Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рылықтық фаунаны аудандастыру 7 часть



Мұхит аралдарының көпшілігімен Жаңа Зеландия құрылықтан ұзақ уақыт бойында оқшау болғандықтан оның табиғаты ерекше. Физикалық географиялық жағынан Жаңа Зеландия таулы өлке, таулары альпілік сипатта, мұздықтар мен көлдер және ыстық су қайналары көп. Солтүстік аралының климаты жұмсақ, жазы теңіздің ықпалына байланысты аса ыстық емес, қысы жоғары биіктерде ғана суық. Жауын шашын жыл көлемінде 1000 — 2000 мм.

Оңтүстік аралдың әсіресе батыс жағалауында мұхиттың суық желдерінен қорғанбаған. Тауда қар теңіз деңгейінен 900— 1100 м биіктікке дейін түседі. Жаңа Зеландияның климат жағдайы түрліше: субтропиктік, теңіздік және қоңыржай болып келеді.

Антрактидадан Жаңа Зеландияның бор дәуірінде ажырап кетуі флорасы мен фаунасының ежелгілігі мен салыстырмалы түрде кедейлігін қалыптастырған.

Жаңа Зеландияның келбетінің ежелгілігінің тағы бір көрінісі ылғалды сүйетін қалың, бойының биіктігі 40 м болатын ағаштәрізді папортниктердің болуы туындатады. Оңтүстік аралдың үлкен территориялары оңтүстік бук ағашынан тұратын ормандар алып жатыр. Облыстың флорасының құрамында 50 эндемик туыс бар. Түр деңгейіндегі эндемизм де жақсы дамыған: папортниктер арасында 40 % эндемиктер, қылқан жапырақты ағаштардың 100 %, гүлді өсімдіктердің 80 % эндемиктер қатарына жатады.

Жаңа Зеландия облысының ерекшеліктері:

· Абориген сүтқоректілер, жарғанаттардың екі түрінен басқа, кездеспейді.



· Құстар фаунасы өзбетінше ерекше топтардан тұрады, кивидің эндемик отряды, тотықұстардың екі эндемик туысы үкі және нестор, жақын арада жойылып кеткен моа құстарынан тұрады.

· Бауырымен жорғалаушылар класынан эндемик алғашқы кесірттер класс тармағы кездеседі, оның жалғыз өкілі гаттерия, қалған өкілдері 100 млн. жыл бұрын құрып біткен. Жыландар, құрылық тасбақалары мүлде кездеспейді.

· Қосмекенділер лиопельм қарапайым құйрықсыз бақаларының 2 — 3 түрі ғана бар.

Бұл фаунаның ерекше болуы мезазой дәуірінің аяғына дейін Жаңа Зеландия аралдарының бөлініп кетуіне байланысты сүтқоректілер территорияға кіріп үлгермеген, ал жыландар мүмкін әлі пайда болмаған кез болуы керек, өйткені олар бор дәуірінің соңғы кездерінен бастап қана белгілі. Фауна өте кедей, аралдық сипатта.

Жәндіктер фаунасы да аса түрге бай емес: күндізгі көбелектерден бар жоғы 16 түр, төменгі сатыдағы 1100 көбелектің 90 % эндемиктер қатарына жатады. Ежелгі омыртқасыздар қатарына жататын сарышаяндар да жоқ.



Балықтардың бар жоғы 20 түр кездеседі. Тұщы су балықтары бірнеше тұқымдасқа ғана жатады. Жылан балық пен албырт балығының эндемик бір бір түрлері ғана кездеседі.

Жергілікті қосмекенділерге лиопельма туысына жататын 2 — 3 түр ғана жатады (38 – сурет, a). Бұл қазіргі заманғы қосмекенділердің ең қарапайым өкілдері.

Жаңа Зеландияның тірі реликт бауырымен жорғалаушысы болып гаттерия табылады (38 – сурет, б). Сырт келбеті бойынша кесірткеге өте ұқсас, дене ұзындығы 75 см-ге дейін, ішкі мүшелер жүйесін қарастыру арқылы оны алғашқы кесірттердің жеке класс тармағына бөледі, триас және бор дәуірі кезеңдерінде бүкіл жер шарына таралған жануарлар тобы болған сияқты. Залалсыз бұл жануарлар теңіз жағаларындағы індерінде тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді, жәндіктер мен құрттарды қорек етеді. Кейбір аралдарда ғана қалған, өйткені осы аумақта көптеп таралған шошқалар оларға шабуыл жасайды. Жаңа Зеландияның бауырымен жорғалаушыларының қалған 7 Полинезей облысында кең таралған кесірткелер туысына жатады, олар сцинк, геккондар, геккондардың 2 туысы эндемиктер қатарына жатады.

38 – сурет – a) Лиопельма б) гаттерия

(Leiopelma); (Sphenodon punctatus)

 

Жаңа Зеландия биоценозына жануарлармен әлсіз қаныққаны тән. Сүтқортекілердің аз болуы құстардың көп әрі әралуан болуымен толықтырылады, құстардың көпшілігі ұшпайтын құстар қатарына жатады, бұл оларға шабуыл жасайтын бауырымен жорғалаушылардың болмауымен түсіндіріледі.

Жаңа Зеландия аралдарында құстардың 256 түрі кездеседі, олар 16 туыс пен 35 тұқымдасқа біріктіріледі. Жер бетінде тіршілік ететін жергілікті құстардан басқа Жаңа Зеландия құстар фаунасының құрамына кіретін шамамен 70 шақты түрлі құстар жағалауларда ұя салады (пингвиндердің 11 түрі, альбатростар, дауылпаз, шағалалар, суқұзғындар, қарқылдақ шағалалар, олуштар және т.б.). Кең таралған құстардың қатарынан бұл аралдарда: шыбыншы торғай, көктеке, сандуғаштар, көкшымшық, қараторғайлар кездеседі. Осы облыс қараторғайларының эндемиктер тұқымдасына 4 түр жатады, гуйя қараторғайының аталығының тұмсығы қалыпты ұзындықта әрі түзу болса, аналығының тұмсығы аталықтікіне қарағанда екі есе ұзын әрі имек пішінді. Жаңа Зеландияның қалақайда кездесетін құстары тұқымдасы эндемиктер қатарына жатады. Мұхит аралдарында эндемиктеріне жататын бал сорғыш құстары тұқымдасынан Жаңа Зеландияда бал сорғыш-туй құсы кездеседі.

Бұл жерлерді мекендейтін шалшықшы сауысқан, үлкен сұқсұр үйрек және т.б. кең таралған құстар қатарынан. Сонымен қатар, Жаңа Зеландияның құрылықтан қашықтығы мен аралдық сипатта болуына қарамастан Жаңа Зеландияға солтүстік-шығыс Азия мен Америкадан көптеген құстар келіп қыстап шығады, көбінде шалшықшы құс.

Тотықұстардың 6 түрінің ішіндегі қызықтысы жапалақ тоты құсы – ұшу қабілетін жоғалтқан жалғыз тоты. Ірі нестор тотықұстарының екі түрінің біреуі кэа жемістер мен жәндіктермен қоректенеді. Қоныс аударушылар қой өсіре бастағанда, бұл құстар өздерінің әдеттерін тез ауыстырып, олар қойлардың арқасына қонып жәндіктермен қоректене бастайды кейін, қойлардың өздерін шоқып майымен, бүректеріне жете бастады.

Жаңа Зеландияның ерекше құстарының қатарында киви бар,олардың жақын үш түрі бар. Түйеқұстар отрядына жатады, дене пішіндері өте кішкене (тауықтармен пішіндес), қанаттары рудимент түрінде, қауырсындары шашқа ұқсайды, көздері кішкене, тұмсығы ұзын әрі имек пішінді ұшында танау тесіктері болады, бұл құстарда болатын жалғыз жағдай. Олар орман құстары түнде белсенді тіршілік етіп, құрттар мен жәндіктермен қоректенеді. Өз қоректерін иіскеп сезу арқылы тауып алады. Яғни, экологиялық жағынан ол құстар жаңа зеландиялық фаунадағы жәндік қоректі жануарларды алмастырып отыр. Бұл жерлерге европалықтар келмей тұрғанда, түйе құстарға жататын моаның 10-нан аса түрі болған, олар австралиялық түйеқұстар мен кивилердің арасындағы аралық құс болған. Олардың бойлары 1 мен 3 метра арлығында, салмағы шамамен 300 кг болған сыңайлы. Оның сүйек қаңқалары Солтүстік және Оңтүстік аралдарынан табылған. Капролит (тас болып қалған тезек қалдықтары) қалдықтарына қарап моа тұқым, тамырлармен қоректенетін орман құстары болған деп айтуға болады. Олар Солтүстік аралында 350 жыл бұрын вулканның әсерінен жойылып кеткен деп есептелінеді. Ал Оңтүстік аралында олар 18 ғасырдың аяғына дейін тіршілік еткендігін олардан қалған қалдықтар: сүйек, ет, т ері, ішкі мүшелерінің қалдықтары айтады. Оларды 200 жыл бұрын осы жерлерді игеруге келген европалықтар жойып бітірген.

Жоғарыда келтірілген ұшпайтын құстардан басқа, жойылып кеткен гигант қазды, қазір тіршілік етіп жатқан бір және жақында жойылып кеткен бір сутартар құсты, қазір тіршілік етіп жатқан сұлтан тауығын (такахе), ал Окленд аралы үшін ұшпайтын бейнеарық үйректі атап өтуге болады.

Сүтқоректілерден – 3 түр кездеседі, олардың қатарында жарқанаттардың бір эндемик тұқымдасы, егеуқұйрықтар кең таралған полинезейлік түрлер қатарына жатады, бұл арада ол тек түр тармағы ғана, өйткені өте жуық арада ғана Жаңа Зеландияға кірген түр болып саналады.

Жаңа Зелендияның фаунасына үлкен әсер етуші фактор болып құс, сүтқоректілер және омыртқасыз жануарлардың түрлерінің интордукциясы болып саналады. Шамамен 600 - 1000 түр жан-жануарды, осы жерлерге қоныстануға келген адамдар фауна мен флора құрамын байытқысы келу ниетінде әкелген. Яғни, әртүрлі уақыттарда арнайы немесе кездейсоқ адам әрекетіне байланысты көптеген жан жануарлар осы облыс фаунасына әкелініп қосылған. Адамның әкелген жануарлары бұл аралдарда басқа жерлермен салыстырғанда өте тез жерсініп кетеді, бұл құбылыс жергілікті фаунаның қарапайымдылығымен ценоздарының қанықпағандығымен, европалық климатқа ұқсастығына бйланысты болса керек.

Европадан кірпілерді, үй қояндарын, жабайы қояндарды, үй тышқандарын, сұр егеуқұйрықты, түлкілерді, сасық күзенді, ақкісті, аққалақты, кербұғыларды, кермаралдарды, таукиіктерді, доңыздарды әкелген. Солтүстік Америкадан бұлан, Үндістаннан замбар маралын, Гималайдан тау ешкілерін, Австралия мен Тасманиядан бірнеше түрлі қалталы жануарлар кеген

Европалық және Солтүстік Американдық құстардан 20 түр жерсіндірілген, олар торғайлар, қараторғайлар, тәкілдек, ақтұмсық қарғалар, сайрауықтар, ал балықтардан мысалы, европалық және америкалық форель немесе патша балық.

Кейбір жерсіндірілген түрлер мәдени ландшафтарда кең таралған және кейбір жергілікті түрлерге қарағанда сан жағынан асып түседі. Сонымен қатар, жерсіндірілген аңшылық жасау мақсатында кіріктірілген түрлердің маңызы арта түскен. Мысалы Жаңа Зеландия маралдарды жартылай еркіндікте өсіретін елдердің ішіндегі алдыңғы қатарда, өйткені жыл сайын 10 мың тонна марал еті өндіріледі.

Қазіргі кезде ауыл, қала маңындағы жергілікті абориген түрлер адам әрекеті арқылы әкелінген түрлермен толық ығыстырылған десе де болады. Соңғы жүз жылдықта Жаңа Зеландия фаунасындағы жергілікті құстардың елу шақты түрлері адам әрекеті арқасында немес жерсіндірілген түрлердің қысым көрсетуіне байланысты құрып кеткен, мысалы өте үлкен түйеқұстар моа.

Жерсіндірілген түрлер бұл жерлерден тек қолайлы физикалық географиялық тіршілік ортасын ғана емес, сонымен қатар бос экологиялық орта да табады. Алайда Жаңа Зеландияда саңырау құр, ақ және сұр шілдер жерсінбей қойған.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Облыс қандай территорияда орналасқан, шекараларын ата?

2. Облыстың басты ерекшеліктерін қандай себептерге байланысты болуы мүмкін?

3. Қандай эндемик түрлер кездеседі, не себепті эндемик түрлерге жатады?

4. Фаунаның дамуы неге байланысты болуы мүмкін ?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Второв П.П., Дроздов Н.Н. Биогеография. / П.П.Второв, Н.Н.Дроздов. - М.:2001.- 301 с.

2.Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. / Н.М. Кобышев, Б.С. Кубанцев. - М.:Просвещение.1988. – 182 с.

3.Нұрғазы Қ.Ш., Зоогеография. / Қ.Ш.Нұрғазы, М.Қ.Байбатшанов, Н.М. Өміржанова.- Алматы, 2010.

Азақстан фаунасы

 

ХІХ ғасырдың соңы — ХХ ғасырдың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоология зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геолологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң зерттеулерi геогрграфиялық тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы”) деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогрграфиялық аудандастырудың негiзiн қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса). Қазақстанда қазір жан-жануарлар мен құстардың - 178 аң мен 512 (кей деректерде 505 деп те айтылады) құстың түрі тіршілік етеді.

Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жануарлар, жәндіктер, шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б. бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады. Едәуiр бөлiгiн Жайық өзенінiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ ХХ ғасырдың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.

Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтiн ерекше тұқымдас өкiлi — жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінiң солтүстік жағалауындағы кейбiр аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солтүстік Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседi. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуiл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шөлде бiрқатар кесiртке (жұмырбас, ешкiемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлерi, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседi. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердiң жағалауындағы қалың қамыс арасында бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетiн, Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесi де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сiбiр таутекесi, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиiн, борша тышқан, алтай суыры, құр, шiл, т.б. кездеседi.

 

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Қазақстан фаунасының даму ерекшеліктері неде?

2. Фаунаның басты ерекшеліктерін ата.

3. Қандай эндемик түрлер кездеседі?

4. Фаунаның дамуы неге байланысты?

 


Просмотров 835

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!