Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рылықтық фаунаны аудандастыру 3 часть



Аноа енекесі (18-сурет, а) қазіргі заманда тіршілік ететін бұқалардың ең ұсағы: оның бойының биіктігі 60—100 см, салмағы 150—300 кг. Оның кішкене басы мен аяқтары еліктерге ұқсас етеді. Мүйізі қысқа 39 см шамасында ғана.

Бабируусс (18-сурет, б) шошқалар тұқымдасына жататын, күйіс қайырмайтын сүтқоректі. Оларды ерекше құрылысына байланысты жеке тұқымдас тармағна ажыратады.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1.Облыс фаунасының ерекшеліктеріне не жатады?

2.Үнді облыс тармағын сипаттамасы қандай?

3.Бирман-Қытай облыс тармағын қалай ерекшелеуге болады?

4.Зонд облыс тармағының сипаты неде?

5.Филлипин облыс тармағына сипаттама бер, қандай жануарлармен ерекшеленеді?

6. Целебес облыс тармағы қандай территорияны алып жатыр?

7. Үнді-Малай облысының эндемиктерінің ортақ ерекшеліктері қандай, оны немен байланыстыруға болады?

Мадагаскар облысы

Мадагаскар облысы аттас арал мен бірқатар аралдарды қамтиды: Сейшель, Амирант, Камор, Маскарен (Реюньон, Маврикий, Родригес).

Бор дәуірінің аяғына дейін Африка материгінің құрамдас бөлігі болып келген Мадагаскар мен Гонтвананың Үнділік бөлігімінде тығыз құрылықтық байланыс сақталған болатын. Үндістанның солтүстік-шығысқа қарай ығысуына орай бұл байланыстар тек аралдар тізбегі арқылы сақталып қалды, қазір ол аралдардың қалдығының бірі Сейшель аралы. Сонымен Мадагаскардың фаунасы – ежелгі Африка фаунасының құрамынан шыққан болып саналады. Арал құрылықтан өте ертеде, эоцен кезеңінде бөлініп кетуіне байланысты, ұзақ геологиялық уақыт өз бетінше жеке тіршілік етуіне байланысты фаунаның құрамында нағыз аралдық сипат басым болып келеді. Комор аралдары Африка материгінен ығысып кетіп бара жатқан Мадагаскардың арасындағы үзік-үзік құрылықтық байланыс болып қала берді.



Жартылай маймылдар мен тенректердің эндемиктер қатарына жатуы және олардың осы облыс құрамында өте көп, әрі алуан түрлі болып келуі жаңа фауналық «ағындардан» тысқары, жеке, тіршілікке өте қолайлы жағдайда болуларымен байланысты. Мадагаскар фаунасы келесі белгілерімен ерекшеленеді:

· тенректердің немесе тікенекті кірпілердің эндемик болуымен;

· лемурлар тұқымдасына кіретін жартылай маймылдардың өте көп түрлі болып келуімен;

· эндемик фосстардың немесе қарапайым вивверлардің болуымен;

· Африкада кең таралған жануарлар топтарының толық кездеспеуімен, мысалы барлық тұяқты жануарлардың (тек мадагаскар шошқасы ғана кездеседі), маймылдар мен барлық жыртқыштардың болмауымен (шұбалаң құйрықтылардан басқа) сипатталады;



· Неотропикалық облыстың фаунасымен бірқатар ұқсастықтарымен (тенректер, игуандар мен нағыз айдаһарлар) ерекшеленеді.

Бұл Мадагаскар мен Неотропикалық облыстарда ежелгі жануарлар топтарының кең таралғандығының сипаттамасы. Сонымен, Мадагаскар облысының фаунасы – ежелгі аралдық фауна қатарына жатады.

Мадагаскар территориясының ішкі бөлігі таулы қыраттардан тұрады. Аралдың шығыс бөлігінде жағалау мен қыраттар арасы өте жақсы өскен тропиктік орманмен қамтылған, ал аралдың оңтүстік бөлігі шөлейт болып келеді. Өсімдіктер әлемінен Мадагаскарда пальмалар тұқымдасы көп түрлі. Нағыз тау мен таулық фауна жоқ. Мадагаскардың жануарлары экологиялық жағынан:

1. Ағашпен байланысты өмір сүретін, жеміс жидектермен қоректенетін жануарлар: жартылай маймылдар, жеміс жидекпен қоректенетін жарқанаттармен немесе ұшандармен сипатталған;

2. Шөптесін қоректі жануарлардың мүлде болмауымен, онымен тығыз байланысты ірі жыртқыш сүтқоректі аңдардың жоқтығымен сипатталады;

3. Құстардан тазқаралар кездеспейді.

Австралия қалталылардың радиациясының орталығы, Оңтүстік Америка – кең танау маймылдар, кейбір кеміргіштер мен бүтін емес тістілердің таралу орталығы болса, Мадагаскар – тенректер мен лемурлардың таралу орталығы болып табылады.

Энтомофауна Эфиопиялық сипатта, түр және туыс деңгейінде эндемиктер көптеп саналады. Омыртқасыз жануарлар Үнді-Малай облысының фаунасымен ұқсастық табады.

Балықтардан барлығы 20 түрі ғана кездеседі, олар негізінен африкандық фауна өкілдері, ал африкада кең таралған карп тәрізділер мүлде кездеспейді.

Қосмекенділер өте аз және тек нағыз бақалардан ғана тұрады.

Герпетофауна құрамы ерекше, бірақ аз. Құрылық тасбақаларының ерекше өкілдері бар: өте кішкене тасбақалар мен қатар сәулелі, тұмсық кеуделі, жалпақ тасбақалар. Паломедуза тасбақаларының бірнеше туысы кездеседі, олар Неотропика облысында да таралған. Қазба қалдықтар түрінде гигант тасбақалар табылған. Маскарен аралдарында оларды келімсек европалықтар көптеп тапқан. Кейбір өкілдерінің көлемі үлкен болғаны соншалықты арқаларына ересек алты адам сиятындай болған. XIX ғасырдың аяғында олар толық құрып біткен, тек Мозамбик бұғазының аралдарында ғана ұзындығы 1 метрге жететін піл тасбақасы кездескен еді.

 

19 – сурет –а) Ниль крокодилі б) боа жыланы

(Crocodylus niloticus); (Boa constrictor)

Агамалардан тек 2 түр ғана кездеседі. Улы жыландар жоқ. Құбылғылар көп түрлі, олардың ең ірі түрінің дене ұзындығы 60 см., ал ең кіші түрі – 4,5 см. Құбылғылар Африка мен Оңтүстік Азияның ормандарында да тіршілік етеді. Сонымен қатар бұл облыста өте ірі Ниль крокодилі (19-cурет, а) кездеседі. Америкалық топқа жататын игуандардың кездесуі фауналық ерекшелік береді, оның ішінде 2 эндемик туыс та бар. Нағыз айдаһарлардың Боа туысы бар (19-cурет, б) болса, Эфиопия облысында кең таралған питондар мүлде жоқ.

Құстар фаунасы аса ерекше болып келеді, 157 түрлі құс 49 туыс пен 15 отрядқа біріктірілген, олардың 6 эндемиктерге жатады. Сутартар тауықтар эндемик отряд тармағының жалғыз түрі. Мадагаскарда ұшпайтын қырсыз төсті құстар отрядына жататын, гигант эпиронис құсының қазба қалдықтары табылған (20 – сурет). Олардың бір

өкілдерінің бойының биіктігі 3 м, салмағы 400 кг болған. Бұл құстрдың жойылу себебі олардың тіршілік ететін ормандарының құруы мен адамның іс әрекетіне байланысты болса керек.

Адамның іс әрекетіне байланысты XVII ғасырда Маврикия аралында тіршілік еткен, денесі күрке тауықтай болып келетін ұшпайтын дронт көгершіні де жойылып кеткен.

 

20 – сурет – а) Сутартар тауық; б) Гигант эпиорнис

(Rallus aquaticus); (Aepyornis maximus)

 

Тотықұстардан 3 түр бар, олардың ішінде сұрбасты неразлучник (сероголовый неразлуч­ник)— эндемик. Вангов құстарының эндемик тұқымдасында 12 түр жатады, олар аралда жеке, оқшау тіршілік етуіне байланысты бейімделуі немесе адаптациялық радияцияның мысалы бола алады. Бұл фауна құрамында көкшымшық, сарыторғай, тағанақ, құнақтар кездеспейді.

Териофауна құрамы ежелгі және қарапайым жануарлардан тұрады. Жарқанаттар құрамы өте бай, олар бір эндемик тұқымдас пен сипатталған, олардың ерекшелігі болып қанаттарының бүктелген буыныда және өкшесінде сорғыш жабысқақатарының болуында, ол оның өрмелеуге арналған құралы. Осы жабысқақ аяқтылардың жақын туыстары Оңтүстік Америкада кездеседі. Мадагаскар облысына ұшатын иттердің бірнеше түрі тән, олар Оңтүстік Азия мен Австралия арқылы Полинезей аралдарына дейін таралған, дегенмен Африка фаунасында кездеспейді.

Бунақденеліқоректілер отрядынан тікенекті кірпілер немесе тенректер ерекше орын алады, олар қуыстістілерден кейін тұрған ең қарапайым бунақденеліқоректілерге жатады немесе қазіргі кезде тіршілік ететін қағанақты сүтқоректілердің ең қарапайымдары болып табылады. Тікенекті кірпілердің дене жабынының жартысы тікенектен жартысы қыл тәрізді түктерден тұрады (21 – сурет).

Бұл тұқымдас 9 туыс 28 түрден құралған, олардың кейбіреулері кәдімгі кірпілерге ұқсас болып келсе кейбіреулерінің ұзын құйрықтары бар тышқандарға ұқсас. Олар әртүрлі ортада тіршілік етуге бейімделген: жер қазып, сулы ортада және жер бетінде. Кәдімгі тенректің дене ұзындығы 40см, белгілі бунақденелі қоректілердің ең ірісі. Басқа бунақденелі қоректілерден кең таралған жертесерлер туысынна жататын екі түр ғана кездеседі.

 

21 – сурет – Жолақты тенрек (Hemicentetes semispinosus)

 

Кемірушілер эндемик мадагаскарлық аламандар тұқым тармағымен сипатталған, олардың 12 түрі құмтышқандар, қосаяқтар, егеуқұйрықтар соняларды экологиялық жағынан алмастырады. Бірақ тышқандар тұқымдасының өкілдері кездеспейді

Тұяқты жануарлардан мадагаскарлық су шошқасынан басқа ешқандай жануар кездеспейді, ол кең таралған африкалық шашақ құлақты шошқалар туысына жатады.

Мадагаскардың плейстоцендік қазба қалдықтарынан карлик бегемот немесе су сиыры қалдықтары табылған. Салыстырмалы түрде жақын геоглогиялық уақыттар аралығында Мозомбик бұғазы болған кезде, бұл су сиырлары Мадагаскарға өткен болуы керек.

 

22 – сурет – а) Лемур б) Индри

(Lemur catta); (Indri indri)

Жыртқыштар фаунасы ерекше. Олардың барлығы қарапайым виверрлар тұқымдасына жатады, тұлғасы мен пішіні әртүрлі, иттер мен куницаларды еске түсіреді. Мадагаскарлық виверрлар жеті эндемик туысқа біріктіріледі. Фосстар ерекше көңіл аудартады, тырнақтары ішке таратылады, жергілікті ең ірі жыртқыш, дене ұзындығы 1,5 м болса оның 1 м артығы құйрығына тиеселі.

Жартылай маймылдар көп түрлі, олар Мадагаскарлық сүтқоректілердің негізін құрастырады. Барлығы 36 түр 3 эндемик тұқымдасқа біріктірілген: лемурлар, индрилер (22 – сурет), қолаяқты жартылай маймылдар.

Оларды маймылдар мен бунақденелі қоректілердің арасындағы аралық форма болып табылады. Маймылдардан алдыға созылыңқы орналасқан тұмсығымен, алдыңғы ми жартышарларының нашар дамығандығымен өзгешеленеді. Екі жұп аяқтарының бас бармақтары қозғалмалы, қалғандарына қарама қарсы орналасқан. Саусақтарында тырнақтар бар. Өсімдік және жануартекті қорекпен қоректеніп түде белсенді тіршілік етеді.

Лемурлар ең ірі тұқымдас. Вари лемуры Мадагаскардың шығыс жартысында кең таралған. Дене бітімі мысықпен көлемдес, құйрығы ұзын әрі мамық түкті. Катта лемурының көлемі де варидай, құйрығы көлденең жолақты. Олар басқа жартылай маймылдарға қарама қарсы ағаштарда емес тау жартастарын мекендейді. Карлик лемур – ең ұсағы, дене ұзындығы 10 см, құйрық ұзындығы 15 см.

Жартыдай маймылдар тұқымдасының өкілі қысқа құйрықты индридің ұзындығы 60 см, құйрығы өте қысқа, аяқтары соның ішінде артқы аяқтары өте ұзын. Анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша маймылдарға жақын түр болып саналады.

Қолаяқты жартылай маймылдар тұқымдасына жататын ай-ай маймылының көлемі мысықтай. Тістерінің құрылымы бойынша кемірушілерге ұқсас маңдай тістері 2, тамыры жоқ әрі үлкен, ит тістері жоқ орындары бос. Алдыңғы аяқтарының ортаңғы саусағы өте жіңішке, жіңішке қуыстардан жәндіктерді алып жеуге бейімделген. Бамбук арасында тіршілік етеді.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Облыстың басты ерекшеліктері қандай жануарлармен сипатталады?

2. Құтар фаунасына қандай сипаттама берер едіңіз?

3. Эндемиктер қатарына қандай аңдар жатады, таксономиялық рангтері қандай?

4. Мадагаскар облысының фауна сипатын түсіндір.

5. Жыртқыштар фаунасына сипаттама бер.

Эфиопия облысы

Африка фаунасы ежелгі нағыз құрылықтық фауна болып саналады, біршама тропикте орналасқандықтан мұздық дәуір әсеріне қалмаған фауна. Мадагаскар Үнді-Малай облыстарының фаунасымен тарихи ежелгі байланыста. Ертедегі Гондвананың Лавразиямен байланысы Африка фаунасы мен флорасының құрамында өзінің Нотогей және Неогей уақыттарындағы ізін де қалдырған. Бұл қараған, сарышаяндар, өрмекшітәрізділер, қостынысты балықтар сипатында көрінеді. Бірақ Голарктика фаунасымен аз байланысты болғанымен солтүстігінде кең өтпелі жолақты құрайды.

Эфиопия облысы бүкіл Африка материгін оңтүстігінде Сахарадан, Аравия түбегінің оңтүстігін, Сокотра аралы мен Африкадан батысқа қарай орналасқан бірқатар ұсақ аралдарды қамтып жатыр.

Рельефі бойынша Африка - теңіз деңгейінен жоғары орналасқан өте ірі қырат. Орташа биіктікті таулар облыстың шығысы мен оңтүстігінде орналасқан, әрі облыс рельефінде екінші рольде, яғни өсімдіктердің таралуы мен жауын шашынның түсуіне аса зор үлес қоспайды.

Облыстың көп жері тропиктік орманды дала – саваннамен қамтылған. Саванна құрамында ешқандай ағаш тектес өсімдігі жоқ, шөлді шөптесін дала мен, құрғақшылықты жақсы көретін, құрғақ кезде жапырағын тастайтын ормандар болады. Гвиней бұғазының солтүстік жағалуымен өтіп Ньяс көлінің маңында кеңейіп, Африканы кесіп өтетін ылғалды тропиктік орман орналасқан. Облыстың бүкіл солтүстік жағалауында саванна сусыз шөлге айналады, материктің оңтүстігінде де шөл дала кездеседі, ол теңізден мәңгі жасыл субтропиктік орман арқылы бөлінген. Өте аумақты шөл дала Эфиопия фаунасын солтүстігінен қоршап оның эволюциялық дамуында ерекше орын алады.

Эфиопия облысы биотптардың байлығымен, ірі өсімдік қоректі жануарлардың молдығымен ерекшеленеді, олардың ішінде киіктер ерекше орын алады, олардың көптігі саваннамен қамтылған өте аумақты территорияның болуына байланысты. Тұяқты ірі жануарлардың көп кездесуі ірі жыртқыш аңдардың көбеюіне себепші.

Облыстың ерекшеліктері келесідей:

· Сүтқореткілердің эндемик отрядтары дамандар мен түтіктістілерден тұрады, ал құстар африкалық түйеқұстармен сипатталған. Түтіктістілер тек Эфиопия облысына ғана тән болса, дамандар мен түйеқұстар тек Африкада ғана емес солтүстік-шығысқа да таралған. Сүтқоректілер тұқымдасынан эндемиктер қатарына алтын түсті түкті тышқандар, выдра жертесерлері, секіргіш тышқандар, ұзын сирақтар, керіктер, су сиырлары жатады. Киіктер тобы эндемиктер қатарына жатпасада өте көп, әрі әралуан.

· Эфиопия облысы фаунасының Үнді-Малай облысы фаунасымен ұқсастықтары көп. Оларға: сүтқоректілерден – піл, жартылай маймылдар, мартышкалар, адам тәрізді маймылдар, мүйіз тұмсықтар, қорқау қасқырлар және кесірттер жатады. Бірақ олардың жүйелік орындары екі облыста өзгеше болып келеді.

· Эфиопия облысында кең таралған сүтқоректілердің келесі тұқымдастары кездеспейді: аю, марал, көртышқан, тышқандар.

Жәндіктерден термиттер өте көп таралған. Әлемдік фаунадағы термиттердің 2000 түрінен 700-і Эфиопия фаунасында бар. Олардың конус тәрізді ұялары саваннада көптеп кездеседі. Кейбіреуінің биіктігі 6 м жетеді. Тропиктерде құс жегіш өрмекшілер де бар. Жапырақ аяқты сколопендралар эндемиктер қатарына жатады. Қатты қанатты жәндіктердің ішінде қара денелі қоңыздар мен қи қоңыздары көп, әрі әралуан. Өте ірі голиаф қоңыздарының дене ұзындықтары 10 см. Керісінше күннің ыстықтығына байланысты күндізгі көбелектер өте аз. Құмырсқалар біршама көптүрлі. Қосқанаттылардың ішінен цеце шыбынын атап өтуге болады, ол мал мен адамда қауіпті инфекциялық ауру тудырушылар болып табылады.

Балықтар көптеген эндемик тұқымдастармен сипатталған. Алайда олардың көпшілігі Нил өзені арқылы оның төменгі ағысына дейін, Эфиопия территориясынан шығып кетеді. Африканың тропиктерінде эндемик отрядқа жататын құс тұмсықты балықтар немесе мормирустәрізділер кең таралған. Бұл жерлерде харацин тәрізді балықтардың 100 ден аса түрлері кездеседі, бірақта олардың әралуандық орталығы Неотропик болып саналады. Көпқауырсынды балықтар отряды эндемиктер. Аквариум балықтары да әралуан. Қостынысты балық протоптерустың үш эндемик түрі кездеседі, батыс Африканың тропиктерінде кең таралған. Балықтар фаунасы үнді балықтар фаунасына ұқсас. Карп тәрізділер көптаралған.

Көптеген құйрықсыз қосмекенділердің ішінде облыстың оңтүстік жағында таралған кішкене тепкілі бақалар көңіл аудартады. Олардың саусақтарында тырнақтары болады. Неотропика облысында да кездесетін пипа тұқымдасына жататын бақалар да бар. Эфиопия облысы 200 түрді біріктіретін ескекаяқты бақалардың көп таралған орталығы, олардың ең ірі өкілі голиаф бақасының ұзындығы 25 см және салмағы 3,3 кг. Бақбақыл бақалары кездеспейді, оның орнына нағыз бақалардың ағашта тіршілік ететін формалары бар.

Бауырымен жорғалаушылар көп әрі әралуан. Африка құрылық тасбақаларының Testudinidae тұқымдасының әралуандық орталығы. Қабыршақты бауырымен жорғалаушылардан сцинк, жармасқы, кесел, нағыз кесірткелер, ешкіемерлер кездеседі. Құбылғылар көп, ежелгі сұр жыландардың әралуандық орталығы. Питон тұқымдастармағының өкілдері жиі ұшырасады, олар Үнді-Малай облысында да кездеседі. Қолтырауындардан ниль, ұзынтұмсықтысы және тоқалтұмсықтылары кең таралған.

Құстардың 67 тұқымдасы бар олар әралуан, алайда жоғары жүйелік категориядағы құстардың арасындағы эндемиктері салыстырмалы түрде көп емес, Эфиопия облысында кездесетін құстардың көпшілігі Үнді-Малай облысында да кездеседі.

Африка түйеқұсының отряды эндемиктер қатарында, бір түр, құстардың арасындағы екі саусақтылық жалғыз ғана жағдай. Қазір тіршілік ететін құстардың арасындағы ең ірісінің бойы 2,75 м, салмағы 75 кг. Китбастылар тұқымдасының 1 түрі, турактардың 18 түрі, орман тағанағының 9 түрі эндемиктер қатарына жатады. Тышқан тәрізді құстардың отряды эндемиктер, ол 6 түрді біріктіреді, облыста кең таралған. Қауырсындары додыраған, құйрығы жіңішке ұзын, тұмсығы томпақ ұшы иілген. Топтанып қалың ормандарда тіршілік етеді.

Хатшы құстар тұқымдасының жалғыз түрі – ұзын аяқтары бар жыртқыш құстар, жыландармен қоректенеді. Сенегал мен Шығыс Эфиопияда таралған. Цесаркалар тұқымдасы жиырма шақты әртүрлі түрді біріктіреді, Африкада кездеспейтін қырғауылдардың орнын басқан, олар Африка мен Мадагаскарда таралған. Кәдімгі цесарка Батыс Африкада таралған, үй цесаркасының бастапқы түрі болып табылады.

Банан жегіш құстар тұқымдасы көкектәрізділер отрядынан әрі эндемиктер қатарына жатады. Олардың қатарында орманда тіршілік ететін 35 құс кіреді, көпшілігінің қауырсындары түрлі-түсті әрі өте қанық болып келеді.

Тотықұстар өте көп. Облысқа сұр тотықұстар тобы тән.

Эфиопия облысын тоқымашы және шірнеші құстардың шығу және әралуандық орталығы деп санауға болады. Олар шығыс жарты шарда таралған, бірақ дәл осы жерлердегі сияқты көп емес. Тоқымашы құстар құнақтарға жақын, өз атауларын өте әдемі де ұқыпты шар пішіндес жасалған ұялары үшін алған. Олар коллония құрып ағаштарда тіршілік етеді.

23 – сурет – а) Тышқан тәрізді б) Шірнешіл құс

құс (Colius-striatus); (Meliphagidae)

Шірнеші құстар – ұсақ, аталықтары өте әдемі түсті қауырсынды (23 – сурет). Шығыс жарты шарда биологиялық жағынан олар америкалық коллибри құстарын алмастырады. Бұл тұқымдас 250-ге жуық түрді біріктірсе, соның тең жартысы Эфиопия облысында кездеседі.

Сүтқоректілерден бунақденеқоректілер отряды облыста үш эндемик отрядпен сипатталған: алтын түсті жүнді көртышқан (20 түр), кәмшат жертесері (3 түр), секіргіш тышқандар (20 түр).

Алтын түсті жүнді көртышқандар облыста экватордан оңтүстікке қарай таралған. Өз атауларын жүндерінің металл түсті жылтырына бола алған. Биологиялық жағынан нағыз көртышқандардан құмды ж ерде, таяз ін қазып тіршілік етуімен ерекшеленеді. Анатомиялық жағынан мадагаскарлық тенректерге жақын (24 – сурет).

Кәмшат жертесері дене пішіні бойынша кәмшатқа ұқсас. Бунақденеқоректілер жәндіктер үшін дене пішіні ірі: дене тұрқы 30 см, құйрық ұзындығыда 30 см. Экваторлық Африканың тек батыс бөлігінде өзен жағалауларында тіршілік етеді, өте жақсы жүзді, балықтармен қоректенеді.

 

24 – сурет – Алтын түстітүкті көртышқан

(Chrysochloridae);

 

Секіргіш тышқандар— Эфиопия облысының оңтүстік және шығыс бөлігінің тасты-шөл далаларын мекен ететін жануарлар. Сыртқы пішіні мен дене құрылысы бойынша тышқандарды елестетеді. Олардан алдыға созылған тұмсығымен және күндіз белсенді тіршілік етуімен, жәндіктермен қоректенуімен ерекшеленеді.

Жарқанаттар барлық тропиктердегідей көп, жүйелік орны бойынша ерекшеленбейді.

Кесірттер немесе панголиндербірқатар белгісі бойынша толықемес тістілерге ұқсас болып келеді. Аяқтары қысқа, күшті, мықты тұяқтармен қамтамасыздандырылған ол термиттердің ұяларын бұзуға бейімделген, ұзын әрі оратылып ұстауға епті болып келеді. Тістері жоқ, қарны күшті бұлшық еттермен жабдықталған, асқазанының қабырғасы мүйізделген қабықпен қапталған, ол жәндіктердің хитинді бөлімдерін үгуге арналған. Денесінің сырты үлкен мүйізді қабықтармен қапталған. Осы отрядтың төрт түрі Эфиопия облысында кездеседі, үш түрі Үндістан мен Оңтүстік-шығыс Азияда кездеседі (25 – сурет).


Просмотров 1375

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!