Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ареал туралы негізгі ұғымдар



Географиялық ареал (түрдің, туыстың, тұқымдастың және т.б.) таксономиялық бірліктердің – жер бетінде таралған аумағы. Бұндай ареалдар қарастырылып отырған ағзалар нақты кездесетін көптеген ұсақ, территориялық жағынан жақын орналасқан аймақтардан тұрады. Ареал туралы түсінік қалыптастыру үшін ең алдымен осы аймақтарға нақты сипаттама беріп алу керек.

Ареал туралы ұғым кез-келген жүйелік немесе таксономиялық бірлікпен байланысты, бірақ негізгі зерттеу нысаны әрқашан түрдің ареалы болып табылады. Тасономиялық бірліктердің рангіне қарамастан ареал ұғымы сол сияқты туыс, тұқымдас және т.б. таксономиялық рангтермен өте байланысты. Таксономиялық ранг жоғары болған сайын ареалдың көлемі де ұлғая түседі.

Ареалды картаға түсіру үшін зоологиялық жинақтардың мәліметтерін, немесе түрдің барлық кездесетін нүктелерін картаға түсіріп және шеткі нүктелерін бүтін сызықпен қоса отырып, сол түрдің таралу ареалының контурын немесе картасын алуға болады. Ең нақыт әдіс болып жануарларың кездесетін жерлерін картаға нүктелер арқылы белгілеу болып табылады. Бұндай карта үлкен масштабта ғана белгілене алынады, немесе тек өте сирек кездесетін, географиялық жағынан аз әрі тар ареалда таралған таксаномиялық бірліктер үшін қолайлы болып табылады.

1 – сурет – 1. Lagurus lagurus Pallas, 1773 - дала алақоржыны, степная пеструшка; 2. Lagurus luteus Eversmann, 1840 - сары алақоржыны, желтая пеструшканың Қазақстанда таралу ареалдары (Бекенов А.Б., Есжанов Б.,1995 ж. бойынша)



 

Алайда ареалды ондай нақты белгілеудің қажеттігі жоқ немесе мүмкін емес жағдайлары да болуы (мысалы, егер зерттеліп отырған форма кең таралған болса немесе оның ареалын түсіру үшін өте кішкене масштаб қажет болса) ықтимал. Олай болса территорияны өте ұсақ торға бөліп (немесе Меркатор проекциясы бойынша) нақты түр қай жерінде кездесетінін таңба арқылы белгілеу керек. Осындай карталар арқылы түрлердің белгілі бір мемлекет ішінде қалай таралғандығын салыстыруға мүмкіншілік береді. Мысалы, Қазақстан территориясында кездесетін сары алақоржын мен дала алақоржынның таралу ареалын келесі суреттегідей етіп белгілеуге болады (1-сурет).

Егер ареал ауданы өте үлкен әрі масштабы кіші болса онда таралудың барлық аймағын қамтитын абсолютты шекаралары бар карта сызылады. Бұндай карта сызу барысында таралудың барлық ұсақ бөлшектеріне көңіл аударылмайды немесе өте кең таралған түрлердің ареалдарын сипаттау барысында қолданылады. Мысалы, Қазақстан территориясында кездесетін құм қояны мен ақ қоянның таралу аймағын төмендегі суреттен көруге болады (2-сурет).



Құм қояны, Lepus tolai Pallas.1778, заяц толай или песчанник. Дене ұзындығы 48-68 см., салмағы 2,9-5,6 кг. Қазақстанда тұрақты тіршілк етеді. Жыл көлемінде белсенді. Үстүрт, Маңғышылақ, Солтүстік каспий аймағы мен, Солтүстік Арал өңірінде, Арал Қарақұмдарында, Қызылқұмда, Бепақ дала мен Сырдария, Шу өзендері алқаптарында, Оңтүстік және Солтүстік Балхашта, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырларында таралған. Шөптесін өсімдіктермен, ағаштар мен бұталардың қабығы мен бұтақтарын қорек етеді.

 

2- cурет – 1. Lepus timidus Linnaeus.1758, құм қояны , заяц беляк; 2. Lepus tolai Pallas.1778, құм қоян, заяц толай или песчанниктің Қазақстанда таралу ареалдары (Бекенов А.Б., Есжанов Б.,1995 ж. бойынша)

 

Ақ қоян, Lagurus lagurus Pallas, 1773 - дала алақоржыны, степная пеструшка. Тұрақты мекендейді, жыл көлемінде белсенді тіршілік етеді. Қазақстанның барлық солтүстік жартысында далалы, орманды дала, шөлейт жерлерде, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында таралған. Жазық дала мен таулы дала ландшафтарын мекендейді. Әртүрлі шөптесін өсімдіктермен қоректенеді, өсімдіктердің жасыл, кейде жер асты бөліктері мен кей кездері жануар текті қорекпен қоректенеді.

Ареалдың құрылымы. Түрдің пайда болу жерілерінің көптүрлілігі, таксондардың жасы мен тіршілігіне әсер ететеін факторлардың барлығы ареалдардың көлемі мен ареалдың пішін анықтаушы болып табылады. Өзінің сипаттамасына байланысты бір-бірінен өзгеше ареалдар типтерін ажыратуға болады. Ареалдың кескіндік бейнесі өлшемдеріне қарай түрліше болып келеді.

Космополит ареалдар. Жер шарының тіршілікке тиімді бөліктерінің көпшілігін алып жататын ареал түрі. Бұл типтің таралу жиілігі таксаномиялық ранг жоғарылаған сайын ұлғая түседі. Көптеген отряд, тұқымдастар космополиттер болып табылса, керісінше туыстар мен түрлер өте сирек космополит бола алады. Олар үшін көбінесе «семикосмополиттер» (жартылайкосмополиттер) деген атау сай келеді. Жануарлардың ішінен көбіне адамдармен көршілес тіршілік етеін ағзалар космополиттер болып табылады, мысалы үй шыбыны, сұр және қара атжалмандар, ал адам өзі толық космополит түр болып табылады.

Циркумконтинентальды және циркуммұхиттықареалдар– бұлар жер мен мұхиттар жиынтығын қамтып жатқан және қандайда бір ендікпен шектелген ареалдар. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжи отыра келесі ареалдар түрлерін анықтауға болады:

1) циркумполярлы бореальдыареалдар, Солтүстік поляр шеңберіне жақын территорияларды немесе жерді, теңізді қамтитын ареалдар. Көбінде ареалдардың бұл типін арктикалық шөлддерді, тундра мен орманды тундраларды қамтитын циркумполярлы ареалдар және тайга зона тармағын қамтитын бореальды ареалдарға бөлуге болады (мысалы, кейбір тюленьдер);

2) солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінің циркум-континентальдыареалдары(өсімдіктерден қарақат, сарғалдақтар тұқымдасының ареалдары);

3) пантропикалықареалдар көбінесе тұқымды өсімдіктердің туыстары мен тұқымдастарының арасында кездеседі: аканталар тұқымдасының шөптесін, жартылай бұталы және бұталы өсімдіктері, пальмалар мен хибискус туысының туыстары. Көптеген пантропикалық түрлер адам әрекеті арқылы таралған өсімдіктер.

4) циркумконтинентальды оңтүстікареалдар, үзілген, орман жапырақтары астында тіршілік ететін омыртқасыздардың, яғни архаикалық түрлерден тұратын алғашқы трахеялылар, онихофорлар және тең аяқты шаянтәрізділердің аздаған ғана ареалдары болып табылады.

Эндемиктік ареалдар. Эндемиктік ареалдар алатын территориялары бойынша шектеулі. Олардың ауданы алуан түрлі болып келеді. Туыстар, тұқымдастар мен отрядтар үшін бұндай аудан салыстырамалы түрде ауқымды. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея бірігіп алғашқы аңдар немесе қалталы сүтқоректілер отрядының ехидна және үйректұмсық тұқымдастарының ареалын құрайды. Түрге несеме түр тармағына эндемиктік ареал ауданы тіпті бірнеше квадрат километрмен немесе метрмен ғана шектелуі мүмкін. Мысалы, үңгір өрмкшілері тек бір үңгірдің көлемінде ғана тіршілік етсе, Lisimachia minoricensis тұқымдасына жататын өсімдіктің ареалы Жерорта теңізінің батыс жағында орналасқан Менорка аралында бірнеше квадрат метрді ғана алып жатыр.

Эволюциялық тұрғыдан қарағанда эндемизм екі бір-біріне байланыссыз үрдістердің нәтижесі болуы мүмкін.

Палеоэндемиктік (реликт немесе консервативті эндемиктер) ареалдар. Палеоэндемиктер ежелгі формалар, олардың ареалдары алғашында өте үлкен болады, климат жағдайларының өзгеруі немесе бейімделушіліктері жоғары түрлермен бәсекелесу нәтижесінде ареалдары қысқарып қалады. Бұндай түрлер архаикалық сипаттарға ие болады, жануарлар жүйесінде ерекше орын алады және бәсекелестік төмен ортаға ығыстырылып шығарылып тасталынады. Олардың тіршілік ету жағдайлары сенімді емес және адам әрекеті мен интродукцияланған түрлердің әсерінен құрып кету жағдайына жеткен.

Ұзақ уақыт бойында оқшаулану жағдайында болған материктік аралдар консервативтік эндемизмтерриторияларынқалыптастырады.Бұның жақсы мысалы болыпАвстралия, Жаңа Зеландия, Гавай, Мадагаскар, Канар аралдары табылады. Крісінше, жаңадан пайда болған және құрылықпен ешқашан байланыспаған мұхиттық аралдар үшін эндемизм тән емес, мысалы, Полинезия, Мальдив аралдары. Ал, Британ аралдарына бірқатар неоэндемиктертіршік етуі мүмкін.

Реликті эндемиктерареалдары тау қыраттарыныңықпалынан пайда болуы мүмкін. Мысалы үштік дәуірде барлық құрылықтарда жақсы таралған гинкго қазір тек ішкі Қытайдың таулы аймақтарында ғана кездеседі. Бұрын Европада өсетін секвоя қазір тек Солтүстік Американың калифорниялық жағалауындағы тау қыраттарында ғана кездеседі.

Неоэндемиктік ареалдар. Неоэндемиктерді жас немесе прогрессивті эндемиктер деп те атайды, неоэндемиктер салыстырмалы түрде ата-аналық формаларынан аздаған ғана екінші реттік белгілері арқылы түр тармағына ажыратылатын түрлер, «микроэндемик» термині осыған орай шыққан. Олар эволюциалық дамып келе жатқан туыстарға жатады. Бұл жаңа формалардың сақталып және дамуына генетикалық немесе географиялық кедергілер ықпал етеді. Неоэндемиктік ареалдардың пайда болу себептері осыған байланысты. Мысалы, Британия мен Орталық Европада көлдерінде тіршілік ететін сигиларды айтуға болады, олар екі көлде екі бөлек формалар түрінде тіршілік етеді. Шамалы түрде жақын геологиялық уақыт аралығында оқшауланған Британ аралдарында жер бетінде тіршілік ететін омыртқалардың арасында неоэндемитердің пайыздық саны жоғары, мысалы осы аралдарда тіршілік етеін тиін мен жертесерлердің жүнінің түсі құрылықтағы тиіндер мен жертесерлерден ашық түсті болып келеді. Ал құстар құрылық құстарына қарағанда ерекше расалары арқылы ажыратылады ирландия сары шымшығы, шотландия қайшы ауыз торғайы.

Дизъюнктивті (үзілген, ажыратылған) ареалдар. Үлкен маштабты карталарда ареалдар көбіне үзілген сипатта болады. Ареалдың шетіне таман кішкене көлемді аралдар болуы мүмкін. Бұндай жағдайда бөлшектенген, немесе фрагменттелген ареалдар туралы айтылады. Егер ареалдың бір-бірінен өте алшақ территориялар арқылы алшақтанған болса онда үзілген ареалдар немесе дизъюнктивті ареалдар болып есептеледі.

Бөлінуге әртүрлі таксономиялық бірліктер ұшырауы мүмкін. Бөлшектену бастапқы тұтас ареалдың бөліне бастау себебінен пайда болады. Бөліну себептері климаттық жағдайдың өзгеруі немесе құрылық пен мұхит конфигурациясының өзгеріске ұшырауынан және басқа таксономиялық бірліктермен бәсекелестік негізінде болуы мүмкін.

Сонымен қатар биполярлық ажыраулар қызықты болып келеді, яғни ареалдары оңтүстік және солтүстік жарты шарлар аралығында ешқандай аралық мекенсіз үзілген ареалдарының болуы, бұндай ареалды өсімдіктердің тұқымдарын Аляскадан Магеллан бұғазына дейін ұшып баратын құстар таратады.

Ареалдардың шектелу себептері. Шектелу себептері әртүрлі болуы мүмкін:

1. Негізгі себебі болып географиялық кедергілер саналады. Мұхиттық кедергілердің әсері түрдің орын ауыстыру типіне байланысты болады, яғни мұхиттық аралдардың болуы, аралдар тізбегінің болуы және қазылған каналдардың болуы. Құрылықта тіршілік ететін түрлер үшін рельеф кедергі келтіреді, мысалы Гималай тауы көптеген, аласада тіршілік ететін, түрлердің басып өте алмайтын үлкен кедергісі болып саналады, сондайақ арнасы кең өзендер де көптеген сүтқоректі жануарлар үшін кешіп өте алмайтын кедергі түрлеріне жатса, жалпақ орман алабы да жазық жерді мекен ететін түрлер үшін кедергіге жатады.

2. Ареалдардың шекаралары көпшілік уақытта климаттық жағдайлармен анықталады.

3. Кей кездерде ареалдың конфигурациясы қолайсыз топырақ немесе субстратқа байланысты да болады. Яғни, ізвесті топырақта тіршілік етеін көптеген жоғары сатылы өсімдіктер кремниі мол топырақ зонасына келгенде таралу ареалын тоқтатады және керісінше.

4. Түрлік ареалдардың қалыптасуында биотикалық факторлар да маңызды орын алады. Егер түр белгілі бір формацияға бекінген болса, оның ареалы да сол формацияның өзгерістерімен тығыз байланыста болады.

5. Эндемиктік және дизъюнктивті ареалдардың пайда болу жағдайын түсіну үшін тарихи факторларға немесе жағдайларға көңіл аудару керек.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Географиялық ареал дегеніміз не, оның зоогеографиядағы орны қандай?

2.Ареалды қалай картаға түсіруге болады, ол үшін не қажет?

3. Эндемиктік ареалдарды қалай сипаттауға болады, ондай ареалдың пайда болу себебі неде?

4. Палеоэндемиктерге қандай жануарлар жатады, олардың ареалдары қандай болып келеді?

5. Неоэндемиктердің сипаттамасы қандай, бұлардың палеэндемиктерден қандай айырмашылықтары бар?

6. Дизъюнктивті ареалдар немен ерекшеленеді, пайда болу себептері неде?

7. Ареалдардың шектелу себептерін ата, мысал келтір.

8. Ареалдың құрылымына сипаттама бер.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Второв П.П., Дроздов Н.Н. Биогеография. / П.П.Второв, Н.Н.Дроздов. - М.:2001.- 301 с.

2.Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. / Н.М. Кобышев, Б.С. Кубанцев. - М.:Просвещение.1988. – 182 с.

3.Нұрғазы Қ.Ш., Зоогеография. / Қ.Ш.Нұрғазы, М.Қ.Байбатшанов, Н.М. Өміржанова.- Алматы, 2010.

Фауна туралы түсінік

Фауна— белгілі бір облыста (жергілікті жерде) эволюциялық тарихи жолмен қалыптасқан жануарлар түрлерінің жиынтығы. Кез келген территорияның фаунасы әртүрлі фауналық кешендерден құралады. Мысалы, дала зонасының фаунасында далалы аймақта тіршілік етуге бейімделген түрлер кездеседі. «Фауна» термині жануарлардың жүйелік категорияларына да (мысалы орнитофауна, териофауна, герпетофауна, энтомофауна), белгілі жерді мекендейтін жануарларға да (орман фаунасы, топырақ фаунасы), адамға маңыздылығы жағына (ауыл шаруашылық зиянкестер фаунасы, энтомофагтар фаунасы) байланысты да қолданылады. Жергілікті фаунаның құрамына зообақтар мен акваримударда өсірілетін және адам әрекеті арқылы әкелінген түрлерді кіргізуге болмайды.

Адамның кездейсоқ әрекетімен немесе әдейілеп әкелінген, бірақ адамның көмегінсіз тіршілік етіп жайылып кеткен түрледі жергілікті фауна құрамына кіргізуге болады. Ондай ағзалардың қатарына ең алдымен басқа аудандардан келген зиянкестер жатады, мысалы колорад қоңызы.

Фауна тек өзіне ғана тән, басқа фауналардан ажырата алатын белгілері арқылы ерекшеленеді.

Түр құрамыкез келген фаунаның ең маңызды белгісі болып табылады. Әрбір фауналық зерттеу қарастырылып отрыған ауданның жануарларының түр құрамын сипаттаудан, яғни сол фаунаның инвентаризациясынан басталады.Фауна құрамынакіретін түрлер саны сол фаунаның байлығын көрсетеді. Көлемі жағынан үлкен зоогеографиялық облыстың, облыс тармағының фауна құрамын зерттеу көптеген мамандардың ұзақ уақыт зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Мысалы Ресейдің европалық бөлігінің фауналық құрамын зерттеу жұмыстары XVIII ғасырда басталып, қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді.

Түрлер фаунасын құрастыратындардың экологиялық табиғаты. Мысалы, тропиктік орманның фаунасына ағашпен тығыз байланысқан түрлерге бай болуы тән. Оларға біріншіден ағаштарға өрмелеп тіршілік ететін сүтқоректілердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің түрлері жатса, екіншіден ағаштармен трофикалық байланысқан түрлер, яғни ағаштардың жемістерін, жапырақтарын қорек етіп зиян келтіретін түрлер жатады. Тропиктік ормандардың фаунасының құрамына кіретін түрлер жыл көлемінде белсенді тіршілік етеді. Дала фаунасына басқа экологиялық топқа жататын жануарлар тән – яғни жүгіретін, қазатын және қыс мезгілінде ұйқыға кететін, қатты шөптесін өсімдіктермен, астық тұқымдастылардың тұқымымен қоректенетін және тағы басқа жануарлар жатады.

Фаунаның өзіндік ерекшеліктеріэндемик өкілдердің болуымен сипатталады. Фауна құрамында эндемиктердің жүйелік деңгейі жоғары болған сайын ерекшеленіп, қызықты бола түседі. Яғни эндемик отрядтар мен тұқымдастардың болуы фаунаның жеке дамуының ұзақтығын көрсетсе, ал тек эндемик түрлердің болуы ол фаунаның салыстырмалы түрде жас екендігінен мәлімет береді. Ежелгі және ерекше фауналардың қатарына Австралия облысының фаунасы жатады, яғни омыртқалы жануарлардың барлық кластарының эндемик туыстарын есептемегенде, оның құрамына сүтқоректілердің 8 эндемик тұқымдасы мен құстардың 3 тұқымдасы кіреді. Неотропикалық облыс фаунасыда ерекше фауналар қатарына жатады. Оңтүстік Америка территориясында көптеген эндемик тұқымдастардың өкілдері тіршілік етеді, олардың 17-і сүтқоректілер, ал 26 – құстар тұқымдастары, сондайақ, рептилийлер мен амфибиялардың, жәндіктердің және тағы басқалардың туыстары да кездеседі. Сонымен қатар Голарктика патшалығына кіретін Ресей фаунасының құрамында омыртқалы жануарлардың эндемик тұқымдастарының бірнешеуі ғана бар, бірақ эндемик туыстар көптеп саналады.

Жалпы Голарктикалық фауна жоғарыда аталған фауналармен салыстырғанда кедей әрі бір сарынды болып келеді.


Просмотров 3071

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!