Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ақшаның пайда болуы және мәні



 

Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.</h4>

X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені – бұл қараханит мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.

Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.



1271-1272 жылдары моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.

XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен,Ақсы,Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге, оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.

XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың I жартысына дейін мәнет сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.



Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.

XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр патшаның тұсында аса зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.[6,4 б]

Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.

Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт пен импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.

Енді теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.

1992 жылдың қаңтарында Елбасының тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның аты қандай болады деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын", "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді. Қазақтың тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.

Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі және жүздің сыртындағы валюталар елдің экономикалық деңгейінің көрсеткішінің анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да елде инфляция болған жағдайда олардың айналымнан шығып қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп классикалық негіз ретінде алынған 1 теңгеліктің нұсқасы қалдырылды. Әрі Әл-Фараби бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.

Теңгені шығарар алдында біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін көп зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден негізгі валютамызды шығаруға тәуекел еттік. Дизайн жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген валюталардың қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз үшін теңгені басу басты шаруа емес еді. Теңге Лондондағы кәсіпорында небәрі 4 айда басылып шығарылды. Мемлекет басшылығымен оны 1 қыркүйекте шығару тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді бітіріп алуға тиіс едік.

Егер ақша дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек, онда оның қоғамда үш түрлі негізгі қызмет атқаратынын айтқан жөн. Біріншіден, теңге айналым құралы болып табылады, яғни тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қайта сатуда пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері мен өндірушілердің кез-келген тауар мен қызметті сатып алуға пайдалануына мүмкіндік беретін өте қолайлы әлеуметтік құрал. Теңге айырбас құралы ретінде қоғамды баспа бас айырбастың қолайсыздығынан құтқарады. Тауар айырбасына қолайлы жағдай туғыза отырып , ақша қоғамға географиялық мамандану және адамдар арасындағы еңбек бөлінісі жемістерін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни теңгенің арқасында біз әлемнің көптеген елдерінен тауар ала аламыз.

Екіншіден, теңге бағаның өлшемі болып табылады. Қоғам ақшаны түрлі байлық пен ресурстар бағасының салыстырмалы өлшемі ретінде пайдалануды қолайлы көреді. Жолды шақырыммен, салмақты килограммен өлшейтініміз сияқты байлық пен қызмет құнын ақшамен өлшейміз. Мұның артықшылығы айқын. Ақша жүйесінің арқасында біз бір тауардың құнын анықтау үшін оған айырбасқа жүретін басқа тауарды іздестіріп жатпаймыз. Мәселен, малдың бағасын астықпен, мәшинемен, шаймен немесе басқа заттармен өлшеп шығарып жатудың қажеті шамалы. Ақшаны жалпы атау ретінде пайдалану, кез келген өнімнің құнын ақша арқылы бағалау деген сөз. Оны бұлайша пайдалану адамдарға түрлі тауарлар мен ресурстардың салыстырмалы бағасын оңай бағамдауға мүмкіндік туғызады. Мұндай салыстыру дұрыс та тиімді шешім қабылдауды жеңілдетеді. Яғни ақшамен жалпы ұлттық өнім мөлшері және басқа да экономикалық көрсеткіштер, барлық төлемдер мен қарыз, несие міндеттемелері өлшенеді.

Үшіншіден, теңге салым құралы ретінде қызмет етеді. Ақша тауар ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы байлықты салым ретінде сақтау ұтымды. Бұл тұрғыдан алғанда ол қозғалмайтын мүліктер (жеке меншік) және бағалы қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар байлықты молайту құралы болып табылады. Әдетте, ақша деп қолда бар, айналыста жүрген металл және қағаз ақшалар, сонымен қатар чектік салымдар, яғни банктегі , түрлі сақтық мекемелеріндегі чектер түсініледі. Металл және қағаз ақшалар мемлекет міндеттемесі болса, ал ағымдағы есеп шоттар коммерциялық банктер мен сақтық мекемелерінің міндеттемелері болып табылады. Сол сияқты ақшамен қатар түрлі қаржылық міндеттемелер формасы ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар тікелей қарым қатынас құралы қызметін атқармағанымен , жедел қолма қол ақшаға немесе чекке айнала алады. Нарықтық қарым қатынастың келешек дамуына орай мұндай міндеттемелердің саны мен көлемі өсе түсетін болады. Ақшаның бағасы немесе сатып алу пәрмені дегеніміз сол ақшаға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көлемі.

Тәуелсіз еліміздің экономикасын тұрақтандыруда, экономикалық өсу мен экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуде ұлттық валюта – теңгенің рөлі айтарлықтай.

Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрады: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).

2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайн өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).

2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкноттар.

1993 жылға дейін айналыста кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Ұлттық валютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды. Президенттің Жарлығы шықты. Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні деп саналады.

Егер де бүгінгі таңдағы қаржылық жүйеге , біздің валютаға келетін болсақ, қазіргі кезеңде теңге нығайтылды деп айту әлі ерте. Оның бағамы тек тұрақтанды деуге болады. 1999 жылға шейін теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема валюталық бағамда емес. 1996-1998 жылдар барлық күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша тапшылығын тудырды. [6,4 бет]

Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының тарихы – Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталады. Алайда сол күнге дейін теңгенің сыртқы сипатын жасау бойынша ұзақ жылдар мен айлар бойы қатарлы еңбек пен табанды жұмыс жүргізілген болатын. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1,2,5,10, 20 және 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот жасау үшін Т.Сүлейменовтың басшылығымен суретші дизайнерлер командасы құрылды. Оған М.Әлин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте жауапты жұмыс жүктелді. Банкноттың дизайны көркемдік жағынан алғанда эстетикаға сай әрі алдағы уақытта оларды көптеп шығаруға, яғни полиграфиялық басылым тұрғысынан алғанда барынша ыңғайлы болуы керек. Біріншіден, банкноттар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда шын мәнінде қандай болуы керек екенін шешу қажет болды. Екіншіден, оларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру керек-тін.

Металл ақша – ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленді.

1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20; және 50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында "нейзильбер" қоспасынан жасалған 1993 жылдың үлгісіндегі құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың үлгісіндегі "нбрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және "нейзильбер" қоспасынан жасалған 20,50 теңгелік металл ақшалар айналыста жүрді. 1997 жылғы үлгідегі (жаңа металл ақша қатары) металл ақшаларды айналымға қосу оларды халықтың пайдалануы үшін барынша қолайлы етіп шығаруға, металды аз жұмсауға деген ұмтылысқа, сондай-ақ металл ақшаның 50 теңгелік қосымша құнының енгізілуіне байланысты болды.

Республикада ақша айналымында металл ақшамен қатар мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар да қолданылуда. Мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. 1995-2000 жылдардағы кезең ішінде "нейзильбер" қоспасынан он бір ескерткіш және мерейтойлық металл ақша, тоғыз күміс және "prool" сапасымен бір алтын ақша шығарылды.

Банкноттармен металл ақшаларды әзірлеу саласындағы жетістіктерге қарап Теңге – тәуелсіз, егемен Қазақстанның рәмізі екендігін, еліміздің кешегі күнінің айғағы, сенімді бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағының кепілі болып табылады. [5,3 бет ]

1999 жылы біздің өсуімізге жаңа мүмкіндіктердің көкжиегі ашыла бастады. Осыған байланысты теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет етуін қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырай бара жатса Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзеге жіберу керек болды.. Елдегі инфляция қазір соңғы үш жылда 5-6 пайыздан асқан жоқ.

Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекетте бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге үш жылдан кейін барлық экономикалық кеңістіктерде АҚШ-тың доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналмақ.Мұндай жағдайда теңге өзінің өміршеңдігіне негіз қалайтын болады. Дей тұрғанмен болашақта құрылатын біртұтас экономикалық кеңістікте ортақ валютаның болуы қиял емес. Теңге халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан асқаралы армандарының бірі болатын. [4,3 бет ]

Қорғау элементтері, пайдаланатын техникалық тәсілдер, орындалу күрделігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және оның дизайны одан әрі жетілдірілуде, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына әрі ақшаны жаңа тұрғыдан қорғау мен оған мәшине ғана оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық банктің жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізді.

Ұлттық валюта- теңгені енгізген алғашқы күннен бастап қайта құру құрылымын тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге жету, төлем балансының тепе-теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алды, оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын шектеу кіреді.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында валюталық режимді бұдан әрі ырықтандыру үшін қажетті алғышарт жасау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда. [14,6 бет ]

Есеп айырысу баламасына деген сұраныс б.э. дейінгі VIII ғасырда белгілі салмақ пен құрамдағы стандартты құймалардың пайда болуына негіз қалады.

Қазақстанның Конститутциялық Кеңесі Қазақстанның біртілді я екітілді мемлекет екендігін ашып айтып бере алмаған күйі үнсіз. Демек, елдегі солқылдақ ұлттық саясаттың салдарынан біз әлі де мемлекеттік тілдің статусын айқындай алмай жүрміз. Сөйтіп, төл теңгеміз қос тілде жарық көрді. Мемлекеттік тілде қате кетті.

Елдің елдігін, мемлекеттігін паш ететін 5 түрлі символы болады, олардың бастысы әрі бірегейі – тілі мен территориясы, шекарасы мен ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы ретінде ғана қарауға болмайды екен. Ол төлем құралы бола тұрып, елдің тарихи жадында паш етуі тиіс [12,1 бет].

Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар ұ сталмай бірге –бір есебінде жүзеге асырылады. Алдағы уақытта болатын акция ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың республиканың бүкіл аумағында бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Әр түрлі дизайндағы банкноталар шыққан жылына қарамастан номиналы бойынша төлем құралы ретінде қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде қандайда бір заңды тұлға ескі және жаңа дизайндағы банкноталарды номиналына қарамастан қабылдаудан бас тартқан жағдайда, онда мұндай іс - әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылады.

Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік және ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде қабылданған орыс тілін пайдалану тарихы тұрғыда қалыптасқан. Біздің заңдарымыз , Конституциядан бастап бұл екі тілдің қандай да бір жағдайларға қарамастан тең дәрежеде, бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің қолданылуы және барлық заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға сәйкес келтірілуі - ұлттық валюта банкноталарында екі тілдегі жазулардың пайда болуына себепші болды. Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі банкноталардың жоғары номиналдарының сырт жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған тек екі жазу ғана бар. Бұл номиналдың әріптік таңбалануы және қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін жазу. Осы жоғары номиналдарды енгізгенде орыс тіліндегі жазулардың пайда болуы , шындығында , іс жүзінде байқалмады , бұл бұрынғы банкноталарда пайдаланылған біріңғай бейнелермен байланысты болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік тілде жазумен қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ",

Жаңа банкнотаны әзірлеу кезеңінде дизайнның бірнеше нұсқасы , әр түрлі тақырыпта жасалған болатын.Таңдалған тақырып ежелгі мекенімізбен қазіргі Қазақстанның , оның болашақтағы нышандарын сабақтастырушы буын болып табылады.

Жаңа үлгідегі банкноталарды енгізуге дайындықтың бастапқы сатысында ескі үлгідегі банкноталар жаңаны енгізгенге дейін жеткілікті болуының ықтимал нұсқалары зерделенеді. Енгізудің жарияланған күні- 2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы дизайндағы теңгенің жеткілікті болуының соңғы мерзімі.

Банкнота екі парақпен жасалынады, оның біреуінде ішкі жағында сутамғы белгісін және қорғаныш жібін алдамшы түрде басып шығарады. [9,7 бет]


Просмотров 558

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!