Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дәстүрлі сұрақ: Не істеу керек?



Р Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызымен сұхбат

«ДАИШ −МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ»

Армысыз, Айнұр Әбдірәсілқызы! Сізбен кезекті сұхбатымызды бүгінгі күннің өзекті мәселесі – Таяу Шығыс тақырыбына, соның ішіндегі ДАИШ ұйымының іс-әрекетіне арнамақ ниеттеміз...

«Cоғыс – идеялар күресі» деген анықтаманы адамзат тарихы ғасырлар бойы қайталап келеді. Менің түсінігімде қазір соғыс идеялар күресі болудан кеткен. Қазіргі соғыстар – мүдделер қақтығысының шегінен шыққан шақтағы қасіретті салдары. Оларға себеп болған ортақ тін − геосаяси мүдде. Ол әр кезеңде, әр өлкеде әртүрлі желеумен көрініс тауып отыр. Оның субъектілері – кейде мемлекеттер, кейде ықпалды жеке тұлғалар болып келеді.

Енді Сириядағы жағдайды Таяу Шығыстың жеке мәселесі емес деп санайтын тұжырымымызға келейік. Таяу Шығыс мемлекеттерінің ғасырлар бойы Еуропаның отары болып келгенін дүниежүзілік тарихты мектеп қабырғасында ежіктеп оқыған отандық ойлы оқырман жақсы білуге тиіс. Сол саясаттың салдары өткен ғасырдың өн бойында Таяу Шығысты азаматтық соғыстың, азаттық күрестерінің ордасы етті. Бірде қосылып, бірде ірге бөлісіп, сан салалы тағдырды бастан кешкен Таяу Шығыс елдері дербес мемлекеттерге айналып, ғасыр соңында тыншығандай хәл орнағаны мәлім. Бірақ ширығып алған саяси сананы ішкі тұрақтылыққа сына қағушы күштер жаңа арнамен жарып шығуға арандатты. Бұл жолғы мүдделер қақтығысына құрал болған лайықты форма – дін атын жамылған радикалдану құбылысы еді. ДАИШ – осы бағыттағы үдерістердің ащы жемістерінің бірі.



Алай ойлайсыз, оның жақтаушылары да осылай пайымдай алар ма екен?

Радикалды топтардың ұшар басында тұрғандар бұл бағыттағы барлық әрекеттерге дін атаулының мүлде қатысы жоқтығын жақсы біледі. Яғни діни идеологияның еліктіру құралы мен бетперде екендігі олар және сыбайластары үшін айдан анық, күннен жарық мәселе.

Төменіректегі орта бөлік үшін дін мен дүние мүддесі аралас жатыр. Нақтырақ айтсақ, олардың арасында бұрмаланған мәніндегі дін идеясына көзсіз берілгендер де, бетпердесін баса киіп, үлкен қаржы жолында дін атын қолжаулық еткендер де баршылық.



Ал жалған идеяға жаңа елітіп, жалындап жүрген, ыстық-суығы басылмаған, ақиқатқа көзі ашылмаған төмендегі топ үшін, әрине, идея бірінші тұр. Олар үшін жазықсыз жанның қанын төгу дін жолындағы ұлы күрес іспетті. Өкінішке орай басым көпшілікті құрайтын осы бөлік өздері арбалған жалған идеяның бірінші кезектегі құрбандары да өздері екенін сезіне бермейді.

Айсысы қауіптірек?

Ешбірі осал емес. Ақымақтың үлкен-кішісі болмайтыны секілді, қауіптің де үлкен-кішісі болмайды. Адамзатқа қарсы қылмысқа дін атын жамылғы ету – осы дәуірдің нәубеті. Қазіргі қимыл осы қауіпті бейтараптандыру мен бетпердесін ашуға бағытталуы қажет. Бағытталып та жатыр.

Бірақ қауіптілік тұрғысынан келгенде мен назарды мәселенің басқа қырларына аударғым келер еді. Лаңкестік әрекеттер бір ғана аты жаман ДАИШ ұйыммен, бір ғана өрт шалған өлкемен шектеліп отырған жоқ. Кез келген уақытта ұйымдасқан лаңкестік әрекетті жүзеге асыруға дайын қауіпті күштердің әлемнің әр түкпірінде қалыптасып үлгергенін соңғы кездері жиілеп бара жатқан қантөгістер айқын аңғартып отыр. Бұл – алаңдатарлық емес, уайымдатарлық жайт. Жаһанданудың қайтарымсыз үдерісі, ашық шекара саясаты мен ашық ақпарат кеңістігі еркін байланыстарға ғана емес, жағымсыз салдарларға да жол ашты. Өкінішке орай, өркениетті даму сатысына өткен шағында адамзат осындай қауіппен өмір сүруге мәжбүр болып отыр.

Атап айту қажет, жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін мұндай қантөгістер өз кезегінде әлемдік қауымдастықтың лаңкестіктің алдын алу шараларында күш біріктіріп, жұмыла түсуіне, пәрменді тетіктер қалыптастыруына әсер ететіні айқын. Ұлттар мен мемлекеттердің өзін-өзі сақтау инстинкті мен қалыптасқан қауіпсіздік институттары еріксіз осыған алып келеді. Бірақ екінші жағынан «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» деп атамыз қазақ айтпақшы, мұндай оқиғалар түсінігі біржақты тұлғалар санасында исламофобияны өршітуге тағы да себеп болатынын жасыруға болмайды. Оған мүдделі күштердің жан сала кірісіп отырғаны да айқын.

Дәстүрлі сұрақ: Не істеу керек?

−Тек осы мәселе бойынша ғана жауап берер болсақ, бір нәрсені ескеруіміз керек:Біз қанша жерден «лаңкестік – дінге жат» деп жар салып жатқанымызбен, ислам қайраткерлері мен күллі мұсылман қауымы лаңкестікті қатаң айыптап отырғанымен, ақпарат кеңістігінде исламофобияны қоздыруға себеп болатын ақпараттардың көптігі белгілі бір дәрежеде өз салдарын тудырады. Ал исламға деген жеккөрінішті көзқарас өз кезегінде кері әсер туғызып, қарапайым мұсылмандардың ашу-ызасы мен наразылығына себеп болатыны анық. Сондықтан лаңкестікке қарсы күрестің басты бағыттарының бірі ақпарат кеңістігін азаматтарды исламофобияға жетелейтін орынсыз айыптауларға толы жағымсыз ақпараттардан арашалау, осы тектес мәліметтерден мүмкіндігінше тазарту болуға тиіс. Сонымен бір мезгілде діннің шынайы болмысын, реттеушілік функциясын терең түсіндіретін жан-жақты, мазмұнды мәліметтерді көптеп жариялау қарқынды түрде жүргізілуі қажет. Қазақтың «Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын» дейтіні осы.

Ал экстремистік мазмұндағы мәліметтерге тосқауыл қою мәселесі ше?

– Бұған дейін де жүргізіліп келе жатқан экстремистік және террористік мазмұндағы мәліметтер мен ғаламтор ресурстарына тосқауыл қою ісін одан әрі жандандыру, жеделдету қажеттігі – басы ашық мәселелердің бірі. Тек Елбасымыз орынды ескерткендей, «лаңкестікпен күрестің дінмен күреске айналып кетпеуін» ерекше қадағалау маңызды. Себебі, қаласақ та, қаламасақ та рух саулығынан гөрі бас амандығын көбірек ойлау – адамзат қоғамына тән сезік. Қазірдің өзінде «Дінге сенудің, діни сенім бостандығына жол ашудың қажеті бар ма өзі?» деп, сенім мәселесіне тек қауіпсіздік тұрғысынан ғана қарайтын көзқарастардың аз айтылып жүрмегенін ескерген жөн. Бұл да өз кезегінде шектеулі көзқарас болып табылады, ал шектелушілік белең алған жерде даму тежеледі. Сонымен қатар шектеулі көзқарастар қашанда қарсы пікір мен наразылықтың туындауына себеп болып табылады.

Дін мәселесіне қауіпсіздік тұрғысынан қарау жеткіліксіз, оған құндылықтық тұрғыдан назар аудару қажет.

Сөзіңіз аузыңызда, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сіз «діни экстремизм» және «діни терроризм» терминдеріне қатысты оқшау пікір айтқан едіңіз. Сол пікіріңізді тарата айтатын орайлы сәт келген тәрізді...

− Ол ой былайша өрбіген еді: Біз әдетте «Шетін көзқарас – дінге жат», «Дінде экстремизм де, терроризм де жоқ» дегенді үнемі айтамыз. Осы бағытта мемлекет тарапынан сансыз көп ақпараттық ағарту жұмыстары ұйымдастырылуда. Оған дәстүрлі діндер өкілдері де лайықты дәрежеде үн қосып отыр. Сөйте тұра біз «діни экстремизм» және «діни терроризм» деген тіркестерді ойланбай қолданудамыз. Мемлекет азаматтарын қайшылықты ұғымдар мен көзқарастардан арашалау, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыру үшін кезең-кезеңімен күрделі ұғымдарды қайта қарап отыру қажет. Осы орайда бірінші кезекте «діни экстремизм» және «діни терроризм» ұғымдарын қайта қарап, лайықты анықтамасын қалыптастыруымыз қажет. Шетін көзқарастарды дінге өз қолымызбен жақындатып, дін атын жамылған құбылыстарды «діни» деп танығаннан ұтарымыз жоқ, ұтыларымыз көп болмақ.

Дінге ықылас уақыт өткен сайын күшейе түспек – өйткені ол адам болмысында бар қажеттілік әрі қасиет. Дін мәселесін дінді сезіне отырып қана шешуге болады. Дін – қоғамдық сана негіздерінің бірі, рухани мәдениет феномені, адам өміріне мағына мен руханилық дарытушы күш, адамзат болмысының айнымас қажеттілігі, ажырамас бөлшегі, табиғи тірегі ретінде толық мойындалғанда ғана оған қатысты стереотиптер мен әдістер өз-өзінен өзгереді, жанды, қоғаммен байланысы бар, рухтандырушы және руханиландырушы әдістемеге айналады. Осындай жағдай қалыптасқанда радикализацияға тірек болатын құбылыстар еріксіз күшін жояды. Жоғарыдағы «дін мәселесіне құндылықтық тұрғыдан назар аудару қажет» дегендегі айтпағымыз да осы еді.

Енді елімізге ойыссақ. Сіздің «радикализацияға тірек болатын құбылыстар» деген анықтамаңыз біраз мәселенің түйінін тарқатуға мүмкіндік беретін тәрізді. Осы құбылыстарға Қазақ елінің мысалында кеңірек тоқталсаңыз...

Ішкі ахуалы қаншалықты тұрақты болса да, ешбір мемлекет «әлеуметтік-экономикалық мәселелерімізді толық шешіп болдық» деп айта алмаса керек. Қазақстанның да өзіне тән қиындықтары жеткілікті, ол мәлім жағдай және белгілі бір дәрежеде қалыпты құбылыс.

Кез келген мемлекет өз тарихының өн бойында даму үстінде болады, оның азаматтарының саны да, сұранысы да өсіп, өзгеріп отырады, мемлекет дүниежүзілік даму үдерістерінен шет қала алмайды, технологиялық өсу қарқыны мен қажеттілігі тағы бар, осының барлығы ерікті-еріксіз барлық мемлекеттерде шешілуі тиіс мәселелерді тұрақты түрде туындатып отырады.

Ал рухани саладағы қиындықтар – өз алдына бір төбе. Ол мемлекет азаматтарының тарихи тәжірибені игеру дәрежесі, соның негізінде қалыптасқан рухани деңгейі, сапалық құрамы, рухани сұраныстары мен ішкі-сыртқы байланыстары секілді көптеген факторлар есебінен қалыптасады. Бұл да өз кезегінде тоқтаусыз үдеріс.

Осы ерекшеліктердің барлығы табиғи түрде Қазақстан қоғамына да тән болып табылатын қазіргі жағдайда біз де радикалдану үдерісімен бетпе-бет келіп отырмыз. Оның әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын түйсіне отырып, шешу және алдын алу жолдары көптеп талқылануда, кеңінен қарастырылуда. Ал енді осы құбылыстың әлеуметтік қырының аясында қамтылатын тұлғалық ерекшелік мәселесінің де маңызы аз еместігіне жете назар аударып үлгермеген тәріздіміз.


Просмотров 326

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!