Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рылықтық фаунаны аудандастыру 6 часть



Фаунасы кедей, ол жерлерде:

·Сүтқоректілердің барлығы дерлік, кейбір ұсақ кемірушілер мен жарқанаттарды санамағанда;

·Қолтырауындар;

·Тұщы су мен құрылық тасбақалары;

·Жыландар, су жыландарын санамағанда;

·Шамамен барлық қосмекенділер, тек Фиджиде нағыз бақаларды, ал Гавай аралдарында – нағыз құрбақаларды санамағанда, мүлде кездеспейді.

Полинезей облысының жануарлары шығысқа қарай кедейлене түседі және екі экологиялық фауналық топтан тұрады: «қыдырып» жүрген, яғни теңіз сияқты табиғи кедергілерді, белсенді не белсенсіз, оңай басып өтетін формалар мен автохтондар немесе аралдық, яғни ата тектері бұл аралдарға кенеттен түскен формалардан тұрады. Біріншілерінің қатарына Мадагаскар мен бүкіл Полинезей облысында таралған (Гавай арлдары мен Жаңа Зеландияда кездеспейтін) ұшатын иттер туысы, олардың 70 жуық формалары бар. Бауырымен жорғалаушылардан: геккон, сцинк, кесірткелер мен кейбір жәндіктер, олардың барлығы суда жүзіп жүретін заттар арқылы осы аралдарға тап болғандар. Фиджи аралында эндемик аспид (36 – сурет), ал Тонга және Самоа аралдарында Ganodoia туысына жататын айдаһар кездеседі.

 

36 – сурет – Аспид (Micrurus)

 

Бақалар мен бақбақылдар Бисмарк архипелагына дейін жетеді, ал Фиджи аралында 2 эндемик түр кездеседі. Құрбақалар тек Гавай аралында ғана кездеседі.

Жаңа Гвинеядан шығысқа қарай жылжығанда фаунаның кедейлену тенденциясы байқалады. Бұл жануарлардың Азия материгінен су кедергілері арқылы таралғандығының дәлелі. Кедергілердің көлемі мен жануарлардың оларды басып өту ерекшеліліктері қарқынды таралудың бірден-бір басты шарты. Полинезийя облысының сүтқоректілер фаунасының басты өкілдері Саома аралына дейін жететін өсімдік қоректі қолқанаттылар болып табылады. Олар индиялық туыс рода Pteropus и Emballonura, палеарктикалық Myotis, сондай ақ тропиктік Miniopterus туыстар өкілдері.



Омыртқалы жауарлар фаунасының негізгі ядросы болып Полинезей облысының 100 шақты туысты біріктіретін құстар фаунасы табылады. Бұл құстар бірнеше топтарға бөлінеді. Олардың ішінде 35 туыс эндемиктер, 40 туыс малайлық фауна өкілдеріне, ал қалғандары папуасстық фаунаға жақын болып келеді. Құстардың арасында доминанттылық танытатын Treroninae және Gourinae тұқымдс тармақтарына жататын көгершіндер болып келеді. Самоа аралында Didunculinae тұқымдас тармағына жататын жалғыз Didunculus монотиптік туысы кездеседі. Сонымен қатар кең таралған туыстардан - қарлығаштар (Hirundo), жапалақтар (Asio), көкектер (Cuculus) және т.б. кездеседі. жаңа каледония аралында кагу (Rhinochetesjubatus) тіршілік етеді, ол эндемик отряд Rhinocheti жатады. Бұл құстардың саны орманды аяусыз кесуі мен аңшылық негізінде азайып бара жатыр.



Гавай аралының құстар фаунасы ерекше болып келеді. Бұлар ең алдымен гавай гүл құстары 22 түрден тұратын Drepanididae тұқымдасы. Оқшаулану жағдайында ұзақ уақыт тіршілік еткен құстар бірнеше экологиялық топтар құрған, олар әдемі, тұмсықтары әртүрлі. Қауырсындарының әдемілігіне байланысты кейбір түрлерге жойылу қаупі төнген.

Омыртқасыздар облыстың батыс бөлігінде көптеп кездессе, шығысқа қарай азая түседі. Фиджи және Жаңа Каледонияда кавалер көбелектері кездеседі, олар Саома аралына дейін таралған. Жаңа Каледонияда омыртқасыздардың 80% эндемиктер қатарына жатса, қоңыздардың 30-75% эндемик және олардың көбі ұшпайтын қоңыздар. Гавай аралдарының былқылдақденелері эндемик Achatinellidae тұқымдасына жатады, түрлерге бай және жеке тау қыраттары, далаларға таралған географиялық нәсілдері өте көп.

Барлық архипелагтарда теңізден алысқа кете алатын кокос тақуа шяаны көптеп кездеседі. Кокос пальмаларына шығып кокоспен қоректенеді.

Тұщы су балықтары өте аз және тек өтпелі балықтардан ғана тұрады, керісінше құстар өте көп: Оңтүстік жіне Оңтүстік-Шығыс Азияны, Малай архипаллагын, барлық океанияны мекендейтін саланган ұзын қанатты қарлығаштар, өте жақсы ұшатын көгершіндер, зымыранқұстар, балсорғыш құстар. Бұл жануарлар барлық океанияны бір фауналық кешенге біріктіретін жануарлар тобын құрастырады.

Жоғары сатыдғы автохтонды жануарлар қатарында Жаңа Каледонияны мекендейтін тырналар тұқымдасына жататын кагу құсы және Гавай аралдарының эндемиктер қатарына жататын гавай гүл құстары тұқымдасы бар. Полинезеяның территориясында кездесетін құстардың 100 туысының 27-і эндемиктер болып табылады.

Фиджи аралында батыс жарты шарға тән кесіртке игуан (37- сурет) кездеседі, ол Мадагаскар мен осы жерде ғана таралған.

 

37- сурет – Игуан (Iguana iguana)

 

Жаңазеландия, Австралия және Полинезия облыстарының арасындағы айырмашылықтардан басқа, олардың барлығына тән балсоратын құстар бар, олардың 200 түрі Австралия, Жаңа Зеландия, Жаңа Гви­нея, Молукк аралдарымен Океанияның барлығында таралған. Бұл ерекше құстар сол ареалда таралған эвкалипт ағаштарымен тығыз байланысты өмір сүреді, эвкалиптің гүліндегі шырынымен, бал және жәндіктермен қоректенеді. Олардың тілінің ұшы шашақталып тұрады сол шашақтың көмегімен өсімдік шырынын ала алады.

Осы үш облыста сұр жыландар, тоқылдақтар, құмай, құнақ, сайрауықтар мен сүтқоректілердің барлық отрядтары кездеспейді. Осы аталған себептерге байланысты Жаңазеландия, Австралия және Полинезия облыстары Нотогей патшалығына біріктіріледі.

 

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Полинезей облысы қандай территорияда орналасқан, шекараларын ата?

2. Облыстың басты ерекшеліктерін неде деп білесің?

3. Қандай эндемик түрлер кездеседі, эндемик болу себептері неде деп ойлайсың?

4. Фаунаның дамуы қандай себептермен байланысты болуы мүмкін?

 

 

Австралия облысы

 

Австралия облысы өзі аттас материкті, Тасмания, Жаңа Гвинея, Бисмар­к архипелагын, Соломон аралдарын және Тиморды қамтып жатыр. Бұл облыстың фаунасының қалыптасуы мезазой дәуірде ежелгі Гонтвананың ыдырауы кезінде басталған. Палеонтологиялық қазба қалдықтар Австралия құрылығының Антарктидамен ұзақ уақыт байланыста болғандығын, ал ол арқылы Оңтүстік Америкамен байланысқанын көрсетеді. Шамамен 50 — 60 млн жыл бұрын Австралия Антарктидадан солтүстікке қарай ажырай бастаған. Климат жағдайының күрт өзгеруі Австралия мен Оңтүстік Американың фауналары арасындағы ұқсастықтың сақталуына мүмкіндік берген жоқ. Оның солтүстікке қарай жылжуы Оңтүстік Шығыс Азиямен ұқсас болуына әкеліп соқты, яғни аралдар тізбегі арқылы австриялық және азиаттық түрлердің араласуы жүре бастады. Сондықтан Кіші Зонд аралдары, Сулавеси және Мо­лукк аралдары фауналар арасындағы өтпелі жолақ болып саналады.

Австралияның рельефі мен климаты таулардың тек батыс және шығыс жағалауларда орналасқандығымен анықталады. Жалпы континент аса биік емес, жартысының теңіз деңгейінен биіктігі 200 — 300 м. Осыған орай құрылыққа өте аз жауын шашын түседі. Жаңбырлардың көп мөлшері Австралияның солтүстік-шығысына (Квинслендке) және Тасмания аралына түседі. Осыған орай осы ауданда ормандар бар: солтүстік шығыста тропикалық, оңтүстікте субтропикалық, қылқанжалпақтығ яғни мәңгі жасыл ормандар кездеседі. Австралияның субтропикті орманында ірі эвкалипттер өседі.

Австралияның оңтүстіктік батысы төзімді және таңсык ормандармен жабылған. Материктің қалған бөлігіндегі ең құрғақ аудандарда аласа бойлы қаттыжапырақты эвкалипттер немесе мәңгі жасыл қарағандар , сирек кездесетін бұталы сораңдар кездеседі. Австралиядағы үлкен кеңістікте шөлдала орналасқан, ондағы өсімдіктер алқаптарды бойлай, түзды көлдердің жағасында немесе уақытша су аңгарларында ғана өседі. Австралиялык шөлдала алуан түрлі: құмды, топырақты, галечникті, сортанды және т.б. нұсқалары бар болып келеді. Құмды шөлдалаларға спинифекс және триодия тектес ксероморфті қаттыжапыракты астық шөптер өседі.

Австралиялық фаунаға тән ерекшеліктерге дара өтпелі және қалталы сүтқоректі жануарлар жатады. Дара өтпелі немесе алғашқы андар класс тармағы жабайылық белгілермен эндемиктік класс тармағын құрайды, оларға клоаканың болуы жатады, олардың көбеюге қажетті емізіктері жоқ болады және олар жұмыртқа салу арқылы көбеюді жүзеге асырады. Осы класс тармағында және Monotremata жалғыз отрядында барлығы тек 2 аң: үйрек тұмсықтылар (Ornithorhynchidae) және ехидналар (Tachyglossidae) бар, ехидналар ішінде оның арғы атасы жаңагвинейлік тегі кездеседі. Дара өтпелілер - қарапайым андар. Үйрек тұмсықтылар су өтпейтін терісі, аяқтарындағы жүзуге арналған жарғақтар, жақтарындағы («тұмсықтағы») мүйізді қаптама арқылы су астында тіршілік етеді. Олардың аяқтары күшті, тырнақтары мықты, танауы тқмсыққа ұласқан, тілдері ұзын және жабысқақ болып келеді. Австралияда ехидналар ертедегі қазба күйінде өзгеріссіз табылған.

Қалталылардан (Marsupialіа отряды) австралиялық облыста 8 түрі: жыртқыш қалталылар (Dasyuridae); намбаттар немесе қалталы құмырсқажегіштер (Myrmecobiidae); қалталы көртышқандар (Notoryctidae); көпсаусақтылар оряд тармағынан бандикуттар (Peramelidae); екісаусақтылар отряд ьармағынан опоссумдер немесе фалангисттер (Phalangeridae); қалталы аюлар, немесе коала (Phascolarctidae); вомбаттар (Vombatidae) және кенгуру (Macropodidae) мекендейді. Осы облыстағы жануарлар қалталыларға өте бай. Қалталылар экологиялық төменгі сатыдан орын алғанмен, олар жершарының басқа облыстарындағы плацентарлы хайуанаттармен бірсатыда тұрады. Қалталылар тек конвергентті ғана ұқсастыққа ие болды. Иттәрізділерге қалталы қасқыр және қалталы сайтан, көртышқанға - қалталы көртышқандар, қосаяқтарға - қалталы секіргіш, суырларға - ебдейсіз вомбаттар ұқсас болып келеді, жалпыға мәлім коала - ойыншық аюды еске түсіреді, түрі ұқсас болғанмен, бірақ экологиялық саты бойынша коала оңтүстік америкалық жалқаумен қатарлас келеді. Өкілдердің әртүрлілігі отрядтар тобының айқын белгілерімен анықталады: оларда плаценттер жоқ, ұсақ балапандар шала туылады, қалталы сүйектері болады, ал көпшіліктерінде қалталар мен ми құрылымы қарапайым болады, дене температуралары плацентарлыларға қарағанда төмен болып келеді.

Австралиялық облыста жоғары сатыдағы жануарлар тіршілк етеді, бірақ оларға тек кеміргіштер мен қолқанаттылар жатады. Динго иттері - Австралия фаунасына кейіннен келген қоныстануышы болып табылады.

Австралиядағы кеміргіштер тышқан тектілерге жатады. Жер шарына кеңінен тарала қоныстанған егеуқүйрықтардың субэндемиктік жартылай суда тіршілік ететін (Hydromyinae) түрі камшат тектес түрлерден бөлінеді, олардың кейбір өкілдері Жаңа Гвинеяға дейін жеткен. Қолқанаттылар шөпжегіш және жәндікжегіш жарқанаттардан тұрады. Олардың арасында эндемиктік түрлер көп.

Қазіргі кезде Австралия фаунасы адам қолымен қатты өзгертілген, себебі олар европалық түрлердің көптеп жеткізілуіне себеп болды.

Австралиялық облыстағы құстар әртүрлі және 50 қауымдастық түрге бөлініп орналасқан. Мамық жүнділерге материк үшін эндемиктік эму (Dromaedidae) жатады, сонымен қатар казуарлар бар. Казуарлар жаңбырлы тропикалық ормандар басқан Австралияның солтүстік - шығыс бөлігін ғана қоныстайды. Олар негізінен Жаңа Гвинеяда, яғни Нотогея шекарасынан тысқары тіршілік етеді. Австралияда қазтәрізділерден әдемі қара аққу мекендейді, оны сәндік мақсаттарда Европа бақтарында арнайы ұстайды. Отаны Австралия шекарасынан тыс орналасқан, бірақ осында мекендейтін ақ тұйғындарды, қаршығаны, құтандарды атап кетуге болады. Тауықтардың (Mega podiidae) түрі көптеп кездеседі, олар Австралияда материктің орталық қуаңшылық, сортаң жерлерге және солтүстік шығыс бөлігіндегі ормандарға қоныстанған. Сонымен қатар, олар өз жұмыртқаларын құмға, топыраққа, жанартау күлдеріне немесе шіріген өсімдіктерге, қоқыс үймелеріне көміп тастайды және қоршаған ортаның бірқалыпты жылылығы арқасында табиғи инкубация жасайды. Австралиялык күркетауықтың және бадырақ тауықтың еркектері жапырақтардан құмды және жапырақ қабаттарынан табиғи «инкубатор» жасайды және температураның өзгеруіне орай тұмсықтарының көмегімен қажетті температураны қабаттарды қосу немесе алып тастау арқылы реттеп отырады. Олардың аналықтары дайын табиғи инкубаторларға тек қана жұмыртқа салады.

Австралиялық тотылардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Олардың арасында какаду, кейбір лори түрі (мысалы, қылшақ тілді таулық тоты), жалпақкұйрықты түнгі тоты (Geopsittacus occidentalis) бар. Түнгі тоты ұя салады, ал негізінен тотылар ұя салмайды. Әдемі Neophema текті тоты Австралияның оңтүстігінде тіршілік етеді, ол тек қана Австралия мен Жаңа Зеландияны мекендейді. Кеңінен танымал розелла тотысы адам серігіне айналған. Ол бидай, жоңышқа, сонымен қатар жеміс-жидекті шаруашылықтарына көп зиян тигізеді. Жалпақ құйрықты тотылардан бұйра кішкене тотыны бөлмелік құс ретінде торларда ұстайды.

Көп санды балықшы құстар арасында оның ірі өкілі (Dacelo gigas) кездеседі, оның бояуы қоңырқай - сұр болып келеді, ол жыландармен және кесірткелермен қоректенеді.

Австралияға тән эндемиктік түрлерге лирқұйрыктылар (Menuridae) және бұталы құстар (Atrichornithidae) жатады. Лирқұйрықтылар деп аталған себебі оның қауырсындарының шеткі жұптары таспа тәрізді оралған, ұзындығы 60 см жетеді, ол ортадағы қауырсындар - ұзын, жіңішке болады. Сондықтан сырттай қарағанда музыкалық аспап - лираның ішектері сияқты болып көрінеді. Орман лирқұйрықтары материктің оңтүстіктік шығысындағы бұталы тоғайларды қоныстайды.

Балсорғыштар (Meliphagidae) Австралияда және Полинезияда көп таралған құстар. Олардың түрлері де әртүрлі. Бұл қалталылардың радиациялық бейімделуін еске түсіреді. Балсорғыштар гүл, өсімдік, тозаң және жәндік нәрлерін тұтынады. Көбіне олар ағашта тіршілік етеді және жерге тек анда-санда азық іздеп қана түседі. Олар эвкалипттерді тозаңдандыруда маңызды рөл атқарады.

Австралияда бозторғайлар (Grallinidae), орман қарлығаштары (Artamidae) және автралиялық сауысқан (Cracticidae) түрлері тіршілік етеді.

Жалпы алғанда, аралға тән белгілер материкте де байқалады, ол эндемизмнің жоғары дәрежесіне қарамастан, фаунадағы ақаулықтардың болуымен айқындалады.

Бауырменжорғалаушылар фаунасының өзіндік ерекшеліктері бар. Австралия материгінде жыланмойын тасбақа (Chelidae) мекендейді, ол Оңтүстік Америкада және Жаңа Гвинеяда көп таралған. Олардың мойындары ішке тартылмайды, сауыттың астына бір бүйірге орайды. Олар тұщысу, өзен және көлдердегі балықтарымен және ондағы омыртқасыздармен қоректенеді. Геккондар да әртүрлі және көбіне сырт пішіні жалпиған немесе жіңішке құйрықтарымен таңқалдырады. Австралиялық голопагос геккондары май қорын құйрықтарында жинақтайды. Жылан тәрізді созылған денесі бар барлық қабыршақ аяқтылардың (Pygopodidae) түрлері эндемиктік түрге жатады. Олардың алдыңғы аяқтары жоқ, ал артқы аяқтары редуцияланған. Олардың жалпы түрі 13, оның ішіндегі 12 түрі Австралияда, ал қалған жалғыз түрі Жаңа Гвинеяда кездеседі.

Агамалар да көп таралған. Олардың ішіндегі бірнеше түрінің өзіне тән пішіндері болады. Австралияның солтүстігінде және солтүстік батысында тіршілік ететін жарғақмойынды кесіртке (Chlamydosaurus kingi) бар, оның мойынында тері жарғақты жағалар бар, оны арнайы бұлшық еттерімен көтереді және түсіреді. Аталықтарында жайылған тері жағасының диаметрі 15 см жетеді және ашық түске болған, ол өз «жағасымен» дұшпанын немесе бәсекелесін шошытады. Кесірткелер артқы аяқтарымен, кеуделерін тік ұстап, жердің бетінде тамаша жүгіреді.

Австралияда тағы бір қызықты кесірткенің (Moloch horridus) жалғыз түрі молох тіршілік етеді. Ол құмды шөлдалада құмырсқалармен қоректенеді. Денесінің ұзындығы кішкене (20 см. жуық) кесірткенің терісі көп тікенектермен және тікендермен жабылған. Оның терісі өте ылғал жұтқыш және сүзілетін қағаз тәрізді суды тез сіңіреді. Осының арқасында оның массасы 30% артады. Кесіртке осылайша ылғал жинау арқасында аса құрғақшылық кезінде тірі қалады.

Сцинктердің Австралияда эндемиктік түрлері (тікенекті сцинктер немесе эгернии) кездеседі. Қысқа құйрықты сцинктер (Trachysauras rugosa) - тірідей туады: аналықтарының жыныс мүшелерінде каналдарында дамитын эмбриондар ұрыктың бүрлі қабықтарымен жабылған және плацент арқылы қаннан қоректенеді. Облыста нағыз кесірткелер жоқ, бірақ варандар көп және олардын арасында ең ұсақ қысқа құйрықты варанның ұзындығы 20 см шамадан аспайды.

Австралиялық жыландар кеңінен таралған топ пен эндемиктер тобына бөлінеді. Тропикополитті көрсоқырлар, ірі жыландар (мысалы, ромбалық ірі жылан, аметистер), аспидті жыландар кездеседі. Улы жыландар усыз жыландардан айқын басым болып келеді. Австралиядағы аспидті жыландар (басқа улы жылан түрлері жоқ) ертедегі және жабайы түрлер болган, олар эволюция нәтижесінде улы сұр жыландар мен шұңқырбас жыландарға ұқсас конвергентті түрлері пайда болды. Аспидтердің осында кездесетін 22 түрі бар, облысқа тән түрлер ішінде денисоний, ехидн, аса улы және агрессияшыл (ұзындығы 3,5 м), тайпандар, жолбарыс жыландар, акантофистерге ұқсас улы сұр жыландар бар. Жер бетіндеп жыландардың ең күшті улы жыланы осы жолбарыс жылан болып табылады.

Қолтырауындар Австралияның солтүстік бөліктерінде кездеседі.

Қосмекенділерден тек құйрықсыздар бар, яғни құрбақалар, бақалар, ысқырғыштар кеп таралған. Ысқырғыштардың ішінде эндемиктік тектестер Criinidae бөлініп шығады, олардың 56 түрі кездеседі. Орман бақалары, әдеттегідей Австралия ормандарын мекендейді. Сонымен қатар, бақаның далалық өкілдері тіршілік етеді, олар уақытша суаттарды пайдаланады (қызыл орман бақасы). Австралиялық дала бақасы (Chiroleptes platicephalus) материктің орталық бөліктерін мекендейді және ол денесінде әрі тері астында суды сақтай білуге қабілетті. Жергілікті тұрғындар бұл бақаны ауыз судың көзі ретінде қолданады. Термиттерді жейтін құрбақаның Myobatrachus жалғыз түрі кездеседі.

Австралиядағы тұщысу балықтарынан, әсіресе қос тыныстылардан және сүйектілділерден немесе араваналар арасында эндемиктік түр мүйізтістер (Neoceratodus forsteri) белгілі. Ол ірі балық ( ұзындығы 175 см және салмағы 10 кг артық) солтүстік шығыстағы баяу ағысты өзендерде тіршілік етеді. Қуаңшылық кездерде өзендер кеуіп қалады, ал мүйізтістер су түбінде қоныстанады, себебі оның түбіндегі жылы шіріген суда бір өкпесінің көмегімен атмосфералық ауамен демалады. Атмосфералық ауамен демалатын түрлерге сүйектілділер Scleropages leichhardtii жатады, бірақ ол қан тамырларымен жабылған жүзетін көпіршік арқылы тыныстанады. Бұлар балықтар тропиктерге тән болып келетін балықтарға жатады.

Галаксилік балықтарда (Galaxiidae) ерекше. Оңтүстік жарты шарда бұл балықтар көп таралған. Олардың Австралияда және Тасманияда 24 түрі, 20 түрі - Жаңа Зеландияда, 7 түрі - Оңтүстік Америка оңтүстігінде, Оңтүстік Африкада тағы 2 түрі бар, осы облысқа тән эндемиктік 3 тегі кездеседі. Осындай таралудың себептеріне біреулері материктердің қосылысы десе, басқалары -олардьщ тұзды сулар арқылы таралуының нэтижесі дейді, өйткені галаксилік балықтар тұздылыққа төзімді келеді жэне өзен сағаларында да тіршілік ете алады.

Нотогеяда тұқы балықтар жоқ.

Австралиялық облыстағы омыртқасыздар Оңтүстіктік Шығыс Азиямен салыстырғанда аса ерекше емес. Тамаша күндізгі көбелектер - кавалерлер және басқалары материктің солтүстік шығысында ғана кездеседі. Кейбір аудандарда күйе көбелектердің қатары басым болады, осында олар барлық еуропалық көбелектерді бірге алынғандағыдан көбірек. Жәндіктер арасынан Африкада мекендейтін понерин текті тармақтан көп санды құмырсқаларға тоқтауға болады, себебі осында олардың ертедегі түрлері құмырсқа-бульдогтер кездеседі. Олардың жақтары және бізгектері зор болып келеді. Бал құмырсқалар (Melophorus) тіршілік етеді, тәтті сұйыктықтан денелер іскен жұмысшы құмырсқалар қалған нәр қорын басқалары үшін сақтап, илеудің төбесіне ілініп тұрады. Термиттер салыстырмалы түрде осы облыста аз кездеседі. Олар жерастында илеу салады. Фитофагтар арасынан тікқанаттылар, әсіресе шегірткелер аса көп.

Австралиялық облыс энтомофаунасына жалпы жабайы түрлер тән және олар жершарына кеңінен таралған. Осындайларға, мысалы, Австралиялық жапырақ жейтін қоңыздар - барылдақтар жатады.

Жауын құрттар арасынан мегасколецид (Megascolecidae) өте айрықша болып келеді. Олар нағыз гиганттар (ұзындығы 2,5 м), негізінен оларға антибореальді таралу тән болады отыр (Нұрғазы Қ.Ш., Байбатшанов М.Қ., Өміржанова Н.М., Алматы, 2010ж.).

Құрам бөліктері: Австралия облыс тармағы және Папуасс облыс тармағы болып екіге бөлінеді.

 

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Облыс қандай территорияда орналасқан, шекараларын ата?

2. Облыстың басты ерекшеліктерін қандай себептерге байланысты?

3. Қандай эндемик түрлер кездеседі, олардың эндемик болу себептері неде деп ойлайсың?

4. Фаунаның осындай сипатта дамуы неге байланысты болуы мүмкін?

Жаңазелендия облысы

Пангея құрылықтан бөлініп кеткеннен кейін оның оңтүстік бөлігі мезазой дәуіріне дейін ол жеке құрылық Гонтвана болып қала берді. Гонтвананың ыдырауы басталған уақытта ең бірінші болып Жаңа Зеландия бөлінді. Осыдан бастап Жаңа Зеландия, Антрактида мен оның басқа да құрамдас бөліктерінің фаунасы құрыла бастады. Қазіргі кездегі Жаңа Зеландия облысының құрамына Оңтүстік аралы, Солтүстік аралы, Стьюарт, Чатем, Окленд, Кемпелл және Антипод арлдары кіреді.


Просмотров 1088

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!