Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Lt;h4>1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары



 

Ақшаның металл теориясы 15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-У.Стенфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда-А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты.Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынын шын мәнісінде ақша болып табылатын текалтын мен күміс деп есептеді.

Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды.Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.</h4> Германияда 19ғ. Екінші жартысында алтынмонетарлық стандарттың енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді.Бұл оның 1-ші метаморфозасы болды, неміс экономистері (К.Книс) ақша деп тек асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.2-ші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын-дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.



Ақшаның металл теориясының 3-ші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды.Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М.Дебре,Р.Харрод) халықаралық айналымғаалтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда 20 ғ-дың 70 жылдарының басында алтын стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды.АҚШ-та 1981 жылы осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді. 17-18ғғ.Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады.Бұл тоерия ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасқан.Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады дап есептеген.Олар ақщаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарады.



Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары:

· Ақша тамаша есептеу бірлігі, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;

· Бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға 19 ғ. Аяғы мен 20 ғ-дың басындақол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы –оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

Неміс ғалымы Г.Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:

· Ақша –мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;

· Ақша –бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;

· Ақшаның негізгі қызметі-төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.

Мемлекттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисы Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді- деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.

Сонымен,Кейнс номинализмнің тәжірибиелік мақсаты-алтын стандартты жойып, қазаз ақшаның айналымғаеркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибиелік негіздеуінде болды.

Қазіргі таңда номинализм- ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп есептейді. « Экономика» шығармасында ол: « Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша- жасанды әлеуметтік шарт» деп жазды.

Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша- металды қатынастардың белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінң жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды.Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі- мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.

Сонымен, номиналмзм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылыды.

 


Просмотров 525

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!