Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рылықтық фаунаны аудандастыру 5 часть



Тұщщы су балықтары аса көптүрлі, бірақ тұқы тұқымдастар мүлде кездеспейді. Ихтиофауна құрамында гонтванамен байланысты дәлелдейтін ежелгі түрлер өкілдері де бар. Бразилия өзендерінде дене ұзындығы 125 см. жетеін лепидосирен балығы тіршілік етеді. 240 вольтқа дейін электр тоғын бөліп шығаратын электрлі жылан балықтардың 30 түрі кездеседі. Сауытты жайындардан 200 түр кездеседі. Пиранья балығы аса үлкен емес шамамен 0,5 м, бірақ өте қауіпті жыртқыш, топталып жүріп ірі сүтқоректілерге де шабуыл жасайды.

Амазонкада неотропиканың ең ірі тұщы су балығы арапайма кездеседі, дене ұзындығы 2,4 м, салмағы 90 кг (30 – сурет).

 

30 – сурет – Арапайма балығы ( Arapaima gigas)

 

Құйрықты қосмекенділер толығымен кездеспейді, тек кейбір түрлері Солтүстік Америкадан келіп кіреді. Өкпесіз саламандралар 6 эндемик туыспен сипатталған. Керісінше құйрықсыздар отрядының өкілдері көптеп саналады, мысалы ағаш бақалары. Бұл эндемик туыстың шашамаен 200 түрі бар, сонымен қатар бақбақылдар мен ысқырғыш бақалар да кездеседі. Сирунами пипасының дене ұзындығы 20 см, жұмыртқасын балалары шыққанша арқасында ұстайды.

Бауырыменжорғалаушылар тасбақалардың бірқатар тұқымдастарымен сипатталған: кайман, батпақ тасбақасы, тұщы су тасбақасы, жалпы олар басқа да зоогеографиялық облыстарда да кездеседі. Кесірткелерден игуандар 700 түрмен, өте бай сипатталған, олар батыс жарты шарда агамаларды толығымен алмастырады. Нағыз кесірткелер тұқымдасы кездеспейді.



Гекоондар көптүрлі, бірнеше эндемик туыстардан тұрады. Орталық Америкада улы тістілер тұқымдастарының 2 туысы ғана кездеседі, олар дене ұзындықтары 90 см жететін ірі кесірткелер, олардың астыңғы жақ сілекей бездері нейротоксинді у бөліп шығарады. Сцинктер, су жыландары мен ұршықсаптар тұқымдастары көп түрлі әрі кең таралған. Усыз жыландардан нағыз айдаһар мен анаконда немесе су айдаһары кездеседі, олардың ұзындықтары 5-6метрге жетелі. Өте улы аспидтерден 51 түр кездеседі, шұңқыр бас жыландардан 40 түр кездеседі, осы тұқымдастағы өте ірі жылан бушмейстердің ұзындығы 3,1 метрге жетеді. Ол шаққан кезде жауының денесіне 5,6 мл (құрғақ салмағы 1 г) у жібере алады. Қолтырауындардан аллигаторлар тұқымдасынан 3 түр, кайманның (қара, кеңтұмсық, қолтырауы) және нағыз қолтырауындар тұқымдасынан 4 түр (оринок, кубалық, орталық америкалық және үшкір тұмсық) кездеседі.

Неотропиктің орнитофаунасы ежелгі, өте бай әрі әралуан 3000 астам түрден тұрады. Олар 23 отряд 67 тұқымдасқа біріктіріліеді, олардың 30 тұқымдасы эндемиктер қатарына жатады. Кең таралған құстар топтарынан сирақтыларды, жалпақ тұмсықтыларды, жыртқыш жапалақтарды, бәбісектерді, тотықұстар мен тоқылдақтарды атап өтуге болады. Бірақ, тырналар, мүйіз тұмсық құстар және басқалар кездеспейді. Кең таралған тұқымдастардан колибрилер (320), тирандар (360), танагралар (200), американдық славка (110) атап өтуге болады. Салыстырмалы түрде сайрауық құстар аз кездеседі. Мысалы, әлем фаунасында кездесетін «айқайлағыш» құстардың 15 тұқымдасынан 9-ы неотропик фаунасына эндемик болып саналатын болса, әлем фаунасындағы 56 тұқымдас сайрағыш құстарынан тек 7-і неотропиктерде кездеседі.



Американдық түйеқұстар отряды реа немесе нанду атты бір туыстан ғана тұрады, ол туыста кең далаларды мекендейтін 2 түр ғана бар: кәдімгі нанду бойының биіктігі 1,5 м және бойы аласа Дарвин нандуы.

Паламедеялар қаздарға ұқсас болып келгенімен кейбір ерекше белгілері де бар. Мүйізді паламедеяның басында ұзын, жіңішке мүйізді өсіндісі болады, Бразилияда кездеседі, одан өзгешелеу айдарлы паламедея Оңтүстік Американың солтүстік те оңтүстік те бөліктерінде кең таралған.

 

31 – сурет – Гоацин құсы (Opisthocomus hoazin)

 

Ерекше гоацин отряды өкілі таралуы жағынан өте шектеулі территорияны қамтиды, Амазонка өзенінің ортаңғы ағысы аңғарларында ғана кездеседі. Ол ерекше құс өзінде тауықтардың, көгершіндердің, бәбісектердің белгілерін біріктіреді. Гоациннің енді ғана қауырсыны шыға бастаған балапаны қанаттарының алдыңғы екі саусағындағы тырнақтарын, тұмсығын, аяқтарын пайдаланып ағаштарға өте жақсы өрмелейді (31 – сурет).

Американдық тазқаралар тұқымдасы басқа күндізгі жыртқыш құстардан танау тесіктерінің арасында пердесінің болмауымен және артқы саусағының алдыңғы саусақтарымен деңгейлес емес біршама жоғары орналасуымен ерекшеленеді. Екінші жағынан оларды біріктіретін белгі өлі ірі аңдардың жемтігімен қоретктенулері болып табылады. Осы отряд тармағына жататын 9 түрдің ішінен кондор өте жақсы танымал. Бұл қазіргі кезде кездесетін жыртқыш құстардың арасындағы ең ірісі, аталығының дене ұзындығы 1м жетсе, ал қанатын жайғандағы ұзындығы 3 м жетеді.

Тинамулар шағын отряды жақсы жүгіретін, бірақ нашар ұшатын 50 шақты түрді біріктіреді. Олар пішіндері мен түрлері бойынша тауықтектестерді еске түсіреді. Алайда оларды түйеқұстармен ұқсататын белгілері де бар. Кракстер тұқымдасы немесе дулығалы тауықтардың ірілі, ұсақты 40 шақты түрі бар, олардың тұмсықтары иілген, ағаштарда тіршілік етеді.

Неотропикалық облыста тотықұстар алуан түрлі. Бұл жерлерде 111 түрді біріктіретін 25 туыс эндемиктер болып келеді. Аса белгілі туыс болып ара тотықұстары табылады, олар ірі, қызыл, көк, көк-сары, құйрық қауырсындары ұзын сына пішінді құстар. Жасыл амазоналар отрядтағы тағыда бір өте белгілі құстар қатарына жатады.

Колибрилер 320 түрден тұратын, түрлі түсті бояулы үлкен тұқымдас. Олардың кейбіреулері араның көлемінен аспаса, екіншілері қарлығаштың пішініндей болып келетін құстар. Өте жақсы ұшатын, қанаттарын ұшу барысында жынды көбелектердей ауауда қалықып тұруға өте тиімді қолдана алатын, осы уақытта олардың тұмсықтары гүлдің шырыны мен гүл тостағаншасында кездесетін, қорек көзі болып табылатын ұсақ жәндіктерді сорып жататын ерекше құстар.

Тукандар тұымдасы 40 түрді біріктіреді, олар тоқылдақтарға ұқсас, бірақ тукандардың тұмсықтары өте үлкен, түрлі-түсті және құйрық қауырсындары ұзын. Өсімдік жемістерімен қоректенеді, тек тропикте ғана таралған.

Сүтқоректілер ежелгі автохтондар мен жас аллохтондардан тұрады. Оңтүстік америкалық қалталы жануарлар ежелгі және қарапайым көп күректүстілер отряд тармағына жатады, олардың өкілдері Австралия зоогеографиялық облысында да кездеседі. Қалталы егеуқұйрықтар тұқымдасында 80 түр бар, олар тек Орталық және Оңтүстік америкада ғана кездеседі. Тек бір түрі бүкіл солтүстік Америкада АҚШ-тың орталық шекарасына дейін тарлаған болса, келесі түр оңтүстікке дейін таралған. Опоссумдар Солтүстік Американың территориясынан табылған ерте үштік дәуір қазба қаолдықтарындағы ежелгі қалталылар кластармағына ұқсас, олар Европаданда белгілі.

Оңтүстік Америкаға эндемик болып табылатын ценолестер тұқымдасы қалталы көп күрек түстілер мен екі күрек тістілер арасындағы тұқымдас болып табылады. Олардың 4 түрі 3 туысқа біріктіріледі. Дене бітімі кіші, сирек кездесетін аңдар.

Бунақдене қоректілер ерекше қуыс тістілердің 2 түрінен ғана тұрады, бірақта Солтүстік Америкадан Оңтүстік Америкаға жертесерлер кіріп кетіп отырады. Куба, Гаити аралдары мен материктің солтүстігінде таралған.

Қолқанаттылар 9 тұқымдас пен 50 туыстан тұрады, қансорғыш жарқанаттар үлкен тұқымдасы эндемиктер. Кейбіреулері шынында да басқа жануарлардың қаныны сорады, демодус тұқымдасының өңештері жіңішке болғандығы соншалықты басқа ешқандай қорек қабылдай алмайды. Өткір біз сияқты күрек тістерімен ұйықтап жатқан жануарды оятпай, аса көп мөлшерде емес қанын сорып алады. Ірі түрлерінің кейбіреулері ағаш жемістерімен қоректенеді.

Мүкіл тістілердің ежелгі отряды негізінен Неотропикте мекендейді. Бұл отрядтың өкілдері тістері жоқ болуымен немесе біртектес мүкіл конус пішіндес, эмальы мен тамыры жоқ тістерінің болуымен ерекшеленеді. Олардың 3 тұқымдасы кездеседі: жалқау аңдар, құмырсқа жегіштер (32 – сурет) және сауытты аңдар.

 

32 – сурет – а) Жалқау аң б) Құмырсқа жегіш

(Bradypodidae); (Myrmecophagidae)

 

Сауытты аңдар 21түрді біріктіретін 9 туыстан тұрады, Голарктиканың солтүстігіне аздаған түрлері ғана шығады. Солтүстік Американың оңтүстігінде XIX ғасырдың ортасында немесе 150 жыл бұрын пайда болған. Олар жер қазып тіршілік ететін, күшті тұяқты аяқтары, кейде мүйізді десесін жауып түратын сауыты бар аңдар, сүтқоектілердің ішіндегі жалғыз жағдай. Көптеген конус тәрізді тістері бар, шөл немесе далалы аймақтарда тіршілік етеді, аралас қоректі (жәндіктер, тамыр, жемтік) жануарлар.

Құмырсқажегіштер тұқымдасы 3 туысты біріктіретін 3 түрден тұрады. Үлкен құмырсқа жегіштің құйрығын қоспағандағы ұзындығы 1,3 м болса, құйрығымен бірге есептегенде 2,3 м болатын, жер бетінде тіршілік етеін аң. Орташа және кіші құмырсқа жегіштер ағашта тіршілік етуіне байланысты, ұзын ұстап алуға икемделген құйрықты аңдар. Орташа құмырсқа жегіштің дене ұзындығы 1 м., ал кішісінің дене бітімі тиіндерге ұқсас. Құмысқажегіштердің тістері болмайды. Тілдері жіңішке ұзын, сілемейлі, асқазандарының соңғы бөлімі бұлшық етті, құмырсқалар мен термиттерден ғана тұратын қорегін үгуге бейімделген.

Жалқау аңдар 2 туыс пен 5 түрден тұрады. Тек ағаштарда тіршілік етіп жапырақтары мен жемістерімен қоректенеді. Олардың қалыпты жағдайы аяқтарымен ағашқа арқасымен жерге қарап, салбырап орналасуы, сол себепті басқа аңдардың түгіне қарама-қарсы олардың түктері бауырынан арқасына қарай өскен. Осы салбыраған түктің ішіне кейбе балдырларда өсіп кететіндіктен, аңның түсі жасылтқым болып көрінеді, ол түс өз кезегінде орманда жасырынып қалуға көмектеседі.

Кең таралған қоянтәрізділер отрядынан Неотропикте тек бірнеше ғана өкілдер таралған.

Кемірушілерден неотропиктің ежелгі териофаунасына бірнеше эндемик тұқымдастар жатады: теңіз шошқалары, шиншилла, сегізтістілер және т.б. Ең жақсы танымал түр теңіз шошқасы, бірнеше қолдан алынған тұқымдары да бар, құйрықтары жоқ, қысқа аяқты тақ тұяқтылардың тұяқтары тәрізді тырнақпен жабдықталған. Перу, Эквадор, Колумбияның тұрғылықты халқы оларды еті үшін қолда өсіреді.

Шиншиллалардан үлкен немесе қысқа құйрықты шиншиллалар кездеседі, оның дене ұзындығы 30 см болса, құйрығының ұзындығы 20 см. Вискаша немесе кіші шиншилла, үй мысығынан ірірек, елтірісі қаттылау, пампасстарда коллония құрып тіршілік етеді. Ал шиншиллалар Орталық Анд тауларының суық қыраттарын мекендейді. Күмістей сұр түсті, мамықтай жұмсақ, нәзік елтірісі әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады.

Сегізтістілер өздерінің аттарын тістерінің түбіндегі сегіз санын елестететін эмальды суретке байланысты алған, ұсақ көптеген егеуқұйрықтар сияқты жануарларды біріктіреді. Оларға саз күзендері өте ұқсас болып келеді. Негізгі өкілі саз күзені, ірі кеміруші, дене тұрқы 60 см. Қамыс басқан батпақтар, көл жағалары, өзен сағаларында жартылай суда тіршілік етеді. Ареалдары тропиктен бастап оңтүстікке қарай Оңтүстік Американы толық алып жатыр.

Териофаунаның неотропиктің ежелгі фаунасына хутия, агути, капибара мен дикообраздарды да кіргізуге болады, алайда олардың бір түрі Солтүстік Амрикада Канадаға дейін таралған.

Конга хутиясы немесе куба хутиясы (Capromys pilorides) — кемірушілер отрядына жататын хутиялар тұқымдасының ең ірі жануары (33 – сурет). Дене ұзындығы 70 см (жиі 30-60), ал дене салмағы 9 кг (орташа 3-7). сырт пішіні бойынша нутрияларды немесе сазкамшатты еске түсіреді. Түгінің түсі әдетте сұр, бурыл немесе қара.

Су шошқасы немесе капибара қазіргі кемірушілердің ең ірісі, құйрықсыз дене ұзындығы 1,2 м шамасында. Бразилия мен Венесуэлланың өзен, көлдерінің шөп басқан жағаларында ұзақ уақытын суда жүріп тіршілік етеді.

Агути, дене пішіні мен тұрқы бойынша қояндарды елестетеді, құйрығы жоқ, ұсақ тұяқтыларға ұқсас аңдар. Оңтүстік және Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарында таралған.

Тиіндер, тышқандар, гоферлер, мешот секіргішітері, атжалмандар тұқымдастары солтүстіктен келген иммигранттар ретінде аздаған түрлермен ғана сипатталған.

 

33 – сурет – Конго хутиясы (Hutia konga)

 

Фаунаның жас компоненттерінің қатарына тұяқтылар мен жыртқыш сүтқоректілерді жатқызуға болады. Көптеген түрлер эндемизм деңгейіне жетпеген. Неотропик фаунасы тұяқтыларға өте кедей. Олигоцен-миоцен кезеңінде олар солтүстікте таралған болатын, ал оңтүстікке Панама мойнағының болмауына байланысты кіре алмаған, ол тек плиоценде 8—10 млн. жылдан кейін ғана пайда болған. Тақтұяқтылар отрядының басты ерекшелігі барлық аяқтарында үшінші саусақтың дамуы болып табылады, олар тек тапирлармен ғана сипатталған. Барлығы тапирлардың 5 түрі белгілі, олардың 4 түрі америкалық болса, бесіншісі Оңтүстік-Шығыс Азияда тіршілік етеді. Олар денесі 2 м жететін, бойының биіктігі 1 м болатын ірі, сырт пішіні бойынша мүйіз тұмсықтармен жылқыларды елестететін жануарлар. Ылғалды тропиктік ормандарды мекендейді. Жалпақ төрт саусақты алдыңғы және артқы аяқтары ылғалды батпақты жерде жүруге ыңғайлы болып келеді.

Қуыс мүйізділер мен нағыз шошқалар мүлде кездеспейді. Неотропиктің жалғыз жұптыяқтылары болып пекар шошқалары мен 6 туыстан тұратын бұғылар табылады. Оңтүстік Америкалық бұғылары екі немесе бір салалы кішкене мүйізді жануарлар. Әсіресе пуду кіші, дене бітімі бойынша қояндай ғана, мүйіздері сіріңке шиінен сәл ғана жуан. Олар мазамдар тобына жатады, Сотүстік Америкада жақын туыстары кездеседі.

Пекарлардың бойы 40 см аспайды, күйіс қайыратын жануарларға ұқсас болып келеді. Ормандарда табын болып жүріп, жемістермен, тамырлармен, ұсақ аңдармен қоректенеді, Солтүстік Американың оңтүстігіне дейін енеді.

Көнтабандылар, америкалық түйелер ламалар болып табылады. Лама сымбатты Оңтүстік Америкалық, Анд таулары мен құрылықтың қиыр оңтүстігіне Патагония мен Отты жерге қалыптасқан жануарлар. Назыз түйелерден өркешінің жоқтығымен көлемінің кіші болуы арқылы ерекшеленеді. 2 жабайы түрлері белгілі, ірісі гуанаконың бойы 2 м, кішісі викунья немесе вигоньнның бойы аласарақ. Үй ламалары негізгі 2 тұқымды лама және альпака, ежелгі перулық халықтың, инктардың шығарған тұқымдары.

Жыртқыштарға неотропика бай, алайда Солтүстік Америкадағыдай бұл жерлерде қорқау қасқырлар мен виверрлар жоқ. Мысықтардан ягуар,тау арыстаны, ягуарунди, оцелоттар () кездеседі.Ягуар жүйелік жағынан қабыланға жақын, зообақтарда қабыланмен будандасып ұрпақ беріп, ұрпақ қалтыра алады.

 

34 – cурет – a) Ягуарунди б) Оцелот

(Puma yaguarondi): (Leopardus pardalis).

 

Тау арыстаны шоколад түсті біркелкі боялған, неотропиктің эндемигі емес, Канададан бастап патагонияға дейін Оңтүстік және Солтүстік Америкада кең таралған түр.

Иттер тұқымдасынан бірнеше эндемик түрлер кездеседі: түлкі, жалды қасқырдың кәдімгі қасқырдан ерекшелігі денесі кіші және сымбаттылау болып келеді және ерекше орман немесе бұта иті. Бұл сирек кездесетін тропиктік Бразилия мен Гвиана эндемигі болып табылатын, өте қысқа аяқты, жолақты қара-сұр түсті аң.

Сусарлар тұқымдасы бірнеше эндемик түрлері болғанымен аса назар аудартпайтын жануарлар. Жанаттар тұқымдасы 5 туыстан тұратын тропикке тән аңдар. Олардан носух эндемик, дене ұзындығы 1 м, оның көп мөлшері құйрыққа кететін, ұзын тұмсықты, құйрығы көлденең жолақты аңдар және кинкажу (35 – сурет, а) үй мысығы пішіндес тегіс бурыл түсті аң. Олардың екеуі де тропиктік орманда табынданып тіршілік етеін, ұзын, ұстағыш құйрықты аңдар. Оңтүстік америкалық жанат солтүстік америкалық жанатқа өте жақын, орталық америка мен оңтүстік американың ормандарында мекен етеді.

Аюлар тек көзілдірікті аюмен ғана сипатталған, Анд тауларының эндемигі.

Амазонка өзені бассейінінде тұщы су дельфиндері кездеседі, олардан ең белгілісі иния 35 – сурет, б).

 

35 – сурет – а) Кинжаку б) Иния дельфині

(Potos flavus); (Inia geoffrensis)

 

Палеогенде қалыптасқан автохтондардың қатарына кең танаулы маймылдар отряд тармағы 2 тұқымдасымен жатады: ұстағыш құйрықты немесе капуцин және ойнақы маймылдар. Кең танаулылар танау тесіктерінің аралық перделерінің кең болуымен ерекшеленеді.

Ойнақы маймылдар барлық маймылдар ішіндегі ең қарапайымдары. Сырт пішіні бойынша аздап тиіндерді елестетеін ұсақ маймылдыр, тері жамылғысы қалың мамықпен жабықталған, ұзын құйрықты жануарлар, өкілдері уистити мен ойнақы маймылдар.

Үлкен тұқымдас ұстағыш құйрықты маймылдардың көпшілік түрлерінің құйрықтары ағаштардың бұтақтанынан мықтап ұстап ала алатын құйрықтарының және саусақтарында тырнақтарының болуымен ерекшеленеді. Өкілдері: түнгі маймылдар көздері өткір, қалың түкті, тұмсықтары доғал конус тәрізді, жай құйрықты. Бақырауық маймылдар кешқұрым бақыруларына байланысты осылай аталған, дене бітімі ірі, құйрықтары ұстағыш. Көптеген капуциндер мен өрмекші тәрізді маймылдардың дене бітімі сымбатты, аяқтары ұзын, жіңішке, құйрықтары ұстағыш бесінші аяқтың ролін орындай алады.

Құрам бөліктері. 9000 км меридианальда созылып жатқан Анд таулар жүйесі бүкіл Оңтүстік Американы екіге бөліп тұр, оңтүстік-батыс бөлігі қыраттар, дала және шөлдалалар мен қамтылған, ал солтүстік-шығысын толығымен тропиктік ормандар алып жатыр. Бүкіл Оңтүстік Америка келесі құрамдас бөліктерге бөлінеді:

Патагония - Чилий облыс тармағы Оңтүстік Американың оңтүстік жәнесолтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Орманы аз, далалы кейде аридты ландшафтпен қамтылған, фаунасы салыстырмалы түрде бай. Өркешсіз түйелердің түрлері гуанако, викунья; жұптұяқтылардан пампасс, перуандық, щңтүстік андтық бұғылар; ұсақ бұғылардан пуду мен мазамалар; жыртқыштардан көзілдірікті аю мен тауарыстанда, пампасс мысығы, жалды қасқыр және т.б. кездеседі. Жарқанаттар көп емес. Құстардан нанду мен тинаму, америкалық тазқаралар, паламедея, кариама, коллибрилердің өкілдері кездеседі.

Бразилия облыс тармағына тропиктік орман жануарлары тән. Сүтқоректілерден мамық жүнді опоссумдар, екі және үш саусақты жалқау аңдар, ағаштарда тіршілік ететін құмырсқажегіштер, кең танау маймылдар, түнгі дурукули маймылдары, ойнақы маймылдар кездеседі. Жер бетінде дәу сауытты аңдар, үлкен құмырсқажегіш, капибара, тапир, ягуарлар жүреді. Бұл араларға тән құс болып: ара және амазон тотықұстары, әртүрлі коллибрилер, тукандар, гоациндер және тағы басқалары келеді.

Орталық Aмерикалық облыс тармағына Голарктика облысымен көршілес орналасқандықтан, өтпелі жолақ болып табылады. Аңдар мен құстардан: орталық америкалық тапир, кинжаку, какомицли, тау тинамуы, король кондоры, тирандар мен коллибрилердің эндемик түрлері кездеседі.

Антиль облыс тармағының фаунасы аралдық сипатта, салыстырмалы түрде кедей, көптеген материктік түрлер жоқ. Дегенменде, туыстар мен түрлер деңгейіндегі жас эндемиктерге бай болып келеді. Бунақденеқоректілерден эндемиктер қатарына жататын қуыс тістілер тұқымдасы өкілдері бар. Куба және Пинос аралдарын хутиялар мекендейді.

 

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Неотропикалық облыстың жануарлар әлеміне сипаттама бер.

2. Неотропикалық облыстың ерекшеліктерін ата.

3. Неотропикалық облыстың басқа облыстармен шекараларын ата.

4. Патагония-Чилий облыс тармағының ерекшеліктері неде?

5. Бразилия облыс тармағы сипаттамасы.

6. Орталықамерикалық облыс тармағындағы жануарларға сипаттама бер.

7. Антиль облыс тармағы фаунасы.

Полинезей облысы

Полинезeй облысы Тынық мұхитының Жаңа Зеландия және Кармадек арадарынан басқа барлық аралдарын қамтып жатыр. Шығысқа қарай Пасха және Салаи – Гомес аралдарына, солтүстікте Гавай аралдарына, оңтүстікте Норфолк және Лорд-Хау аралдарына, ал батысында Палау аралы, Бисмарк архипелагы мен Соломон аралдарына дейін созылып жатыр. Бұл аралдарың барлығы мұхиттық аралдар, вулкандық жолмен пайда болған немесе маржан аралдары болып табылады. Тек Жаңа Каледония аралы ғана, яғни Солтүстік Шығыс Австралия мен Жаңа Гвинеяны Жаңа Зеландиямен байланыстырп тұрған құрылықтың қалдығы болса керек. Олардың біреулері аласа болып келетін маржан аралдары, оларда сирек өсетін кокос ағашы сияқты аласа бойлы өсімдіктер ғана кездеседі, екіншілері таулы және ылғалды сүйетін қалың өсімдікпен жабылған болып келеді.


Просмотров 1867

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!