Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Адамдарды қатысу дәрежесіне байланысты АКК жөндеудің өндірістік үрдістерін жіктеу сұлбасы



АКК бөлімшелер жұмысының және өндірістік үрдістерінің сызықтық графигі.Автокөлік бірлестігіндегі (АКБ) техникалық күту (КТ) және ағымды жөндеу (АЖ) өндіріс процессінің жалпы түрін сызықтылық графигі түрінде көрсетуге болады (сур.6.2). Ол біріктірілген жайда (корпуста)өндірісті аймақтарда (цехтарда, участкеде)орындалады.

АКК –да өндірістік бөлімшелер сипаттамасы және атауы АКК басқару құрылымының жалпы сипаттамасы Қазіргі заман жағдайларында кәсіпорын өзі дербес басқару құрылымын анықтайды. Автомобиль көлігі кәсіпорындары үшін ұсыныс түрінде типтік басқару құрылымы әзірленген және өндірістік- шаруашылық қызметтің келесі салаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің шамамен алғандағы саны есептелген; жалпы басшылық, техника-экономикалық жоспарлау, еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы, бухгалтерлік есеп пен қаржы қызметі, материалдық- техникалық жабдықтау, кадрларды жинақтау, пайдалану қызметі, техникалық қызмет, жалпы іс жүргізу мен шаруашылық қызмет көрсету. АКК ұйымдастырушылық басқармасының құрылымы жергілікті жағдайларды есепке ала отырып әзірленеді, 2-суретте тізімдегі саны 200-300 бірлікте автомобильдері бар кәсіпорын үшін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы көрсетілген. АКК басшысы кәсіпорынның барлық қаражатын басқарып, кадрларды іріктеу және тағайындауды жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелердің қызметін бақылайды, жоспардың орындалуына жауапты және қаржылық тәртіптің сақталуына да жауапты.АКК бас инженері техникалық қызметтерді басқарып, жылжымалы құрамның техникалық жағдайларына жауапты болып, материалдық- техникалық жабдықтауға, техникалық базаның күйі мен дамуына жауапты тұлға. Оның қол астында шеберханалардың бастықтары кіреді, мұнда техникалық қызмет көрсету мен жөндеу аймақтары бар және де сәйкес жұмыс кешендері орындалып жатады. Көптеген жағдайларда техникалық қызмет көрсету аймағында күнделікті қызмет көрсету (КҚ) мен бірінші техникалық қызмет көрсету (ТҚК-1) арнайы жасалған желілерде өтіп жатады. Жөндеу аймағында бөліп-құрастыру цехы орналасады, мұнда агрегаттар, тораптар немесе жеке тетіктер жөнделеді. Бас инженерге өндірістің техникалық дайындығымен айналысатын құрылымдық бөлімшелер мен қызметтер, ғимараттардың пайдаланылуы мен жөндеуімен айналысатын қызметтер, техника- материалдық жабдықтау бөлімдері бағынады. Агрегатты-учаскелік әдіске көшу ТҚК-2 орындау әдісі мен ағымдағы жөндеу жөндеу шеберханаларының ұйымдастырушылық құрылымын кейбір өзгерістерге әкелуге негіздейді. Агрегатты-учаскелік әдісте цехты емес басқару құрылысы қолданылады (3-сурет), мұнда барлық техникалық қызмет көрсету түрлері мен жеке агрегаттарды жөндеу (немесе агрегаттар тобын) белгілі бір жұмысшылар бригадасы арқылы жүзеге асады. Бұл құрылымдық бөлімше өндірістік учаске деп аталады. Учаскені шебер немесе бригадир басқарады. Жолға шығуға бүкіл парктің дайындығына өндіріс диспетчері жауапты, оған өндірістік учаскелердің шеберлері бағынады, ал диспетчер өндіріс (шеберхана) бастығына бағынады.





АКК өндірістік бағдарлама.Автомобильдік көліктің кәсіпорынының өндірістік функциясына байланысты автокөлікке, автокүтетінге және авто жөндейтінге бөлінеді.Автокөліктік кәсіпорындар өзінің арналуы бойынша жүктік, жолаушылыққа (автобустық және жеңіл), аралас және арнаулыға (жедел жәрдем, тұрғын үйлерді күтетін және басқалар) бөлінеді.Автомобильдердің тізімдік иеліктерімен жалпы қолданыстағы ұйымдар (достастық елдерінің автомобильдік көлік министрліктері,) басқа да министрліктердің колхоздардың, ұжымдардың өнеркәсіптері және ұйымдары иелену мүмкін.АКК өндірістік әрекетін ұйымдастыру бойынша автокөліктік жұмыстарды ТК және АЖ барлық түрлерін, жылжымалы құрамды сақтауды жүзеге асыратын кешендікке, көліктік жұмыстардың өндірісін орталықтандыруды және ТК және АЖ бойынша жұмыстарды орталықтандыруды толық және жекелеген ескерумен әрекеті жүзеге асырылатын.Автомобильдерінің саны 200 – 400 ғана кешендік АКК айтарлықтай кең таралған.Ұжымдастырылған АКК автокомбинаттар жатады.Оларда 700 – 1000 және бұдан көп жылжымалы құрам саны бар және тасымалды күту ауданынан бөлек территорияда орналасқан басты кәсіпорыннан және бірнеше филиалдардан (150 - 200 және қолдана) отырады.

АКҚ үшін ТК және АЖ технологиялық үрдісінің принципиалды сұлбасы.БТП-бақылау-техникалық пункті; ЖЖЖ - жуу-жинау жұмысының амағы; Д-1және Д-2 – диагноздау бекеттері; Д-жөндеу кезінде диагноздау; → - өндірістік аумақ арқылы автомобильдің қозғалуының негізгі жолы; - - → - қозғалыстың мүмкін жолы.

Байқау және көтеру-тасымалдау жабдықтары.Бақылау-көру жұмыстары – сыртқы зақымдалуларды табу мақсатында көліктік құралды көру, сонымен қатар автомобильдің маңызды агрегаттарының механизмдерінің және жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру.Сыртынан байқау кезінде кабиналардың есіктерінің, платформалардың, әйнектердің артын көру айналарының, күнге қарсы жабқыштардың, тіректердің нөмірлік белгілерінің есіктердің механизмдерінің, иілетін кабинаның бекітпе механизмінің, платформаның борттарының бекітпелерінің, капоттың, жүк салғыштың қақпағының автомобиль өзі түсіргіштің артқы бортының және оның механизмдернің бекітпелерінің, қаңқалардың, рессорлардың, доңғалақтардың күйі тексеріледі.Сонымен қатар тіректік-іліністік немесе тіркемелік құрылғылар жартылай тіркемелердің тіректік сырғымалары, іліністің сенімділігі, спидометрдің және және таксометрдің бүтіндігі және дұрыстылығы, жарықтандыру және жарықтық белгі беру құралдарының, дыбыстық белгі берудің, әйнек тазалағыштардың, желдік әйнектердің және фарлардың жуғыштарының, әйнектерді жылыту және қыздыру жүйесінің (қоршаған ортаның төмен температурасы кезінде) желдету жүйесінің күйін тексереді.Рульдік басқарудың гидрокүшейткішінің қымтақталғандылығы, рульдік жүрісінің күйі, басқарылатын доңғалақтардың максималды бұрылу бұрыштарын шектегіштердің, тежегіш механизмдерінің жетегінің және іліністі ажырату механизмінің, қозғалтқыштың майлау жүйесінің қоректендіру және салқындату жүйелерінің, автомобиль - өзі түсіргіштің платформасын көтеру механизімінің гидравликалық жүйесінің, жетектік таспалардың тартылу күйі тексеріледі.Спидометрдің максометрдің және басқа да бақылау-өлшеу құралдарының жұмысын автомобильдің жүрісі кезінде тексерген жөн.Қозғалтқыштың тоқтауы кезінде майды тазалаушы центрден тепкіш сүзгіштің жұмысын естумен тексереді.

Басқарылатын доңғалақтарды орнату бұрыштарын, шкворнялық байланыс саңылауларын және доңғалақтардың күпшектерінін мойынтіректерін тексеру және реттеу.Автомобиль асқыштар арқылы доңғалақтарға орналастырылады. Доңғалақтың негізгі қызметі-автомобильдің тербелісін жеңілдетіп, бағытын өзгертуін қамтамасыз етіледі. Доңғалақтар жетекші басқарушы, құрама және ұстаушы болып бөлінеді. Жетекші доңғалақ айналдыру моментінің әсерінен автомобильді алға қозғайды. Басқарушы доңғалақ автомобильді бұрып бағыттап отырады. Пневматикалқы шина домалағанда деформацияланып, әрбір соққыны жеңілдетіп, жойып доңғалақ осінің бірқалыпты жылжуын сақтайды. Мұндай пневматикалық шинаның қасиетін жұмсақтаушы деп атайды. Шинада ауа қысымы басты пайдалану өлшемі болып табылады, ол резеңкенін ұзақ мерзім жұмыс істеуі мен үнемді жанармай шығынына әсерін тигізеді. Басқару құрылғысына бақылау жүргізу. Рульдік басқару автомобильдің немесе доңғалақты трактордың алдыңғы доңғалақтарын, жартылай рамасын бұру арқылы жүру бағытын өзгертіп отыруға арналған. Рульдік басқару рульдік механизмнен және рульдік жетектерден тұрады. Рульдік доңғалақ пен рульдік механизмнің өзара орналасуы жағынан қатар немесе бөлек қолданылатын түрлері болады. Екінші жағдайда рульдік доңғалақты басқару рульдік механизмнің қосқыш бөлшектерімен байланысты болады. Әдетте оны гидравликалық күшейткіші бар рульдік басқаруда қолданады . Басқару берілісін тексеру және реттеу. Доңғалақты трактор мен автомобиьдің бағыттағыш механизмінде бағыттағыш доңғалақтардың, руль механизмдерінің және қосқыш тартпалардың топсаларын майлауға көңіл бөлу керек. Доңғалақ подшипниктері доңғалақ қақпақтарына толтырылған, болмаса, сығымдағыш шприцпен доңғалақ күпшегіндегі арнаулы доңғалақ күпшегіндегі арнаулы домалақ клапанмен домалақ клапанмен қорғалған тесікке сығып кіргізілген солидолмен майланады. Рульдік беріліс білігінің мойынтірегін рульдік берілістің қақпағының астындағы төсем санымен реттеледі. Бағыттаушы доңғалақ мойынтіректерін реттеу. Бағыттауышы доңғалақтың конусты подшипниктеріндегі осьтің қалыпты саңылауы 0,2 мм шамасында болады. Жерден сәл көтеріліп тұрған доңғалаққа жел жіберу арқылы саңылауды тексереді. Егер саңылау 0,5 мм үлкен болса , мойынтіректерді реттейді. Доңғалақтың айналуына қарсы кедергі пайда болғанша реттеуіш гайканы бұрай түседі, ал одан кейін шплинг астында таяу тұрған тілікке дәл келгенше кері бұрайды. Басқару құрылғысының гидравликалық күшейткішінің сорабын тексеру. ЗИЛ-130 автокөлігінде басқару құрылғысының гидравликалық күшейткішіні қолданылады. Гидравликалық күшейткіштің сорабын тексеру үшін сорап пен түтік арасына жоғарғы қысымды үштік монометрімен және вентил орнату қажет, содан кейін қозғалтқышты оталдырып, бос жүріспен аз айналым орнату қажет. Вентилді ашып доңғалақты тірелгенше кез-келген жаққа бұрайды. Май қысымы 60 кгс/см азаймау керек. Егер қысым аз болса онда басқару құрылғысы немесе сорапта ақау бар дегенді көрсетеді.

Диагностика туралы түсінік. Диагностика (техникалық) — техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім. Диагностикалық операцияларды орындау барысында автокөлікті бұзбай оның ақаулығын анықтау негізгі мақсат болып табылады.

Еліміздің халық шаруашылығындағы көліктік техниканың ролі.Шектік күйді дұрыс анықтаудың үлкен халық шаруашылық мәні бар, себебі машиналарды тиімді пайдаланумен қамтамасыз етеді және техникалық күтуді рационалды ұйымдастырады.Машиналардың элементтерінің бастапқы күйінің өзгеру дәрежесі машинаның шектік күйіне сәйкес олардың бастапқы мәндерімен (ақаусыз машина кезінде) бұл белгілердің мәндерін салыстыру жолымен әр түрлі белгілері бойынша сандық бағаланады.Ондай белгілер мыналар бола алады: 1) бөлшектердің физикалық күйін өзгерту;2) машинаның жұмыс істеу параметрлерін өзгерту; 3) жұмыс істеуді тоқтату; 4) машинамен қайта өңделетін өнімнің сапасын өзгерту; 5) қоршаған ортаға әсерін өзгерту; 6) қауіпсіздік деңгейін өзгерту; 7) қайта қалпына келуінің еңбек сиымдылығын өзгерту.

Еңбек үрдісі мынадай негізгі 3 элементтен тұрады:Еңбек құралынан.Еңбек заттарынан.Жұмыс күшінен.Тиімді өндірістік үрдіс мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:1.Рационалдық үрдістің жекелеген бөліктерінің айтарлықтай ұйымдастырылуы тиіс2. Қуатты және өнімділігі бойынша еңбек құралын айтарлықтай рационалды пайдалану3. АКК жөндеу бойынша жұмысты кезектеліп орындалуын ескере отырып, жекелеген бөліктің жұмысының айтарлықтай тиімді орындалуы4. Әрбір бөлімшеде (цехтарда) әрбір жұмыс ұйымдастыруда еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу5. Өндірісті басқарудағы дамыған әдісін енгізу.

Жалпы және элемент бойынша диагностиккалау бекеттерінде автомобилдерді тексеру.Диагностикалауда параметрдің түріне тәуелді техникалық диагностиканың мынадай түрлерін қолданады: механизмдегі үйкеліске кететін шығынды өлшеу; механизмнің жылулық күйін анықтау; механизмнің жұмысы кезінде қойылған өлшемдерін, саңылаусыздығын және сұйықтардың ағуын, қосылыстар күйін тексеру; майлардың күйін талдау.Диагностикалық әдістер мен құралдар механизмнің қалдық уақыт қорын анықтауға мүмкіндік бермейді. Оны анықтау үшін тексеру кезіндегі механизмдер мен түйіндердің құрылымдық параметрлерінін өзгеруін пайдаланып, кестелер мен монограммаларды қолданады.Диагностикалау құралдары диагностикалық белгілердің шамаларын көрсетуге және өлшеуге қызмет етеді. Бұл үшін аспаптар, жарақтар, стендтер пайдаланылады.Қолдану жағдайларына байланысты диагностика құралдары жылжымайтын, жылжымалы және тасылатын болып бөлінеді. Бұл құралдарға қойылатын негізгі талаптар: өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету, пайдалануға қолайлы жіне қарапайым болу.

Жеңіл автомобильдер дөңгелектерінің сырғу және құлау бұрыштарын реттеу. Ең алдымен айна ұстағыш автокөлік дөңгелектерінің жиегін тегіс айнамен бекіту үшін қолданадын. Конструкция элементтерін көтеруші кронштейн бағдарлаушы, жазық айнаның жақтауы және қысқыш орналасады. Тұтқа көмегі арқылы айнаны ұстағыш тірекпен автокөліктің дөңгелегінің жиегін бекітеді. Автокөліктің дөңгелегінің жиегінің максимальды диаметрін бағытталған ұзындық анықтайды. Винттің көмегі арқылы тегіс айнаның бұрыштық күйін реттеу, сонымен бірге диаметрі 160 мм тең. Автокөлік оңға және солға бұрылғанда дөңгелектердің қалыпты күйде болуы үшін айналмалы шеңберлер тағайындалған. Айналмалы шеңбер флангдықтан тұрады. Төменгі және жоғарғы және олардың арасында сеператор орналасқан флангдықтар өзара гайкамен бекітілген сонымен бірге жоғары фландықтар жоғарғы фланец төменгі фланецке тіреуіш болады. Айналмалы шеңбердің орналастырылуына байланысты, тұтқа қарастырылған. Бұрышты бақылайтын блок арқылы консрукциялық элементтерді көтергіш тақтайша, болттар арқылы бекітіледі және гайкамен. Корпустың артқы жағында алдын ала сақтағыш және қоректендіру кабелінің, көмегімен БКУ кернеуді қоректендіретін желілерге қосылады. БКУ-дың жоғарғы жағында кнопка орналасқан, яғни, БКУ қосатын «Желі» индикаторы.

Жеңіл автомобильдің дөңгелектерінің ауытқу бұрыштарын анықтайтын қондырғының құрлысы және жұмыс істеу принципі. Лазерлі стенд үшін жеңіл автокөліктің дөңгелектерін басқарушы бұрыш қондырғысын тексеру, сонымен қатар жөндеуді технологиялық процесстерде қолдану және жинақтау бұрыштарын бақылау, жеңіл автокөліктердің дөңгелектерініңтыныштық күйде күйреуі және иілімді бұрылыстың өстерінде болуы. Стационарлы стенд автотасымалдаушы кәсіпорында қолданылуы мүмкін және техникалық қызмет көрсету станцияларында. Лазерлі құрылғы арқылы автокөліктерді басқаратын дөңгелектер бұрышын бақылау принциптері: 1-БКУ 2-лазерлі шағылысу шоғы 3-ұстағышта орналасқан айна 4-автокөліктерді басқаратын құрылғы 5-БКУ экраны 6-Бұрылыс шеңбері

Жинау-жуу және тазалау жұмыстарына арналған жабдықтар.Тазалау – жуу жұмыстары.Бұл іс - әрекеттер жолаушылар тасымалы және әр түрлі жүктерді тасымалдау кезіндегі санитарлық ережелерді сақтаудың міндетті шарттарының бірі болып табылатын автомобильдерді таза және сай күйінде ұстау үшін арналған.Сонымен қатар, автомобильдерді заманауй жуу лактық, бояулық жабындыны сақтауға көмектеседі, сонымен қатар туған ақауларды табуға мүмкіндік береді.Әртүрлі жолдық және ауа – райлық жағдайлардағы автомобильдердің жұмысыда шанақтың және шассидің әртүрлі кірлену түрлері болады.Қоршаған ортаның температурасының әсерінен, атмосфералық әсерлерден және шанаққа органикалық және органикалық емес қышқылдардан тұратын кірдің жабысуынан лактық бояулық жабындының химиялық қасиеттерінің қалпына келместей өзгеруі жүреді.Лактық бояулық жабындының эластикалығын жоғалтуы, сондай – ақ автомобильдің қозғалысы кезіндегі шанақтың деформациясының және дірілінің әсерінен болады, бұның нәтижесінде оның бетінде микросызаттар пайда болады, оның тот басуына әкеп соғатын металдың жұқаруы жұреді.Нәтижесінде, автомобильдің шанағының беттік бояуының жабындысы сұрланады және бұзылады.Автомобильдің төменгі беттерін, көруді және қажетті жұмыстарды жүргізуді қиындататын қатты қатқылды түзетін, сазды, құмды, органикалық және басқада да қосылыстар былғайды.Күкіртті қосылыстардан тұратын ауаның , көктайғақ кезде жолға себетін аспаздық тұздың әсерінен хромдалған шанақтың бөлшектері жарқырауын жоғалтады.Шанақтың ішкі қабы, орындықтардың жастықшалары және төсеніштері, құралдар панелі және еден шаңмен және қоқыспен ластанады.Осымен байланысты жылжымалы құрамды күнделікті күту үрдісінде тазалау, жуу, кептіру және шанақты мерзімдік полирлеу жүргізіледі.Автомобильдің шанағын тазалау автомобильдің шанағынан және кабинасынан шаңды және қоқысты жоюдан, орындықтарды әйнектерді және шанақ ішіндегі арматураларды сүртуден, сонымен қатар қозғалтқышты, щиттерді және капоттың ішкі жағын сүртуден тұрады.Арнайы арналған автомобильдердің (санитарлық, азық-түлікті тасымалдауға арналған және басқалары) және автобустардың шанақтары, сонымен қатар едендерін және қабырғаларын жуу және ішін дезинфекциялау мерзімдік жүзеге асырылады.

Жөндеу түрлері.Жөндеу көлемі мен уақыты бойынша жоспарланады және машинаның жағдайына байланысты белгіленген уақыт ішінде орындалады.Күнделікті қызмет көрсету күнде орындалады. Оған кірден тазалау, бұрандалық қосылымдарды тексеру және тарту, майлайтын құрылымдарды тексеру және жөнге келтіру, бақылау, қорғау және тежеу құрылымдарын тексеру жатады.Ағымдағы жөндеу (АЖ) – былайша ақаусыз машинаның кейбір бөліктерін жұмыс қалпында ұстауы мақсатында жасалады.АЖ көлемі және қиындығы күрделі емес. Олар: жабдықтың жағдайын тексеру, тез тозатын бөлшектерді ауыстыру, қажет болса майларды ауыстыру, жабдықтың күрделі бөліктерін бөлшектеуді керек етпейтін барлық ақауларды жөнге келтіру. АЖ жабдық орнатылған және пайдаланылатын жерде орындалады.Ортаңғы жөндеу (ОЖ) кезінде жабдықтың өте қажетті бөліктерінің табиғи тозу нәтижесінде жоғалтылған жұмыс қабілеті қалпына келтіріледі. Жұмыс көлемі маңызды. Ауыр және үлкен жабдықтардың ОЖ пайдаланылатын жерде орыналады. Жөндеуді тездету үшін ертеректе жөнделініп қойылған бөлшектер мен түйіндер пайдаланылады (түйіндік жөндеу принципі).Күрделі жөндеу (КЖ) – бұл машинананың немесе жабдықтың жұмыс қорын толық немесе толыққа жақын қалпына келтіруге бағытталған жөндеу. ЖЕЖ кезінде негізінен бұрын қолданылған бөлшектер мен бөліктер пайдаланылады.

Жүріс бөлігін диагноздау.Басқарылатын доңғалақтарды тексеруге және реттеуге арналған қондырғылар.Жүріс бөлігін диагноздау шкворенди және шарлы байланыстардың саңылауларын, доңғалақ ступицаларындағы мойынтірек люфттарын жуйелі түрде тексеруге, рессорлы аспа мен амортизаторлардың жағдайын бағалауға негізделеді.Рессор мен серіппені тексеру, әдетте жутелген автомобильдерде де, жүктелмеген автомобильдерде де (серіппе ұзындығы мен рессордың иілу бағыты) геометриялық өлшемдері бойынша жүргізіледі. Амортизатордың ақауларын оны шешкенде ғана жөнделетіндіктен, диагностикалаудың мақсаты тек амортизатордың ақауын анықтау ғана болып саналады. Амортизаторларды диагноздау әдістерінен көп қолданыс тапқан тек екі әдіс қана болып табыладыБірінші әдіс қолдан жасалған кедергі баспалдағының бойымен жүріп өткенде пайда болатын шанақтың тербеліс амплитудасының бәсеңдеуін анықтауға негізделген. Әдетте шанаққа бекітілетін қабылдаушы қондырғы еркін өшетін шанақ тербелісінің санын анықтайды немесе оларды диаграмма турінде түсіріп отырады. Қабылдағыш қондырғының екі жерде орнатылуымен, яғни қанатына (крыло) және доңғалаққа орнатылуының есебінен әдістің дәлдігін арттыруға болады. Екінші әдіс тербеліс ең жоғарғы кризистік диапазонында болған кезде бастапқы жиілік бере отырып, аспада еріксіз тербеліс тудыруға негізделген. Бұл үшін автомобиль доңғалақтарын динамикалық ауданға орнатады, ол аралық серпімді элементтер арқылы кривошиптін көмегімен қайтарымды-ілгерілемелі қозғалысқы келтіріледі. Аспаның жағдайын резонанс нүктесін қоса алғанда, барлық төменгі жиіліктегі диапазондар арқылы өтетін аспа тербелісінің бәсеңдеу диаграммасымен бағалайды.

Жылжымалық құрамды жолдан(желіден) қабылдау.Барлық автомобильдер жолдан қайтады, кезекші механиктермен қабылданады.Автомобильдерді қабылдаудың және жолға шығарудың ұйымдастырылудың екі түрі бар:-ТК-нің жұмысшысы болып табылатын, бақылау-техникалық пункттің (БТП) механигі операцияны орындайды;-операция колонна механиктері мен орындалады.Жолдан келген автомобильдерді кезекші механик қабылдайды және жуу-тазалау жұмысына бағыттайды.Жуу- тазалау жұмысын орындағаннан кейін ақаусыз автомобильдер тұрақтарға бағытталады.Кезекті ТК-ға жататын автомобильдер сонымен қатар жөндеу сұранысы байқалғандарын қажетті құжаттаманы толтырғаннан кейін кезекті механик ООУ диспетчерінің айтуы бойынша диагноздау, күту және жөндеу немесе егер бекеттер толы болса жөндеуді күту жерлеріне бағыттайды.Күнделікті күту БТП механигімен және автомобильжолдан қабылданған және шығарылған кездегі жүргізушімен жүргізіледі.Отынды құю жұмыстары АТҰ-ның құю пункттерінде немесе жалпы қолданыстары ОҚС жүргізіледі.ЖТЖ АТҰ-ның арнаулы бөлігінде орындалады.

Камаз автомобилдері үшін ТК-1 бақылау-бекіту жұмыстары бойынша тексерілетін бөлшектердің атауы.- платформажағдайын , кабина , есік механизмдерінің жөнділігін ,әйнек тазартқыштардың әрекетін тексеру.-бұрылу тұтқаларының бекітілуін және топсалы қосылыстардың бойлық және көлденең рульдік кушін тексеру.-рессор сатыларындағы сомынның дұрыс тартылғаның тексеру .-өшіргіштік қабылдағыштық трубасындағы ернемек.-бұрандамаларының бекітілуін , карданды біліктеріндегі ернемек сомындарының ,ауыстыру берілістері қорабының бекітілуін тексеру.-Тіректердің бекітілуін жане сальникті нығыздалған жылжымалы кілтекті қосылыстардың таратылғандығын тексеру.- рульдік механизмдегі картердің рамаға және сирағына бекітілуін, доңғалақ сомынының тартылуын шина жағдайын және оның ішіндегі ауа қысымын тексеру.- су насосының генератордың стартердің жоғары қысымды жанармай насосының сомындарын бекітіп тарту.-аккумуляторлық батареяларының желдеткіш тесіктерін тазалау және электролит деңгейін тексеру.-тексеру және қажетті жағдайда қозғалтқышты рамаға бекіту

Камаз автомобилдері үшін ТК-1 реттеу жұмыстары қандай бөлшектерге (буындарға) жүргізіледі. -генератордың жән желдеткіштің белдіктерінің тартылуын тексеру (белдіктің майысуы 10...20 мм-ден қолдың бас саусағымен белдікті басқан кезде орташа оның бөліктеріне түсетін күш. 40...80 Н құрауы керек). - ілінісу педаліндағы бос жүрісін сызғыштың көмегімен тексеру.Ажырату педалінің ұлғайтылған жүрісі қозғалтқыш білігінен бірінші білікпен қорапты ауыстыру берілісімен толық емес ажыратуға шақыруы мүмкін, олардың ауыстырып қосуына қиындық келтіреді және ілінісу жетектегі дискті қарқынды тоздырады. Керісінше, аз бос жүріс іліністің сенімді қосылуын қамтамасыз етпейді, дисклердің бір орнда тұрып қалуына және олардың тез тозуына әкеліп соғады.- тұрақты және жұмысшы тежегіштің техникалық жағдайын тексеру, сызғыштың көмегімен жұмысшы тежегіштің бос және жұмыстық жүріс педалін анықтау. Керекті жағдайда тежегішті реттеу.- бұрылыс жұдырықшаларының (кулак) топсалы (шкворневой) қосылыстардағы саңылауда НИИАТ-1 аспабымен (радиалды саңылау- 0,75 мм артық емес, осьтік 1,5 мм) немесе жай ғана көзбен ілініп тұрған доңғалақты қолментік бағытта тексеру.- қақпақшалы (клапан) механизмнің жұмысын естуге тексеру және керекті жағдайда клапан мен күйенте (коромысло) арасындағы саңылауда ретке келтіру.

Кешендік автокөлік ұйымдарының (АКҰ) сипаттамасы. Кешендік АКҰ көліктік жұмыстарды, жылжымалы құрамды ТК және АЖ бойынша толық емес біртіндеген жұмыс көлемін және сақталуын орындауды қамтамассыз етеді.Қалған жұмыс көлемі басқаға автокөліктік немесе автокүту ұйымдарының кооперациясы бойынша орындалады.

Коррозиялы -механикалық тозу.Коррозиялы-механикалық тозу кезінде металдың кислородпен қышқылдануы кезінде , жанасушы элементтерде үйкелу беткейімен үйкелетін бөлшектер мен жойылатын темір оксидінің жұқа қабаты пайда болады.Осылайша қышқылданған беткейдің тозуға төзімділігі қышқылданбаған беткейге қарағанда айтарлықтай төмен, кейде қышқылданған беткеймен тұрақты байланыстың (мыс, сумен) нәтижесінде тозу интенсивтілігі артады. Тербелу үйкелісі және айтарлыықтай дефорррмммация кезінде беткей кабаттарында оттегі жеңіл пайда болып, металды қышқылдандырады. Коррозия өзімен бірге ортаның бөлшекке металдың қышқылдануына ж/е оның беріктігінің төмендеуіне, оның сипаттамысының өзгеруіне және бұзылуына , сондай ак сыртқы түрінің нашарлауына әкеп соғатын агрессивті әсерін тудырады. Металдардың коррозиясы сыртқы ортаның электрохимиялық не химиялық әрекеті салдарынан тууы мүмкін.

Коррозиялық бұзылудың түрлері.Коррозия өзімен бірге ортаның бөлшекке металдың қышқылдануына және оның беріктігінің төмендеуіне, оның сипаттамасының өзгеруіне және бұзылуына, сондай-ақ сыртқы түрінің нашарлауына әкеліп соғатын агрессивті әсерін тудырады. Металдың коррозиясы сыртқы ортаның электрохимиялық немесе химиялық әрекеті салдарынан туындауы мүмкін.Электрохимиялық коррозия қышқылдың, сілтінің, тұздың ертінділерінде және ылғалды атмосферада пайда болады.Химиялық коррозия металдың ортамен өзара әсерлесуі кезінде пайда болады, демек метал атомдары қышқылдандырғыштардың атомдарымен химиялық байланысады.Коррозиялық бұзылудың негізгі түрлеріне: 1) бірқалыпты 2) дақты коррозия 3) шұңқырлы коррозия 4) нүктелі коррозия 5) коррозиялы жарылу 6) беткейлік жарылу

Көлік күнделікті техникалық күтім- көлік құрылымының жұмыс істеу қабілеттілігін қамтамасыз ететін агрегаттар және буындар, бөлшектер техникалық күйін бақылу. Жолда қауіпсіз жүруге септігін тигізетін іс-шаралар жиынтығы.

Көлік техникасын жөндеу түрлері. Ағымдағы жөндеу (АЖ) – былайша ақаусыз машинаның кейбір бөліктерін жұмыс қалпында ұстауы мақсатында жасалады.АЖ көлемі және қиындығы күрделі емес. Олар: жабдықтың жағдайын тексеру, тез тозатын бөлшектерді ауыстыру, қажет болса майларды ауыстыру, жабдықтың күрделі бөліктерін бөлшектеуді керек етпейтін барлық ақауларды жөнге келтіру. АЖ жабдық орнатылған және пайдаланылатын жерде орындалады.Ортаңғы жөндеу (ОЖ) кезінде жабдықтың өте қажетті бөліктерінің табиғи тозу нәтижесінде жоғалтылған жұмыс қабілеті қалпына келтіріледі. Жұмыс көлемі маңызды. Ауыр және үлкен жабдықтардың ОЖ пайдаланылатын жерде орыналады. Жөндеуді тездету үшін ертеректе жөнделініп қойылған бөлшектер мен түйіндер пайдаланылады (түйіндік жөндеу принципі). Күрделі жөндеу (КЖ) – бұл машинананың немесе жабдықтың жұмыс қорын толық немесе толыққа жақын қалпына келтіруге бағытталған жөндеу. ЖЕЖ кезінде негізінен бұрын қолданылған бөлшектер мен бөліктер пайдаланылады.

Көлік техникасын тиімді пайдалануын бағалайтын кешенді көрсеткіштер. Белгілі ықтималдықты көлікті пайдалану үрдісінде сәйкес келетін коэффициенттердің цикілінен бірнеше күйде (кесте5) орналасуы мүмкін.Циклдің мәні күрделі жөндеуге ( Lк) дейінгі техникалық қоры (атқарымды) немесе күрделі жөндеулер арасындағы қор ( Lк) , немесе жұмыс атқарудан босатуға дейінгі толық қор La болып табылады.Мысалда айтылған автомобильді пайдалануды қарастырамыз. шығару коэффициенті автомобильдің пайдалануда болған күндер санының ось мерзім ішіндегі күнтізбелік күндер санына немесе автомобиль көліктік жұмысты жүзеге асыратын күнтізбелік уақыт ішіндегі үлесіне қатынасы болып табылады. Әрбір автомобиль үшін бұл көрсеткіш мынамен анықталады. .Мұнда Дэ – автомобильді пайдалану күндерінің саны; Др – автомобильдің жөндеуде және ТК тұру күндерінің саны; Ди – ұйымдастырушылық себептер бойынша ақаусыз күйде тұру күндерінің саны; Дц – циклдағы күндердің саны. Автомобильдердің жалпы түрақжайы үшін - шығу коэффициентін анықтау кезінде автомобильде сәйкестік – күндері пайдаланылады: , Техникалық даярлық коэффициенті , автомобиль жұмысқа қабілетті күйде болатын күнтезбілік уақыт ішіндегі үлесті анықтайды және көліктік жұмысты жүзеге асырауы мүмкін.Ол пайдалану күндер санының Дэ немесе автомобильдерді пайдаланудың автомобиль күндер АДэ санының ТК және жөндеудегі пайдалану күндері және тұрған күндері ДР санының суммасына қатынасы арқылы анықталады: ..Техникалық даярлық коэффициенті автомобильдердің және тұрақжайдардың жұмысқабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қатынастарды қарастырамыз ..осыдан

Көлік техникасына қойылатын талаптар түрлері Көліктік техниканы жоғары өнімділікті, тиімді, қауіпсіз пайдалану тек оларды жасау жəне шығару, техникалық күтуді жəне жөндеуді (ТКЖ) қоса алғандаэкономикалық, əлеуметтік, , технологиялық жəне арнаулы талаптарды

Көлік техникасына қойылатын эксплуатациялық талаптар.Эксплуатациялық талаптарды үш топқа бөлуге болады.Талаптардың бірінші тобы машинаны жұмысқа қабілеттілікпен қамтамасыз етуге арналған, яғни нормативтік-техникалық құжаттамамен бекітілген берілген пара-метрлердің мәнін шекте сақтай отырып, жүктеудің жоғарғы динамикалық режимдері кезінде жиі және қиын жағдайларда жұмыс істеу қабілеті. Талаптардың екінші тобы арналуы, ТКЖ жүргізуі, монтаждауы және демонтаждауы бойынша пайдалану кезінде пайдаланушылық және техникалық күту еңбексыйымдылығың төмендетуді және жеткіліктілендіруді, жайлылықты жасауға бағытталған. Талаптардың үшінші қажетті тобы пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін және жұмысшылардың еңбегінің санитарлы гигиеналық заңдарын сақтауға бағытталған, әсіресе қиын және қауіпті жағдайларда, мысалы, жер асты тау-кен жұмыстары кезінде.

Көліктік машиналардың физикалық ескіруінін себептері.Пайдалану үрдісінде машинаның элементтерін және құрылмасы пайдаланушылық әсерлердің жекелеген түрлеріне, әсіресе олардың әр қилы комбинацияларына тап болады.Бұл әсерлердің әсерінен бөлшектің материалында әр қилы физика – химиялық үрдістер жүреді, бұл тозуға, шаруашылық бұзылуларға, машинаның күйінің өзгеруін тудыратын тот басуға және ескірудің басқа да түрлеріне әкеп соқтырады.Сондықтан машиналардың физикалық ескіруінің пайдаланушылық себептері пайдаланушылық әсерлері болып табылады.Машиналардың ескіруінің құрылмалық және технологиялық себептерін пайдаланушылық әсерлердің әсерінен ескірудің жедел дамуына әдістейтін факторлар ретінде қарастыруға болады.

Майлау және құю жұмыстары.Майлау жұмысы автомобильдің жоғары сенімділігі мен ұзақ мерзімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында орындалады және ТҚК едәуір үлеске ие. Бұл жұмыстарды уақытында және сапалы орындаған жағдайда детальдардың тозу деңгейі төмендеп автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс мерзімі ұзарады. Майлау жұмысының саласына химмотологиялық картада көрсетілген майлау материалдарын қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Майлау жұмысын орындау кезінде қолданылатын жабдықтар мен аспаптар.Пластикалық майлау агрегаттың үйкеліс беттеріне прес- масленка арқылы беріледі . Ең көп тараған прес-масленканың түрі басы конусты болып келетін, ал аз қолданылатыны басы дөңгелек және жазық болып келетін масленкалар.Майлау – заправкалау жұмысына арналған жабдықтар төмендегілерді атқарады: автомобиль қозғалтқышының картерлеріне мотор майларымен заправкалау , беріліс қораптарының картерлерін артқы белдікті рульдік басқарымды , трансмиссиондық майлармен заправкалау жеке талаптарды прес-масленка арқылы плас майлау , салқындату және тежеу жүйесін жұмыстық сұйықтықпен заправкалау, шинадағы ауа қысымын тексеру. Бұлжабдықтар жылжымалы және тұрақты болады.Ал жетектері қолдық , пневматикалық және электрлік.Мотор майларын беруге арнайы май жарату жабдықтары . Бұларға әр түрлі май тарату бактары қондырғылары мен колонкалар жатады.Трансмиссиондық майлармен заправкалауға арналған май тарату жабдықтары. Бұларда жылжымалы және тұрақты болады.Автомобильдің агрегаттары мен тораптарын майлауға арналған жабдықтар . Бұлар пресмасленка арқылы пластикалық майлауды көлік құралдарының үйкеліс беттеріне беруге арналған.Бұған әртүрлі майлау нагнетательдері жатады. Пневможетекті жылжымалы майлау нагнетательдері арналған бак. Ол арбашаға орналасқан және жоғары не төменгі қысымды насостық қондырғылардан тұрады.Тежеу сұйығымен заправкалауға арналған жабдықтар . Бұлар автомобильдің тежеу жүйесіне тежеу майларын құюға оның жұмыс қалпына келтіруге арналған.Олардыа жылжымалы және тұрақты болып қалады.Ауа таратқыш жабдықтар. Бұлар автомобиль шиналарына ауа беруге арналған .

Майлау-құю жұмыстарына арналған жабдықтар.Майлау және құю жұмыстары.Қозғалтқыштың астауындағы және гидромеханикалық берілістер қорабындағы, жоғары қысымды отындық сораптағы және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін реттеушідегі майдың деңгейін, тежегіш механизмдерін гидрожетектеріндегі және іліністің ажырау механизміндегі сұйықтық деңгейін күнделікті тексерген жөн.Автомобильді тұраққа қою кезінде автомобильге отын құю, желдік әйнекті және фарларды жуғыштардың бөшкешелеріне су құю, тежегіш механизмдерінің пневможетектерінің ауалық боллондарының су бөлгішінен конденсатты төгу, отындық сүзгілердегі және отындық бактегі (дизельдік автомобильдерде қыста) тұнбаларды төгу қажет.

Мамандандырылған автокөлік ұйымдарының (АКҰ) cипаттамасы. Экономика саласы ретінде АК тууының басы 1896 жылы 11 қыркүйегі болып табылады, бұл күні Жол Қатынасы Министрлігі « Ауырды және жолаушыларды өзі жылжитын экипажда жол қатынасы басқармасының шосселері бойынша тасымалдау күйі және реті жайлы » бұйрықты шығарды. Бірінші жүктік автокөліктік ұйым (АКҰ) 1901 жылы ұйымдастырылды және бес жүктік автомобильдерден құралды. Экономикалық реформаның басынан АК өткен негізгі өзгерістерге мыналар жатқызады: - АКҰ өлшемдерінің қысқаруы. Қазіргі кезде бір АКҰ орташа ЖҚ бес бірлігі пайдаланылады, ал 1993 жылы бұл сан 12,5 бірлікті құрады; АКҰ меншік түрінін өзгеруі. 1991жылға дейін барлық АКҰ мемлекетке қараса, 1995 жылы ондай АКҰ үлесі 22 % болса, қазіргі кезде АК ұйымдарының барлығының 75 % жеке меншікке тиесілі.

Маусымдық техникалық күтім және орындалатын жұмыстар.Маусымдық техникалық күтім кезінде майлау, тазалау, бекіту, реттеу, бақылау диагностикалық операциялардың 78% орындалады.Маусымдық техникалық күтім автомобильдерді күздік, қыстық, көктемдік, жаздық мезгілге, оны пайдалануға дайындау, сақтауға немесе сақтаудан шығаруға даярлау.

Машина бөлшектерінің тозуына әсер ететін факторлар.Бөлшектердің тозуына әсер етуші факторлар. Бұл факторларды екіге бөлуге болады:1) бөлшектердің тозуға төзімділігіне әсер етуші факторлар;2) бөлшектердің тозғыштығына әсер етуші факторлар.Бірінші факторларға мыналар жатады: материалдың сапасы және жұмысшы беттерінің сапасы.Екіншілерге жататындар: жанасқан беттердің үйкелестерінің түрі, үйкелуші беттерге түсетін өзіндік күшсалмақтардың сипаттамалары мен шамалары, үйкелісуші беттердің қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы, жанасушы беттер арасыңдағы саңылаудың пішіні мен өлшемі, үйкелісуші беттердің майлану жағдайы, абразивтің болуы мен пішіні, оның физика- химиялық қасиеттері.

Машинаның күйін анықтаудың әдістері.Машиналардың элементтерінің бастапқы күйінің өзгеру дәрежесі машинаның шектік күйіне сәйкес олардың бастапқы мәндерімен (ақаусыз машина кезінде) бұл белгілердің мәндерін салыстыру жолымен әр түрлі белгілері бойынша сандық бағаланады.Ондай белгілер мыналар бола алады: 1) бөлшектердің физикалық күйін өзгерту;2) машинаның жұмыс істеу параметрлерін өзгерту; 3) жұмыс істеуді тоқтату; 4) машинамен қайта өңделетін өнімнің сапасын өзгерту; 5) қоршаған ортаға әсерін өзгерту; 6) қауіпсіздік деңгейін өзгерту; 7) қайта қалпына келуінің еңбек сиымдылығын өзгерту. Осы белгілері бойынша машинаның күйін анықтаудың екі тәсілі бар: тура және жанама .Тура әдісдеп бөлшектердің (белгі 1)зақымдалу мөлшерінің өзгеруін қарастырады, мысалы тозудың, деформацияның, жарықтың, өлшемі және т.б.Көптеген жағдайларда бұл тәсіл машинаны қайта өңдеу кезінде яғни әр кезде мүмкін бола бермейтін және әр кез үнемсіз кезде ғана. Жанама тәсілбөлшектің зақымдалу дәрежесіне, тораптардың (қиылысулар) немесе технологиялық режимінің реттелуінің бұзылуына тәуелді. Мысалы, топсаның тозуымен туған дірілдің (белгі 2) мәні бойынша бағалануы мүмкін прокаттық станның шпинделінің күйі; айдағыштың қалақшаларының тозуының нәтижесінде өздігінен жұмыс істеуін шектеуімен аглимирациялықмашинаның (белгі 2) вакуумкамерасындағы тұйықталуды төмендету.Алайда тұйықталу деңгейінің негізгі жағдайында машинаның күйі ақаулығы жатқызылуы, немесе жұмысқа қабілетсізділікке жатқызылуы мүмкін, себебі тұйықталу дәрежесіне оттегінің шихты қабаты арқылы өтетін ауаның мөлшеріне тәуелді, ал артынан агромераттың сапасына әсер ететін отынның жану қарқындылығына тәуелді.

Оң және сол жақ дөңгелектердің қирау бұрышы – α1 және α2; Оң және сол жақ дөңгелектердің сырғу бұрышы β1 және β2; ; Оң және сол жақ дөңгелектердің бұрылу осі бойынша бойлай иілу бұрышы γ1 және γ2;

орындау кезінде ғана мүмкін.КТ қойылатын экономикалық талаптаржобалау кезінде, жəне дайындау кезінде,жəне пайдалану кезінде əрекет етеді жəне өнімнің материал сыйымдылығының,металлсыйымдылығының, энергосыйымдылығының минималдығына жетуге бағытталған,яғни өнімді (МЕСТ 14.205.-88) дайындау, пайдалану жəне жөндеу үрдістеріндематериалдық қорды минималды шығындау жəне машиналарды максималды өндіру жəнееңбектің максималды өнімділігі кезінде өнімнің өзіндік құнының минималдылығы.КТ қойылатын əлеуметтік талаптар, оларды максималдық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, еңбектің санитарлы-гигиеналық шарттарына ережелікталаптарды қоюға, физикалық қиын қолдық еңбектің үлесін макси-малды төмендетуге,өнді-рістік үрдістерді кешендік механизациялауға жəне автоматтандыруға бағыт-талған.Технологиялық талаптарөнімді дайындаудағы еңбек сиымдылығын, еңбектің жəнеқұралдардың шығынын төмендетуге бағытталғандықтан дайындау кезінде, сондай - ақТКЖ үрдісінде.Оларға стандарттау, қалыптандыру, ережелендіру ,бөлшектің құрылмасының жəне толық машинаның қарапайымдылығы, сонымен қатар қайта өңдеу,шыңдау жəне т.б. технологиялық режимдерді дұрыс таңдау талаптары жатады.Арнаулы талаптар жоғары тиімділікті жұмыспен жəне машинаны пайдаланудың арналғандық бейімділігімен қамтамасыз етуге бағытталған.Оларға, мысалы,тасымалдаушылық тораптарды таукен шығымдары бойынша діңгегі жəне жеткізу бойынша босатуды есептеуімен өңдемелеудің қарапайымдылығы сияқты талаптар жатады;сақ-тандырғыш элементтері бар кезіндегі, 10є үлкен бұрыштарында қиғаш жүрісті жұмыс кезіндегі механизмдермен рельсті жүрісті машиналар үшін 5є үлкен бұрыштары кезінде машинаны тұрақтылықпен қамтамасыз ету; блоктаушы құрылғылардың, байланыс жəне жарықтандыру сигнализация құралдарының қорғаныс шектеушінің болуы.

Өндірістегі жұмысшылар санын анықтау формуласы.Өндірістік жұмысшылардың технологиялық қажетті саны ТК және АЖ зонасындағы (Tj) жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы және берілген мамандықтағы жұмысшының жұмыс уақытының қалыпты фонды бойынша анықталады: PT=Tj/Ф. Демалыс, ауыру және басқада ескерілетін жұмысшылардың жұмысқа шықпау себептерінің штаттық коэффициенті көмегімен есептелетін өндірістік жұмысшылардың штаттық саны былай анықталады: .

Өндірістік үрдіс жайлы түсінік.Өндірістік үрдіс – бұл еңбек затын қалыптастыруға бағытталған еңбек құралын пайдаланатын жұмыс күшінің еңбек үрдісінің жиынтығы.

Өндірістік үрдіс және оның элементтері.Автомобильді жөндеу және ТК жүргізген кездегі автомобильдік көлікте басқарудың және рационалды ұйымдастырудың негізі өндірістік үрдіс болып табылады.Рационалды ұйымдастылған өндірістік үрдістер, басқару үрдістерін децентрленген және центрленген тиімді үйлесуімен және басқарудың максималдық тиімділігімен қамтамассыз ететін айтарлықтай дамыған және тиімді принциптерді, басқарудың рационалды ұйымдасқан құрылымын және қалпын, әдістерін қолдануға жағдай жасайды.Еңбектің кез келген үрдісі үш негізгі элементтен тұрады: еңбек құралынан, еңбек заттарынан және жұмыс күшінен, ендеше, өндірістік үрдіс – бұл еңбек затын еңбек өніміне қалыптастыруға бағытталған еңбек құралын пайдаланатын жұмыс күшінің, еңбек үрдістерінің жиынтығы.

Өндірістік-техникалық база (ӨТБ) жалпы сипаттамасы. АКҰ (ӨТБ) өндірістік-техникалық базасы дегеніміз - автомобильді жөндеуге және оларды пайдалану материалдарымен жабдықтауға, сақтауға арналған техникалық жабдықтардың, үймереттердің, ғимараттардың жиынтығы.Өндірістік техникалық базасы- экономикалық үдерістерде пайдаланылатын өндіріс құрал жабдықтарының, қоғамның өндіргіш күштеріне жататын материалдық, заттық нышандардың жиынтығы (еңбек құралдары мен заттары). Кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасы өндірістік алаңдардың болуын және оның өндіріске бейімделіп жарақтандырылуын, жабдық паркінің болуын қолда бар материал қорлардың өндірістік бағдарламаға сай келуін қажет етеді.

Пайдаланушылық әсерлердің барлық түрлерін төрт топқа бөлуге болады: күштік, температуралық , қоршаған орталық, үйкелістік.


Просмотров 1878

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!