Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Автомобильдердің ТК негізгі операцияларының мазмұны. Күнделікті техникалық күту



Автомобильді диагноздау үрдісі және әдістері .Техникалық диагностикалаудың жалпы процесі берілген режимдерде нысанның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе нысанға тестілік түрде әсер етуді, датчиктер сигналы көмегімен диагностикалық параметрлер мәндерін ұстауды және өрнектеуді ,оларды өлшеуді ағымдағы параметрлер мәндерін нормативпен салыстыра отырып алынған ақпараттарды логикалық өңдеу незінде диагноз қоюды қарастырады. Қазіргі кезде диагностикалық параметрлер түрлеріне байланысты сыныпталған техникалық өлшеу құралдарын негізгі үш топқа бөлуге болады. Құралдардың бірінші тобы автомобильдің жұмысының жылдамдық және жүктемелік режимдерін имитациялауға және берілген жағдайда шығу параметрлерін анықтауға негізделген. Осы мақсаттар үшін жүріс барабаны бар стендтер қолданылады немесе параметрлер автомобильдің линиядағы жұмыс процесі кезінде анықталады.Екінші топ қозғалтқыштың цилинр поршень тобының гнрметикалық бойынша жұмыс көлемінің тозу дәрежесін тежегіштің пневможетегінің жұмыс қабілетін клапандардың бір біріне жанасып тығыздалуын бағалайтын әдістерден тұрады.Үшінші топ геометриялық параметрлердің статикада обьективті түрде бағалануына негізделеді.

Автомобильді жөндеу және ТК өндірісін басқару және ұйымдастыру жүйесі. Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады.Бұл мәселені шешу бір автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильдің техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады.Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді жақсартуды талап етеді.Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да қасиеттері төмендейді.Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар пайда болады.Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және жөндеу кезінде шегертеді.
Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ – рде, жөндеуі техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады.Бұл жағдайда автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді.Автомобильдерді жөндеудің қажеттілігі және экономикалық ұтымдылығы айтылып, қазіргі кездегі жөндеу өндірісінің жағдайы Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерден тұрады.
Күрделі жөндеудің құны ежаңа агрегаттар немесе автомобильдің құнына қарағанда бірщама төмен, алавтомобильдің күрделі жөндеуден кейінгі жүру қашықтығы тек 20 % шамасында ғана кемиді.Сондықтан күрделі жөндеу ұтымды өндіріске жатады.Автомобильді жөндеуде негізгі экономикалық тиімділігі – қалған қорлардың бөлшектерінің қолданылуы болып есептелінеді.Автомобильдің 70–75 %-ға жуық бөлшектері күрделі жөндеуге түскенде қайтадан қолданылып немесе біраз жөндеуді керек етеді.Өзінің жұмыс қоры біткен немесе ауыстыруды керек ететін бөлшектер 25-30 % құрайды.Оларға поршень, поршень сақиналары, мойынтіректер, резинотехникалық бұйымдары т.с.с бөлшектер жатады.Жұмыс беттерінің тозуы мүмкіндік шегі бар және оларды жөндеусіз пайдалануға болатын бөлшектер саны 30-35 %.Автомобильдің қалған бөлшектері 40-45 % қалпына келтіріліп, оларды қайта пайдалануға болады.Осындай бөлшектерге күрделі құрылысты, металл сыйымдылығы көп, және қымбат бөлшектер жатады : цилиндрлер бірікпесі, цилиндр бастиегі, иінді және таратқыш білік, беріліс қорабының, ілініс берілісінің және артқы көпірдің картері және т.с.с. бөлшектер жатады.Осы бөлшектерді қайта қалпына келтіру бағасы 10-50% жасалу бағасынан аспайды.Автомобильдің және қосалқы бөлшектерінің күрделі жөндеудің өзіндік құны 60-70 % жаңа бұйымның бағасынан аспайды.Осыған байланысты металл мен энергетикалық қор тиімділігіне жетеді.ТК және жөндеу жүйесінің негізі оның құрылымы және заңдары болып табылады.Жүйенің құрылымы сәйкес әсерлердің түрлерімен және оның сандарымен анықталады.Заңдары әсердің, еңбек сиымдылығының, операцияның тізімінен және басқаларының нақты периодтылық мәнінен тұрады.ТК және жөндеу жүйесінің құрылымы мыналармен анықталады: автомобильдің сапасын және сенімділігінің деңгейінен; АКК автомобильдік көліктің алдына қойылатын мақсатпен; пайдалану шарттарымен ; барлық қорлармен; ұйымдастырушылық – техникалық шектеулермен. Әрбір торап, механизм, байланыс техникалық күту өзінің оптималды мерзімділігінін болуы мүмкін, яғни жоғары да келтірілген әдістермен анықталады.Егер бұл мерзімділіктерді ескере отырсақ онда автомобильді толығымен үзіліссіз әрбір байланысын, механизмін, агрегатын, техникалық күту үшін бағытталуы тиіс, бұл жұмысты ұйымдастыруда және жұмыстық уақыттың қосымша шығындарымен үлкен қиындықтар тудырады, әсіресе дайындау – қорытындылау операцияларында.Солай бола тұра көліктік құрал ретінде автомобиль әрекет етпейді, ал оның құрамдас элементтері әрекет етеді.Сондықтан ТК кезінде орындалуы, және әрбір операцияның оптималды мерзімділігін анықтауы тиіс барлық әсерлердің жиынтығынан оларды бөліп алғаннан кейін (3 тақырыптан қарау) ТК ның түрлері бойынша операциялардың тобын жүзеге асырады.Бұл автомобильдің ТК ге кіру санын және ТК де және жөндеуде тұру уақытын азайтуға мүмкіндік береді.





Автомобильді көліктің жылжымалы құрамын техникалық күту және жөндеу жүйесі.Тораптардың, агрегаттардың, автомобильдердің техникалық күй параметрлерінің заңдылықтарының сандық және сапалық сипаттамаларын білу, пайдалану үрдісі кезінде автомобильдің техникалық күйін және жұмысқа қабілеттілігін толығымен басқару мүмкіндік береді, яғни оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және қамтып тұру. Бұл жұмыстар екі үлкен топқа ажыратылады: техникалық қүтуге және жөндеуге. Жұмысқа қабілеттілікті жоғарғы деңгеймен қамтып тұру ақаудың үлкен бөлігі ескертілуі тиістілігін талап етеді, яғни бұйымның жұмысқа қабілеттілігі ақаудың пайда болуына дейін қайта қалпына келтірілуі тиіс. Сондықтан ТК тапсырмасының негізі істен шығулармен ақаулардың тууын ескертуден, ал жөндеу оларды жоюдан (жұмысқа қабілеттілікті қайта қалпына келтіру) тұрады. Біздің республикамызда бұрындары автомобильдерді техникалық күту және жөндеу басқа да машиналар және механизмдер сияқты пайдалану үрдісінде берілген көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатымен техникалық күту және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу ретін анықтайтын өзара байланысқан жағдайлар мен межелер кешенінен тұратын техникалық күту және жөндеу жүйесі болып табылатын жоспарлық негізде өндірілді. ТК сәйкес ескертпелік сипатқа ие және автомобильдің белгілі атқарымынан кейін мүлтіксіз орындалатын жоспарлық-ескертпелік жүйе, сонымен қатар көптеген елдердің автомобильдік көлігінде пайдаланылады, ал жөндеу ережеге сәйкес сұраныс бойынша орындалады, яғни ақаудың тууынан кейін.

Автомобильді ТК және жөндеу өндірісін ұйымдастыру (агрегаттық-бөліктік әдіс).Торабтардың , агрегаттардың , автомобильдердің техникалық күй параметрлерінін заңдылықтарынын сандық және сапалық сипаттамаларын білу, пайдалану үрдісі кезінде автомобильдің техникалық күйін және жұмысқа қабілеттілігін толығымен басқаруға мүмкіндік береді, яғни оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және қамтып тұру.Бұл жұмыстар екі үлкен топқа ажыратылады – техникалық күтуге және жөндеуге. Жұмысқа қабілеттілікті жоғарғы деңгеймен қамтып тұру ақаудың үлкен бөлігі ескертілуі тиістілігін талап етеді, яғни бұйымның жұмысқа қабілеттілігі ақаудың пайда болуына дейін қайта қалпына келтірілуі тиіс.Сондықтан ТК тапсырмасының негізі істен шығулармен ақаулардың тууын ескертуден, ал жөндеу – оларды жоюдан (жұмысқа қабілеттілікті қайта қалпына келтіру) тұрады.Істен шығуларды және ақауларды ескерту ТК ережеленуін талап етеді, яғни бекітілген мерзімділігі және еңбек сыйымдылығымен ТК белгілі операцияларын жиі-жиі (жоспар бойынша) орындау.Орындалатын операциялардың тізімі, олардың мерзімділігі және еңбек сыйымдылығы толығымен техникалық күту режимін құрайды. Автомобильдерді техникалық күту және жөндеу жүйесіне келесі талаптар қойылады:а) рационалды материалдық және еңбек шығындары кезідегі автомобильдік тұрақжайдың пайдаланушылық сенімділіктерінін берілген деңгейлерін қамтамасыз ету; б) қор сақтауға және табиғатты қорғауға бағыттаушылық ; в) ТК және жөндеуді барлық деңгейде – АКК жұмыс орнынан жалпы мемлекеттік жоспарлық және басқаратын ұйымдарға дейін, кәсіпорын ішінде және олардың арасында шаруашылық қатынастарды заңнамалы қамтамасыз етуді жоспарлауға және ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жоспарлық - заңнамалық сипат;г) олардың басқармалық мойынұсынушылықтарынан (Қорғаныс министірлігі,ІІМ және ҰҚК санамағанда) тәуелсіз автомобильдік көліктері бар барлық ұйымдарға және кәсіпорындарға арналған міндеттілік ; д) автомобидльдік көліктін инженерлік-техникалық қызметінін барлық звенолармен шешімдерді қабылдау және басқарма үшін жарамдылық және қол жетерлік, нақтылық ; е) автомобильдердің , сонымен қатар шаруашылық механизмнін сенімділігін және құрылмасын, пайдалану жағдайының өзгеруін есептейтін нақты межелердің оңайлығы нгегізгі принциптердің тұрақтылығы;ж) автомобильді пайдалану жағдайының әрқилылығын есептеу. Жөндеудің агрегаттық үрдісінде орындалатын толық комплектілі жүктік автомобильдерді жөндеуін ауыстыру болып табылады., мұнда күрделі жөндеуді бірер жағдайларды және ағымдықты қажет ететін агрегаттар АКК – ға айналымдағы жиыннан алынған ақаусыздарға ауыстырылады .Айналымдық жима АРЗ ларды күрделі жөнделінген, немесе АКК да АЖ сонымен қатар орталықтандырылған жөндеу кәсіпорындарында жөндеуден кейінгі агрегаттармен толығады.

Автомобильді ТК және жөндеудің негізгі нормативтері және оларды коррекциялау (түзету).Автомобильді техникалық күтудің және жөндеуді ұйымдастырудың рационалды маңызды принциптерінің бірі болып профилактикалық және жөндеу жұмыстарына негізделген нормативтер саналады. Техникалық пайдалануда мына нормативтер орындалады: техникалық күтудің периодтылығы, техникалық күтудің және жөндеудің жұмыс сыйымдылығы, техникалық күтудің және жөндеудің жалғастырылуы, сонымен қатар капиталды жөндеуге дейінгі ресурстар.“Техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуден өткізу... қағидасына сәйкес” автомобильдің техникалық күтудің және жөндеуден өткізуі ҚР-ның негізгі орындалатын нормативті құжаттары болып саналады, осыған сәйкес жоспарлау және техникалық күтудің және жөндеуден өткізуді осы ұйымдар жасайды және әр жерде нормативті-техникалық құжаттарды тұтынушылықтары мен тексерулері орын алады. Бірінші бөлікте айқындалатындар: жөндеу жүйесі, оның әртүрі, сонымен қатар, бастапқы нормативтері, олардың пайдалану жағдайларының топтастыруын регламенттеу және техникалық күтудің және жөндеу, АККда өндірістегі ұйымдастырудың нормативті принциптерінің әдістерін түзету болып табылады, және де техникалық күту операцияларының типтік тізбегі мен негізгі басқа орын алатын материалдар. Екінші бөлім әрбір базалық модельдері мен оның модификацияларының нақтылы нормативтері енгізілген.

Автомобильдік көлікті жұмысқа қабілеттілікпен қамтамасыз ету және басқару әдістері жайлы түсінік.Жұмыс істеу процесінде автомобиль және оның агрегаттарының техникалық күйінің өзгеруі пайда болады. Бұл оның жұмысқа қаблеттілігін жоғалтуына әкеліп соғады. Қосындысы аз материалдық және еңбек шығындары мен уақыт шығыны кезінде пайдаланғанда автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудің екі әдісі бар: жұмысқа қабілеттілігін бір қалыпты ұстап тұру, яғни техникалық күту және жұмысқа қабітеттілігін қайта қалпына келтіру- жөндеу.

Автомобильдік көлікті жұмысқа қабілеттілікпен қамтамасыз ету және басқару әдістері жайлы түсінік.Жұмыс істеу процесінде автомобиль және оның агрегаттарының техникалық күйінің өзгеруі пайда болады. Бұл оның жұмысқа қаблеттілігін жоғалтуына әкеліп соғады. Қосындысы аз материалдық және еңбек шығындары мен уақыт шығыны кезінде пайдаланғанда автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудің екі әдісі бар: жұмысқа қабілеттілігін бір қалыпты ұстап тұру, яғни техникалық күту және жұмысқа қабітеттілігін қайта қалпына келтіру- жөндеу.

Автомобильдік көліктің жүйешелері ретіндегі техникалық пайдаланудың мақсаттары.Еліміздің көліктік кешенінің бөлімі ретінде автомобильдік көліктің мақсаты қорлардың барлық түрлерін минималды шығындау кезінде жүктік және жолаушылық тасымалмен еліміздің халқының және халық шаруашылығының сұранысын қанағаттандыру болып табылады.Бұл басты мақсатты автомобильдік көліктің тиімділік көрсеткіштерін жоғарылату нәтижесінде қамтамасыз етіледі. көліктің апару қабілеттілігін және көліктік құралдардың өнімділігін арттыру тасымалдың өзіндік құнын төмендету; көліктік үрдістің экологиялылығын қамтамасыз ету.Автомобильдік көліктің жүйешесі ретінде техникалық пайдалану, біріншіден жүйенің тиімділік көрсеткіштерімен тығыз байланысқан басқарылатын тиімділік көрсеткіштері болуы тиіс, яғни автомобильдік көліктің.АТП –дың негізгі тиімділік көрсеткіштері және мақсаттары мыналар болып табылады: тұрақжайды қажетті жұмысқа қабілеттілікпен қамтамсыз етудегі ( бұл көрсеткіш тасымалдардың өзіндік құнына әсер етеді) шығындарды азайту; ТК және жөндеуді қамтитын жұмысшылардың еңбек өнімділігін жоғарылату; автомобильдік көліктің (техникалық күйімен және жұмысқа қабілеттілікпен қамтамсыз етумен байланысты) тұрғындарға, күтетін жұмысшыларға және қоршаған ортаға кері әсерін азайту.

Автомобильдік көліктің ұйымдастырылуын жіктеу.Автокөліктік ұйымдастырылуы (АКҰ) мына немесе басқаға топтардаАвтокөліктік ұйымдастыру (АКҰ) автомобильдік көліктердің (оның функциональдық арналуы бойынша) мына немесе басқаға топтарын функционирлеумен қамтамассыз ету үшін жасалады:Жеңіл автокөліктерді және таксилерді;Автобустарды (қалалық, қала аралық, қызметтік);Жүктік автомобильдері (құрылыстық, өнеркәсіптік және саудалық);Арнаулы автомобильдер (коммуналдық шаруашылық, жедел жәрдем, МАИ, өрт сөндіру автомобильдері үшін, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автомобильдер, жол талғамайтын өзі төгетін – автомобильдер және т.с.);Жылжымалы құрамның (автобустардың, жеңіл және жүк автокөліктерінің және т.с.) аралас тұрақжайына қызмет етуге есептелеген жекелеген ұйымдары.Өндірістік әрекеттін ұйымдастыру фермасы бойынша пайдалану ұйымдары келесі топтарға ажыратылады.

Автомобильдің техникалық күйі туралы түсінік .Автомобиль жүйенің техникалық және пайдалану көрсеткіштерін анықтайтын көптеген параметрлерімен сипатталатын және көліктік әрекетті орындауға арналған күрделі техникалық жүйені құрайды. Мұндағы жүйе- берілген функцияларды орындауға арналған бірдей әрекет ететін элементтердің жиынтығы. Автомобильге катысты элементтерге агрегаттар ,тораптар, механизмдер мен бөлшектер жатады.Автомобиль элементтерінің жумыска кабілеттілігі оның техникалық күйімен анықталады. Техникалық күйі дегеніміз – техникалық құжаттамада көрсетілген белгілі бір сәтте белгілер мен сипатталатын пайдалану процесінде өзгеретін объект қасиеттерінің жиынтығы. Автомобильге қатысты элементтерге-агрегаттар, тораптар, механизмдер мен бөлшектер жатады. Автомобильдің және оның элементтерінің техникалық күйі конструктивті параметрлердің сандық көрсеткіштерімен анықталады: у1, у2, у3...уn. Мысалы, қозғалтқыш үшін бұл цилиндр-поршенді топ және иінді-бұлғақты механизм ( КШМ)бөлшектерінің өлшемі, тежегіштер үшін – тежегіш баптамаларының қалыңдығы, тежегіш барабандары мен олардың арасындағы

Автомобильдің техникалық күйінін өзгеру қарқындылығына әсер ететін факторлар.өндірістік, пайдалану шарты, пайдалану-өндірістік факторлар жатады.Өндірістік фактор-автомобильдің техникалық күйінің өзгеруіне әсеріне: автомобиль маркасының конструктивті ерекшеліктері; өндіріс біркелкілігі; сенімділік жатады. Пайдалану шарты факторына жол шарты, қозғалыс шарты және қарқындылығы, табиғат-климаттық, маусымдық шарттар, қоршаған ортаның агрессивтілігі жатады.Пайдалану-өндірістік факторында автомобиль жасымен қатар автомобильдің нақты техникалық күйі анықталады, яғни қолданылатын пайдалану материалдарының (май, сұйықтық) сапасы, жүргізуші квалификациясы, сонымен қатар техникалық күту мен жөндеу сапасының деңгейін сипаттайтын факторлар жатады.

Автомобильдің техникалық күйінін өзгеруіне пайдалану жағдайының әсері параметрдің шектік немесе белгіленген күйіне жеткенге дейінгі орташа жұмыс шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Кездейсоқ процесстерді сипаттайтын заңдарды білу техникалық күту және жөндеу жұмыстарын жүргізу моменті мен еңбек сыйымдылығын нақты жоспарлауға, қор бөлшектерінің қажетті санын анықтауға және басқа да технологиялық, ұйымдық сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Қалпына келтіру процесінің заңдылығы берілген түрдің істен шыққан автомобиль санының ауысым ағынында жөндеу аймағына түсуін анықтайды.

Агрегаттардың (тораптардың) және олардың элементтерінін бұзылуы.Тозу, қажу сияқты өзгерістер нәтижесінде автомобиль элементтерінің функциясы нашарлайды, жұмыс істеу қабілеттігі жоғалады. Осындай бұзылу нәтижесінде пайдалану сапасы мен машиналардың жұмыс істеу қабілеттілігінің жоғалуына әкеліп соғады. Физикалық әсер кезінде пайда болатын бұзылулар, қирау: деформация, қирау,балқу.


Просмотров 1944

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!