилактикалық әрекеттер. Ағымдағыжөндеу пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтiру, сондай-ақ автомобильдер мен агрегаттарда қалыптасқан ереже бойынша күрделi жөндеугедейiнгi жүрiсiн қамтамасыз ету үшінқызмет жасайды.Аралық жөндеу (ағымдағы) қызметтерін көрсету техникалық қолданыс ережелерін сақтаудан, тазарту, жұмыс қабаттарын майлау, детальдар мен түйіндерді ауыстырусыз ұсақ ақаулықтарды жоюдан тұрады.Автомобильдің жылдық жұмыс нәтижесі оның циклдық жұмыс нәтижесімен ерекшеленеді, ал өндірістік бағдарламаны жылға есептейді немесе бір циклға циклдан жылға өту коэффициентін қолданып, ТҚК және жөндеу қайта санау мағынасын істеу керек.Жылдық жұмыс көлемі есебі және өндірістік жұмыскер қатары2.3.1 Еңбек сыйымдылығының нормативтік таңдауы және мінездемесі. АКК – ның жылдық жұмыс көлемі адам/сағ – пен анықталады және ТҚК және жөндеу көлемі өндірістің өзіне – өзі қызмет көрсетуін қосады. Осы көлемдер арқылы өндірістік зоналар және участоктер қатары анықталады.Жұмыстың жылдық көлемін анықтау үшін ТҚК және жөндеудің нормативтік еңбек сыйымдылығын анықтау керек (2.3 - кесте).Автомобильдерді ТҚК және Ж нормативті еңбек сыйымдылығын нормаларының түзету жағдайына байланысты есептеу: , адам.с.....мұндағы - түзетілген еңбек сыйымдылық i –лік техникалық әсер ету, адам.с; - нормативті сыйымдылық i –лік техникалық әсер ету, адам.с; - түзетілген еңбек сыйымдылық i–лік техникалық әсер ету қорыту коэффициенті.ТҚК арналған түзетілген еңбек сыйымдылық қорыту коэффициенті .Жоспарланбаған ағымдық жөндеудің еңбек сыйымдылығын 100 мотосағат., жұмыска байланысты анықтау: адам.с 2.3.2 ТҚК және Ж жылдық көлемі. Жылдық жұмыстың көлемі ТҚК және жөндеудің нормативті еңбек сыйымдылығын есептеу (адам./с): .....мұндағы -жылдық жұмыстын көлемі i-лік техникалық әсер ету, адам.с; - жылдық саны i-лік техникалық қызмет көрсету;Тi – түзетілген еңбек сыйымдылықты i-лік техникалық әсер ету, адам.с;Жоспарсыз ағымдық жөндеудің анықтау келесі формула бойынша: , адам.с

Техникалық байқау кезінде қолданылатын майлау материалдары.Енді осындай майлау материалдары синтетикалық сұйық (жаңа машинаға), жартылай синтетикалық жартылай сұйықтық (кәдімгі жүріп тұрған машина) және минералды- қою (2000- жылдан кейінгі машиналар).

Техникалық байқау кезінде тексерілетін негізгі параметрлер. Автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде жұмыстың көбісі (40-45%) көліктің астыңғы жағында орындалады. Сондықтан да автокөлік мекемесі КТ және КТЖ-мен қамтамасыз етілуі қажет.Байқау және КТЖ –на ТҚ көрсету және ТЖ кезінде автомобильдің бүйірі мен астыңғы бөлігінде орналасқан механизмдер мен детальдарға, агрегаттарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін жабдықтар жатады. Бұл жұмыстар автомобильді жартылай немесе түгелімен көтеріп қойып кейде көтермей-ақ орындалады. Байқау жабдығына канавалар мен эстакадалар жатады. Автомобильдің канаваға шығып- түсу тәсіліне байланысты тұйық және түзу өтпелі болып бөлінеді. Канавалар ені бойынша тар (колея аралық ) және кең, ал құрылысы бойынша колея аралық және бүйірлік , көпірі бар және дөңгелектерді көтеріп қоятын, трансшеялы және оқшауланған болып бөлінеді. Канава ұзындығы автомобиль ұзындығынан кем болмауы керек, бірақ одан 0,8 масып кетпеу керек. Тереңдігі ( жол просветін есептегенде ) жеңіл автомобильдер үшін 1,4-1,5 м, ал автобустар мен жүк автомобильдері үшін 1,2-1,3 м. Тар колея аралық канавалардың ені 1,1 метрден аспауы тиіс. Канаваларды электрлік жабдықтарымен вентиляциямен және жылумен жабдықтайды.Байқау канаваларының кемшіліктері : қызмет ету персонал деңгейінде автомобильдің барлық агрегаттарына жетудің шектеулігі, тек 1- этаждарда салынады.Эстакадалар автомобильдің шығу- түсу , рампа бағыттарының еңіс бұрыштары 20-25° болатын жерден 0,7-1,4 м биіктікте орналасатын берік көпір. Тұйық және түзу өтпелі, тұрақты және жылжымалы, материалына байланысты темір- бетонды немесе металдық болып бөлінеді.

Техникалық даярлық коэффициенті.Техникалық даярлық коэффициенті- транспорт құралының ТДК календарь күнімен анықталып бұл уақыттағы техникалық жұмысқа жарамдылық көрсеткіші.АКК бойынша: .Дэ – аввтомобилтді пайдалану күндер саны.Др – автомобильдерді жөндеуде және ТК тұрған кездегі күн саны.Дц – ұйымдастырушылық себептер бойынша ақаусыз күйде тұрған күндер саны.ТДК жоғарылату автомобильдің жұмыс өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

Техникалық күту және жөндеу жүйесінің қалыптасу әдістері, оның сипаттамасы.ТК және жөндеу жүйесінің негізі оның құрылымы және заңдары болып табылады.Жүйенің құрылымы сәйкес әсерлердің түрлерімен және оның сандарымен анықталады.Заңдары әсердің, еңбек сиымдылығының, операцияның тізімінен және басқаларының нақты периодтылық мәнінен тұрады.ТК және жөндеу жүйесінің құрылымы мыналармен анықталады: автомобильдің сапасын және сенімділігінің деңгейінен; АКК автомобильдік көліктің алдына қойылатын мақсатпен; пайдалану шарттарымен ; барлық қорлармен; ұйымдастырушылық – техникалық шектеулермен.

Техникалық күтудің түрлері.Техникалық күту орындалатын жұмыстың периодтылығына, тізіміне және сыйымдылығына байланысты мына түрлерге бөлінеді: күнделікті күту, 1-ТҚК, 2-ТҚК және маусымдық ТҚК.Күнделікті күту.Арналуы- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған автомобильдің техникалық жағдайына жалпы бақылау жасау, сыртқы түрдің қалыпты жағдайда болуы.Автомобильге жанармай, май және салқындатқыш сұйықтың құйылуын қадағалау. 1 және 2-ТҚК. Арналуы- детальдің тозу қарқындылығын төмендету, отказ беру мен ақауларды анықтау және ескерту, бақылау диагностикалық бекіту, реттеу және майлау жұмыстарын уақытылы жүргізу. 1 және 2-ТҚК автомобильдің белгілі арақашықта жүріп өткенде жүргізіледі ( 1-ТҚК 2...4мың км жүріп өткеннен кейін, 2-ТҚК 6...20 мың км жүріп өткеннен кейін). 1-ТҚКда қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тораптарға диагностика мен ТҚК жүргізіледі, ал 2-ТҚКда автомобильдің тартқыштық-экономикалық қасиетін қамтамасыз ететін элементтерге диагностика мен ТҚК жүргізіледі.Маусымдық ТҚК. Арналуы- автоколіктерді қыс және жаз мезгілінде пайдалануға дайындау, әдетте маусымдық ТҚК –ні ТҚК -1 және ТҚК-2 мен біріктіреді де жылына 2 рет өткзіледі.

Техникалық пайдаланудың негізгі заңнамалары туралы түсінік шешімді қабылдау және жүзеге асыру үрдісін реттеу үшін пайдаланылатын сандық немесе сапалық көрсеткіш заңнаманың мәні болып табылады.Арналуы бойынша заңнамалар ережелейтіндерге бөлінеді:бұйымның қасиеті (сенімділігі, өнімділігі, жүккөтергіштігі, массасы, габариттік өлшемдері және басқалар);бұйымның (техникалық күй параметрлерінің номиналды, жеткілікті және шектік мәндері) және материалдардың беріктігі, тұтқырлығы, қосылыстардан, құймалардан тұруы және т.б.) күйі;қорлық қамтамасыз ету (ақша құю, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, еңбек шығындарының жұмсалулары);ТК және жөндеу жұмыстарының және белгілі операцияларды өткізу ретін анықтайтын технологиялық талаптар.Деңгейлері бойынша заңнамалар жалпы республикалыққа (мемлекеттік стандарттар, технологиялық жобалаудың жалпы республикалық заңнамалары – ТЖЖЗ , қосалқы бөлшектерді жұмсау межелері және т.б.); салалық (түрлі технологиялық және әдістемелік бағыттар, салалық стандарттар және басқалар); салаішілік және шаруашылық (ТК және жөндеу сапасының заңнамалары, кәсіпорындардың стандарттары және басқалар).Заңнамалар автомобильдердің және парктің жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтау, жұмыстардың көлемдерін жоспарлау орындаушылардың қажетті санын анықтау кезінде, өндірістік базадағы сұраныстарға, технологиялық есептерде пайдаланылады.Техникалық пайдалану запңнамаларының маңыздыларына ТК мерзімділігі, жөндеуге дейінгі бұйымның қоры, ТК және жөндеудің еңбек сыйымдылығы, пайдаланушылық материалдарды және қосалқы бөлшектерді жұмсау жатады.Заңнамаларды анықтау бұйымның сенімділігі, материалдарды жұмсау және жалғасулық және ТК және жөндеу жұмыстарын жүргізу бағасы жайлы берілгендер негізінде жүзеге асады.

Технологиялық үрдіс жайлы түсінік (операция, өту).Технологиялық үрдіс – жоспарлық және салдарлы түрде уақыт және кеңістікте автомобильде орындалатын операциялар жиынтығыОперация- берілген объекті мен немесе бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше орындаушыларды оның элементтерімен орындалатын техникалық үрдістің біткен бөлігі.Өту – қолданатын құралдар немесе құралдар . . .

ТК жіктеу операциялары. ТК жіктеу операциялары келесі белгілері бойынша жүргізіледі; ТК жұмыстарының түрлері; ТК жұмыстарының еңбек сыйымдылығы; ТК операциясының құрылымы; автомобильдің агрегаттары және жүйелері; автомобильдің операциясын орындау орны; операцияның орындалу тәсілі бойынша.Жүктік автомобильдердің ТК түрлік технология үрдісінде ТК операцияны талдауды қарастырған жөн.Техникалық күтудің жұмыстарының түрлері, белгілеріне сәйкес ТК-1 жұмыс көлемі 92 операцияны, ТК-2-162 операцияны, СК-185 құрайды.СК көлемінде 23 спецификалық операция қатысады.ТК жұмыстарының түрлері бойынша операцияға келтірілген салмақты анықтауға «техникалық күтудің жұмыстарының еңбек сыйымдылығы» еңбек сыйымдылығы 40% көп ТК-1 операциясы 1адам –мин дейін, еңбек сыйымдылығы 70% көп ТК-2 операциясы 4 адам –мин дейін, еңбек сыйыдылығы 85% көп СК операциясы 12 адам –мин дейін.Операцияның ТК жұмыстарының түрлері бойынша «операциялардың саны және олардың еңбек сыйымдылық» бойынша ранжирлеуге болады.Операция саны бойынша ТК негізгі тобы мыналар құрайды:ТК-1 кезінде - майлау-тазалау, бекіту, бақылау-диагностикалық операциялары – 72,8%;ТК-2 кезінде - майлау-тазалау, бекіту, бақылау-диагностикалық операциялары – (75,3%);СК- кезінде - майлау-тазалау, бекіту, бақылау-диагностикалық операциялары – (76,8%);Еңбек сыйымдылығы бойынша негізгі топты мыналар құрайды:ТК-1 кезінде - майлау-тазалау, бекіту, электротехникалық операциялары – (71,6%);ТК-2 кезінде – бекітпелік, реттеу операциялары, сонымен қатар қоректендіру жүйесін күту бойынша операциялары (72,1%);СК кезінде - майлап-тазалайтын, бекітпелік, бақылау-диагностикалық операциялары (68,7%).ТК алуан түрлі жұмыстарының саны және және еңбек сыйымдылығы бойынша талдау айтарлықтай еңбек шығындардың талап ететін жұмыстардың түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді.ТК операциясын құрылымы бойынша екі топқа бөлуге болады: реттік және ретсіз техникалық күту.Бірінші топқа бір элементті (орындаушылық), ал екінші топқа – екі элементті (бақылау – сынаушылық) ТК операциялары жатады.ТК-1, ТК-2, СК операцияларының 40% - бір элементті, 60%-екі элементті болатынын түрлік технологияның талдауы көрсетті.Операцияның талданылуы операцияның саның және еңбек өнімділігін төмендету жолдарын шығаруға мүмкіндік береді.«Автомобильдің агрегаттары және жүйелері бойынша» белгісіне сәйкес ТК операциялары операцияның еңбек өнімділігі және санын талдалынады.Операцияның саны бойынша автомобиль жүйелері және агрегаттары айтарлықтай танымал; ТҚ-1 кезіндегі басқару механизмдері жүріс бөлігі қозғалтқыш және оның жүйелері ; ТҚ-2 кезінде басқару механизмдері, қозғалтқыш және оның жүйелері, жүріс бөлігі ; СҚ кезінде басқару механизмдері, қозғалтқыш және оның жүйелері, жүріс бөлігі .Келесі агрегаттар және жүйелер еңбек сыйымдылығы бойынша айтарлықтай танымал; ТҚ-1 кезіндегі – басқару механизмдері, жүріс бөлігі, қозғалтқыш және оның жүйелері ; ТҚ-2 кезінде – қозғалтқыш және оның жүйелері, басқару механизмдері, трансмиссия ; СҚ кезінде – қозғалтқыш және оның жүйелері, жүріс бөлігі .Аз еңбек шығындарын талап ететін жүйелерді және агрегаттарды көрсетуге операцияны талдау мүмкіндік береді.Автомобиль үстінде операцияны орындау орны бойынша ТҚ-1 операцияларының 60% көру канавасының үстінен автомобильдің сыртында орындалады, бұл операциялардың еңбек сыйымдылығы 66%-ті құрайды.Мұндай ара-қатынас ТҚ-2 және СҚ үшін сипатты.Автомобильдің астында негізінен профилактикалық жұмыстардың екі түрі орындалады: бекітпелік және майлап-тазалайтын.ТҚ түрлік технологиясын талдау әртүрлі операцияның бір уақытта орындалу мүмкіндігін шығаруға мүмкіндік береді.Орындау тәсілі бойынша операцияларды қосылысты өңдемелеу, тазалау, жөндеу, ауыстыру және өңдемелеу деп ажыратуға болады, еңбек сыйымдылығы бойынша қосылысты өңдемеленген ТҚ операциясын орындау: ТҚ-1 кезінде-11,6%; ТҚ-2 кезінде – 38,1%; СҚ кезінде – 69,1%.Операцияны талдау еңбек сыйымдылығының төмендеу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

ТК мен жөндеу туралы түсінік.ТК және жөндеу жүйесінің негізі оның құрылымы және заңдары болып табылады.Жүйенің құрылымы сәйкес әсерлердің түрлерімен және оның сандарымен анықталады.Заңдары әсердің, еңбек сиымдылығының, операцияның тізімінен және басқаларының нақты периодтылық мәнінен тұрады.ТК және жөндеу жүйесінің құрылымы мыналармен анықталады: автомобильдің сапасын және сенімділігінің деңгейінен; АКК автомобильдік көліктің алдына қойылатын мақсатпен; пайдалану шарттарымен ; барлық қорлармен; ұйымдастырушылық – техникалық шектеулермен. Қазіргі кездегі автомобильді көліктің пайдаланылатын жылжымалы құрамының ТК және жөндеу жүйесінің құрылымына жекелеген элементтердің әсер деңгейін жұмысқа қабілеттілікпен (ұйымдастырушылық жоспарлы шығындарсыз) қамтамасыз ету келесідей: профилактикалық операциялардың және олардың 80 сағ87% мерзімділік тізімі; ТК – ның сатыларының саны және олардың13сағ20% мерзімділігінін қайталануы. Ендеше ТК және жөндеу жүйесінің тиімділігін анықтайтын негізгі факторлар профилактикалық операциялардың дұрыс анықталған тізімі, содан кейін ТК түрлерінің саны және олардың қайталануы (Профилактикалық операциялардың жиынтығын орындауды қалай ұйымдастырушылығы).

Тозу түрлерінің жіктелуі.Тозу- бөлшектің өлшемдері мен салмағының өзгеру дәрежесі. Ол бөлшек материалына, бөлшектердің өзара әрекеттесу сипаттамасына, жүктемелерге, химиялық әрекеттесу, әрекеттесу ұзақтығына тәуелді. Тозудың өзі механикалық, молекулалы-механикалық және коррозиялы-механикалық болып бөлінеді.Механикалық тозу.Механикалық тозу механикалық әрекеттесу нәтижесінде пайда болады, ол абразивті, эрозиялық, кавитациялық және фреттинг кезінде тозу болып бөлінеді.Абразивті тозу-механикалық тозудың ең көп тараған түрі болып табылады. Абразивті тозудың пайда болу себебі-үйкелісетін беттерге абразивті бөлшектердің түсуі. Үйкелісетін беттерге абразивті бөлшектер түскен кезде кесу, тырнау және тозу қарқындылығын арттыратын беттің қирауына әкеліп соқтырады. Эрозионды тозу—(гидро-, газэрозионды) бөлшекке сұйық немесе газ ағынының әрекетінен пайда болады. Кавитациялық тозу-қатты дененің сұйыққа қатысты әрекеті кезінде пайда болады. Фреттинг кезінде тозу-аз гана орын ауыстыру(тербелу) кезінде үйкелісетін денеледің тозуы.

Тозу. Молекулярлы-механикалық тозу.Тозу –үйкелістің құрылымдық көрінісі болып табылады. Тозу деп әрекеттесуші бөлшектердің үйкелісі нәтижесінде туатын автомобиль элементінің өлшемі мен салмағының тұрақты өзгеру процесін айтамыз. . Молекулалы-механикалық тозу-ол адгезионды және желіну кезінде тозу болып бөлінеді. Адгезионды тозу-жұқа қабаттың түзілуі мен материалды тасымалдаумен байланысты қарқынды молекулалық өзара әрекеттесу бетінде контакт зонасында пайда болатын тозу. Нәтижесінде желіну мен жанасу тоқырауына әкеліп соқтырады. Желіну кезінде тозу-материал ұстасуы, терең тіліп алу, бір үйкеліс бетінен екіншісіне орын ауыстыру, жанасушы беттегі тегіс еместік әсерінен пайда болады.

Тозу. Механикалық тозу.Механикалық тозу механикалық әрекеттесу нәтижесінде пайда болады, ол абразивті, эрозиялық, кавитациялық және фреттинг кезінде тозу болып бөлінеді.

Трансмиссияны техникалық күту және ағымдық жөндеу.Ағымдық жөндеу туған ақауларды жою үшін, сонымен қатар күрделі жөндеуге дейінгі автомобильдердің және агрегаттардың жортуларын бекітілген межелермен қамтамасыз ету үшін арналған.АЖ сипаттық жұмыстары мыналар болып табылады: мүшелеу, жинау, слесарлық, дәнекерлеу, ақаулық, бояу, бөлшектерді және агрегаттарды айырбастау. Агрегатты ағымдық жөндеу кезінде базалықтан бөлек шектік күйге жеткен бөлшектерді ауыстыруға рұқсат етіледі. АЖ кезінде автомобильде ағымдық немесе күрделі жөндеуді қажет ететін жекелеген бөлшектер, механизмдер, агрегаттар ауыстырылуы мүмкін.

Үздікті және үздіксіз өндірістік үрдістер.Тоқтаусыз жұмыс істейтін және қор таусылғандағы және шикізаттың, материалдардың, дайындалуының берілуі тоқтаған кезде бітетін өндірістік үрдістерді- үздіксіз деп атайды.Әрбір өнім беріктігін және дайындалатын әрбір партиясын қайта өңдеу бітумен байланысты үзілетін өндірістік үрдістерді – үздіктідеп атайды.

Үйкелістің түрлері.Үйкеліс – бөлшектердің өлшемдерінің және салмағының өзгеру деңгейі. Ол бөлшектің материалына ( оның физика-химиялық құрамына) , бөлшектердің өзара әрекеттесу сипатынан ( үйкелістің тууы мен түрінен, байланыс геометриясынан, үйкеліс беткейінен, макро және макрогеометриясынан, тізбектелген бөлшектердің қондырғылары) , химиялық әрекеттердің (статикалық, динамикалық) жүктеулері. Ішкі үйкеліс ( немесе жай ғана үйкеліс) оған катысты беткейдің қиылысу шекарасында екі дене арасында пайда болатын орын ауыстыруға сәйкес келеді.Үйкеліс түрлері: құрғақ(сыртқы)- майлаусыз үйкелісу, молекулалық ілінісу( тежелу атанағында);Шектілік (жартылай құрғақ не жартылай сұйықтық ) – адсорбция есебінен және молекулалардың тартылуы (шарикті мойынтіректер); Сұйықтықтық (ішкі)- май қабатында көп микробұдырлардың болуы – май қабатында молекулалардың қозғалу есебінен ( иінді білік мойынтіректері).

Шиналарды техникалық күту, доңғалақтарды теңестіру. Доңғалақ дискілерінің гайка арқылы байланыс жерлері әлсіз болса не болмаса , доңғалақтың дискті бекітетін байланыс жерлерінде сызаттың және пішіннің өзгеруі байқалса, шинаның протекторлық суреттерінің тереңдігі жүк көлігі үшін 1 мм, автобус үшін 2мм, жеңіл автокөлік үшін 1,6 мм. Шинаның ақаулығы оның протектор суретінің желінуі, шинадағы ауа қысымы қалыпты жағдайда тең емес болу.Автомобильге жаңа шиналарды таңдап алғанда олардың протекторындағы суреттер бірдей болғаны жөн. Ал бұрын пайдаланылған покрышканы таңдап алғанда оның протекторының суреті мен тозу дәрежесі қолда бар покрышкаларға сәйкес келетінін ескеру керек. Шиналардың тозуы бірдей емес, артқы шиналар алдыңғыға қарағанда тез тозады. Сол секілді оң жақтағы шиналардан гөрі сол жақтағылар да аз тозады. Шиналардың бірқалыпты тозуы үшін оларды ара кідік әрбір 5000-6000 км жүргеннен кейін схемаға сәйкес ауыстырып тұру қажет.Ауа қысымынң артық болуы каркас жібіне салмақты көп түсіріп, оның бүлінуіне және протектордың біркелкі тозбауына әкеліп соқтырады. Қысымды азайту да қауіпті. Айталық, қысымды 25% азайту шиналардың қызмет мерзімін 50% кемітеді. Ауасы жіберілген шинамен покрышка бүтіндей бүлінетіндікптен тіпті аз ғана қашықтыққа да жүруге болмайды. Гаражда шығарда және жолда шинадағы ауа қысымын бақылап жүру керек. Ауаның қысымын тек қана манометрдің көмегімен тексеру қажет. Қысымды «көзбен мөлшерлеп» өлшеуге рұқсат етілмейді. Шинаға ауаны автомобильдегі тұрақты қондырғының немесе қол насосының көмегімен толтырады.Тесігі немесе басқа да механикалық ақаулығы бар покрышкаларды пайдаланғанда каркас ішіне ылғал өтіп, оны шірітуге әкеліп соқтырады. Мұндай покрышкалар жөндеуге келмейді. Сәл ғана болса да, механикалық ақаулығы бар покрышканы жөндеуге өткізу керек. Шинаны жинаған кезде покрышканың ішін мұқият тектеріп ондағы құм, басқа да заттарды тазарту қажет. Покрышканың ішкі жағы таза құрғақ болуға тиіс. Покрышканы жинау алдында оның ішіне тальк (ұнтақ) себу керек. Камераны покрышканың ішіне салмас бұрын тексеріп алған жөн. Дөңгелектің құрсауы тегіс, майыспаған, жоғары жағы тоттанбаған, боялмаған болуға тиіс.Автомобиль шинасының пайдалану мерзімінің ұзақтығын оның жүріс мерзіміне қарай есепке алады. Ал жұмыс мерзімі оларды пайдалану және күту жағдайларына байланысты. Шина шығаратын зауыттарда олардың үлкен-кішілігіне қарай жүріс мерзіміне кепілдік норма белгіленген. Жүк автомобильдерінің көпшілігі үшін жүріс мерзімінің кепілдік нормасы-32 000 км, ал жеңіл автомобильдерге-24 000 км болады. Жүк автомобильдерінің шиналарын пайдаланудың жүріс мерзімінің нормасы 40 000 км болса, жеңіл автомобильдер үшін - 30 000 км. Бұл кепілдік нормадан көп, өйткені шинаны комплектілеу құны оны жөндеуге жұмсалған шығынды есепке ала отырып 10 процент жоғарылатылған.Шинаны жүк автомобилінің кузовында алып жүргенде жылжып кетпеуі үшін тігінен қойып байлап тастайды. Шинамен бірге оны бүлінуге ұшырататын жүктерді (мұнай өнімдерін, өткір қырлы заттарды) алып жүруге, сол сияқты шинаның үстіне жүк қоюға болмайды.Шинасымен бірге запас дөңгелек ауамен үрленген, бүлінбеген қалпында кронштейнге бекітілген болуы керек. Ал запас камераларға тальк себіліп, рулон қылып бүктеліп, кенеп қапшықтарға салынып қойылады.

Істен шығулардың жіктелуі.Істен шығуды мына категориялар бойынша жіктейді: пайда болу сипаттамасы мен болжау мүмкіндіктері бойынша; пайда болу себебі бойынша; басқа элементтерінің істен шығуына байланысы бойынша; тізбек бойынша; жою әдісі бойынша; пайда болу жиілігі бойынша; жоюдың еңбек сыйымдылығы бойынша; жұмыс уақытының шығынына әсері бойынша.Пайда болу сипаттамасы мен болжау мүмкіндіктері бойынша- біртіндеп және кенеттен істен шығу болып бөлінеді. Біртіндеп істен шығу машинаның бір немесе бірнеше параметрлерінің біртіндеп өзгеруімен сипатталады. Мысалы поршенді сақина мен цилиндр гильзасының тозуынан қозғалтқыш қуатының біртіндеп төмендеуі.Кенеттен істен шығу жүктемені жоғарылату, сонымен қатар автомобиль элементтерінің сапасыз күйі салдарынан машинаның жұмысқа қабілеттігін анықтайтын, бір немесе бірнеше параметрлердің кенеттен өзгеруімен сипатталады.Пайда болу себебі бойынша-құрылымдық(конструкциясының жетілдірілмегендігі салдарынан); өндірістік(бұйым жөндеуінің немесе дайындаудың технологиялық процесінің дамытпағау немесе бұзу салдарынан); пайдалану (ережелерді бұзу-автомобильді асқын жүктеу, техникалық күтуден уақытылы өтпеу салдарынан туындайды).Басқа элементтерінің істен шығуына байланысы бойынша тәуелді және тәуелсіз істен шығу болып бөлінеді. Тәуелді істен шығу-бұйымның басқа элементтерінің істен шығуына қатысты болады, ал тәуелсіз істен шығу кезінде қатысы болмайды. Тізбек бойынша істен шығу объектіні пайдаланудан шығарып тастау немесе істен шығуды жойған соң жалғастыру.Жою әдісі бойынша элементтерін ауыстыру немесе олардың арасындағы қажетті өзара байланысты қайта қалпына келтіру- автомобиль түріне,маркасына,моделіне байланысты аз наработка кезінде 3...4 мың км, орташа 16 мың км-ге дейін, үлкен 16 мың км-ден жоғары. Жоюдың еңбек сыйымдылығы бойынша аз (2 адам/сағ дейін), орташа (2-4 адам/сағ), үлкен(4 адам/сағ-тан жоғары).Жұмыс уақытының шығынына әсері бойынша істен шығуды былай бөледі: техникалық күту кезінде жұмыс уақытының шығынынсыз қалпына келтірілетін істен шығу және жұмыс уақытының шығынымен қалпына келтіру

 


Просмотров 1310

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!